Файл: Куб жне оны элементтері, асиеті. Кубты бйір жне толы бетіні аудандары. Кубты клемі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 119
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Куб және оның элементтері, қасиеті.
Кубтың бүйір және толық бетінің аудандары.
Кубтың көлемі және ауданы осы сабақта қарастырылады. Куб дегеніміз барлық жақтары квадраттар болатын геометриялық фигура:
Кубтың қыры дегеніміз бұл осы квадраттарының бір қабырғасы. Кубтың қыры неше? Кубтың 12 қыры бар болады, әрі бұлар бір-біріне тең болады. Мысалы кубтың бір қыры 4 см болса, басқалары да 4 см тең болады. Ал кубтың бір қыры 7 см болса, қалғандары неге тең?
Кубтың көлемінің формуласы
Кубтың көлемі V мына формула арқылы есептелінеді:
V = a3, мұндағы a кубтың бір қырының ұзындығы.
Мысалы куб пішінді шақпақ қанттың көлемің есептейік:
Мен шақпақ қанттың өлшемдерін өлшедім. Нәтижесінде биіктігі де, еңі де, ұзындығы да 15 мм тең екен (сізде басқаша болуы мүмкін, себебі шақпақ қанттың түрлері өте көп). 15 мм дегеніміз 1,5 см.
Жоғарыдағы формуланы пайдаланайық:
V = 1,53 = 1,5*1,5*1,5
V = 3,375 см3
Жауабы, шақпақ қанттың бір данасының көлемі 3,375 см3
Кубтың ауданы
Кубтың жақтары квадраттар болғандықтан, кубтың толық бетінің ауданы S мына формуламен аңықталады:
S = 6a2, мұндағы a кубтың бір қырының ұзындығы.
Жоғарыдағы шақпақ қанттың толық бетінің ауданың есептейік:
S = 6a2
S = 6*1,52
S = 6*2,25
S = 13,5 см2
Жауабы, шақпақ қанттың бір данасының бетінің толық ауданы 13,5 см2.
Есептер шығару: