Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16547
Скачиваний: 27
Сондықтан тістердің тіс щеткасымен негізгі тазартылуын проксимальдыаралық беткейлер мен кеңістіктерді өңдеумен толықтыру қажет. Бұл кезде тіс жегісін алдын-алуға және периодонтты қорғауға қатысты бірқатар міндеттерді шешеді. Проксимальдыаралықты гигиенаның заттары мен әдістерін таңдауда, тістердің контактты беткейлері қаншалықты тығыз болуы әсер етеді. Тістердің контактты беткейлердің қаншалықты жымдасатынын, периодонттың қандай жағдайда (көршілес тістердің мойындары арасындағы кеңістік қызылиек емізікшесімен толтырылған ба, қызылиек түбір цементін және түбірдің фуркация зонасын толтырылды ма) екенін ескереді. Проксимальдыаралық гигиенаның заттары тіс жіптері (флоссалар, ленталар, ершиктер және бір шоғырлы щеткалар болып табылады.
Сур. 5.30.
Сахарозды күштен кейін тістердің
контактты беткейлерінде тіс жұғындылары
рН өзгерістерін салыстыру (Аксельссон
бойынша, 2002).
Флоссинг. Тістердің проксимальды беткейлерін тазарту үшін иілгіш жұқа заттар жіптер, ленталар, жолақтар қолданылады, олар қол күші немесе арнайы құрылғылар көмегімен бұл зонада тіс мойнына енеді, проксимальды беткей контурын қайталайды, ондағы жұмсақ тіс жұғындыларын бұзады және тісаралық кеңістіктерді өзіне алып шығады. Флоссингтің тиімділігі мен қауіпсіздігі материалдың сапасына, сонымен қатар процедураны өткізу әдісіне де байланысты.
1819 ж. Пармли жазған жұмыста балауыздалған жібек жіптері көмегімен тістердің бүйір беткейлерін тазартудың «қарапайым және маңызды» әдістемесін сипаттаған. Балауыз борпылдақ табиғи талшықтарды тығыз етіп, берік қылу үшін қолданылады. Балауыздалған және балауыздалмаған жібек тіс жіптерінің өнеркәсіптік өндірісі 1882 ж. басталды, бірақ 1950 ж. жіптер кең таралмады. Тістердің танымдылығы Басс флоссингінің жетістігін сипаттап жазған публикациядан кейін өсе бастады. Балауыздалған және балауыздалмаған жіптер арасындағы таңдауды талқылай отырып, Басс «балауыздалмаған жіптер жұқалау, сондықтан тығыз контакттар арқылы оңай өтеді, олар едәуір борпылдақ және сондықтан оларға тіс жұғындыларының бөлшектері жақсы жабысады, дегенмен бұл жіптердің беріктігі аздау, сондықтан жиі талшықтанып кетеді және жыртылады, науқастардың көңілдерінен қалып және флоссингтен бас тартуға әкеледі» деп атаған.
Флоссаны жасап шығару үшін нейлон, политетрафторэтилен, пебаксан және басқа да полимерлерді қолдану бұл проблеманы шешті. Енді флоссаны көлемнің, тығыздықтың және беріктіктің берілген сипаттамаларымен жасап шығарады. Массасы 2-3 D2 жұқа филаменттер 30-40 дана талшыққа біріктіріледі, желімделген 4-18 талшықтардан дөңгелек массасы 700 D жететін жіп қиығы түзеді. Бұл жіптер жоғары беріктікке ие, тор кеңістіктерге жақсы енеді, олар бұл жетістіктерін ұлғайтады, алайда тазалаушы қабілетін шамалы азайтады. Борпылдақ орташа бөлігі және балауыздалған ұштары бар қосарланған жіптер (суперфлосстар) белгілі, жіптің тісаралық кеңістікке енуін немесе ортодонтиялық құрылымдар элементерінің астына енуді жеңілдетеді.
Осы мақсатта салыстырмалы кең желімделген, жазық ленталар да қолданылады. Ленталар жарақаттамайды, сондықтан жас балалар тістерінің ата–анасының қолымен флоссинг үшін ұсынылады. Жіптер мен ленталар ароматизаторлармен, дәмдеуіштермен, фторидтермен сіңірілген және т.б. флосингтің гигиеналық тиімділігін арттыру үшін жіптерге (ленталарға) тіс сықпасын жағуды ұсынады. Алдын-алу әсерін жоғарылату үшін гигиеналық заттарға химиотерапиялық және минералдаушы әсері бар ерітінділер, гельдер, сықпалар жағады. Флоссингтің 2 қолдық әдіспен жүргізген дұрыс. 2 қолдық әдіс - 2 модификацияда жүргізіледі - катушкалы және сақиналы. Олардың арасындағы айырмашылығы жіпті ұстап тұру нұсқаларында. Катушкалы әдіспен флоссингте ұзындығы 30-40 см жіптің бөлігін қолданады, оның көп бөлігін бір қолдың ортаңғы саусағына орайды (ол таза жіп үшін «катушка болып табылады»), екінші шетін (2-3 айналым) басқа қолдың ортаңғы саусағына орайды (қолданған жіпке арналған «катушка»). Саусақтар-«катушкалар» арасында 4-5 см созылған жіптер қалдырады. Жіпті 2 қолдың сұқ саусағы және үлкен саусақпен арасында 1,5 см жіп қалдырып, бағыттап және ауыстырып отырады.
Сақиналық әдісте осы ұзыңдықтағы жіп бөлігін қолданады, бірақ оның шеттерін үш түйінмен сақинаға байланыстырады, үлкен саусақтармен басқа барлық саусақтарға үлкен сақинаны енгізеді. Екі қолының сұқ саусақ және үлкен саусағымен ұзындығы 1,5-2 см жіптің жұмысшы бөлігін бекітеді. Тазарту кезінде жіп сақинасы біртіндеп «оралады», сондықтан әрбір беткей жіптің келесі таза бөлігімен тазарады.
Флосингтің кез келген техникасында бірінші сатысында жіптің жұмысшы бөлігін бастапқы қалыпқа, яғни қызылиектік науаға енгізеді. Ол үшін жіпті тісаралық кеңістікке енгізеді, абайлап (!) оны тістің контактты пункттер арқылы итереді, одан кейін тығыз контактты пункттен өткеннен кейін (сытыр!) күш салуды азайтып, жіпті баяу тісаралық емізікше ұшының деңгейіне дейін жүргізіледі. Бұл жерде жіпті тістің сол беткейімен С-тәрізді бүгеді, оны тазалайды және жіпті тіс пен емізікше арасында кедергі сезілгенге дейін қызылиектік науа түбінің деңгейіне дейін байқап жүргізеді. Бұл сатыда тіс қызылиектік эпителиальды бекудің, яғни ағзаның ішкі ортасының инфицирленуімен, қызылиектің рецессиясымен зақымдану қауіпі бар. Қауіпсіздік мақсатта біріншіден, проксимальды аймақта микробты қақтың құрамын тісті щеткамен тазарту арқылы алдын-ала азайту керек, екіншіден бастапқы қалыпқа жіптің жылжу күшін мұқият бақылау керек.
Тістің контактты беткейлерін тазарту үшін С-тәрізді иілген жіпті тіске қысады және оны горизантальды жазықтықта оральды-вестибулярлы бағытта («анда-мында») ауыстырады, біртіндеп жұмсақ тіс жұғындыларын «арамен кеседі» және окклюзионды беткейге жақындайды. Беткейлердің флоссингін аяқтап, жіптің сол тісаралығына таза бөлігін алып келеді, бірақ көрші тістің проксималды беткейіне бағыттайды және сондықтан қызылиектік емізікшені басқа жағынан «айналып» өтеді.
Флосингті жеңілдету үшін әртүрлі құрылғылар бар. Жіптің ұстағыштары (флоссеттер) (сур. 5.31а) 1976 ж. Креш қолдың саусақтарымен жұмыс жасай алмайтын немесе жасағысы келмейтіндер, - мүгедектер,жоғары құсу рефлексі бар адамдар, балалардың ата–анасы, мүгедектерге қызмет ететін адамдар үшін ұсынады. Құрылымды айырмашылықтар кезінде флоссеттер – тістер ұштары арасындағы созылған жіп, екі тісі бар вилканы еске түсіреді (тісшелермен шектелген жұмысшы бөліктің 0,8–1,5 см ұзындығы бар). Бір рет пайдаланылатын ұстағыштарда жіп оралмайды. Көп рет пайдаланылатын ұстағыштарға катушкалар, жіпті керу үшін құрылғылар қосылады. Флоссингтің техникасы жоғарыда сипатталғанға сәйкес келуі қажет.
Жіптердің
жүргізушілігі - кейде ине қызметін
орындайтын құрылғылар жіпті енгізетін
құлағы (ілмектері) және жұқа қатты ұштары
бар (желімделген жіп немесе пластик)
қызылиектен бос тісаралық кеңістіктеріне,
тіс және оған бекітілген ортодонтиялық
құрылымдар арасындағы кеңістікке,
қызылиек және көпір тәрізді протез
денесі арасындағы кеңістікке және т.б.
(сур. 5.31б). Тазарту үрдісі флоссингтің
екі қолдық әдісінен ерекшеленбейді.
а
б
Сур. 5.31. Жіптің ұстағышы (а) және жүргізушілігі (б).
Флосинг үшін электрлік құрылғылар 1990 ж. соңында пайда болған: тар конус формасы бар жұмысшы элемент эллиптикалық траектория бойымен 6500 айналым/мин айналады. Әрбір тісаралық кеңістікті 2-3 с. бойы тазартады. Құрылғы қолдық флоссингіне қарағанда онша тиімді емес, бірақ қозғалыс координациясы жоғары емес науқастар қолдануға болады.
Тіс жегісін алдын-алуда флоссингтің тиімділігі - проксимальды беткейлерге тіс жегісінің 15 -20% редукциясына сәйкес келеді, екі қолдық нұсқа жақсы болып есептеледі. Фторланған тіс жіптің қолдану тіс жегісі редукциясын 40-60% ұлғайтады.
Үй жағдайындағы флоссинг сапасын әрбір алдын-ала қаралу кезінде жүргізуді, проксимальды беткейлер тазалығына, эмальдың клиникалық түріне және қызылиек тіндерінің сақталуына назар аударады.
Ауыз қуысына гигиеналық күтімнің жастық ерекшеліктері
6-дан 12 айға дейінгі балалардың ауыз қуысының гигиенасы
Баланың ауыз қуысын тазартуды бірінші тістер жарып шыққаннан бастау керек. Тістерді тазарту үшін қолданатын негізгі әдіс ысқылау болып табылады.
Осы процедураны жасап жатқан ересек адам шапшаң, тиімді және қауіпсіз жүргізу керек, ол үшін баланы тазартатын тістерді жақсы көрінетіндей етіп орналастыру қажет және баланың қозғалысын тоқтатуға мүмкіндік болу керек. Бұл процедураны бір немесе екі ересек адам күшімен жүргізуге болады. Бірінші жағдайда баланы тізеде орналастырып, қолдарын шыңтақты бүгеді бала емізу кезіндегідей етіп. ІІ жағдайда ересектер бір–біріне бетімен қарап отырады, баланы берілген тізеге салады, тістерді балаға қатты «12 сағат» тұрған адам тазалауды жүргізеді, ал екінші адам бұл кезде баланың қолдарымен аяқтарын ұстап тұрады, оны сипау қозғалыстармен ерекшеленетін сөздерін тыныштандырады. Күрек тістерді ылғал дәкемен сүртіп, қозғалыстарды қызылиектен күрек тістердің кесу шетімен бағытталады. ықылауды күніне 1-2 рет жасайды.
Баланың ауыз қуысы процедураларға бейімделуіне қарай щетканы қолдана бастайды: кішкене басы, жұмсақ қылдары, ересек адамның қолында ұстап тұруға ыңғайлы ұзын қолы бар щетканы қолданған жөн, бұл баланың ауыз қуысының ерекшеліктеріне сәйкес келеді, және ересек адам ұстап тұруына ыңғайлы - ұзын ұстағышы болу керек. щетканы ылғалдандырады, бірақ сықпаны қолданбайды: өйткені біріншіден, сықпа ауыз қуысындағы қозғалыстарының көзбен бақылау мүмкіндігін нашарлатады, екіншіден ол сықпаның ауыздағы көпіріктің біртіндеп өсетін көлемі баланы қорқытуы мүмкін, үшіншіден сықпаны бала жұтып қояды. Күрек тістерді қызылиектен кесетін қырға қарай қысқа вертикальды қозғалыстармен тазалайды.
1-ден 3 жасқа дейінгі балалардың ауыз қуысының гигиенасы
Бұл жаста ауыз қуысына күтім жасаудың негізгі әдісі – тісті щеткамен тазарту болып табылады. Процедураны ата–аналар орындап, баланы біртіндеп осыған үйретеді. Бала мен ересек адам қол жуғыштың жанында айна алдында бірге орналасады, ересек адам баланың арқа жағында тұрады. Баланың тісін тазарту үшін жұмсақ талшықты кішкене басы ұзын ұнтағышы бар щетканы қолданады. Стандартты әдіс элементтерін қолданады (вестибулярлы және оральды беткейлерде сыпыратын қозғалыстарға мән береді) кей жағдайларда, яғни ата–аналар тісті тазартуды жоғары температурада орындау керек болғанда қол щеткасына қарағанда электрлік ротациялы щеткалар көп пайда әкеледі. Гигиеналық сықпаны «баланың шынашақ тырнағындай» етіп ата-анасы жасайтын болса және бұл кезде толық көзбен бақылап отыру қажет болмағанда ғана қолданылады. Ерте бала кездегі тіс жегісінің жоғары қаупі болған жағдайда фторқұрамды балалар пастасын қолдануды ұсынуы мүмкін, бұл кезде олар жергілікті және жүйелі фторпрепарат ролін ойнайды. Асқазан жолдарының сау кілегей қабығын зақымдауы мүмкін ББЗ-тар құрамында болмайтын сықпалар жиі қолданылады. Баланы тісті тазарту кезінде жұтуды бақылап отыруға үйретіп, тісті тазалағаннан кейін түкіруге, ауызды шаюға үйрету керек.
Балалардың гигиеналық тәрбиесін үйрете отырып, өзіңіз олардың даму деңгейін және оларға тән импульстік, таңданғыштық, еліктеуге қабілетті екенін сезінуіңіз керек. Өзінің үлгісімен баланы қызықтырып, ата–аналар оған өз бетімен тіс щеткаларын тістерін тазалауды ұсынады. Ата-аналары баланың қолын өз қолына алып оған КАІ әдісінің элементтерін бағындыруға көмектеседі.
Үйрету ойын ретінде 3-5 мин созылатын болуы керек, өйткені бұл жаста балалар тез шаршайды.
1-ден 3 жасқа дейінгі балалар өзінің тістерін толық тазалауға қабілетті емес екенін есте ұстау керек. Сондықтан баланың ауыз қуысының күтімі ата–ананың міндетті болып табылады.
4-6 жастағы балалардың ауыз қуысы гигиенасы
Бұл жастағы балалардың ауыз қуысына күтім жасайтын негізгі заттар щетка мен тіс сықпасы болып табылады. Щетка жұмсақ қылды, кішкене басы бар шоғыр (тіс жұғындылары түзілуі жоғарылаған және де Пристли қағы кезінде орташа қаттылықты щеткалар қолданылады). Мануальды щеткамен қатар электрлік щеткалар қолданылуы мүмкін. Тіс сықпасын тіс жегісінің қауіптілік деңгейіне қарап таңдайды. Тіс сықпаларының ішінен гигиеналық балалар тіс сықпасы мен құрамында кальцийі бар алдын-алу тіс сықпасы жиі қолданылады. Тіс жегісінің жоғары қаупінде құрамында фторы бар балалар тіс сықпалары қолдану ұсынылады, бірақ ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескерту керек:
-
мұндай тіс сықпаны жұтуды бақылай алатын балалар тіс сықпаны үнемі қолдана алады;
-
щеткаға тіс сықпаның минимальды мөлшерін ғана жағады (ас бұршақтай немесе одан да аз);
-
тазарту үрдісін ата-ананың қатысуымен орындайды.
Бала КАІ әдістерінің реттелуін жалғастыра береді, ата–аналары тазартуды бақылап отырады (ата-аналары бояудың көмегімен тіс жұғындыларын өз беттерімен анықтауды үйрету қажет) көп жағдайда мектепке дейінгі жастағы балалар гигиеналық деңгейін жете алмайтындықтан, ересектер балалардың тіс тазарту үрдісін өз қолдарымен аяқтайды. 5-6 жастағы балаларда бірінші тұрақты молярлар жарып шығады, олар ерекше назар аударуды талап етеді: бір жағынан жарып шыққан тістерде қақтың түзілу жылдамдығы жоғары болса, екінші жағынан қызылиектің шайнау беткейінің бар болуымен және жақын орналасқан төменгі жақсүйек бұтағымен шектелгендіктен ұрт қозғалысының қарқындылығы да жоғары болумен түсіндіріледі. Сондықтан ата-аналарға балалар тістерін тазалауды, қиын өтетін аймақтарды флосса арқылы және мануальды және электрлік ротационды щеткаларды қолданудан бастау керек. Тісті тазалауды стандартты әдіс элементтері көмегімен аяқтайды.
Бұл жаста уақытша тістердің сәйкес алдын-алуы үшін (уақытша молярлардың проксимальды беткейлерінің жегісі) флоссингті жүргізу қажет. Бұл шара ересектердің қолымен орындалады, сондықтан флоссингті қолдану ыңғайлы. Жіптің алмасуын жақсы бақылап отыру үшін ересек адам балаға «12 сағаттағы» бағытпен өз тізесіне оның басын қойып орналастырады. Алдын-алу тиімділігін жоғарылату үшін жіптерге алдын-алу тіс сықпасын жағу керек.
Кіші мектеп жастағы балалардың ауыз қуысының гигиенасы (7-10 жас)
Кіші мектеп оқушыларының ауыз қуысының негізгі гигиенасы үшін орташа қаттылықты щеткалар құрамында фторы бар балалар және ересектер тіс сықпасы қолданылады (тіс сықпасын жұтуды бақылай алуына байланысты). Балалардың меңгерген КАІ әдістерінің элементтері біртіндеп Марталлер әдісінің тиімді элементтеріне ауысады. Бұл жастағы біршама балаларда әлі де қол саусақтарының жеткілікті дамыған моторикасы болмайды, немесе бұл процедураны өз бетімен орындай алатын жауапкершілік деңгейі болмайды: ата-аналары балаларының мотивациясы қолдап отыруы керек. Тістерді щеткамен тазарту үрдісін бақылап отырып және оны өз қолдарымен стандартты әдіс элементтерін қолданумен аяқтау керек.
Флоссинг балалардың ауыз қуысын гигиеналық күтімі үішн қажет элемент болып табылады. Кіші мектеп жасындағы балалар фронтальды бөліктегі флоссингті жасауға үйретілген, ал негізгі бөліктегі процедураны ата-аналары орындауы қажет.
10-14 жастағы жасөспірімдердің ауыз қуысының гигиенасы
Жасөспірімдердің ауыз қуысының гигиенасы үшін негізгі заттар орташа қаттылықты және алдын-алу, сонымен қатар ересектердің құрамында фторы бар тіс сықпалары болып табылады (жұтуды бақылай алатын сәйкес жағдайда). Тістердің контактты беткейлерін тазартатын міндетті шара - флоссинг болып табылады, жасөспірімдердің психикалық және физикалық даму дәрежесі оларға Марталлер әдісімен щеткалардың қылдары тістерді тазалауға және қолмен флоссингті сапалы орындауға мүмкіндік береді, бірақ күнделікті өмірде әрбір жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығын, олардың белсенді қолдау көмегін- сонымен қатар гигиеналық шаралар жүргізгенде де қажет етеді. Екінші үлкен азу тістердің ұзақ жарып шығуынан оларды тазарту қиындыққа соғады. Ортодонтиялық емдеу курсын алып жатқан жасөспірімдерге ерекше назар аударылуы керек. Өйткені ауызда алмалы, әсіресе алынбайтын аппараттардың болуы тістерге күтім жасауды қиындатады. Тістердің барлық беткейлеріндегі тіс жұғындыларын алып тастауға арналған оларды көп деңгейлі немесе аз шоғырлы қылдары бар, флоссалар мен ленталар қолдану туралы ата-аналар стоматологтан нақты нұсқауларды алу міндетті.