Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16525

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тұрғындардың басты жастық тобы – 12 жастағы балалар таңдап алынған, олардың тістерінің жағдайына қарай популяциядағы тіс жегісі қарқындылығы жайында талқылайды.

КПЖС бойынша 12 жастағы балалар мен 35–тен 44 жас аралығындағы адамдар популяциясындағы тіс жегісінің қарқындылығын салыстырмалы бағалау үшін ДДҰ әлемдік мәліметтерге сүйене отырып шкаланы ұсынады (табл. 5.3).

Таблица 5.3.

Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы


12 жастағы балалардың КПЖС

Тіс жегісінің қарқындылығы

34 – 44 жастағы КПЖС

0,0 – 1,1

Өте төмен

0,2 – 1,5

1,2 – 2,6

Төмен

1,6 – 6,2

2,7 – 4,4

Орташа

6,3 – 12,7

4,5 – 6,5

Жоғары

12,8 – 16,2

≥ 6,6

Өте жоғары

≥ 16,3


1981 ж. ДДҰ мынадай мақсат қойды: 12 жасар балаларда КПЖ =3 –ке дейін тіс жегісінің қарқындылығын төмендету. Бірақ барлық популяциядағы тістердің тіс жегісінің қарқындылығының төмендеуі популяцияның бір бөлігіндегі тіс жегісінің жоғары қарқындылығын жоққа шығармайды. Соңғы жылдары «стомотологиялық тепе–теңсіздік» анық байқалады: тұрғындардың едәуір бөлігі тіс жегісі жоқ болған кезде, азшылық популяцияның аздау қорғалған бөлініне тіс жегісінің негізгі ауырлығы түсіп отыр. Тұрғындардың жағдайы төмен топтарындағы жағдайға назар аудару үшін, ДДҰ-ның «Денсаулық барлығы үшін» деген стратегиялық мақсатына ұмтылған Братхол 2000 ж. тіс жегісінің көрсеткіш индексін Significant Caries Index (SiC) енгізді. Бұл индекс – осы популяция үшін ең жоғарғы КПЖС индексі бар тексерілген тұрғындардың үштен бір бөлігіне есептелген орташаланған КПЖС (сур. 5.4).

SiC–ті есептеу алгоритмі:

1) барлық тексерілгендер үшін КПЖС–ны жеке есептеу;

2) КПЖС–ның ең жоғарғы мәні бар популяцияның үштен бір бөлігін бөліп алу;

3) бөлінген топ үшін орташа КПЖС-ны есептеу.

2015 ж. стоматологиялық денсаулықты жақсартуға бүкіл әлемдік жаңа мақсат қойылды: 12 жастағы балаларда SiC≤3 деңгейіне жету.

Тіс жегісінің қарқындылығының көрсеткіштері тіс жегісінің ағымының түрін (белсенділік дәрежесін) анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жастық топ үшін (КПЖС=М) КПЖС мәнінің (КПЖС+кпжс) орташа шамаларынан аспайтын көрсеткіштер тіс жегісінің компенсирленген ағымының көрсеткіші ретінде бағаланады. Декомпенсирленген және субкомпенсирленген тіс жегісі ағымы үшін КПЖС шекараларын есептеуге, статистикалық мән σ–орташа квадраттық ауытқуды қолданады.

мұнда К=6,5

Субкопенсирленген тіс жегісі ағымының шекаралары анықталған: бұл топта КПЖС мәні М орташа мәнінен асады, бірақ М+3σ (М≤КПЖС≤М+3σ) тең мәннің шегінен шықпайды.

Тіс жегісінің декомпенсирленген ағымында КПЖС М+3σ (КПЖС≥М+3σ) мәнінен асып кетеді.

Тіс жегісінің ағымының түрі аталған адамда жегіленген үрдістің әрі қарай дамуын болжайтын сенімді болжамдық белгі болып табылады және ол алдын–алу атсалысуларының рациональды және тиімді бөлінуі үшін қажет шара болып табылады: балалардың суб- және декомпенсирленген тіс жегісінің түріне аса назар аударады.


КПЖС көрсеткіштерінің уақыты арқылы өзгеруін тіс жегісі қарқындылығының артуы ретінде анықталады. Тіс жегісі қарқындылығының артуын ∆КПЖС КПЖС индексінің бастапқы және соңғы мәндерінің арасындағы айырмашылық деп есептейді:

КПЖС = КПЖС2 – КПЖС1,

мұнда КПЖС2 КПЖС1 тіркелгеннен біраз уақыттан кейін (жыл, екі және одан жоғары) тіркелген. Бұл адамда немесе топта КПЖС–ның өзгермеген құрамы уақыт өте келе өзгермеуі немесе ұлғаюы мүмкін.

Бақылау кезінде жүргізілген алдын–алу шараларының сипаты мен санына, бірқатар шарттарға байланысты өсуі жоғары немесе аздау болуы мүмкін.

КПЖС өсуі түсінігінің негізінде тіс жегісі қарқындылығының КИД деңгейін анықтайтын шкала жатыр. Жеке КИД науқастың сүрген жылдары сонымен (N) және жеке КПЖС (кпжс) ретінде есептеледі, яғни КПЖС–ның бір жылдық орташа өсуі:

9 – 19 жас аралығындағы балаларда тұрақты тістердің КИД-ті есептегенде өмірінің алғашқы 5 жылын, яғни тұрақты тістер жарып шыққанға дейінгі уақытты есепке алмайды:

Көптеген елдердің әртүрлі жас топтарындағы КИД–ін статистикалық талдау негізінде таблица құрылған, ол әрбір адамның КИД мәнінің салыстырмалы бағасын беруге мүмкіндік береді (табл. 5.4).

Таблица 5.4

КИД мәндері бойынша тіс жегісі белсенділігін бағалау



Жасы

КИД әртүрлі мәндері кезінде тіс жегісінің белсенділігін бағалау

төмен

Орташа

жоғары

өте жоғары

1–8 жас

0,4

0,5–0,8

0,9–1,2

1,3

9-19 жас

0,3

0,4–0,6

0,7–0,9

1,0

20 жастан жоғары

0,155

0,16–0,3

0,31–0,6

0,6


Науқастың тіс жегісінің белсенділігін 5.6 толық таблица көмегімен де бағалауға болады, мұнда барлық жас үшін тіс жегісінің қарқындылығының барлық варианттары үшін КИД-тің есептелген дайын нәтижесі ұсынылған (табл. 5.5).

Таблица 5.5

Әртүрлі жас топтарында КПЖС (КПЖСкпжс, кпжс) әр түрлі мәндері кезінде тіс жегісінің белсенділігі


Жасы (толық жас саны)

Тіс жегісі қарқындылығының индексі

КПЖС (КПЖСкпжс, кпжс) әртүрлі мәндері кезінде тіс жегісі белсенділігін бағалау

төмен

орташа

жоғары

өте жоғары

1

кпжс

-

-

1

2+

2

кпжс

-

1

2

3+

3

кпжс

1

2

3

4+

4

кпжс

1

2-3

4

5+

5

кпжс

1-2

3-4

5-6

7+

6

КПЖСкпжс

0+(12)

0+(35)

0+(67)

(1+)+(8+)

7

КПЖСкпжс

0+(13)

0+(45)

1+(68)

(2+)+(8+)

8

КПЖСкпжс

0+(13)

0+(45)

2+(79)

(3+)+(9+)

9

КПЖС

1+

2

3

4+

10

КПЖС

1

2-3

4

5+

11

КПЖС

1

2-3

4-5

6+

12

КПЖС

1-2

3-4

5-6

7+

13

КПЖС

1-2

3-5

6-7

8+

14

КПЖС

1-3

4-5

6-8

9+

15

КПЖС

1-3

4-6

7-9

10+

16

КПЖС

1-3

4-6

8-10

11+

17

КПЖС

1-4

5-7

8-11

12+

18

КПЖС

1-4

5-8

9-12

13+

19

КПЖС

1-4

5-9

10-13

14+

20

КПЖС

1-3

4-6

7-12

13+

21

КПЖС

1-3

4-6

7-12

13+

22

КПЖС

1-3

4-6

7-13

14+

23

КПЖС

1-3

4-7

8-13

14+

24

КПЖС

1-3

4-7

8-14

15+

25

КПЖС

1-3

4-7

8-15

16+

26

КПЖС

1-4

5-7

8-15

16+

27

КПЖС

1-4

5-8

9-16

17+

28

КПЖС

1-4

5-8

9-16

17+

29

КПЖС

1-4

5-8

9-17

18+

30

КПЖС

1-4

5-9

10-18

19+

50

КПЖС

1-7

8-15

16-30

31+

60

КПЖС

1-8

9-18

19

анқ-майды



Тіс жегісі қарқындылығының өсу редукциясы 2 бірдей шамалар арасындағы айырмашылықтың салыстырмалы шамасын (пайыз бойынша) көрсететін тағы да бір тіс жегісімен аурушандылықтың динамикалық көрсеткіші. Көбінесе алдын–алу бағдарламасына қатысқан топтағы тіс жегісі қарқындылығы өсуінің редукциясының, дәл осы уақыт аралығында бақылау тобындағы тіс жегісі қарқындылығы өсуіне қатынас санайды.

Тіс жегісі қарқындылығы өсуінің редукциясын есептеу үлгісі.

Алдын-алу бағдарлама енгізу алдында 6 «А» сынып КПЖСА1 = 2,8; 6 «Б» сыныпта – КПЖСБ1 =3,0. Кейін 2 жыл бойы 6 «А» сыныбында ауыз қуысының гигиенасы сабағын жүргізген, ал 6 «Б» сыныбында гигиена мен фторлак аппликациясы сабағын жүргізген. Алдын–алу бағдарламасы жұмысының 2 жылдан кейін:

  • 6 «А» сыныбында КПЖСА2 = 4,8;

  • 6 «Б» сыныбында – КПЖСБ2 =4,5;

  • 6 «А» сыныбында ∆ КПЖС 2-1 өсуі: КПЖС А2 – КПЖСА1 = 4,8 – 2,8 = 2,0.

  • 6 «Б» сыныптағы ∆ КПЖС 2 – 1 өсуі: КПЖСБ2 – КПЖСБ1 = 4,5 – 3,0 = 1,5.

6 «А» сыныбының тіс жегісінің өсуімен салыстырғанда 6 «Б» сыныбының тіс жегісінің өсуін бағалау:

2,0 (∆КПЖС 6А) – 100 %;

1,5 (∆КПЖС 6Б) – х%;

пропорция қасиеттері бойынша:


Редукция = ∆КПЖСА (%)- ∆КПЖСБ (%)=100 – 75 =25%.

Тіс жегісі қарқындылығының өсу редукциясын бірдей мәнді формулалар көмегімен де есептеуге болады.

немесе

Топ немесе популяциядағы К, П және Ж шамаларын біле отырып, тістердің жегіленген бұзылыстарымен байланысты тұрғындар проблемаларының қай бөлігі шешілгенін, ал қай бөлігі стоматологиялық көмекті қажет етпейтіндігін анықтауға болады.

Стоматологиялық көмек деңгейін СКД (УСП, П.А. Леус) КПЖС компоненттерінің біліміне сүйеніп, және жоқ болған тістерді протездермен толтыру мәліметтерінен есептеп шығарады:

мұнда К - емдеуді қажет ететін, жегіленген тістердің орташа саны; А – протезбен қалпына келтірілмеген (Ж-ның бөлігі) жұлынған тістердің орташа саны; КПЖС –тексерілген топтың тіс жегісінің қарқындылығының орташа мәні.

СКД мәні былай түсіндіріледі 10%-дан аз СКД - стоматологиялық көмектің нашар деңгейіне сәйкес; 10-нан 49%-ға дейінгі СКД – жеткіліксіз деңгей, ал 50%-дан 79%-ға дейін – қанағаттанарлық, 80% жоғары – терапиялық және ортопедиялық көмектің ең жақсы қолжетімді деңгейі.


Тіс беткейлерінің тіс жегісі қарқындылығы

Клейн және Палмер жасап шығарған КПЖТ индексімен анықталады. КПЖС есептеген сияқты тістердің де осындай әдістермен зерттеу жүргізеді, бірақ әрбір тістің әрбір беткейінің жағдайын тіркейді, молярлар мен премолярлар үшін бес беткейлерінен, ал күрек тістер мен ит тістерден – төрт беткейлерін тіркейді. Беткейлердің жағдайын тіркеу үшін арнайы сызбаларды қолданады (қара сур. 5.4).

«К» мен «П» категорияларына тістің беткейлерін еңгізу критерийлері КПЖС индексіндегімен сәйкес келеді.

Егер тіс сауыты толық бұзылған немесе алынып тасталған ьолса, онда оның барлық беткейлерін (5 немесе 4) зақымдалған деп санайды.


Жиі бір беткейдің жегіленген зақымдалуы тістің басқа беткейіне таралады. Зақымдалған ретінде тек бір беткейдің басқа беткейдің зақымдалуы оның алаңының 1/3 дейін алып жатса есептейді.

КПЖТ-ның мәні тұрақты тістердің 0-ден 128-ге дейіңгі диапазонда қалуы мүмкін, кпжт (уақытша тістердің) - 0-ден 88-ге дейін. Жеке және топтық КПЖТ-ны (КПЖТ+кпжт, кпжт), оның өсуін және редукциясын есептейді. Беткейлердің тіс жегісі қарқындылығын санау мен тіркеу техникалық өте ауыр жұмыс, өйткені КПЖС-ға қарағанда бұл көрсеткіштің орындалуы төмен болып келеді. Екінші жағынан бұл көрсеткіш біршама сезімтал болып табылады, ал әртүрлі заттардың әсер ету механизмімен алдын-алу әдістерінің тиімділігін ажыратуға мүмкіндік береді. Тіс жегісі қарқындылығының редукциясы фтор қосылған судың әсер етуінен шайнау беткейлері үшін 20%, ал басқа тістердің беткейлері үшін 80% құрайды.



а б

Сурет 5.4. Моляр мен премолярлардың (а), ит тіс пен күрек тістің (б) сызбалық көрінісі.


Жегіленген ошақтарды есепке алу

Тіс тініне емдік, немемсе алдын алу басқа патогендік әсерлердің маңыздылығы туралы оперативті мәліметтерді алу үшін жегіленген ошақтардың редукциясы немесе қарқындылығының өсуі көрсеткішін қолданады. Жиі тіс жегісінің баспатқы түрлері бақылауда болады, содан жегіленген ошақтар санын көрсететін индекс IS атауына ие болған. IS индексі жақсы болжамның критериі бола алады және жеке алдын-алуды жоспарлағанда қолдану үшін ұсынылады.


5.3. Тіс жұғындылары тіс жегісінің этиологиялық факторы ретінде


5.3.1. Кариесогенді тіс жұғындыларының құрамы, құрылымы, түзілу механизмдері және биохимиясы


Тіс жұғындыларының жіктелуі

Тіс жұғындыларын зерттеудің тарихы «тесілген тістерге жабысқан, жұмсақ қақты» сипаттаған Аристотельден бастау алады. XVII ғасырда Левенгук тіс жұғындылары құрылымын зерттеудің бастауын салды, ол өз тісінен алынған қақты микроскоп арқылы қарап «... барлық Нидерландадағы адамдар саны тіс тістегі микроағзалар санына қарағанда аз» деп тапқан. Тіс жұғындыларын зерттеу Уильямс, Блэк пен Насмит қатысқан, олардың аттары бөлек құрылымдардың атауларына енгізілген.

Соңғы уақытта тіс жұғындыларын адам ағзасының түрлі тіндерін жабатын және көптеген жағдайда физиологиялық роль атқаратын басқа биожабындылармен бірдей қарастырылуда. Ауыз қуысын трофикалық кораллды рифпен салыстырады – бір және басқа да биотопта жылы, ылғалды және тағам көп, бұл көптеген тірі ағзалардың өмір сүруі үшін өте қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Табиғи тіс жұғындыларының қалыпты тағайындалуы – ауыз қуысының патогенді флорамен экзогенді колонизациялауынан физикалық және бактерологиялық қорғанышы деп жорамалдайды. Дегенмен ауыз қуысының объективті жағдайларымен және адамның рациональды емес оральды мінез-құлықтарымен негізделген көптеген жағдайларда тіс жұғындыларының құрамы мен құрылымында, биохимиясында қолайлы емес өзгерістер пайда болып, бұл оған патогенді қасиеттер береді.


Жалпы қабылданған тіс жұғындыларының келесі жіктелуі болып табылады:

А. Орналасуы бойынша:

  • қызылиекүстілік;

  • қызылиекастылық.

Б. Құрылымы мен қасиеттері бойынша:

  • кутикула;

  • жұмсақ тіс жұғындылары:

  • пелликула;

  • тіс буылтығы;

  • жұмсақ тіс қағы;

  • тағам қалдықтары.

  • тығыз тіс жұғындылары:

  • тіс тасы.

Тіс жегісіне сәйкес жиі қызылиекүсті жұғындылары туралы сөз қозғалады.


Пелликуланың құрылымы мен қызметі

Пелликула (латыншадан pellicula – қабат, жабынды) – жүре біткен тіс жұғындыларының эмальға жақын, жұқа (1 мкм дейін) мөлдір қабат. Кутикуланы жоғалтқаннан кейін жалаңаштанған эмаль ауыз қуысы сұйықтығы ішінде болып, өзіне оның компоненттерін сіңіреді. Сондықтан пелликуланың құрамы ауыз қуысының органикалық және минеральды құрамын қайталайды, ақуыздардың жоғары концентрациясымен, соның ішінде G және M иммуноглобулиндерімен ғана ерекшеленеді. Пелликулада микробты клеткалар қабықтарының қалдықтары анықталады, бірақ мұнда белсенді микрофлора жоқ.

Пелликула ауыз қуысы сұйықтығында орналасқан кез келген тығыз беткейде оңай және тез түзілетіні белгілі. Алғашқы қабаты 20 минуттан кейін анықталады, ал бір тәулікте пелликуланың қалыңдығы 50-1000 нанометрге дейін жетеді. Эмальда пелликуланың қалыптасуы 1-3 мкм тереңдіктегі табиғи тегіс еместіктердің электр заряды жоқ сілекейдің денатурирленген гликопротеидтердің глобулаларымен толтырылуынан басталады (сур. 5.5). Пелликуланың бірінші қабатының (тегістеуші, «беткейастылық») гликопротеидтері эмальмен химиялық байланысқа түседі: қышқыл топтар кальциймен байланысады, негізгі – гидроксиапатиттердің фосфаттарымен. Екінші қабат («беткей») ауыз сұйықтығы компоненттерінің әрі қарай приципитациясының барысында түзіледі. Пелликуланың үшінші («беткейүстілік», сыртқы) қабаты сол тұнбалардан түзіледі, тегіс емес беткейі бар, бұл кутикулаға келесі жұғындылардың қосылуын жеңілдетеді.


















Сур. 5.5. Жақында жарып шыққан тістің тазартылған беткейі; төменде үлкейтілген кезінде перикиматтар (Сакстон бойынша, 1975).

Пелликуланың қабатты құрылымы қойнаулар мен беткейлерде зарядтардың айырмашылығын дәлелдейді, бұл пелликулаға жартылай өткізгіштік мембрана қасиетін береді. Пелликула эмальдан және эмальға макро- және микроэлементтер ағындарын, оның трофикасын, жетілуін және реминерализациясын қамтамасыз ете отырып, ажыратады.

Екінші жағынан пелликула тіс жегісінің көмекші ролін атқарады, өйткені оның сыртқы қабатының тегіс емес беткейі микроағзалардың таңдамалы жабысуын ұйымдастырады (S.sanguis адгезияны жоғарылатады және S.salivarius – төмендетеді), ал пелликуланың гликопротеидтері мен минералдары микробтар үшін қоректік орта болады.

Пелликула сілекеймен байланысатын тістің барлық беткейлерінде болады, бірақ болашақ жұқа және мөлдір табиғи (тағамдық, табакты) және жасанды (хромогенді бактериялар, шайыр мен қара май, дәрілердің бояғыш компоненттері) бояғыштар көмегімен анықталуы мүмкін. Пелликуланың алып тастаудың жалпы мәні жоқ, өйткені ол қысқа уақыт ішінде бәрібір алынады. Егер боялған пелликула эстетикалық проблемалар туындатса (Пристли қағы деп аталатын), онда оны қатты материалдар – абразивтер көмегімен алып тасталады.