ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: | Ш.Мұртаза атындағы №1 МГ | ||||||
Педагогтің аты-жөні: | Ажибекова Салтанат Амиралиевна | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Күй атасы – Құрманғазы | ||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал орнату. «Үш қадам» әдісі 1.Көңіл – күйіміз қандай? (қол бұлғау) 2.Сабаққа дайындықтарың қалай? (шапалақтау) 3.Сабаққа ынталарың қандай? (басбармақ көрсету) Қазақтың күй өнері өзінің дәстүрлік ерекшелігіне, орындалуы жағынан, қағыс түрлеріне қарай төкпе күйлер, шертпе күйлер болып бөлінсе, жанр бойынша да бірнеше топқа бөлінеді:халық күйлері, тарихи күйлер, айтыс-тартыс күйлер, арнау күйлер, аңыз күйлер, лириркалық күйлер. Оқушыларды топқа бөлу. 1-топ Жазушылар тобы, Ақындар тобы, Суретшілер тобы. Жұмбақ шешу. Үш қызық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі адам соқса. Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен, Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра) Балалар жұмбақтың шешуін дұрыс тапты.Одан әрі жұмбақ шешумен байланыстырып,сұрақ-жауап әдсімен кіріспе әңгіме өткіздім. -Домбыраның құрылысы қандай?-деген сұраққа домбыраны көрсетіп , жеке бөліктерін атады (құлағы, шанағы, ішегі, пернелері). -Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тембр, бас және т.б суреттерін көрсетіп, түрлері туралы түсінік беремін. Біз оларды домбыра оркестрінің құрамында көріп жүрміз. -Балалар,халқымыздың ұлттық аспабы домбыраға жан бітіре сөйлеткен атамыз кім? ол кісі қайда, қашан дүниеге келген? -Ол –Құрманғазы атамыз. Ол қазіргі Атырау облысы, Теңіз ауданына қарасты Жиделі деген жерде туған. 1823-2023жыл Енді сол аталарыңның қандай шығармаларын білесіңдер? -«Адай» ,«Серпер», «Балбырауын», «Түрмеден қашқан» т.б күйлері бар. -Дұрыс айтасыңдар,ал енді мен сендерге күйлердің шығу тарихынан қысқаша айтып берейін. Айтылым Құрманғазы аталарың бірнеше күй шығарған,әр күйдің өзінше тарихы бар,сондықтан да ол кісіні ұлы күйші әрі композитор дейміз. Ол 1889 жылы Астрахан облысының Зеленок ауданы ,Сахма деген жерінде қайтыс болған. Халқымыздың дарынды күйшісінің есімі Алматы мемлекеттік консерваториясына берілген. Енді бүгін балалар, біз осы сабақта атақты күйлері туралы әңгімелейміз.Ендеше балалар,сол «Кішкентай» күйін тыңдайық, Тыңдалым. «Кішкентай» күйі М. Өтемісұлына,Исатай батырға арналған кассетадан «Балбырауын» мен «Адай» күйлері тыңдалады. Сұрақ-жауап әдісі
Топтық жұмыс. Жазушылар тобы Күй тыңдау барысынада көз алдарыңа елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп эссе жазу. Ақындар тобы Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр. Суретшілер тобы Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру. Тыңдалым. «Сарыарқа» күйі Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауында. -Тыңдаған күйдің қандай әсер қалдырды? -Күй отансүйгіштік, отаншылдық сезімдерді қозғай алады ма? -Күйден алған әсеріңді мына сөздердің қайсысымен сипаттауға болады? - мұңды, жігерлі, нәзік, жылдам, -бақытты, байсалды, қарқынды, мереке-той, - шетел, алтын дала, сары дала, сүйікті. | Сәлемдеседі Оқушылар көңіл күйін ( қол бұлғау) Сабаққа дайындықтарың ( шапалақтау)ынтасын басбармақ арқылы көрсетеді Оқушылар 3- топқа бөлінеді. Жұмбақтың шешуін табады Танысады. Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді және жаңа сабаққа назар аударып, берілген сұрақтарға жауап береді. | Бір-бірін бағалайды Шапалық әдісімен бағалау Саусақ әдісімен бағалау «Бағдар- шам» әдісі арқылы бағалау - Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. - Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. - Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. Шапалық әдісімен бағалау | Музыка оқулығы Нота хрестоматиясы Интернет ресурстары Музыка оқулығы Кітапханадан қосымша оқулықтар Фоно хрестоматия Оқулық, нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия Фламастерлер Қарандаштар Журналдар Газеттер Музыка оқулығы Интернет ресурстары | |||
Сабақтың соңы | Сабақ түсінікті болса стикерді жүрекке жабыстырады. Сұрақтары бар болса,стикерді комментарий бөлігіне жабыстырады. Сабақ түсініксіз болса,стикерді бөлісу бөлігіне жабыстырады. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма. Бүгінгі сабақта Құрманғазы Сағырбайұлы күйімен танысып оның ерекшелігін білдік.Күйлердің орындалуын шығу тарихын кейінгі ұрпаққа насихаттап жеткізу,біздің парызымыз. Смайликтер арқылы бағаланады. Күйді берілген жерге дейін жүргізіп ойнау. Рефлексия: Мен не білдім? Бүгін мен не үйрендім? Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым? | Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ» тәсілі арқылы бағаланады «Бағдаршам» әдісімен бағалау | Бейнеролик Оқулық Кері байланыс тақтайшасы |