Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16541
Скачиваний: 27
Тістерді тазарту әдістері - тістердің барлық сауыттары мен беткейлерін біртіндеп мұқият тазартылуын қамтамасыз етеді. Әдістер қандай да бір беткейлерде щеткамен қатаң ескертілген қозғалыстың түрлердің түрлі қосындысын жорамалдайды, бұл беткейге енудің ерекшеліктеріне, оның рельефіне, басқа тіндермен көршілестеріне және т.б. байланысты. Бұл қозғалыстар күрделі, қозғалыстар координациясының сәйкес деңгейін талап етеді, сондықтан әдістер науқастардың нақты категориясына арналған.
Қол щеткасымен тістерді тазартудың негізгі әдістері
Ауыр стоматологиялық патологиялары жоқ ересектерге (стандартты әдіс), оқушыларға (Марталлер әдісі) және мектепке дейінгі жастағы балаларға (КАІ әдісі) ұсынылатын негізгі әдістер.
Тістерді тазартудың стандартты әдісі
Бұл әдіс қол щеткасы көмегімен тістерді тазартудың ең толық және тиімді тәсілі болып танылды. Тіс доғаларын шартты түрде салыстырмалы тіке сызықты бөліктерге – сегменттерге бөледі, онда щетканың жұмысшы алаңымен бірнеше жақын тұрған тістердің беткейлерінің жазықтықты қатынасы мүмкін.
Жоғарғы және төменгі жақта оңнан солға 6 сегменттен ажыратады (сур. 5.26):
-
оң молярлар (С1);
-
оң премолярлар (С2);
-
оң ит тістер мен күрек тістер (С3);
-
сол ит тістер мен күрек тістер (С4);
-
сол премолярлар (С5);
-
сол молярлар (С6).
Сур. 5.26. Тіс доғасының сегменттерге бөлінуі.
Стандартты әдісті орындау кезінде біртіндеп әрбір сегменттің тістерінің вестибулярлы беткейлерін, содан кейін оральды және шайнау беткейлерін тазартады. Қозғалыстың бірнеше түрлерін қолданылады: вестибулярлы және оральды беткейлерді вертикальды сыпырушы, горизонтальды және айналмалы қозғалыстармен, шайнау беткейін – щетканың горизонтальды және айналмалы қозғалыстарымен тазартады.
А. Вестибулярлы беткейлерді тазарту бірінші сегменттен басталады.
1. Вертикальды қозғалыстар. Щетканы 450 бұрышпен жоғарғы жақ тістерінің мойыналды аймағына қояды (сур. 5.27). Қызылиектен шайнау беткейіне сыпырушы қозғалыстар орындайды. Осындай 10 қозғалысты орындап, осылайша төменгі жақтың І сегментін тазартады.
2. Горизонтальды қозғалыстар. Щетканы жоғарғы жақ І сегменті тістерінің вестибулярлы беткейіне перпендикулярлы қояды және горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар жасайды. Осындай 10 қозғалысты орындап, осылайша төменгі жақтың С1 вестибулярлы беткейлерін тазартады.
Сур. 5.27. Тістердің вестибулярлы беткейлерінде щетканың вертикальды сыпырушы қозғалыстары.
3. Айналмалы қозғалыстар. Қылдары жоғарғы жақ С1 тістерінің вестибулярлы беткейіне перпендикулярлы тұрады. Щетка жоғарғы және төменгі жақ С1 вестибулярлы беткейлеріне шеңберлер жүргізеді. Қызылиек жиегін зақымдамау үшін қызылиектен шайнау беткейіне дейін қозғалыс кезінде күш түсіреді, ал қарсы доғада щетка тістер мен қызылиекке қысымсыз өтеді.
Екі жақтың С1 тістерінің вестибулярлы беткейлерінде вертикальды, горизонтальды және айналмалы қозғалыстар орындап, щетканы С2 жоғарғы тістерге ауыстырады және ретімен барлық жиынтықты қайталайды, одан әрі – С6-ға дейін қоса.
Б. Оральды
беткейлерді тазарту. Вестибулярлы
беткейлерді тазарту кезіндегідей С1-С6
таңдайлық және тілдік беткейлерде
вертикальды, горизонтальды және айналмалы
қозғалыстар орындайды. Тазартатын
беткейге щетка басының енуін қамтамасыз
ету үшін щетканың сабы жиі вертикальдыға
жақын қалыпты алады (қара сур. 5.28).
Сур. 5.28. Тістердің шайнау топтары мен төменгі күрек тістердің оральды беткейлерін тазарту.
В. Шайнау беткейлерін тазарту.
1. Горизонтальды қозғалыстар. Щетканы жоғарғы жақ С1 шайнау беткейіне қояды, алдыңғы артқы бағытта горизонтальды жазықтықта үдемелі қозғалыстар орындайды; 10 қозғалыстан кейін щетканы төменгі жақ С1 шайнау беткейіне ауыстырады.
2. Айналмалы қозғалыстарды сол бастапқы қалыптан жоғарғы С1 шайнау беткейлерінде, одан кейін – төменгі жақтың орындайды.
Горизонтальды және айналмалы қозғалыстарды кезекпен, С2-С6 тістердің шайнау беткейлерін тазартады.
Щеткамен тістерді тазарту әдістемесі бойынша оқушыларды нұсқау әдісі
Марталлер жасап шығарған әдіс мектепте оқушылардың психофизикалық мүмкіншіліктеріне бейімделген стандартты әдістің карапайым нұсқасы болып келеді. Балалар тазартудың бірінші сатысында щеткаға максимальды күш салатындығын ескере отырып, автор процедураны вестибулярлы беткейлерден емес (балалар күш салып периодонтты зақымдауы мүмкін) шайнау беткейлерінен бастау керек. Одан кейін вестибулярлы және оральды беткейлерді тазартады.
А. Шайнау беткейлерін тазарту. Ауызды аша отырып щетканы С1 жоғарғы тістердің шайнау беткейлеріне орналастырады, алдыңғы артқы бағытта 10 қысқа шапшаң горизонтальды үдемелі қозғалыстар жасайды және жоғарғы жақ доғасымен С2 ден С6 ға дейін щетканы ауыстырады. Содан кейін щетканы төменгі тістердің С6 шайнау беткейіне қояды және біртіндеп төменгі жақтың С1 – ге жеткізеді.
Б. Вестибулярлы беткейлерді тазарту тістерді жымдастырады, ұртты щетканың басы ауыз қуысының кіреберісінде еркін жылжи алуы үшін босаңсытады. Щетканы С1 тістердің вестибулярлы беткейлеріне перпендикуляр орналастырады және бір уақытта жоғарғы және төменгі жақ тістерін тазартатын вертикальды загзаг тәрізді қозғалыстар жасайды. (1 сегментте10–ға дейін) және жоғарғы және төмен қозғалғанда бірдей күш салады. Осылайша С6 –ға дейін қозғалады. Егер науқас ортодонтиялық емдеу болса және тістердің вестибулярлы беткейлерде эджвайс-құрылымның алынбайтын элементтері бекітілген болса, онда бұл сатыда бөлек қысқа қозғалыстармен қызылиек жиегі мен осы элемментер арасындағы кеңістікті тазартады.
В. Оральды беткейлерді тазарту. Ауызды кең ашады, щетканың басын жоғары тістерінің С1 таңдайлық беткейіне қояды, щетканың сабын бұл кезде вертикальды орналасады. Қысқа вертикальды қозғалыс (әрбір сегментте төмен және жоғарғы қозғалатын біркелкі күшті 10 қозғалысқа дейін) жоғарғы жақтың С1–ден С6–ға дейін тістердің таңдайлық беткейлерімен жүреді. Кейін щетканың басын төменгі тістердің С6 тілдік беткейіне қояды. (бұл кезде сабы жоғары қарайды) және осылайша төменгі тістердің С6–дан С1–ге дейін тілдік беткейімен өтеді.
Мектепке дейінгі балаларды КАІ ауыз қуысы гигенасына үйрету әдісі
Бұл әдіс психикалық
дамуы онша жоғары емес (балалар,
мүгедектер) адамдарға ауыз қуысы
гигенасын уйрету үшін ұсынылған. КАІ
деген аты – неміс тілінде тістер
беткейінің аттарынан аббревиатурасы:
К – Kauflächen (шайнау), A - Auβenflächen (сыртқы),
I – Ihnenflächen (ішкі) (сур. 5.29).
Сур. 5.29. КАІ әдісі.
А. Шайнау беткейлерді тазартуға жоғарғы жақта С1–ден С6-ға дейін қысқа үдемелі горизонтальды қозғалыстар және төменгі жақта С1–ден С6-ға дейін жасалады.
Б. Вестибулярлы беткейлерді тазарту жымдасқан тістер кезінде сегменттің жоғарғы және төменгі тістерінің бір уақытта алатын айналмалы қозғалыстардан жасалып, біртіндеп С1-н С6-ға дейін қозғалады.
В. Оральды беткейлерді тазарту жоғарғы жақта (С1-ден С6-ға дейін) және төменгі жақта (С6-дан С1–ге дейін) қызылиек жиегінен шайнау беткейіне (кесу жиегіне) сыпырушы вертикальді қозғалыстар жасалады.
Тістерді тіс щеткамен тазартудың қосымша әдістері
Аталған қосымша әдістер тісті щеткамен тазартудың негізгі әдісі сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін арналған: тіс қағын алып тастау және қызылиекте қан айналысын жарақаттамай стимуляция. Қосымша әдістер оптимальды болып табылмайды, өйткені тек қана кейбір гигиеналық аспектілерге тоқталады. Қосымша әдістер кейбір элементтері құрайтын бөлік ретінде негізгі әдістерге кіреді. Қосымша әдістерді білу дәрігер және гигиенисттерге тісті тазартудың негізгі әдістерін нақты науқастардың ерекшелігіне бейімдеуге көмектеседі, оған қажет және қауіпсіз манипуляцияларды таңдауға көмектеседі. Қосымша әдістер тіс щеткамен негізгі 4 түрлі қозғалыстарынан біреуден немесе бірнешеуінен тұрады:
1) горизонтальды үдемелі ( Макдональд әдісі);
2) вертикальды (Смит- Белл, Рейт, Леонард әдістері);
3) вибрациялаушы (Чартер, Стилман, Басс әдістері).
Барлық әдістер сегмент бойынша орындалады: С1–ден С6 –ға дейін немесе С6-дан С1-ге дейін.
Макдональд әдісі (үш доға әдісі)
Вестибулярлы, оральды және шайнау беткейлерді тазарту үшін тек горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар қолданылады. Щетка «аралаушы» қозғалыстар жасайды, біртіндеп келесі сегментке ауысады(щетканың бір жүру жолы – жарты тіс). Молярлардың дистальды беткейлерін, С3–С4 тістердің оральды беткейлерін щетка басының «мұрнымен» тазалайды.
Еш жерін қалдырмай, тіс қатарының толық тазартылуын қаматамасыз ету үшін науқастың назарын әрбір жақтың тістерінен түзілген көрінетін «үш доғаға» аударады: ұрттық (вестибулярлы беткейлер); ауыздық (оральды беткейлер); шайнау.
Горизонтальды қозғалыстармен әрбір жақтың барлық 3 доғасы бойымен жүріп өту керек.
Әдістің артықшылығы: табиғилығы, қозғалыстардың қарапайымдылығы, барлық сегменттерді барлық жағынан тазарту мотивациясы.
Әдістің кемшіліктері: мойыналды аймақтарды жеткіліксіз тазартылуы, тісаралық кеңістіктерге қылдардың ене алмауы, тістердің қатты тіндерінің мүмкін қажалуы.
Смит-Белл әдісі («физиологиялық»)
Щеткамен тістеу және шайнау кезінде тіс беткейімен өтетін тағамдардың жолын қайталайды. Щетканы шайнау беткейіне қылдары онымен тіке бұрыш түзейтіндей етіп қояды. Щеткамен басын жеңіл басып және айналдыра отырып, шайнау беткейімен жүргізеді, әрі қарай (вертикальды бағытта) – вестибулярлы беткеймен қызылиек жиегіне жүреді.
Әдістің артықшылығы: физиологиялығы.
Әдістің кемшілігі: техникалық күрделілігі, қызылиек жарақаттану қаупі.
Рейте әдісі
Вестибулярлы және оральды беткейлерді сыпырушы қозғалыстармен, ал шайнау беткейлерін – горизонтальды қозғалыстармен тазалайды. Вестибулярлы және оральды беткейлерде қылдар тағам өтетін жолмен кері бағытта өтеді: қызылиек жиегінен шайнау беткейіне. Алдымен қылдарды тістердің вертикаль осіне параллель орналастырады, бұл кезде қылдар ұштары қызылиекке жанасады және жолдың соңында қылдар тістің осімен тік бұрыш түзейді.
Әдістің артықшылығы: қызылиек жарақатының аз мүмкіндігі, қылдардың тісаралық кеңістіктерге енуі.
Әдістің кемшілігі: техникалық күрделілігі.
Леонард әдісі
Вестибулярлы және оральды беткейлерді вертикальды қозғалыстармен тазартады, ал шайнау беткейлері – горизонтальды қозғалыстармен тазартады. Рейтте әдісінен өзгешелігі вестибулярлы беткейлер тістер жымдасқан кезде тазартылады, ал қылдар әрқашан тістер беткейлеріне перпендикуляр.
Щетка қозғалысы:
а) төмен қарай: жоғарғы тістердің мойындарынан олардың шайнау беткейіне (күш салып), төменгі тістердің шайнау беткейлерінен олардың мойындарына (күш салусыз);
б) жоғары қарай: төменгі тістердің мойындарынан олардың шайнау беткейіне (күш салып), жоғарғы тістердің шайнау беткейлерінен – олардың мойындарына (күш салусыз).
Әдістің артықшылығы: қозғалыстардың үнемділігі, қызылиекті жарақаттау қауіпі аз.
Әдістің кемшілігі: жоғары техникалық күрделілік.
Фонес әдісі
Тек қана айналмалы қозғалыстармен орындалады. Вестибулярлы беткейлерді тазарту үшін тістерді жымдастырады. Щетканы С1-ге қояды, қылдар тазартылатын беткейге перпендикулярлы. Щеткамен басы екі жақтың тістерін бір уақытта ала отырып және оған жанасатын қызылиек жиегінде шеңберлер жасайды. Оральды беткейлерді тазарту үшін де осындай қозғалыстар орындалады (жоғарғы және төменгі жақтар әрқайсысы бөлек). Шайнау беткейлерін де осы айналмалы қозғалыстармен тазартады.
Әдістің артықшылығы: қозғалыстардың бір түрі әдісті меңгеруді жеңілдетеді, қызылиек массажы жасалады.
Әдістің кемшілігі: контактты беткейлердің жеткіліксіз тазалануы, ауру периодонттың механикалық жарақаты.
Басс, Стилман, Чартер әдістері
Әдістер қызылиек массажын және вестибулярлы және оральды беткейлерді вибрациялаушы қозғалыстармен, ал шайнау беткейлерін горизантальды қозғалыстармен тазартатындықтан біріктірілген.
Басс әдісі щетканың алаңы мойыналды аймағында және жабысып жатқан қызылиек жиегіне, ұштары қызылиекке қараған қылдар тіс беткейімен 450 бұрыш түзіп орналасқанын қарастырылады. Қылдардың ұштары тіс беткейі мен қызылиекте қозғалмайтындай бекітіледі, щетканың басымен алға-артқа шамалы қозғалыстар жасайды, вибрацияны қозғалыстар кейбір қысқа сыпырушы қозғалыстармен ауыстырылады. Кейін щетканы көрші сегментке ауыстырады. Әдіс қызылиектік жүлгені тазартуға мүмкіндік береді. Жалаңаштанған түбірді тазалау үшін жақсы болып келеді (тек қана жұмсақ щетка қолданылады).
Стилман әдісі Басс әдісінен щетка басының вибрациялаушы қозғалыстары қызылиекті ала отырып орындалатындығымен; айналмалы қозғалыстар қызылиек жиегі бойымен 20 қысқа сілкімелі қозғалыстармен ауыстырылады.
Чартер әдісі Басс әдісінен қылдардың ұштары қызылиекке емес, шайнау беткейіне тазартылатын беткеймен 450 бұрыш түзе отырып қарағандығымен ерекшеленеді. Щетка басының қозғалыстары айналмалы, жұмсақ, сілкімелі; бұл кезде қылдардың ұштары тісаралық кеңістіктерге ене алады. Вибрациялар циклі әрбір тісаралық кеңістікте 3-4 рет қайталанады. Бұл әдіс қабынған немесе операция жасалған периодонтқа (жұмсақ щеткамен) қолданылуы мүмкін, зақымдалған (редуцирленген) қызылиекте тісаралық кеңістіктерде проксимальдыаралық аймақтарды жақсы тазартады; алынбайтын ортодонтиялық аппаратты бар тістерде қолданылуы мүмкін.
«Вибрационды» әдістердің артықшылықтары: қызылиек жиегінде қан айналысын стимуляциялау, тістердің барлық беткейлерінің мойыналды аймақтарын тазарту, проксимальдыаралық аймақтарды тазарту, ортодонтиялық бастырмасы бар тістерді, сонымен қатар қабынған немесе операция жасалған периодонт кезінде тазарту мүмкіндігі.
Әдістердің кемшілігі: тіс сауытының басқа аймақтарының жеткіліксіз тазалануы, жоғарғы техникалық күрделілігі.
Мануальды–механикалық, иондық және электрлік щеткаларды қолдануымен тістерді тазарту
Мануальды–механикалық щеткалар сыртқы түрі бойынша мануальды щеткаларды қайталайды, бірақ басында бөлек қатарлармен байланысқан қозғалмалы бөліктері болады. Щеткалар тек горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстарға есептелген: бұл кезде орталық қатардың шоғырлары айналады немесе шоғырлардың бүйір қатарлары жанына шегінеді («щетка - көбелек»), бұл тазалау кезінде қылдардың ауысу санын автоматты түрде жоғарылатады. Щеткадағы механикалық құрылғылар тіс тазарту үрдісіне қызығушылықты арттырады, бірақ оның тиімділігі аз.
Иондық щеткалар – ХІХ ғ. соңында патенттелген, бірақ нарықта 1990 жылы қайта пайда болды. Иондық щетка стандартты сыртқы конфигурациясы бар, бірақ қосымша қондырылған металлдық элементтері сабына салынған электронды батарейкадан келетін 0,15 мА тек күші өткізгіштікпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер адам щетканы ылғалды қолымен ұстаса, электрлік тізбек тұйықталады: тек щетканың басынан ауыз қуысы тіндеріне (сонымен қатар тістер беткейлеріне) келіп, денеге өтеді және қол арқылы щеткаға қайта орналасады.