Файл: Атомда электрондарды таралуы Белгісіз х элементін табындар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 1055

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

&27 (ША) топ элементтері алюминий және оның қосылыстары

1.Алюминийдің: а) бром, фосфор, көміртек және азот жай заттарымен; ә) су , теңдеулерін жазыңдар.

2.Келесі айналымдарды жүзеге асырыңдар.

3.Мына заттардың қайсысымен Al2O3 және Al(OH)3әрекетеседі; NaOH ,Na2O, SO3,H2SO4? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

4. Темір (Ш) оксидінен Fe2O3 алюминотермиялық әдіспен 1моль темірді тотықсыздандырғанда 762кДж жылу бөлінеді .100г темір (Ш) оксидін Fe2O3 тотықсыздандырғанда қанша жылу бөлінеді?

5. Массасы 10г мыс пен алюминийдің қоспрасын тұз қышқылымен өңдегенде 6,72 л(қ.ж.) сутек түзіледі. Қоспаның құрамын анықтаңдар.

&29.

1.Мына қосылыстардағы химиялық байланыстың түрін анықтаңдар

2. Калий хлоридінің ,алюминий хлоридінің ,калий хлоратының , натрий хлоратының калий гипохлоритінің формулаларын , Олардың құрамындағы әр элементтің тотығу дәрежесін анықтаңдар .

53.4-жаттығуда аталған заттарды алудың реакция теңдеулерін құрастырыңдар .

4.Ас тұзы және басқа қажетті заттардан калций хлоридінің қалай алуға болады.Қажетті реакция теңдеулерін жазыңдар.

1.Баллонда 30кг сұйық хлор бар.қалыпты жағдайда хлордың осы массасы қандай көлем алады?

2.Құрамы 60%сутек, 40% хлордан тұратын 1л қоспа қопарылғанда алынған газ қоспасының көлемі қандай болады.?

&30.Хлорсутек қышқылы

1.Хлорсутектің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Тұз қышқылымен;а) магний ә)калций оксиді б) алюминий гидроксиді; в)қорғасын нитратының әрекеттесуінің молекулалық және қысөартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

3.Айналымы жүзеге асыратын реакция теңдеулерін құрастырыңдар;

а) H2—HCI—CI2---PCI3

ә) NaCl --?—KCI--?—HCI

б)CI2—HCI—CuCl2—FeCI2—AgCl

1. Көлемі 72,4л (қ.ж) хлорсутек алуға қажетті сутек пен хлордың көлемдерін есептеңдер.

2.Құрамында 100г NaOH бар ерітіндіні бейтараптауға қажетті 15%дық HCl ерітіндісінің массасын есептеңдер.

Жауабы:608г

6.Қайсардың асқазан сөлінің қышқылдығы қалыптан төмен.Дарігер оған

3%-дық тұз қышқылы ертіндісін тағаммен бірге қабылдауды ұсынды. Қайсар осы ертіндінің 10г-мын қабылдайды. Қайсар бір жылда тұз қышқылының қандай массасын қабылдады.

Жауабы 109,5г

&31.16 (VLA) топ элементтері

1.Күкірт пен оттек бір топта орналасқан күкірт қосылыстарында -2 +4, +6 тотығу дәрежелерін , ал оттек тек қана -2тотығы дәрежесін көрсетеді. Себебін түсіндіріп нәтижесінде күкірттің тотығу дәрежелері -2, +4, +6 болатын қосылыстары түзілетін реакция теңдеулерін жазыңдар.


2.Мына қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежелерін анықтаңдар;

K2S, H2SO3, Na2SO4, S, AI2S3.

&32.Табиғаттағы күкірт және оны алу:

5.Күкірттің химиялық қасиеттерін сипаттаңдар. Күкірт: а) тотықтырғыш; ә) тотықсыздандырғыш рөлін атқаратын реакция теңдеулеріне мысалдар келтіріңдер.

1.Массасы 292г күкірт (IV) фторидің SF4 алуға қажетті күкірттің массасы мен газ тәрізді фтордың көлемін (қ.ж) есептеңдер.Алынған газ (қ.ж) қандай көлем алады? )

Жауабы : (S)=8,65г;V(F2)= 121л;V(SF4)=60,56л.

2.Массасы 16г күкірт арқылы қыздырылған сутек өткізді.Түзілген күкіртсутектің көлемін (қ.ж) есептеңдер.Өнімнің практикалық шығымы 85%.

Жауабы ; V( H2S)= 9,52л

3.Күкіртсутек қышқылының сатылай диссоциациялану теңдеуін құрастырыңдар.

1. Күкірт (IV) оксидінің сутек , ауа және оттек бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңдер.

2.Массасы 16г күкірт (IV) оксиді оттекпен тотыққанда түзілетін күкірт(VI)оксидінің массасын есептеңдер.Өнімнің шығымы 80%.

Жауабы; m(SO2)=16г

&34.Күкірт қышқылы және оның тұздары

1.Сұйылтылған күкірт қышқылы қандай қасиеттер көрсетеді? Жауаптарыңды реакция теңдеулерімен өрнектеңдер.

2. Мына айналымдары жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

а) S—SO2—H2SO3—BaSO3—SO2—SO3—BaSO4

ә) S—HgS—SO2—SO3—H2SO4

б) S—ZnS—H2S—SO2—Na2SO3

в) H2SO4—CuSO4—Cu(OH) 2—CuCI2

Бұл реакциялардың қайсысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады?Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды көрсетіңдер.

1.Массасы 12,8г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін күкіртті газдың көлемі (қ.ж) есептеңдер.

Жауабы:4,48л.

2.Реакция толық жүру үшін массасы 500г массалық үлесі 20% -дық күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша грамм оксидін қосу қажет?

Жауабы:m(MgO) =40,8г.

&35 Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық, көлемдік үлестері

1.Көлемі 16,8л су буы(қ.ж) қатты қызған темірмен әрекеттескенле 12л (қ.ж) сутек және темір (II) оксиді түзіледі. Сутектің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шыгымын(%) есептеңдер.

Жауабы:71%

2.Зат мөлшері 6 моль алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін сутектің массасы неге тең болады ? Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымы 80%-ға тең.

Жауабы: 14,4г.

3.Массасы 11,7г натрий хлориді концентірлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін хлорсутектің массасын есептеңдер. Өнімнің практикалық шығымы 90%-ға тең



Жауабы: 6,6г.

4. Көлемі 22,4л (қ.ж) сутек броммен әрекеттескенде 30л бромсутек (қ.ж) алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімніңа практикалық шығымын есептеңдер.

Жауабы: 67%

5.Массасы 1т кальций гидроксидін алу үшін сумен кальций оксидінің қандай массасын әрекеттестіру керек? Кальций гидроксидінің практикалық шығымы 97%.

Жауабы: 780кг.

6.Массасы 980г 15%-дық күкірт қышқылы калий гидроксидімен әрекетескенде 65,25г калий сулфаты алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массаслық үлесін есептеңдер.

Жауабы: 25%


&36.15 (VA) Топ элементтері. Азот

3.Азот топшасындағы элементтердің жоғарғы оксидтері мен ұшқыш сутекі қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

5.Берілген қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежелерін анықтаңдар:

NO2, N2O2,N2,NaNO3.

&37 Аммиак

4.Аммиактың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

6.Аммиактың күкірт қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазып , өнімді атаңдар.

7.Аммиактың оттекте өршіткі қатысынсыз жан жан реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

1.Көлемі 5л (қ.ж) аммиак пен 15л хлорсутекті араластырды.Реакция нәтижесінде қай зат артық қалды? Ол заттың массасы қанша?

Жауабы: V(HCI)=10л,m(HCI)=16,28г.

2.Массасы 100г 20%-дық күкірт қышқылы арқылы қанша көлем (қ.ж) аммиакты өткізгенде;а) аммоний гидросульфаты; ә) аммоний сульфаты түзіледі?

Жауабы;V(HCI)=4, 48л ;V(NH3)=8,96л

3. Массасы 112кг азот N2 сутекпен H2әрекеттескенде түзілетін аммиактың көлемін есептеңдер.Реакцияның мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 80%

Жауабы:143,36км3

4.Көлемі 400л (қ.ж) ауадан (78%азоттан тұрады ) алынатын аммиактың көлемін (қ.ж) анықтаңдар.Аммиактың практикалық шығымы 25%-тең.

Жауабы: 156л

&38 Азот қышқылы

4.Азот қышқылының: а) алюминий гидроксидімен; ә) кальций оксидімен; б) кальций карбонатымен;в)аммиакпен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар

1.Өндірістік шығын 15% болса , массасы 6,3кг азот қышқылын алу үшін қвншв көлем (қ.ж) аммиак қажет? Жауабы:2,63м3

2.Көлемі 50мл 2М азот қышқылы бейтараптау үшін 1М натрий гидроксидінің қандай көлемі қажет?

Жауабы:100мл.

&39.Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері

5.Іс жүзінде жүретін реакциялардың теңдеулерін аяқтаңдар:


а)HNO3(сұйылт) + Cu

ә)Zn+HNO3 ( конц)

б) HNO3+MgCO3

в) CuO+ KNO3

7.Реакцияларды аяқтап , оларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:

а) Fe + HNO3(сұйылт)

ә) Fe + HNO3( конц)

8.Айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазып, Х,У заттарын анықтаңдар:

N2—NH3—X—Y –HNO3—AgNO3

9.Азот қышқылымен берілген заттардың а) алюминий гидроксиді; ә) кальций оксиді; б) кальций карбонаты ; в) мыс ( сұйылтылған қышқыл ) ; г) аммиак әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.

14. Мына нитраттардың термиялық ыдырауының реакция теңдеулерін жазыңдар:

LiNO3, Cu(NO3), NaNO3, Mg ( NO3)2, Hg(NO3)2, NH4NO3.

1.Көлемі 5л (қ.ж) ыдысты оттекпен толтыру үшін селитраның КNO3 қандай массасын ыдырату қажет?

Жауабы:45,1г.

2.Натрий нитратын қыздырғанда 280мл (қ.ж) оттек бөлініп шықты. Тұздың қандай массасы ыдырады?

Жауабы:2.125г.

&40. Фосфор

1.Жай заттардан келесі қосылыстарды аоу реакцияларының теңдеулерін жазып электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:

PCI5, P2S5, Na3P,Mg3P2.

6.Кеміргіштерге қарсы у ретінде қолданылатын мырыш және алюминий фосфидтерін алудың тотығу-тотықсыздану реакциясын жазыңдар.Бұл қосылыстардағы химиялық байланыстың түрін анықтаңдар.

1.Массасы 72г екі валентті металл фоформен әреккеттескенде 134г металл фосфиді түзіледі. Реакцияға қатысқан металды анықтаңдар.

Жауабы :Mg.

2.Массасы 3,55 г фосфор (V) оксидін алу үшін фосфордың қандай массасын оттекте жағу қажет?

Жауабы: 1,55г

&41. Ортофосфор қышқылы. Ортофосфор қышқылының тұздары.

3.Келесі айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

А) P2O5—H3PO4—Na3PO4—Ca3(PO4)—Zn3(PO4)2

Ә) P—Ca3P2—PH3—P2O5—Na3PO4—Ag3PO4

Б) Ca3(PO4)2—P—PCI5—H3PO4—K3PO4—Fe3(PO4)2

1.Массасы 19,6г фосфор қышқылы бар ерітіндіге натрий гидроксидінің артық мөлшерімен әсер етті: а) түзілген тұздың массасын анықтаңдар; ә) реакцияға түскен натрий гидроксидінің массасын анықтаңдар.

2) Массасы 24,8г фосфор толық жанғанда түзілген өнімді 200см3 суда ерітті.Алынған ерітіндідегі еріген заттың массасалық үлесін есептеңдер.

Жауабы: w(H3PO4)=11,5%

&42. Минералды тыңайтқыштар:


1.Келесі тыңайтқыштардағы азоттың массалық үлесін есептеңдер: (NH4)2SO4, NaNO3.Бұлардың қайсысында азоттың мөлшері көп?

2.Шырша ағашының күліндегі калий корбонатының массалық үлесі 26,4%. Массасы 100г шырша ағашының құрамындағы калий карбонатын бейтараптауға қажетті 20%- дық HCI ерітіндісінің массасын есептеңдер.

Жауабы:m(HCl)= 69,83г.

&43.( IV) топ элементтері. Кремний

1.Көміртек пен кремнийдің 40г қоспасын натрий гидоксидінің концентірлі ертіндісінің артық мөлшерімен өңдегенде 26,88 л (қ.ж) газ бөлінді.Қоспадағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер.

Жауабы: 58%

2.Жер қыртысында оттек атомның кремний атомдарынан неше есе көп?

( олардың массалық үлестері сәйкесінше 49,5% және 25,7%)

Жауабы:3,37 есе

3. Тығыздығы p=1,38г/мл ,массалық үлесі 20% ,200мл натрий гидроксидінің ыстық ерітіндісі кремнийдің қандай массасымен әрекеттеседі? Реакция нәтижесінде бөлінетін сутектің көлемін (қ.ж) есептеңдер.

Жауабы:33,8г; 54л

&44. Кремний қосылыстары

4.Химиялық өзгерістердің реакция теңдеулерін жазыңдар:

SiO2—Si—Mg2Si—SiH4—SiO2—NaSiO3—H2SiO2

1 .Кремний диоксиді фторсутек қышқылында мына реакция теңдеуі бойынша баяу ериді:

SiO2+6HF= H2SiF6+ 2H2O. Массасы 12r SiO2 еру үшін неше грамм 20%- дық фторсутек қышқылы керек?

Жауабы: 120г.

2.Ақ саздың ( каолин) құрамындағы құрауыштардың массалық үлестері:SiO46,6%, Al2O3 39,48%, H2O 13,92%.Оның формуласын табыңдар.

Жауабы: Al2O3 2SiO2 2H2O.

3. Массасы 1 кг еритін шыны Na2SiO3 алу үшін қажетті кремний (IV) оксиді мен соданың массасын есептеңдер.

Жауабы: 492 г SiO және 869 г Na2CO3.

&45 Кремний қышқылы және оның тұздары

1.Калий силикаты алу үшін 150кг калий карбонаты мен 30кг кремний (IV) оксиді балқытылды. Нәтижесінде 69,3кг калий силикаты түзіледі.Реакция өнімімінің шығымын есептеңдер.

Жауабы: 90%

2.Құрамында 20% қоспасы бар 156г кремний қышқылынан қанша кремний оксидін алуға болады?

Жауабы:96г

&47 Тағамдық өнімдердегі кейбір элементтерді анықтау .

2.Тағам құроамындағы көміртекті қалай анықтайды?Көміртек пен метенның жану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

3.Калий тиоцианаты мен темір (ІІІ) нитраты арасындағы реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Темір (ІІІ) тиоцианаты аз диссоцацияланған зат екенін ескеріңдер.