Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Философия және психология факультеті
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы
Философия және психология факультеті
6B11401-Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасы
2 курс білім алушысы
Нұрхашым Аршат
Іс-тәжірибеден өту туралы
Есебі
Іс-тәжірибе базасы: Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі» КММ
Іс-тәжірибеден өту мерзімі: 29 мамыр 2023 ж. – 10 маусым 2023 ж.
Университеттен іс-тәжірибе жетекшісі: Сагадатова А. Т
Базалық ұйымның әдіскері: Алинова Аманкуль Оралхановна
Қарағанды 2023
Мен 2023 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында әлеуметтік қызметкер мамандығының 2 курс студентті Нұрхашым Аршат Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының Қазабек Би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі»" КММ-де тәжірибеде болдым.
Өндірістік практиканың барысында мекеменің мақсатын,міндеттерің,ішкі тәртіптерін бақыладым. Теориялық білімді практикада қолдана алып, нақты міндеттерді шешуде қолданылды.
Өндірістік практикадан өту барысында мен мекемені басқарудың құрылымы, функциялары,үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін керек заңдарды және мүгедектермен жұмыс жасауға қажетті әдістері бойынша бастапқы ақпаратты жинауды жүзеге асырылды.
КММ тиімді басқару бойынша анықталған әлсіз жақтарын және оның қызметінің перспективалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сындарлы ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ, практикадан өту мен үшін кәсіби жұмыс дағдыларын игеруге, әлеуметтік қызметтер жүйесін, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, әлеуметтік қызметтерді, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттарын нормативтік-құқықтық базаны клиенттермен жұмыс істеуде практикалық қолдану іскерлігін, зерделеуге,азаматтардың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс технологияларын меңгердім .
Ең басты бұл тәжірибеде қарттармен жұмыс болды яғни біз жалғыз қалған қарттарға үйлеріне барып көмек көрсеттік . Қарттар мен науқастарға ерекше қамқорлық қажет. Ата-аналар балаларын тәрбиелегенде, олардың ұлдары мен қыздарының көмегіне мұқтаж болған кез келеді. Жасы мен сатып алынған аурулар өздерін ақтайды. Қарт адамдар өздерін қызмет етуге, тамақ дайындауға, дүкенге баруға, тазалауға мәжбүр етеді, ал кейде тіпті киіну үшін де күші жетпейді.
Мұндай қызмет кез-келген қалада, тіпті шағын қалаларда тұратын провинциялық қалаларда да бар. Әлеуметтік қызметкерлер қарт адамдарға қамқорлық көрсетеді. Ол мыналарды қамтиды:
-
Дәрілік заттарды қабылдау және олардың қабылдау жиілігін бақылауға жәрдемдесу; -
Медициналық рәсiмдердi жүргiзу не олардың қамқорлық жасайтын орынға жүруi; -
Қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу, бұл клиенттің есебінен жүзеге асырылады; -
Егде жастағы адамдарға арналған пісіру; -
Тамақтандыруға көмектесу (азықтандыру); -
Егде адам болған бөлмені гигиеналық тазалау және желдету; -
Киім және киім-кешектерді төсек және төсек киіммен қамтамасыз ету; -
Жаяу серуенге бару
Мен жетекшімен бірге 89 жастағы Налибаев Түйме ПОЛИТЕХ университетінде химиялық ғылыми докторы , университетте 10 жылдай жұмыс жасаған қарияға үй жағдайында көмек көрсеттік .
Ол қария Нұрсұлтан Назарбаев 53/2 мекен жайда жалғыз өзі тұрады екен . Мен көмек көрсетіп , жұмыс барысын ұғындым . Налибаев Түйме маған өз өміріндегі қызық оқиғаларын айтты . Ең басты мен қарт адамдармен қалай жұмыс жасауды үйрендім .
- үйде әлеуметтік қызмет көрсету тұрақты немесе уақытша стационарлық емес әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну - жасының үлкендігіне байланысты өзіне өзі қызмет көрсету қабілеттері төмен, ауыру, мүгедектігі және жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық және басқа көмек түрінде үйде қызмет көрсетіледі. Әлеуметтік сала маманы жиі кеңес беруші ролін де атқарады, сондықтан кеңес беру тәжірибесі басқа адамдарды дұрыс түсінуіне көмектеседі, олардың мұқтаждарына көңілімен ортақтас боуға, өз тарапынан байланыс құруға қолдау болады.
Кеңес берудің негізгі принциптері қызмет көрсету сапасының мониторингінде көрсетіледі: Белсенділік принципі: қарт адамдардың позитивті (оң) мінездеріне көңіл аударылады, Бейімделу принципі: қиындықтарды өздігінше жеңу қабілеттеріне сүйену және сол үшін оларға мүмкіндік беру Тәуелділік принципі: өміріне деген бақылауы қалатындай қарт адамдардың мұқтаждарын қанағат ету .
Кеңес беру арқылы қарт адамдардың ойын, мұқтаждығын білуге болады, олардың қолданылып отырған қызметіне деген көзқарасын. Көмек көрсету арқылы қарт адамдармен қарым қатынас құру әлеуметтік қызметкер үшін өте күрделі. Оның клиенттерінің түрлі сезімдері болады: қайғыру, мұңайу, уайымдау, тастанды сезімі, қажетсіздік сезімі.
Олар басқа адамның көмегіне мұқтаж болуымен қатар өздігінше қабілеттерінен айырылу сезімімен де күйзеледі. Бұндай күрделі жағдайларда әлеуметтік қызметкер қарт және қария адамдармен қарым қатынас құру мен соны сақтау қабілетімен меңгеру керек, олардың психикалық құбылыстарын реттеуге тырысып тәуелсіздік орнын көрсете білу керек. Қарт адамдар оларды басқаруға, кеңес беруге, өмірлерін реттеуге қарсы келеді. Олармен жұмыс атқарғанда әлеуметтік қызметкердің міндетінде:
- қарт клиенттерге деген мінсіз сыйластықты көрсету - олардың өмірлік тәжірибесіне жүгіну - қажетті психологиялық климатты құрып сақтауға тырысу, ол маңызды проблемаларды талқылауда екі жақты сенімділікке қолдау болады - қарт адамдарға деген шынайы қызығушылығы мен оларға көмек көрсету ынтасын көрсету - бар ойын айтуға толық мүмкінді беру - жай және түсінікті тілде сөйлеу, психологиялық терминологияны қолданбау - сұхбаттасуды 25-30 минутпен шектеу, өйткені қарт адамдар ұзақ әңгімелесуді көтермейді - жұмыс барысында жұбату мақтауды қолдану, өйткені қарт адам ұзақ сөйлейді және бір тақырыптан бір тақырыпқа ауыса береді Қарт адамға әлеуметтік қызмет көрсету сұрақтарымен, қайғысына, қызметтік қабілеттерін жоғалтуы бойынша, қарым қатынастағы қиындықтар мен жанжалдар бойынша, өткен мен болашақтың байланысы жөнінде, жаңа өмір әрекетіне және жағдайларға бейімделу бойынша кеңес беруге болады.
Психологиялық кеңес берудің келесі түрлері маңызды және әсерлі: - жас ерекшелігі мен психологиялық - отбасылық психологиялық - психологиялық бағдар - жеке психологиялық Жас ерекшелікті психологиялық кеңес беру. Қарт адамдар екі топқа бөлінеді 60-75 жастағылар, және 75тен жоғары жастағылар, психологиялық және медициналық жағдайы бойынша бірдей емес. Бірінші топ өкілдерінің белсенділігі жоғары болады, олар үшін маңызды проблемалар - әлеуметтік-психологиялық бейімделудің бұзылуы және осыған байланысты болған психологиялық дискомфорт. 75тен жоғары жастағы топта бірінші орында медициналық проблемалар, денсаулығының төмендеуіне байланысты, әлсіздігіне және үнемі күтімге мұқтаждығына байланысты.
Қарт адам үшін зейнетке шығу кезеңі – нормативті жас ерекшеліктік дағдарыс, онда өмірдің жағдаяттары арасында қарамақайшылық туады (әлеуметтік статусының өзгеруі) және адам мұқтаждығы (әлеуметті маңызды әрекетін жалғастыру, отбасы мен қоғамдағы орнын сақтай білу). Зейнетке шығу қарт адамның нормалы өмірлік ырғағын үзеді, экономикалық мағынада өнімдіктен өнімсіздікке ауысу болады, сондықтан ол күйзеліске соғуы мүмкін. Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру нормалы жас ерекшелігінің дағдарысын біліп сәйкесті өзгерулерді қабылдауға дайын болуға қарт адамға мүмкіндік береді. Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру барысында екі проблеманы шешу қажет: «зейнеткер статусын» меңгеруг көмек көрсету, бар өзгерулерімен қатар өз кәрілігін қабылдай білу, көптеген әлеуметтік байланыстарын жоғалту мен физикалық сұраныста жоқтығын түсіну керек екенін түсіндім .
Жалпы қорытындылай келе 29 мамар мен 10 маусым аралығында өткен тәжірибеде көп ақпараттарды игердім . Әлеуметтік қызметкер мамандығының өте маңызды екенін түсіндім . Осы уақыт аралығында көптеген адамдарға көмек көрсете алдым . Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-адамгершілік мәселелері оның барлық іс-әрекетінде орын алуы мүмкін. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәселелерін шешу мен олардың алдын алу мақсатында, оның бойында кәсіби-этиклық негізін қалыптастыру қажет екенін түсіндім Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде әлеуметтік қызметкер мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу дағдысына құрылған, құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әртүрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды . Тәжірибеде әлеуметтік қызметкердің маңызды екенін түсіндім және де сол мекемеде тәжірибе өтіп жатқан кезде оның халыққа зор пайдасы бар екенін түсіндім . Біздің мамандық әлеуметтік жағдайы жоқ адамдарға тиімді мамандықтардың бірі болып табылады !