Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16565

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үйрету және оқыту - әңгімелесу нұсқасы, оның барысында адамдар мінез-құлықтың келесі дәлелденуі мен мотивациялық ортаның жаңаруы және кеңеюі үшін қажет білімдерімен, іскерлігімен және дағдыларымен алмасады. Бұл үрдісте екі жағын ажыратады: а) үйрету («үйрену» сөзінен) – адаммен иеленген білім және іскерліктің үрдісі мен нәтижесі және б) оқыту – оқытушының кәсіби қызметі, ал санитарлы-ағарту жобаларында – дәрігердің. Үйрету мінез-құлық түрлерінің бірі болып табылғандықтан, оның жетістігі оқушы жеке тұлғасының реттегіш құрамдарына, сонымен қатар оның бастапқы дәлелдеуінің сапасына байланысты, ал ынталардың (білімдердің) «қамтамасыз етуші» ролі сыртқы әлемге, соның ішінде – ата-аналарға, мұғалімге, дәрігерген беріледі.

Үйрету, егер оның мақсаттары науқастың өз дәлелденуіне сәйкес келсе, табысты болуы мүмкін. Адамдар өздері жеке маңызды ретінде анықтайтын проблемаларды ғана шешу үшін білім алатын бағдарламаларға өз еркімен тартылады, адамның «өзіне» әрекет ететін бұл үйретуі күштеп үйретуге қарағанда біршама тиімді. Сондықтан дәрігердің міндеті санитарлы ақпаратты және оны беру заттарын дайындау ғана емес, сонымен қатар үйрету үрдісінде науқастың психологиялық қолдауын ұйымдастыру болып табылады: оны үнемі дәлелдеу, ынталандыру қажет.

Үйрету үшін кең таралған стимул сыртқы және ішкі бағалаулар болып табылады. Бағалауға үйретудің объективті нәтижелері жатады, яғни эталоны бар науқастың білім мен іскерлігін салыстыру («Сізде бүгін де тістеріңізде қақ бар. Бұл нашар»). Дегенмен ең әсерлі, дамитын сыртқы стимул жаңа материалды қабылдауға адамның қосқан үлесі, жетістіктер мақсатына жетудің жеке динамикасы болып табылады («Бүгін тістердің тілдік беткейлері алдыңғыға қарағанда жақсы тазаланған…»). Мадақтау мен жазалау қатынасы біртіндеп жеке адамның сәйкес мінез-құлқын қалыптастырады: жағымсыз бағалаудың басым болуы адамды жағымсыз жағдайлардан бас тартуға мәжбүр етеді (науқас дәрігерге енді келмейді және тістерін тіпті тазаламайды), мадақтаутың басым болуы жетістікке жетуге адамды қызықтырады (мейірімді дәрігерге эмоциональды «үйренеді» және өзінің дағдыларын жетілдіре отыра әрқашан мадақтауға лайық болуға тырысады). Стимул ретінде ішкі бағалаудың маңызы жас келе өзгереді және жеке болып табылады. Табысты үйрету үшін ең жақсы жағдай оқушының мұғалімге жоғары сенімі және қорқыныштың төмен деңгейі болып табылады (қорқыныш кейде үйретуді ынталандырады, бірақ жиі оған реніш пен ашуланудың қоршаушы сезімдерін тудыра отырып кедергі жасайды).

Үйретудің бірнеше түрлерін ажыратады, олар арқылы адамның өмір салты қалыптасады, соның ішінде оның мінез-құлқының санитарлы аспектілері.

1. Импритинг: туа пайда болған инстинктердің жіберілуі (бір жастағы бала тіс сықпасын тағам сияқты жұтады).


2. Шартты-рефлекторлы үйрету: стимулдарға шартты реакциялар ретінде мінез-құлықтың жаңа түрлерін енгізу. Жетістік үшін бұл оқытудың алдында адамның мінез-құлқында шартты реакцияның барлық элементтері болуы, ал стимулдар оны қабылдаудың мүмкіншіліктеріне адекватты болуы қажет. Оқыту үшін қолданылатын стимулдар басынан адамның қажеттіліктерімен байланысы болмуы мүмкін, бірақ бірте-бірте бұл байланысты көп ретті қайталаулар арқасында иемденеді (екі жастағы бала күннен күнге тісті тазалауға ата-анасының қолдауымен, аузына щетканы салуға және тістер бойымен жүргізуге үйренеді).

3. Оперантты үйрету: сынамалар мен қателіктер жолымен білімді, іскерлікті және дағдыларды иемдену. Стимулдың әрекетіне жауап ретінде шартсыз және шартты-рефлекторлы реакциялар белсендіріледі; адам олардың әрқайсысының стимулына жауап қайтаруға тырысады, олардың ішінде ең күштісін таңдайды – тәжірибеде реакцияның сәйкес тәсілін бекітеді (тіс щеткасын бірінші рет алған бала тазалау қимылдарының әр түрлі варианттарын ойлап табады және оған ыңғайсыздық жасамайтын түрін таңдайды).

4. Викарлы үйрету: адам басқа адамдардың әрекеттерін бақылайды, оны ұғынады, жаңа білім, іскерлік және дағдылар алады (науқас мүсінде немесе ауыз қуысында науқас жақ мүсіндерінде көрсеткен щетканың қимылдарын қайталайды).

5. Вербальды үйрету: адам ақпаратты берудің тілдік түрлері көмегімен, ата-ана, мұғалім, дәрігер көмегімен (мысалы, ауыз қуысы гигиенасының құралдары туралы әңгімелесуде), сонымен қатар өздігінен (кітапша оқығанда) жаңа тәжірибе алады.

Импритинг, шартты-рефлекторлы және оперантты үйрету ең қарапайым болып табылады, осы тәсілдермен бала туғаннан 4-5 жасқа дейін жаңа білім және іскерлік алады. Осылайша жақ-бет аймағының қызметтері, тағамдық әдеттері, элементарлы гигиеналық дағдылар қалыптасады. Кейін үйретудің жоғарғы, ұғынылған түрлері – санитарлы-ағарту жобаларының негізі болып табылатын викарлы және вербальды қол жетерлік болады. Жеке ұғынылған үйрету 7-8 жастан кейін мүмкін болады.

Үйрету және оқыту бірнеше механизмдер көмегімен жүзеге асырылады:

  • дағдылар мен іскерлікті алу үрдісінде

  • ассоциация қалыптастыру, яғни тәжірибенің бөлек білімдері мен бөліктері арасында байланыс орнату;

  • түсініктің қалыптасу үрдісінде

  • инсайт, -таныс жағдайда жаңа бір нәрсенің (бала интеллектісінің дамуы үшін базалық механизм);

  • шығармашылық - дайын үлгісісіз жаңа білім мен іскерлікті жасау.

Л.Фестингердің когнитивті диссонанс теориясына сәйкес тұтас әлемде және әрбір адамда бар білім жүйесі келісуге тырысады. Жүйеде жаңа білім пайда болған кезде дисбаланс пайда болады, оны жою қажет. Адам тепе-теңдікті орнатуға ұмтыла, жаңа фактілерді жіктеуге, бар фактілермен олардың өзара қатынасын анықтауға тырысады, келесі тәсілдердің бірін жасайды:


1) жаңа фактілерге қарсы болмайтындай, жүйенің бұрынғы элементтерін өзгерту, (бұрынғы көзқарастарды қайта қарау, жаңа мәліметтердің пайдасына әдеттегі түсініктерден бас тарту);

2) жаңа деңгейде тепе-теңдікке жету үшін қарсы болған жүйеге қосымша элементтерді қосу және іздеу (алынған мәліметтерді мұқият талдау, түсініктер мен жаңа ақпарат іздеу);

3) ақпараттың бұрынғы жүйесімен сәйкес келмейтін жаңа білімнің маңыздылығын төмендету (келіп түскен ақпаратты назарға лайықты емес сандырақ ретінде көз алдынан алып тастау).

Демек, дәрігермен ұсынылған медициналық ақпарат науқас үшін революциялық болмауы қажет, бірақ ол жартылай таныс, қызықты, өзіне маңызды болуы қажет – яғни, науқастың қажеттілік деңгейіне және оның сау мінез-құлықты қалыптастыру баспалдағында орналасуына сәйкес келетін. Сондықтан санитарлы жобаның алдын-ала дайындығына сұрастыру немесе анкеталау көмегімен науқастың (аудиторияның) білімінің, іскерлігінің, интеллуктуальды және физикалық қабілеттіліктерінің бастапқы деңгейін анықтау кіреді. Науқаста қызығушылық тудыруға қабілетті ақпараттың кейбір жалпы белгілері белгілі:

  • жаңалығы;

  • парадоксальдылық;

  • бұрын белгілі фактілермен үйлесушілігі;

  • білдіртпей айту, ым, алғы шарттардың болуы, олардан адам дербес қорытындыларды жеңіл жасай алады.

Дәрігер орташа статистикалық тыңдаушылар №2 шешімнің еңбегін өзіне алады деп ойлай алмайды, сондықтан жаңа санитарлы ақпараттың нақты құрылымы, дәлелді аргументациясы және логикалық аяқталған болуы керек. Санитарлы-ағарту жобалары вертикальды немесе горизонтальды принцип бойынша құрылады. Вертикальды құру кезінде жобаның негізі бір ауру (мысалы, тіс жегісі) болып табылады, ақпаратты бөлімінде оның көптеген қауіп-қатер факторлары (бактериальды жұғу жолдары, тіс қағының маңызы, тамақтану ережелерінің бұзылу нәтижелері және т.б.) талқыланады. Горизонтальды санитарлы жобалардың негіз ретінде көптеген патологиялық өзгерістермен (ауыз қуысы жұмсақ тіндері мен периодонттың патологиясы, тістердің дисколорозы, галитоз, соматикалық проблемалар) байланысты бір қауіп-қатер факторы (мысалы, темекі тарту) болады. Мінез-құлықты өзгерту бойынша кез келген санитарлы-ағарту ұсынысының түсінікті құрылымы болуы қажет (сур.2.4).

Санитарлы оқыту әр түрлі ұйымдастырушы тәсілдермен орындалуы мүмкін.

Тікелей (белсенді) деп дәрігер науқастарға өзі әсер ететін, белсенді қатысатын оқытуды атайды. Оқытудың бұл тәсілі дәрігер беделге лайық, науқастарда сенім тудырады және оған еліктеу тілегі жағдайында ғана тиімді болуы мүмкін. Қағаз немесе техникалық құрылғылар көмегімен жүзеге асатын жанама (белсенді емес) оқыту кезінде үрдісті объективизациялау мүмкіншілігі пайда болады, оның ақпараттық сыйымдылығы және тартымдылығы жоғарылайды, бірақ дәрігер (мұғалім) мұнда тек ұйымдастырушы ролін атқарады.




1. Проблеманың

бейнеленуі (демонстрация)

2. Проблеманың пайда болу себептерін және оны жоюдың принципті мүмкіншіліктерін бейнелеу


3. Алдын-алудың нақты әдістерін бейнелеу (демонстрация), тренинг











Сур. 2.4. Тіке санитарлы жобаның құрылымы.


Оқыту біржақты немесе екіжақты тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Баяндау материалдың тек мазмұндалуын немесе оның көрсетілуін жорамалдайды, яғни дәріскердің біржақты белсенділігі. Әңгімелесу диалогқа немесе полилогқа дәрігердің және науқастың, мұғалімнің және оқушының тартылуы кезінде өтеді, әрқайсысының жеке үлесі кезінде жалпы қорытындыларды өндіру. Осылайша әңгімелесу, сұрастыру, семинар, талқылау өтеді. Әңгімелесу әрбір жақтың психикалық белсенділігін жоғарылатады, бұл материалдың жақсы меңгеруіне септігін тигізеді, бірақ дәрігердің де, аудиторияның да жақсы ақпараттық дайындығын талап етеді. Әңгімелесу қатаң психологиялық бақылау жағдайында ғана табысты болуы мүмкін.

Оқытудың фронтальды ұйымдастырылуы кезінде дәрігер бір уақытта бір ақпаратты қабылдайтын үлкен аудиториямен жұмыс жасайды. Бұл түрі экономды, өйткені дәрігер уақытының аз шығынын талап етеді, сондықтан қысқа уақытта ақпараттың көп мөлшерін беру қажет болған жағдайда жетістікпен қолданылады. Дегенмен фронтальды оқытудың оқытушы тиімділігі тыңдаушылардың ақылы аз ғана қатысатындығымен шектеледі: олардың ойлауы мен есте сақтауы белсенді емес жағдайда қалады. Оқытудың жеке тәсілдері қымбатырақ түседі, бірақ келесі дәрігерлік бағалаумен әрбір науқастың тапсырмаларды тәуелсіз өзіндік орындауын жорамалдайтынымен пайдалы ерекшеленеді. Жұпта оқыту бірнеше тәсілдермен жүргізіледі: стоматологиялық кабинетте жұпта дәрігер мен науқас жұмыс жасайды, мектеп жобаларында өзара оқытатын жұптарды бір-бірімен жаңа мәліметтерді талдайтын, олардың серіктеспен меңгерілу дәрежесін бағалайтын балалар және т.б. түзеді. Ұжымдық жұмыс 3-5 адамнан топтарда ұйымдастырылады, олардың әрқайсысы дәрігердің (мұғалімнің) жалпы басқаруымен өз жоспары бойынша жұмыс жасайды, жұмыстың нәтижелері жалпы талқылауға шығарылады.

Оқытудың әр түрлі тәсілдерінің жинақталуы кезінде санитарлы оқытудың әр түрлі әдістері жасалады: дәріс, сұрастыру, әңгімелесу, семинар, талқылау және т.б. (сур. 2.5. қара).

Дәріс – фронтальды баяндау (сирек - әңгімелесу, егер аудитория дәріскерге сұрақтар қою құқығын қолданылса), онда материалдың дәрігермен жеке, тікелей вербальды берілуі техникалық заттарды қолданумен толықтырылады. Дәріс ақпараттың көп көлемінің қатаң, құрылымды, біртіндеп мазмұндалуымен, маңызды сұрақтың баяндалуының жүйелі сипатымен ерекшеленеді.

Сұрастыру – жанама немесе тікелей әңгімелесу әдісі, оның барысында науқастар (жиі – гигиена сабақтарында балалар) дәрігер қойған сұрақтарға жауап береді. Әдіс материалды меңгеру сапасын бағалауға мүмкіндік береді, бірақ күші жоқ.


Әңгімелесу – фронтальды, жұпты немесе ұжымдық тікелей әңгімелесу, оның барысында дәрігер шебер қойылған сұрақтары көмегімен оларға белгілі білімдердің актуализациясына (еске түсіруі), жаңа ақпаратты ұғынуға, меңгеруге және өзіндік қорытындыларға тыңдаушыларды оятады. Бұл әдіс кіріспелік, ұйымдастыратын сабақтар үшін, эвристикалық үлгіде жаңа білімдерді енгізу және хабарлау, «пайда болу» үшін, білімдерді игеруді бақылау және оларды дұрыстау үшін жақсы.

Семинар – проблеманы көпжақты түсіндіру мақсатымен фронтальды немесе топтық әңгімелесу. Топтың әрбір мүшесіне бүкіл топтың алдында проблема аспектілерінің бірі туралы хабарлаумен шығуды міндеттейді, бұл кезде дәрігер ұйымдастырушы ролін атқарады.

Дискуссия - әртүрлі көзқарастардың шынайылығын анықта проблемасы бойынша білімдерімен алмасу мақсатымен тікелей әңгімелесудің жұпты, ұжымдық немесе фронтальды әдісі. Дискуссия оқушылардың танымдық қажеттіліктерін ынталандырады, олардың шығармашылық бастауын дамытады, бұл білімнің терең меңгерілуіне көмектеседі. Дискуссия талқыланатын сұрақ бойынша әртүрлі көзқарастарды келтіретін қатысушылардың мұқият алдын-ала дайындығын талап етеді.

Демонстрация – белгілермен, үрдістермен, объектілермен табиғи түрінде көрнекі-сезімдік таныстыру. Үйретуді ұйымдастырудың кез келген тәсілдері мен түрлері мүмкін. Әдіс білімге, жаңа іскерлік пен дағдыға қажеттілікті белсендіру үшін, сонымен қатар негізгі сөздік материальды игерудің сапасын жоғарылату үшін өте жақсы, жиі ауыз қуысы гигиенасы сабақтарын өткізу кезінде қолданылады.

Иллюстрация – фотосуреттер, суреттер, сызбалар, мүсіндер, плакаттар, бюллетеньдер, комикстер көмегімен заттар мен белгілерді символды бейнелеуінде көрсету. Демонстрация әдісі сияқты принципті сипаттамалары бар, бірақ салыстырмалы төмен тиімділікке ие, ол иллюстрацияның мағыналық күшінің тепе-теңдігіне және олардың техникалық сапасына байланысты.

Мәтінмен жұмыс – дербес жанама, жиі жеке үйрету әдісі, оның талаптандыратын да, оқытатын да әсерлері бар. Бұл әдіс баспа басылымға да (кітап, брошюра, жаднама, мақала), науқасқа да (оқушыға) жоғары талаптар қояды, өзін-өзі оқытуға жоғары дәлелдеуі болы қажет.

Жаттығулар – берілген әрекеттерді игеру немесе орындау сапасын жоғарылату мақсатымен науқаспен жоспарлы ұйымдастырылған қайта орындауы. Көбінесе оқытудың бұл түрі оральды әдеттерді дұрыстау (миогимнастика) және тістерді бақыланатын тазартуды өткізу кезінде қолданылады.

Танымдық ойындар – нақты жағдайларды мүсіндейтін, арнайы жасалған жағдайлар, олардан оқушылар өздігінен жол табуы қажет. Ойынның негізгі міндеті – танымдық үрдістің ынталандыруы, жандануы, оқушылардың оқу тапсырмаларының мотивациялық ортаға жақындауы. Ойынға сценарий ретінде ойдан шығарылған жағдайлар немесе адамдардың белгілі аудиториялармен болған нақты оқиғалар қолданылуы мүмкін – мұндай ойындар сәйкес ынталандырғыш және сахналық деп аталады. Ойындарда милы штурм әдісі кеңінен қолданылады. Ерте, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар үшін үйретудің негізгі әдісі болып табылады (мысалы, «Қалтырауын және Тари құсы» ойыны балаларға лас тістер проблемасының шешемін табуға мүмкіндік береді).