Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16524
Скачиваний: 27
Қызылиекүсті тіс буылтығының қалыптасу сатылары мен механизмдері, оның биохимиялық қызметінің мәні
Тіс буылтығы – пелликулада жатқан жартылай мөлдір жұмсақ минерализациялық емес субстанция.
Тіс буылтығы әрқашан тістің табиғи тереңделулерінде – фиссураларда анықталады; контактты беткейлерде және мойыналды аймағында жиналады (3 тен 60 мкм дейін қабатпен – механикалық әсерге байланысты); қызмет атқаратын тістердің төмпешіктерінде сирек анықталады. Тіс буылтығы пломбалар мен сауыттардың беткейінде қалыптасуы мүмкін, сонымен қатар қақтың түзілу қарқындылығы «пластмасса → цемент → амальгама → алтын» қатарында кемиді.
Тіс буылтығының құрамында микроағзалар басым: олар1 мм3-та және салмағы 1 мг тығыздығы 300 млн дейін микробты клеткалар бар органикалық матрицаны толтыра отырып, оның массасының 70% құрайды.
Тістің тегіс беткейінде эмальда тіс буылтығының түзілу механизмдері суреттелген:
1) инициальды (біріншілік) колонизация;
2) тез бактериальды өсу;
3) буылтықтың жаңаруы (екіншілік колонизация).
Инициальды колонизация тісті мұқият тазалағаннан кейін алғашқы 8-48 сағат мерзімінде болады. Бұл бактерия мен орта арасында өзара әрекет ғана емес, сонымен қатар бактериялардың өзара әсері (бәсекелестік, синергизм) кіретін күрделі үрдіс. Бұл уақытта микроағзалардың пелликулаға қосылудың бірнеше сатылары жүзеге асырылады:
І саты: пелликула беткейінде жатқан пролиндерге бай биполярлы ақуыздар мен микробты клетка беткейінің полярлы зарядталған галактозаминді құрылымдар арасында электростатикалық өзара әсерді қамтамасыз ететін пелликула мен микробты клетканың жақындауы болады. Бірінші қоныстанушы ролін қалыпты жағдайда қорғаныш микрофлораның өкілдері атқарады (S. mitis, S. sanguis, S. intermedius, S. oralis), бірақ тіс жегісінің қаупімен байланысты жағдайларда оларды S. mutans озып кетуі мүмкін.
ІІ саты: клеткалық мембрананың ерекше өсулері көмегімен пелликуланың беткей қабатына микробты клеткалардың механикалық жабысуы;
ІІІ саты: микробты клетка беткейінің арнайы ақуыздары-адзезиндер мен пелликула беткейінің гликопротеидтерінің комплементарлы топтары арасында қайтымсыз химиялық байланыстар жасау (сур. 5.6).
Сур. 5.6. Пелликуланың инициальды колонизацисы (Сакстон бойынша, 1975).
Тістің беткейін механикалық тазарту қиын немесе мүмкін емес жерлерде, проксималды беткейлер мен фиссураларда инициальды колонизация арнайы «бекітетін қулықтары» жоқ, тіпті оңай болады және S. mutans қарағанда аз арнайыланған көптеген микроағзалардың қолынан келеді.
Пелликуланың барлық бос беткейі толғанда, пионер-бактериялар буылтықтың матриксіне жақын ортаның микроағзаларының белсенді көбеюін ынталандыратын заттар бөледі – тіс буылтығының түзілуінің екінші сатысы басталады. Буылтық биомассасының тез өсуі базалық қабатқа көптеген басқа микроағзалардың (50 түрге дейін) қосылуы жолымен болады, соның ішінде буылтықтың түзілуін өздігінен инициирлей алмайтындар.
Микробты клеткалар олардың бір-бірімен байланысуын – адгезия мен когезияға септигін тигізетін арнайы заттар өндіреді. Тіс буылтығы бірінші тәуліктің соңына таман өзінің массасын екі есе үлкейте отырып, көлденеңінен және жоғары қарай өседі (сур. 5.7).
Жетілген буылтықтың циркулярторлы жүйесі бар: тығыз және бос биомассалардың қабатталуы суды, құнарлы заттарды, метаболизм өнімдерін ауыстыру үшін каналдармен өтілген.
Тіс буылтығының жаңару фазасы (ремоделдеу) массаның өсу қарқынының төмендеуімен сипатталады, екінші тәуліктен басталады және қанша болса да жалғасады. Буылтықтың түрлік құрамы онда және оральды ортада (оттектің, көміртегінің қол жетерлігі, ортаның қышқылдығы) қалыптасқан жағдайлар қандай да бір микроағзалардың өмірі үшін қаншалықты қолайлы екендігімен анықталады: микроағзалардың селекциясы, «буылтықтың тәрбиесі» туралы айтылады (қара сур. 5.8). Егер буылтықта қышқыл орта қалыптасып және ұсталып тұрса, микроағзалардың қалыпты балансы бұзылады, басшыға кариесогенді микрофлора шығады.
Тіс буылтығында
биохимиялық үрдістер көбінесе оның
түрлік құрамына байланысты (қара сур.
5.9).
а
б
Сур. 5.7. Буылтықтың қалыптасуының 3-ші фазасы (екіншілік колонизация): таяқша тәрізді және коккалы микроағзалардан «жүгері собығының» түзілуі: а – Листенгартен бойынша х1000 үлкейткен кезде, 1976, б – х8000 үлкейткен кезде, Сакстон бойынша, 1973 ж.
1-ші күн 7-ші күн
Сур. 5.8. Тіс жұғындыларының биоценозында олардың жиналуы бойынша өзгерістер.
Сур. 5.9. Сахароза ерітіндісімен шайғаннан кейін буылтықта қышқылдың микробты жасалуы: а – басым кариесогенді емес микроағзалармен қалыптасқан буылтықта, препаратта қара түске боялған қышқылдың аз мөлшері, беткей қабаттарда жасалды; б – кариесогенді микрофлора эмальға жақын буылтық тереңінде концентрацияланған қышқылдарды көп жасады (Аксельссон бойынша, 2004).
Тіс жегісіне тұрақсыз адамдарда жас қақты түзетін микроағзалардың жалпы санынан шамамен 50% Streptococcus mutans құрайды (сур. 5.10). Алғашқы рет 1924 ж. Клакпен суреттелеген бұл грам оң кокк колонияның сыртқы түрінің үлкен морфологиялық әр түрлілігі есебінен S. mutans деп аталған. S. mutans тіс қағында өмір сүруге бейімделген: ол факультативті анаэроб болып табылады; сілекей мен пелликуланың көміртектері мен гликопротеидтерін пайдаланады (басқа жағынан – бактериофагтың арқасында ұзақ уақыт мерзімінде тек дәрумендерді қажет ете отырып, тағамсыз өтуі мүмкін); тегіс беткейде бекітіле алады. Өте маңызды углеводты қайта өңдеу қабілеттелігі болып табылады. Димерлерге дейін (мальтоза, лактоза, фруктоза, сахароза) сілекейдің ферменттерімен және микроағзалармен ыдырайтын полисахаридтер (крахмал), тағаммен келіп түсетін дайын димерлер (сахароза) және моносахароза (глюкоза) гликолиздің микробты цикліне кіреді, оның ақырғы өнімі сүт қышқылы болып табылады. Тіске жақын ортаға Н+ қарқынды бөлу ондағы қышқылды-сілтілі балансты бұзады және апатиттердің еруіне итермелейді.
Сур. 5.10. Streptococcus mutans.
Сахароза (тағамдық қант) оны клеткалар мен буылтықтың өсуіне қажет үш затқа айналдыруға қабілетті оптимальды субстрат:
-
энергияны өндіру, гликогеннің (депо), клеткалық қабырғаның полисахаридтерінің және бактериальды капсуланың синтезі үшін қолданылатын глюкоза;
-
леван – микробты клеткада глюкозаның «консервілері» сияқты және «аштық» кезеңдерде гликолизді ұстап тұрады (сүт қышқылының өнімін сәйкес);
-
глюкан – микроағзалар мен буылтықтың басқа құрамдарының бір-бірімен қосылуын, матрицаның қалыптасуын, қақтың одан әрі өсуін және жаңаруын қамтамасыз ететін жабысқақ полимер.
Қақта болатын басқа микроағзалар аз қуатты биохимиялық потенциалға ие, әлсіз органикалық қышқылдар (Lactobacillus – сірке; Fusobacterium – пропион) және т.б. шығарады. Сондықтан S. mutans эмальдың тегіс беткейлерінің деминерализациясында басшы болып табылады. Түбірдің тіс жегісінің инициациясын S. mutans деминерализациялық қызметімен байланыстырады, аз дәрежеде, Lactobacillus (түбір дентині минералдары үшін критикалық деңгей рН=5,9), ол Candida коллагеназды белсенділігімен, кейбір мәліметтер бойынша, Actinomyces толықтырылады.
Тіс буылтығының биохимиясы оттегінің оның терең қабаттарына енуіне байланысты, сондықтан 48 сағ. кейін буылтықта цитотоксикалық заттардың өніміне қабілетті облигатты анаэробтардың үлесі жоғарылайды және буылтық тістің қатты тіндері үшін аз патогенді, бірақ периодонттың денсаулығына қауіпті қасиеттерді иемденуі мүмкін.
Буылтықтың өсу жылдамдығы, оның көлемі және патогенді белсенділігі бірқатар факторларға байланысты:
-
ауыз қуысында бактериальды популяцияның жалпы сипаттамаларына;
-
бактериальды микрофлораның сапасына;
-
буылтықтың биохимиялық белсенділігіне;
-
тіс беткейінің анатомиясы мен морфологиясына;
-
тіс беткейінің сулану дәрежесіне, пелликуланың беткей тартылуының энергиясына;
-
сілекей бөлу жылдамдығына және сілекейдің басқа қасиеттеріне;
-
құрамында көміртектері бар өнімдерді қолдану жиілігіне, олардың сапасына;
-
ерін мен тілдің қозғалғыштығына;
-
тіске шайнау механикалық әсерінің белсенділігіне;
-
тістің жарып шығу сатысына;
-
периодонт жағдайына;
-
жеке гигиеналық әдеттерге;
-
оральды алдын-алу өнімдерін қолдануға.
Біріншіден, кариесогенді буылтық микроағзалардың белгілі бір түрлері болған кезде түзіледі. Бүкіл әлем S. mutans-тың тек 3-5 штаммаларын жұқтырған (пандемия!), олар баланың саусақтарын сүйген кезде, баланың бөтелкесінен немесе қасықтан тамақты татып көру кезінде және т.б. сілекеймен анасынан баласына беріледі. Тістер жарып шыққанға дейін тілдің беткейінде болатын S. salivarius басым болады, S. mutans бұл уақытта ауыз қуысы арқылы «транзитпен» өтеді. Қызылиектің үстінде тіс сауыты көрінген кезде, ол S. mutans колонизацияланған болуы мүмкін. Стандартты жағдайларда кариесогенді буылтықтың түзілуі 12-18 айлық жастағы балаларда анықталады, оны «инфицирлену үшін терезе» деп атайды.
Тіс буылтығының белсенділігі және оның өсуі, екіншіден, тағамдық субстраттың болуына байланысты. Көміртектердің тұрақты жеткізулері кезінде қақта (талап бойынша қоректендіру, тәтті бөтелкемен ұйқы, кеудеде ұйқы, жиі тамақтану және т.б.) S. mutans селекциясы үшін қолайлы қышқыл ортаны (рН=5,5) қамтамасыз ететін санында сүт қышқылы үздіксіз шығарылады. Сахарозаның жетіспеушілігі кезінде буылтық салыстырмалы әлсіз қышқылдарға (пропион, құмырсқа, сірке, янтар, алма), көмір қышқыл газына және этил спиртіне дейін пируваттарды ыдыратумен энергетикалық көзқарас жағынан аз «пайдалы» биохимиялық үрдістер ұйымдастырады. Бұл жағдайларда рН кариесогенді флораға қолайлы көрсеткіштерге жетпейді.
Буылтықтың көлемі ол қандай механикалық (гигиеналық күтім, шайнаудың белсенділігі, тағамның сипаты және т.б.) және химиялық (антисептикалық және т.б. қасиеттері бар препараттарды қолдану) әсерлерге ұшырайтынына да байланысты. Буылтықтың тіршілік әрекеті үшін ең қолайлы жағдайлар оны тағамның әсері, еріннің, тілдің қозғалыстары, сілекейдің тогы мазаламайтын орындарда қалыптасады: проксимальдыаралық кеңістіктерде, жарып шыққан тістердің беткейінде, фиссуралардың тереңінде.
Тіс буылтығы жұмсақ тіс қағы мен тағамдық қалдықтардан өзгешелігі клиникалық қарау кезінде анықталмайды. Оны кептіру (күңгірт беткей) және бояу көмегімен анықтауға болады.
Тіс буылтығын алып тастау гигиеналық шараларды өткізу кезінде мүмкін – механикалық бұзу және «қырып алу» жолымен. Буылтықтан механикалық тәсілмен мүлдем құтылу мүмкін емес, өйткені ол тез «қалпына келеді», дегенмен қаққа жетілуге мүмкіндік бермей, адам онда рН-тың критикалық мөлшерге дейін төмендеуін алдын-алады, бұл кезде деминерализация басталуы мүмкін. Буылтықтың белсенділігін фармакологиялық заттармен бақылауға болады.
Жұмсақ тіс қағы
Жұмсақ тіс қағы (materia alba) тіс қағының үстінде қабатталады. Бұл борпылдақ, ұсақ саңылаулы субстанция негізінен өңделген тағам қалдықтарынан және судан тұрады.
Қақ көлемді, бірақ оның жақын қабаттармен байланысудың берік механизмдері және құрылымды ұйымдастырылуы жоқ, сондықтан тығыз емес болып табылады. Тіс жегісі көзқарасы бойынша, тіс қағы қақ үшін «тағамдық қойма» болатындығымен және оның бұзатын қызметін ұстап тұратынымен зиянды. Бұдан басқа, қақ микрофлорасының тіршілік әрекетінің өнімдері қызылиек тіндерін тітіркендіреді, ауыздан жағымсыз иіс себебі болып табылады.
Жұмсақ тіс қағы көзге жақсы көрінеді, зондпен жеңіл жианалады, бояғыштарды белсенді сорбирует. Қақ шаюлар, щеткамен, жіптермен тазартқан кезде алып тасталады.
Егер тіс қағы эмаль беткейінде ұзақ болса, онда ол тығыздалады, қақпен, пелликуламен тығыз байланыстар ұйымдастырады және олармен бірге тісте берік бекиді. Жоғары аталған барлық жағымсыздықтардан басқа тығыз тіс қағы эстетикалық проблемалар туындатады, өйткені тағамдық бояғыштармен сары-қоңыр түске, кейде – қара-қоңыр (темекі тартушыларда), жасыл (хромогенді хлорофил құрамды бактериялар көмегімен) немесе қара (хромогендер немесе темір болған кезде) түстерге боялады. Тығыз пигменттелген қақтан тек өте қатты абразивті заттар немесе гигиенана үшін кәсіби құрылғылар көмегімен құтылуға болады.
Тіс қағы қызылиекүсті тастың қалыптасуы үшін негіз болады, ол қақтың ауыз сұйықтығының минералдарымен сіңуі кезінде түзіледі.
5.3.2. Тіс жегісін алдын–алуда тіс жұғындыларын сандық және сапалық бағалау
Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері
Сандық сипаттамалар қандай да бір тіс жұғындылары түрлерін клиникалық анықталуына, олардың тіс сауытына қатысты орналасуын, алып жатқан аймағын, және сирек – көлем мен массасын анықтауға тіреледі. Тіс жұғындыларын анықтау үшін қолданылады: қарау, ауа ағынымен тістердің беткейлерін кептіргеннен кейін қарау, зондтау, бояғаннан кейін қарау (табл. 5.6).
Таблица 5.6
Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері
Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері |
Тіс жұғындыларының түрлері |
||
тығыз қақ |
жұмсақ қақ |
қызылиекүсті тасы |
|
Қарау |
- |
|
+ |
Кептіру |
|
+ |
+ |
Зондтау |
|
+ |
+ |
Бояу |
+ |
+ |
+ |
Кептіру ауыз сұйықтығының жасырын жылтырлығын жоюға мүмкіндік береді, одан кейін бірдей боялған тіс жұғындылары күңгірт беткейлерін және эмальдің жылтыр беткейін ажыратуға болады.
Тістің тығыз және жұмсақ қақтарын зондтау – бұл жұғындыларды зондтың ұшымен қырып алу. Зондтау кезіндегі тактильді сезімдер тіс тасын анықтау үшін қажет: тіс тасы беткейі эмальға қарағанда тығыз емес, тегіс емес «құламамен» аяқталуы мүмкін.
Бояу – тіс буылтығын анықтау үшін қажет. Тіс қағы тәжірибелі көзге бояусыз-ақ көрінеді, бірақ бұл процедура бір жағынан жұғындылардың санын нақты ескеруге, екінші жағынан науқаспен оның ауыз қуысы гигиенасының деңгейін жоғары сеніммен талқылауға, гигиеналық дағдылар динамикасын бақылауға көмектеседі.
Қолданылатын бояғыштардың көбісі арнайы емес түрде кез келген органикалық субстратпен реакцияға түседі: буылтықтың матриксімен, бактериальды клеткалармен, ас қалдықтарымен, сілекей компоненттерімен, ауыз қуысының кілегей қабығымен, еріннің қызыл жиегімен, терімен және т.б. Натрий флюоресцеин ерекшелікті құрайды, ол бояғыш едәуір қабатты түзумен (200-540 нм) сіңірілген, яғни тіс жұғындылары бар аймақтарда және арнайы фильтрлер арқылы ультракүлгін жарықтандыру кезінде ғана көзге көрінеді.
Қызыл (эритрозин, фуксин), көк (метилен көк, генцианвиолет), қоңыр (қоңыр Бисмарк, Шиллер-Писарев ерітіндісі) бояғыштарды және олардың қоспасын ажыратады. Эритрозин және жасыл малахиттен құралатын «екілік» индикаторлар қызыл болып келеді, олар тіс қағының рН мен жасына байланысты оны қызыл (жаңа пайда болған қақ) немесе көк түске (көне тіс қағы) бояйды.
Эстетикалық және әдістемелік тұрғыдан тұрақты және тұрақсыз бояғыштарды ажыратады. Тұрақсыз бояғыштарға құрамында йод қосылыстары бар Шиллер-Писарев ерітіндісі мен Люголь ерітіндісі жатады: олар ұшқыш болғандықтан 10-20 минуттан кейін боялу жоғалады. Бұл науқасты мотивациялау және тіс жұғындыларының тек диагностикасын болжаған кезде ыңғайлы, бірақ гигиеналық процедуралар үшін емес. Ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жүргізу үшін немесе тістерді жеке тазартуға үйрету үшін тұрақты бояғыштарды (құрамында йоды барынан басқа аталғандары) қолданған жөн, олар ластанған тістердің беткейінде сағаттар бойы сақталады, бірақ тазалағаннан кейін жоғалып кетеді.