Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16582

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Одан әрі адам төртінші деңгейге көтеріледі – қызығушылық сатысына. Енді адам жаңа ақпаратты қолдану және жаңа әрекеттерге кірісуді (анасы дәрігердің шырынға тыйым салғанын есте сақтаған, баласының алдында оның тістерінің бұзылғанына кінәсін сезінеді) қажет ететін жеке мақсаттарын анықтап таниды, бірақ әлі шешуші өзгерістерге дайын емес (анасы түннің барлық отбасы үшін ұйқысыз өтетінін біле тұра баласының шырынсыз қалуына тәуекел ете алмайды). Қазіргі заманғы психологтар әрекет етуді бастау шешімін қабылдау механизмдеріне, яғни сынақ әрекеттеріне оның дайындығына зор мән береді.

Сынақ әрекеттеріне тәуекел етуге адамға көмектесу үшін санитарлы-ағарту жобалары болуы қажет:

  • науқас үшін қандай да бір өзгерістің жеке қажеттілігін сендіре дәлелдеу («қоректендіру рациональды болу керек» дегеннің орнына «қызыңыздың тістеріне қараңыз – түні бойы оның эмалі ериді»);

  • әрекеттердің нақты бағдарламасы болуы («түнде оған шырын бермеңіз» дегеннің орнына «бөтелкеде тек су болуы қажет);

  • әрбір қадамды нақты сияқты көрсету («баладан бөтелкені алыңыз» дегеннің орнына «бүгін шырынды жартылай сумен дайындаңыз, ертен шырынды төрт есе араластырыңыз – осылайша апта ішінде таза суға дейін жетесіз»).

Егер сынақ әрекеті болмаса – адам алдыңғы сатыға, яғни жеке маңыздылық пен қызығушылықтың қол жеткізген биіктерін жоғалта отырып, мәліметтілік деңгейіне қайтып келеді.

Егер сынақ әрекеті болса, онда науқас бесінші – еліктіру сатысына көтеріледі. Бұл сатыда адам белсендірілген, ол өзгерістер қажеттілігін сезінеді және мақсатқа жолды анық көреді, сондықтан қолайлы жағдайлар және эмоциональды қолдау болған кезде алынған ақпаратты қолдана бастайды. Бұл қозғалтқыш фаза, мінез-құлықтың жаңа үлгісі тәжірибемен сыннан өтеді (анасы баланың әкесінің қолдауын алып, бөтелкеге шырынның әдеттегі мөлшерінің жартысын құяды, суды қайнатады, оны суытады және бөтелкеге қажетті көлемге дейін қосады, балаға әдеттегі мәнерде ұсынады).

Егер нәтижелер уәде мен күтуді алдамаса, жеңіл қол жетілсе және кері жағымсыз әсерлер болмаса (бала ауыстырғанын байқамайды және жеңіл ұйықтайды), адам алтыншы деңгейге көтеріледі – мінез-құлықта ұғынылған өзгерістер сатысы, жаңа әрекетті өз өмір тәртібіне қосады және оны жүйелі түрде қайталайды. Бұл сатыда дәрігерлік қолдау өте маңызды, өйткені өзіне көмек көрсетудің кез келген процедурасы элементарлы бола бермейді (бала су қосылған шырыннан бас тартады және жылайды), ал жаңа мінез-құлықтан пайда бірден көріне бермейді (эмаль «өспейді», оның нығаюы ата-ана үшін айқын емес).

Егер мінез-құлықтың жаңа үлгісі өмір салты жүйесінде бекітілсе, онда жаңа мінез-құлық соқыр сезімдік сфераға өту және мінез-құлықтың жетінші, жоғарғы сатысын алу үшін жетіледі (баланы жатқызудан бұрын анасы таңдауға ойланбастан алдын-ала дайындалған суды бөтелкеге құяды).


Науқастың мінез-құлқының модификациясы бойынша жұмыстың басында дәрігер науқас қазіргі кезде баспалдақтың қандай сатысында тұрғанын анықтайды, өйткені бұл жолда шыңға төмен түсуге, сатыдан жоғары секіріп өтуге болмайды. Бір сатыдан басқаға өтуді жылдар бөлінуі мүмкін, үрдіс адамның ішкі немесе сыртқы мотивациясындағы оқиғалармен жандандырылуы мүмкін. Ішкі мотивацияның өзгеруі сыртқы әсерлер көмегімен (әңгімелесу, соның ішінде санитарлы тәрбиелеу және оқыту), немесе өз құндылықтары мен мінез-құлқын өзгертуге жеке адамның өзіндік жұмысы жолымен (өз мотивациясы) болуы мүмкін. Санитарлы-ағарту жұмысының ұйымдастырушысына ең маңызды ересек адамдар мен балалардың әңгімелесу, тәрбиелеу және оқытудың принциптерін қарастырайық.


Санитарлы ағартуда әңгімелесу

Әңгімелесу – ақпарат алмасумен жүретін тірі ағзалардың өзара әрекет жасауының тәсілі. Санитарлы әңгімелесу (health communication) адамның ақпараттануы және дәлелденуінің техникасы және шеберлігі, денсаулық үшін маңызды сұрақтар туралы ұйымдар мен институттар ретінде анықтайды. Адамдардың әңгімелесуінің нәтижесі олардың бір-біріне өзара әсері болып табылады.

Әңгімелесудің құрамына және мақсатына сәйкес оның түрлерін ажыратады:

  • қызметтің заттары және өнімдерімен алмасу мақсаты бар материальды әңгімелесу;

  • білімді (оқытуды) беру үшін жүзеге асырылатын когнитивті әңгімелесу;

  • кондиционды әңгімелесу – психикалық немесе физикалық жағдаймен алмасу (сенімділік пен оптимизге достық қол алысумен қолдау және т.б.);

  • мотивациялық әңгімелесу – қажеттіліктермен, мақсаттармен, қызығушылықтармен алмасу, жеке адамның қасиеті мен сапасының өзгеруі (тәрбиелеу);

  • қызметтік әңгімелесу - әрекеттермен, операциялармен, іскерлікпен, дағдылармен алмасу (мысалы, гигиеналық манипуляцияларға оқыту үрдісінде);

Санитарлы-ағарту қызметі негізінен мотивациялық, когнитивті және қызметтік әңгімелесуден тұрады, орта ретінде және қолдау үшін материальды және кондиционды әңгімелесу қолданылады.

Әңгімелесу үшін әр түрлі құралдар мен тәсілдер қолданылады – берілетін ақпараттың кодталу, берілу, өңделу және мағынасын ашу тәсілдері. Санитарлы-ағарту жұмысында әңгімелесудің барлық мүмкін варианттары қолданылады, олар қолданылатын құралдары мен тәсілдеріне байланысты шартты түрде бөлінеді:

  • тірі ағзаға тән табиғи мүшелер (дене, сөйлеу) көмегімен жүзеге асырылатын тікелей әңгімелесу, - табиғи және мәдени текті заттар арқылы жанама әңгімелесу;

  • ауызша емес әңгімелесу, тікелей сенсорлы немесе дене қатынастары (тактильді, көру, есту, иіс сезу), мимика, ым, пантомимика қолданылады,-және сөйлеу арқылы ауызша әңгімелесу;

  • бір-бірінің әрекеттеріне әсер ететін және көретін адамдардың жеке қатынастарын көрсететін тікелей әңгімелесу, - аралық адам арқылы жүзеге асырылатын жанама әңгімелесу (мысалы, жаппай ақпарат құралдары арқылы).


Науқаспен әңгімелесудің негізгі алдын-алу мақсатына – оның өмір салтын жақсартуға - жетуді қалайтын дәрігер мен оның ассистенті өзінде коммуникативті дағдыларды жаттықтыруы қажет:

  • таныс емес адамдармен қатынасқа түсу шеберлігі;

  • дауды алдын-алу және пайда болған қызу жағдайды дер кезінде шешу;

  • серіктеске түсінікті және дұрыс қабылданатындай өзін ұстау;

  • серіктеске өз сезімдері мен қызығушылығын білдіруге мүмкіндік беру;

  • жеке дамуы үшін әңгімелесуден көп пайда ала білу (әңгімелесу дағдыларының дамуына кері байланыс әсер етеді - басқаның әрекетіне бір серіктестің реакциясы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін техника және тәсілдер, «өзіне жанынан қарау» және әңгімелесу техникасына дұрыстау енгізу).

Психологтар әңгімелесу техникасына маңызды орын береді. Әңгімелесудің мақсаттарына жету үшін қатынасқа икемдену, әңгімелесудің әрбір сатысын өткізу үшін тәсілдерді нақты таңдау өте маңызды.

Әңгімелесудің басында бет-әлпеті, дене тұрысы, бірінші сөздерді таңдау, интонация, ым маңызды роль атқарады, олар науқасты тартады және берілген ақпаратты қабылдауға икемдейді (серіктестер арасында жақын қашықтық, күлкісі, бетпе-бет орналасу және т.б.), немесе оны алшақтатады (үлкен дистанция, беттің теріс ниетті түрі, жанына қарау және т.б.).

Лекторға тыңдаушылардың, біздің жағдайымызда – дәрігерге науқастың сенім деңгейін жоғарылататын негізгі факторлар келтірілген:

  • дәрігердің жоғары беделі туралы ақпараттануы (таныстардың оң пікірлері, кәсіби қызметінің ұзақ табысты тәжірибесі, дәрігерлік мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және т.б.);

  • лектордың кәсіби қасиеттері (ғылымилық, ұсынылған ақпараттың дәлдігі және логикалылығы, лектордың бағытының анықтығы);

  • аудиториямен кездесуге және кездесудің мазмұнына лектордың қызығушылық, «жеке» қатынасы;

  • аудиторияға лектордың тілектес қатынасы (шын күлкісі, аудиторияның алдында толық бойда тұру);

  • лектордың өз ирониясы (стоматологиялық тақырып стоматологтар үшін маңызды болғанмен, ол санитарлы-ағарту тақырыптарының ресми тізімінде тек 26-шы орын алады, әрқашан объективті аудиторияның ең бірінші проблемасы болып табылмайды);

  • аудиторияның пікіріне құрмет, оның пікірін тыңдауға және талқылауға дайындығы.

Санитарлы-ағарту жұмысы үрдісінде дәрігер науқастан көп білетін және істей алатын адам ретінде шығады, бірақ бұл артықшылық тек қана стоматологияға қатысты екенін ұмытпау қажет, сондықтан дәрігердің тәрбиешілік сарынға құқығы жоқ. Тәрбиелік әсерге сенетін дәрігер науқастың адамгершілігіне кудік тудыруға, оны білімсіздігіне, ақылсыздығына, міндетті еместігіне, таза еместігіне, икемсіздігіне және т.б. кінәлауға құқығы жоқ, өйткені сондай түрдегі кез келген ым науқасты басқа қорғанышқа кетуге мәжбүр етеді және одан әрі қатынасты мүмкін емес қылады. Дәрігердің жауап сөздері терістеуден басталмауы қажет («Жоқ, әңгіме щетканың сапасында емес!»), бірақ науқастың кейбір дәлелдерімен келісумен («Иә, Сіз шынында да жақсы щетканы таңдадыңыз, бірақ...»). Ересек науқастар көбінесе жеке артықшылығын анық көрсететін дәрігерді нашар қабылдайды, сондықтан әңгімелесуді «Мен Сізге үйретемін, қалай қажет...» сияқты фразадан бастамаған жақсы, бірақ науқасты ұсынылған тезистерге жайлап әкелу («Көрейік, тістің бұл проблемалық беткейлеріне щетканың енуін қалай жақсартуға болады...»). Сауатты, адам құрметіне лайықты ретінде ересек науқастың имиджін бұзбау үшін дәрігердің кез келген пікірі білмеуге ұят, элементарлы түрде емес, науқас әрине білген, бірақ ұмытып қалған немесе өзіне маңызды деп ойламаған немесе арнайы түрде келтірілуі қажет.


Әңгімелесудің өнімділігі үшін оның соңын ұйымдастыру техникасын ойластыру маңызды, ол әңгімелесудің нәтижелілігін (алынған ақпараттың сақталуы және қолданылуы) және оның жалғасуының перспективаларын анықтайды. Әңгіменің соңында тезисте негізгі келіскендікті қайталау, келесі кездесудің нақты мерзімін және оның мазмұнын белгілеу («Көреміз, бәрі Сізде ойдағыдай шығады ма, жаңа ережелер бойынша щеткамен тазарту жағдайында қызылиек қандай болады, флоссинг туралы Сіздің түсінігіңізді анықтаймыз, сондықтан өзіңізбен бірге жіп ала келіңіз...») пайдалы.

Тәрбиелеу - әңгімелесу нұсқаларының бірі, оның үрдісінде сыртқы және ішкі факторлар әсерінен жеке адамның қасиеттері, соның ішінде – оның мотивациясы және әлеуметтік мінез-құлқы өзгереді.

Тәрбиелеу, соның ішінде санитарлы, нысана және құралдар ретінде жеке адамның әр түрлі құрамдарын қолданады. Жаңа ақпаратты (оқыту) енгізу жеке адамның когнитивті ортасына әсер етеді – білімі мен іскерлігі жүйесі, ол қазіргі заманғы адам қажеттіліктерінің иерархиясын анықтайды, сондықтан жеке адамды қатты өзгертуге қабілетті. Жеке адамның эмоциональды сферасына тәрбиелік әсер қоздырылған, аффективті жағдай басқа психологиялық әсерлердің қабылдануын жеңілдету (немесе қиындату) (сондықтан мысалы дәрігердің дәлелді сөзі бейтарап және «зеріктіретін» болмауы қажет, бірақ эмоциональды түрге ие болуы керек) үшін етіледі. Мінез-құлық әдістері тікелей қылықтарға тіреледі: науқасқа «жақсы» және «жаман» қылық жасауға мүмкіндік береді (немесе жасалғандарды талдайды), олардан пайда немесе зиянды сезінуге және ұғынуға мүмкіншілік береді, бұл қылықтарға сәйкес оң немесе теріс қосымша күштер ұйымдастырады (мысалы, науқасқа айнада немесе видеокамера көмегімен оның ауыз қуысының сау және зақымдалған тіндерін және жағдайдың көрінетін себептерін көрсетеді), осылайша жеке адамды өзгертеді.

Тұрғындарды стоматологиялық ауруларды алдын-алудың мүмкіншіліктерімен таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат заттары ең жақсы мамандарды тартады – ғылыми кеңінен таралған мақалалар, үнпарақтар, плакаттар, жаднамалар, жарнамалық роликтерге сценарийлер және т.б. Бұл тәрбиелік заттардың құндылықтарына олардың тәжірибелік шектелмеген аудиторияға ұзақ әсері, кемшілігіне – кері байланыстың болмауы.

Өзін-өзі дәлелдеу (өзін-өзі тәрбиелеу) сыртқы тәрбиелеуге альтернатива болып табылады, өйткені мінез-құлқы өзгеруге жататын адамның ынтасы бойынша жүреді және негізінен оның жеке күштерімен орындалады. Егер мінез-құлықты өзгертуге дәлелдеу қалыптасқан, бірақ өзгерістерді іске асыруға өте мықты әдет кедергі жасайды (мысалы, тіс жегісінен зардап шегетін қыз көмірсулардың зиянын түсінеді, бірақ арасында тамақтану мен тәттісіз өмір сүре алмайды). Психологтар көне әдеттерді өзіндік күшпен жеңудің екі нұсқасын ұсынады – позитивті ойлау және мінез-құлықтық өзін-өзі бақылау.


Позитивті ойлау келесі тезиске негізделеді: «Сен оны жасай аласың, егер жасай аламын деп ойласаң». Мақсатқа жету үшін – мінез-құлықты өзгерту - өз жетістікке сенімді қалыптастыру және оған жігерлі жету қажет. Бірақ мұндай тәсіл тек қатты адамдар үшін жақсы, ал зиянды әдеттермен зардап шегетін адамдар арасында ондай аз.

Мінез-құлықтық өзін-өзі бақылау – маңызды орын сыртқы ынталарға берілетін өзін-өзі тәрбиелеудің түрі, бірақ бұл кезде мінез-құлықтың өзгеруі және көмекшілерді тарту адамның өз тілегі, оның ішкі дәлелдеуінің ынтасы бойынша жүреді. Бұл бағдарламаның негізгі қозғаушысы күш жігер, адамның өз күштері мен нәтижелеріне қанағаттану сезіміне, аяқталу сезіміне, ішкі сезім тыныштығы жағдайына талабы.

Мінез-құлықтық өзін-өзі бақылаудың бірінші сатысы өзін-өзі зерттеуге негізделеді: адам бастапқы жағдайды бағалау үшін өзіне үңіліп қарау қажет. Шартты рефлекстердң тізбектерін анықтау және үзу үшін жағымсыз мінез-құлық қандай факторлармен байланысты (мысалы, тәттіні жеу әдеті телебағдарлама қарауға байланысты) екенін талдау пайдалы. Мінез-құлықтың сандық сипаттамаларын талдау (мысалы, тәттіні қабылдау уақыты, мөлшері және сапасына қатысты күнделікті жазбалар) адамға оның мінез-құлқы шын мәнінде қаншалықты нашар немесе жақсы екенін анықтап қарауға, бастапқы көзқарастарды анықтауға, өлшеулі мақсаттарды белгілеуге және сандық өрлеуге жоспарлауға (мысалы, тәттінің мөлшерін және қабылдау санын тілекті қысқарту кестесін құрастыру) көмектеседі. Мұндай талдау жиі адамды таң қалдыратын ақпарат береді, оның көзінің ашылуына, ұғынуына әкеледі, сондықтан кейде мінез-құлықтың өзгеруіне жеткілікті мықты ынта болып саналады.

Екінші сатыда айналадағыны жоспарлаумен айналысады. Байланыс теориясына сәйкес зиянды әдетті жіберетін шартты-рефлекторлы триггерлерден кету маңызды (тәттілерді жемеу үшін тәттілер бар ваза тұрған журналды столдың қасындағы креслаға теледидар алдында отырмау), өз салт жоралары арасында жаңа мінез-құлық үшін жаңа тіректерді таңдау (таңертеңгі аста шайға тәттіні «байлау», одан кейін тістерді тазарту қажет). Серіктестерді, яғни өзін тәрбиелеу жоспары туралы болатын (тамаша нұсқада – осы жоспар бойынша жұмыс жасайтын) және мінез-құлықта өзгерістерді бақылай алатын адамдарды табу маңызды.

Үшінші саты – ішкі және сыртқы мадақтау мен жаза көмегімен мінез-құлық бақылауының бағдарларлануы. Бағдарлама жетістіктің нақты перспективалары бар қолдан келетін тапсырмалардан (бірақ біртіндеп күрделенетін) және жоғары жеке маңызы бар ынталардан құралуы қажет. Өзін-өзі бақылаудың манипулятивті жағдайлары жақсы жұмыс жасайды («егер телехикая кезінде тәтті жесем, онда ұйықтар алдында детектив оқымаймын» немесе «егер кешкілік тәттіден бас тартсам, онда ертең өзіме қалың журнал сатып алуға рұқсат беремін»). Жоғарыдағы ішкі ынталардан ең жемістісі қанағаттану, сатының аяқталуы, өзіне мақтаныш сезімі болып табылады. Пайданы адам өз еркімен мақұлдау мен қолдауға үмітте өзін душар ететін ішкі бақылау әкеледі: серіктеске жеке өрлеу графигін көрсету, жаңа мінез-құлық арқасында болып жатқан оң өзгерістер туралы хабарлау. Адам дайындалған жағдайларда өзі жасаған мүсіннен жаңа шынайы бейнеге ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жүзеге асырады.