Файл: Тілдік пндер кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



Тілдік пәндер кафедрасы



Тәжірибелік сабақтарға арналған

нұсқаулық


Редакция: 1

24 беттің 1-беті


Тілдік пәндер кафедрасы









Тәжірибелік сабаққа арналған

әдістемелік нұсқаулық




Лексикалық тақырып: Нәрестені күту және оның өсуі



Грамматикалық тақырып: Үстеудің түрлері және оның қолданылуы



Курс: 2, 4

Пәннің аты: қазақ тілі









Құрастырушы: доцент Қожахметова Ф.Б.
















2022 ж.




1. Тақырыбы: Нәрестені күту және оның өсуі

Үстеудің түрлері және оның қолданылуы
2. Мақсаты:

- Бала күтіміне байланысты мәселелер туралы қазақ тілінде мағлұмат беру;

  • Мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • Үстеудің түрлері және оның қолданылу ерекшеліктерін меңгерту

  • Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.



3. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1 Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күтіп-бағу — бала денсаулығының басты кепілі;

2. Нәрестені күту және оның өсуі

ә) грамматикалық материал бойынша

Үстеудің түрлері және оның қолданылуы
4. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру

Ә) Үй тапсырмасын сұрау

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.


  • Мәтін бойынша жұмыс (65 -70 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға дайындау, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-25минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (15-20 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

5. Өткізу түрі: аралас
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,адамауруларын анықтайтын құралдардың суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
8. Тапсырмалар:

А) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.
кіндік – пуповина

таңылу – завязываться

туа біткен - врожденнный

мұқият–тщательно

тері қатпарлары- складки кожи

дәке - марля

егу – прививка

жүре пайда болған – приобретенный

үйлесімсіздік – несоответствие

шала туған бала-недоношенный ребенок

гуілдеу –гудеть

созу-вытянуть, растянуть

еңбектеу- ползать

талпыну –пытаться, стремиться
Ә)Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Мұқият қарау, шала туған нәресте, тері сыртында, іріңді жара, қызарған жара, маңызды көрсеткіш, баланың қозғалуы, нәрестенің мойын ұстауы, сәбидің гуілі, сәбидің аударылуы, баланың еңбектеуі.
Б) Мәтінді оқып шығыңыз.
Бала туғаннан кейін 2 сағат өткен соң салмағы мен бойы өлшенеді, кіндігінің таңылу жағдайы тексеріледі. Даму кемшіліктерін (туа біткен кемшіліктерін) анықтау үшін мұқият қарап шығады. Жаңа туғандар бөлімшесінде нәрестелер одан кейінгі күндерде былайша күтіледі: тәулігіне екі рет нәрестенің беті мен құлақ қуысын бор қышқылының ерітіндісі мен қайнаған суға малынған стирильді мақтамен сүртіп тазалап отырады. Көзін фурацилин ерітіндісімен жуады. Әр көзге жеке-жеке мақта тампоны алынады. Терісінің қатпарлары мен шабына вазелин немесе өсімдік майын жағады.



Денсаулығы жақсы болып туған барлық нәрестелерге 5-7 күн ішінде туберкулезге қарсы вакцина (екпе) егіледі. БЦЖ вакцинасын мынадай жағдайларда егуге болмайды.

*тері сыртында жара болғанда

*туған кезде алған жарақаттың клиникалық белгілері болғанда

*дене қызуы көтерілгенде

*ас қорытуы бұзылғанда

*сәбидің жалпы жағдайына әсер ететін аурулар болғанда

*резус-үйлесімсіздік болғанда

Туғанда салмағы 2000 грамнан жоғары болған және жалпы жағдайы жақсы шала туған балаға да екпе егуге болады. Екпе егілген күн сәбидің даму тарихына жазылады. Екпе егілгеннен кейін 1,5-2 айдың ішінде иммунитет пайда болып, 3-5 жыл бойы сақталады.

Баланың дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – қозғалысының дамуы. Екі айлығында сәби басын ұстайды, күледі, үш айлығында бала қолын қимылдата алады. Төрт айлығында сәби дыбыс шыққан жаққа мойнын бұрады. Бес айлығында ұзақ «гуілдейді», анасын және жақын адамдарын таниды. Ойыншыққа қолын созып, оны ұстайды, шалқасынан жатқанда етпетінен аударылып түседі. Ересектер сүйемелдегенде тұра алады, еңбектенуге талпынады, етпетінен жатқанда шалқасынан аударылып түседі, тамақты қасықпен жей бастайды. Жеті айлығында ұзақ былдырлайды, ойыншықпен жақсы ойнайды, жақсы еңбектеп, отыра біледі. Сегіз айлығында сәби сөз буындарын дауыстап қайталап айтады, өзі отырып, өзі жатады. Ойыншықтармен көп ойнайды. Он айлығында бала еш нәрсеге сүйенбей көтеріліп тұра алады, орындықты айналып жүреді. Он екі айлығында он шақты сөз айтады, өз бетімен жүріп, ыдыс-аяқтан өз бетімен тамақ ішеді. Бала екі жақа аяқ басқанда оның ойнау кезеңі көбейеді, ол көп жүріп, жүгіреді, мұның өзі оның айналадағы дүниені жақсырақ білуіне жағдай жасайды.

Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күтіп-бағу

Сәбидің тамағы

Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды  тағам — ана сүті. Оның құрамында бала ағзасына қажетті заттардың бәрі бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Ана сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін аса маңызды қоректік зат.

Бөлмесі

Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені дайындап, бөлмені жуып, тазалау қажет. Үйдегі шаң-тозаңда сәбиге үлкен қауіп төндіретін микроб көп болады. Ал таза ауа балаға оның өкпесінде ауа айналымы дұрыс жүруі үшін қажет.


Кіндік күтімі

«Кіндігі түспей тұрып нәрестені таза сумен шомыл­дыруға болмайды» деген жаңсақ пікір бар. Себебі сәбиді жуындыруға болады. Тек кіндікке қол тигізбестен бұрын қолы­ңызды жақ­сылап жуып, таза ұстауыңыз қажет. Қайнап, суыған суға малынған таза мақтамен кіндікті күн сайын тазартып болған соң, міндетті түрде кіндікті құр­ғақ ұстау керек. Сәбидің кіндігі 3  – 7 күннен кейін қарайып, өзінен-өзі түсіп қалады. Кіндікбаудың қалдығы кірленіп кетпеуі және ертерек кебуі үшін күніне 2 рет жасыл дәрімен тазартып отыру қажет.

Шомылдыру

Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка, тұз, түймедақ (ромашка) сынды заттар қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына өсімдік майын жағады.

Үлкен дәрет

Баланың алғашқы дәреті (тоңғақ яки меконий) қара түсті. Баланың сүт емуі жүйеге түскен соң, үлкен дәрет қара түстен қошқыл жасылға, сосын анасының жеген тамағына байланысты сарғыш не қоңыр түске өзгереді. Үлкен дәреттің жиілігі де әр түрлі бо­лады. Кейбір нәрестелер емген сайын жаялығын бүлдірсе, басқа­лары 2–3 күнде бір рет бүлдіреді. Мұндай айырмашылық әр нәрестенің ас қорыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне бай­ла­нысты.
1-тапсырма. Мәтінді шағын тақырыпшаларға бөліп атау қойыңыздар. Ықшамдалған (квантталған) мәтін құрастырыңыздар.
2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қазақша айтып беріңіздер. Мәтінде айтылған ойға байланысты сұрақтар қойыңыздар.
Жағдаяттық тапсырма: баланың анасына балалар емханасы қызметкерлерінің көрсететін патронаждық көмегі туралы түсіндіріңіз.
Төменде ұлы Абайдың қарасөзінен үзінді берілген, қалай түсінетініңізді әңгімелеңіз.

Он тоғызыншы қара сөзінен

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Үстеудің түрлері және қолданылуы

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады. Үстеулер іс-қимылдың болған мекенін, мезгілін және іс-қимылдың өту сипатын білдіреді. Үстеулер қашан? қалай? қайтіп? не себептен? т.б. сұрақтаға жауап береді. Мысалы: Сәкен (қашан?) кеше ауырып қалды. Жедел жәрдем (қалай?) тез келді. т.б.


Түрлері

Мысалдар

I.Тұлғасына қарай

1.Негізгі

Әрең, әзер, әрі, бері, дәл, сәл

2.Туынды

Ескіше, мұнша, жаяулап, астыртын

II.Құрамына қарай

1.Дара

Ерте, кеш, тым, ерекше, басқаша, қыстай, кешке.

2.Күрделі



а) биыл, бүгін, бірталай, біраз

ә) анда-санда, қысы-жазы,

б) алдын-ала, күні кеше


III.Мағынасына қарай

1.Мезгіл

Қашан? қашаннан?

Кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, түнеугүні, жаздыгүні, биыл, былтыр, анда-санда.

2.Мекен

қайда?

қайдан?

Әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, мұнда, сонда

3.Мөлшер

қанша? Қаншама?

қаншадан?

Сонша, соншама, онша, едәуір, бірталай, бір-бірден.

4.Сын-бейне

қалай? Қалайша?

қайтіп?

Әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, түгел, ауызша, осылай, тікелей, бірге, зорға.

5.Күшейту

қалай?

қайтіп?

қандай?

Аса, нағыз, ең, тым, айырықша, әбден.

6.Мақсат

неге? не үшін? не мақсатпен?

Әдейі, біле тұра, жорта, қасақана.

7.Себеп-салдар

неліктен?

не себепті?

қалай?

Бекерге, бекер, босқа, текке, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан.

8.Топтау

қалай? қаншадан? нешеден?

Екеулеп, бір-бірлеп, он-ондап, аз-аздан, бас-басына, жұп-жұбымен, рет-ретімен.