Файл: Атомда электрондарды таралуы Белгісіз х элементін табындар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 1056
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Берілген қайтымды реакцияларда :а)температураның жоғарлауы ;ә)қысымның артуы жүйедегі тепе -теңдікке әсер етеді ?
А)CO (г)+2Н2(г)-СН3ОН(г)+Q; Ә)C(қ)+H2O(г)-СО(г)+Н2(г)-Q
Б)2CO (г)+O2(г)-2СО2(г)+Q; В)N2(г)+O2(г)-2NO(г)-Q.
2.Берілген қайтымды реакциялардың теп-теңдігіне қысымның өзгеруі қалай әсер етеді:
1)H2(г)+Br2(г)-2HBr(г); 3) С(қ)+Н2О(г)-СО(г)+Н2(г);
2)C2H2(г)+2H2(г)-С2Н2(г); 4)Zn(қ)+H2O(г)-ZnO(қ)+H2(г);
3.Қайтымды реакция теңдеуі мен осы реакциядағы тепе-теңдікті бастапқы заттардың түзілу жағына ығыстыратын жағдайлар арасындағы сәйкестікті анықтаңдар.
РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІ:
1)2SO2(г)-2SO3(г)+Q:
2)CH4-C(қ)+2H2-Q;
3)2SO3(г)-2SO2(г) +O2(г)-Q;
4)4NH3(г)+502(г)-4NO(г)+6Н2О+Q.
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ЫҒЫСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ:
А)температураны жоғарлату ,қысымды төмендету;
Ә)температураны төмендету, қысымды жоғарлату ;
Б)темеператураны төмендету, қысымды төмендету ;
В)температураны жоғарлату ,қысымды жоғарлату .
4.Қайтымды реакция теңдеуі мен осы реакциядағым тепе-теңдікті өнім түзілу жағдайына ығыстыратын жағдайлар арасындағы сәйукстікті анықтаңдар.
РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІ;
1)2N2 O(г)-2N2(г)+O2(г)+Q; 2)2SO2(г)-2SO2(г)+О2(г)-Q;
3)N2(г)+3H2(г)-2N3(г)+Q; 4)CO2+C(қ)-2СО2(г)-Q.
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ЫҒЫСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ:
А) температураны жоғарлату ,қысымды жоғарлату
Ә)температураны төмендету, қысымды жоғарлату ;
Б)темеператураны төмендету, қысымды төмендету ;
В)температураны жоғарлату ,қысымды жоғарлату .
&19.Тотығу дәрежесі
1 Тотығу дәрежесі 0-ге тең болатын үш затқа мысал келтіріңдер .
2Тотығу дәрежелері бойынша қосылыстың формуласын құрастырыңдар;
А)алюминий карбиді(алюминий мен көміртек қосылысы);
Ә)көміртек нитиді (көміртек пен азот қосылысы):
Б)йод фториді;
В)кальций бромиді
Г)фосфор хлорид
3.Формулалардағы әр элементтің тотығу дәрежесін анықтап ,заттарды атаңдар :
А)MgO,SO3,CS2,pf5,lf5
Ә)HNO3,CaCO3,Na2SiO3,Zn(NO2)2.
4.а)бор нитридінің ; Ә) мырыш фосфидінің формулаларын құрастырып ,тотығу дәрежесін және химиялық байланыс түрін анықтаңдар .
2.Келтірілген реакциялардың ішінен тотығу -тотықсыздану реакциясына жатпайтынын анықтаңдар :
1) 2Na + Cl2= 2NaCl
2) NaCl +AgNO3=NaNO3+AgCl
3) Zn +2HCl = ZnCl2 + H2
4) S+ O2 =SO2
5) CaCO 3
+SiO2=CaSiO3+CO2
6) BaO + SO2= BaSO3
7) CuCl2 +Fe=FeCl2+Cu
8) CuSO4+2KOH=Cu(OH)2+ K 2SO4
3.Азоттың қай айналымының сызбасы мына реакция теңдеуіне сәйкес келеді
4NH3 +5O2 =4NO+6H 2 O
1)N+3-N-2 2)N-3-N-2
3)N+3-N-2 3) N-3-N-2
4.Келесі тұжырымдардың ішінен дұрысын таңдаңдар ;
А)барлық ион алмасу реакциялары тотығу -тотықсыздану реакциясына жатады
Ә)барлық ион алмасу реакциялары тотығу -тотықсыздану реакциясына жатпайды
Б)барлық орынбасу реакцияларына тотығу -тотықсыздану реакциясы болып табылады
В) тек кейбір орынбасу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясы болып табылады
Г) жай зат қатысатын қосылу және айырылу реакциялары тотықсыздану реакциясына жатады
Ғ) барлық айырылу және қосылу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясына жатпайды.Оларды реакция теңдеулерімен дәлелдеп ,өз көзқарастарыңды түсіндіріңдер.
5.HNO3 тек қана тотықтырғыш , ал NH3 тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді деген пікірмен келісесіңдер ме ? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
6.Күкіртсутек H2S және күкірт қышқылының H2SO4 қайсысы тек қана а)тотықтырғыш ә) тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді ? Себебін түсіндіріңдер.
7) SO2 тотықтырғыш , әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, себебін түсіндіріңдер
8) Келесі реакцияларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер
а) NH3+O2==NO+ H2O ә)Al+I2==AlI3 б) CI2+ H2O==HCI+HCIO в)KCIO3==KCI+ O2
Г)HNO3+P+H2O==H3PO4+NO ғ)HCI+KMnO4CL2+KCI+MnCI2+H2O
&21 Металдардың жалпы сипаттамасы
1.Мына металл атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар
а) алюминий ә)кальций б)цезий
3.Мына металдарды тотықсыздандырғыш қасиетінің өсу ретімен орналастырыңдар
Fe, Cu, Na, Zn, Mg.
4.Мына реакциялардың теңдеулерін құрастырыңдар
а) мырыштың күкірт қышықылымен
ә) алюминиймен хлормен
б) магнийдің оттекпен
в) алюминийдің мыс сулъфатымен
5. Мыс тақташа берілген ерітінділеріне батырылған
а)MgSO4 б)HgSO4 ә)FtCl2 в)AgNO3
6. Массасы 6 кг екі валентті металл сумен әрекетескенде көлемі 3,36л (қ.ж.)сутек түзілді.Сумен әрекетескен металды анықтаңдар. Жауабы:калъций
7.Массасы 2,4 г күкірт қышқылының 20%-дық 100 г ерітіндісімен әрекетескенде неше литр (қ.ж) сутек бөлінеді? Жауабы;2,24л
8)Массасы 20г темір мен 8г күкірт әрекетескенде неше грамм темір(ll) сульфиді түзіледі.Жауабы;22г FeS
9. 15 %- дық литий гидроксидінің ерітіндісін дайындау үшін 100г суға литийдің қандай массасын қосу керек? Жауабы;4, 55г
10.Fe мен FeO қоспасынан тұратын үлгі 3,36л хлормен (қ.ж) Cl2әрекеттесті
Осындай үлгіні ерітуге құрамында 14,6г HCl бар тұз қышқылының ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі FeO массасын есептеңдер. Жауабы; 7,2
&22 Металдарды алу
2.Мына оксидтерді:V2O5; MnO2; TiO2 алюминиймен тотықсыздандыру реакцияларын жазып , оларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
4.Натрий хлордінің 558г балқымасының электролизі нәтижесінде көлемі 112л( қ.ж) хлор Ci2 түзілді .Түзілген натрийдің массасын есептеңдер.
5.Массасы 0.5кг кальций хлориді балқымасының электролизінен қанша кальций алуга болады? Жауабы:180 г
6. Таза күйінде титанды алу үшін TiCI2-ті натриймен тотықсыздандырады.Массасы 960г титан алуға қанша TiCI4 және Na керек? Жауабы;Жауабы;және3800г TiCI4 және 1840 г Na керек ?
&23.Металдар құймалары
1.массасы 500г күміс пен магний құрамына тұз қышқылымен әсер еткенде көлемі 112л (қ.ж) газ бөлінеді .Қышқылда еріген металл массасын және әр металдың құймадағы массалық үлестерін анықтаңдар .
&24.Химиялық реакция теңдеулері бойынша қоспа құрамындағы заттың массасын анықтауға есептер шығару
1.Массасы 11г әктасты тұз қышқылының артық мөлшерімен өңдеді .Әктастағы кальций карбонатының массалық үлесін есептеңдер .
2массасы 60 г кремнеземді құрамы 90%көміртектен тұратын 20г кокспен әрекеттестіргенде кремнийдің қандай массасы түзіледі ?өнімнің шығымы 90%
3.кальций оксиді мен кальций карбонатынан тұратын 15,6г үлгіні қатты қыздырды .Нәтижесінде көлемі 2,24 л (қ. ж.)газ бөлініп шықты .Үлгідегі кальций оксидінің массалық үлесін есептеңдер .
4.мырыш пен мырыш оксидінен тұратын қоспаны еріту үшін 20%-дық тұз қышқылының 132,8мл (p=1,1г /мл )ерітіндісі жұмсалады .Бөлінген газды жаққанда 3,6г су түзілді .Қоспадағы металдың массалық үлесін есептеңдер.
5.Құрамында 20 % жанбайтын қоспасы бар 15г көмірді жаққанда түзілген көмірқышқыл газын 10 %-дық натрий гидроксидінің 480г ертіндісі арқылы өткізеді .Ертіндіде түзілген тұздардың массалары мен массалық үлестерін есептеңдер .
6.Массасы 50г фосфорит үлгісін концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен өңделгенде 52, 64гқатты зат түзілді .фосфорит үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін (%)есепте4дер .
7.массасы 200г техникалық кальций карбонатын ерітуге 70%-дық азот қышқылының 202,7мл (тығыздығы 1,421 г\мл )ерітіндісі жұмсалады .Карбонат үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін есептеңіздер .
8.Тыңайтқыштағы азоттың массалық үлесі 14%_ға тең .барлық азот тыңайтқыш құрамына несепнәр CO(NH2)2 түрінде кіреді .Бұл тыңайтқыштағы несепнәрдің массалық үлесін есептеңдер .
9.Құрамында 15% қоспасы бар 50 кг темір (ll) оксидін толық тотықсыздандыруға қажетті көміртектің массасын анықтаңдар .
10.Құрамында 5,6% қоспасы бар техникалық пириттің массасы 950 кг .Техникалық
үлгідегі қоспа мен пириттің массаларын есептеңдер.
&25.1(IA) топ элементтері және олардың қосылыстары
1.Сілтілік металдардың формулалары берілген қосылыстарын атап ,оларды алу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар :Li2O,NaOH,NaH,KCI,R2S,Li3N,Na3P.
2.Сілтілік металдардың сумен ,қышқылдармен әрекеттесуін тиісті реакция теңдеулерін құраастырыңдар және электрондардың ауысуын көрсетіңдер.
3.Натрий мен калий металдарын керосиннің астында сақтайды .Егер металдың ашық ауада қалдырса,олар қандай өзгерістерге ұшырайды?
Жауаптарыңды реакция теңдеулермен өрнектеңдер.
4.Өзгерістертер тізбегін жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Nacl-Na-NaH-NaOH-NaHCO3.
5.Өзгерістер тізбегін жүзеге асыратын рекция теңдеулерін жазыңдар :
KCI-K-KOH-KHCO3-N2CO3-KCI.
1.Белгісіз қосылыстардың құрамында 4,6г натирий ,0,2г сутек 2,4г көміртек және 9,6 г
Көміртек және 9,6г оттек бар.Белгісіз қосылыстардың формуласын анықтаңдар.
2.Массасы 10 г сілтілік металл суда ерітілді .Нәтижесінде 2,87л (қ.ж)сутек
бөлінеді . Суда ер3ген металды анықтаңдар
3.Массасы 2,66г сілтілік металды хлордың артық мөлшерімен өңдеді .Түзілген қатты затты суда ертіп ,ертіндіге күміс нитратының артық мөлшерін қосты.
4.Массас12,4 г натрий оксидін суда ерітті .Қышқыл тұз алу үшін түзелген натрий гидроксидін бейтараптауға (қ.ж)көміртек (IV) оксидінің қандай көлемі жұмасалды ?
5.Натрийдің карбонатымен гидрокорбанатынан тұратын 60г қоспаны қыздырғанда 2,7г
су түзілді .Қоспадағы Na2CO3пен NaHCO3 массалық үлесін есептеңдер.
6.Массасы 54,6г калийді 450мл суда ерітті.Түзілген калий гидроксидінің массалық үлесін есептеңдер.
7.Массасы 70,4г калий сульфиті кристаллогидратының (K2SO3.nH2o)Құрамында 7,2г су
бар.Кристаллогидраттың формуласын анықтаңдар .
&26.2(II)топ элементтері .Кальций
1.Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан кальций мен магнийдің қандай қасиеттері ортақ екенін түсіндіріңдер .Тиісті рекция теңдеулерін құрастырындар.
2.Қоршаған орта әсерінен металл кальций өзінің карбонатына айналады .Тиісті рекция
Теңдеулерін құрастырыңдар .
3.Берілген сызба бойынша кальцийдің генетикалық қатарынн құрастырып ,сәйкес
Реакция теңдеулерін жазыңдар:
Металл-негіздік оксид -негіз-тұз -гидрокар.банаты -карбонаты -негіздік -металл хлориді
Оксид-металл хлориді
4.Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар :
Ca-CaH2-Сa(OH)2-CaCO3-Ca(HCO3)2CaCl2
CaO-CaSO4
5.Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар;
Mg-MgO-MgCl2-Mg(OH)2-MgO-MgSO4
6.Массасы 60г екі валентті белгісіз металл металл 33,6л (қ.ж) фтормен әрекеттесті.Реакцияға қатысқан металды анықтаңдар.
7.Құрамындағы кальцийдің, Сутектің. Көміртектің және оттектің массалық үлестері сәйкесінше 24,69%: 24,69%: 14,81%: 59,26%.Қосылыстың формуласын анықтаңдар.
8.Реакция өнімінің шығымы 85% болса 42г магний карбонаты ыдырағанда қанша магний оксиді түзіледі?
9.Массасы 4,8г екі валентті металл хлормен әрекеттесті. Түзілген хлоридті суда ерітіп ерітіндіге күміс нитраты AgNO3ерітіндісінің артық мөлшерін қосты. Нәтижесінде массасы 57,4г тұнба түзілді, белгісіз металды анықтаңдар.