ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 65
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына мына үстеулердің қажеттісін қойыңыздар: қазір, тұс-тұстан, былтыр, бірден, бірен-саран, жорта, орасан, әбден, бір-бірлеп
1.Бұл бөлімде университетті ... бітіріп келген жас маман жұмыс істейді. 2.... ол өз жұмысына үйреніп қалды. 3.... келген ауыл тұрғындары осы жерде жиналды. 4.... жұмысшы болмаса, көпшілігі жоғары білімді. 5.Ол бұл жұмысты ... игеріп кетті. 6.Асқарды ... көрмегенсіп, сәлем бермеді. 7.Денсаулық сақтау саласы бойынш ... зор жұмыстар атқарылды. 8.Дәрігер науқастарды ... қарай бастады. 9.Аурухананың сырты ... тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді.
2-тапсырма. Мына үстеулерді қолданып сөйлем құраңыздар: бүгін таңда, баяғыда, жоғарыда, төменнен, берірек, аз-аздап, едәуір, күндіз.
3 -тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.
1.Науқасты ... оңаша ұстау керек. 2.Ол ... ауруханада кезекшілікте болды. 3. ... тұмау індетінен сақтану жұмыстары жүргізілді. 4.Бас сақинасымен ауырғанда ... дәрі ішті.
VII. Әдебиет
1.Зайсанбаев Т.Қ. Қазақ тілі (педиатрия фаакультеті орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) – Алматы: «Ақнұр», 2018 ж. – 196 б.
2.Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, «Мектеп», 1982, 132 б.
Қосымша:
1. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.
2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алм, 2006 ж.
Сөздіктер:
1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. – Алматы: «Алтын қазына», – 2001 ж. – 704 б.
2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Алматы, «Рауан» 2000, 344