Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16542

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Фторланған тұз сумен салыстарғанда 350 млн адам фторланған тұзды қолданады.

Фторланған тұздың артықшылығы жедел улану қаупі төмен суға қарағанда фторланған тұздың концентрациясын дәл мөлшерлеу қиынға түседі, 1 мгF орташа статистикалық [F]=90 мг/кг [F]=1000 мг/кг ДДҰ әр елдегі жергілікті ерекшеліктеріне байланысты фторланған тұздың [F]=200 мг/кг, 1,0 мгF – 5 г тұздан тәуліктік қажеттілігіне тең, бұл гипертонияны алдын-алуға септігін тигізеді. Медицина тұрғысынан фторлы тұз, фторлы сумен бірдей 40–60 қарқындылығы төмен. Фторланған тұзды қолданудың тиімдігілі техникалық қаржы мәселелерінде қиындық тудырмайды тіс жегісін емдеу және алдын-алуға жұмсалған шығын нәтижесінде 1: 80.

Негізгі қағида ретінде аймақта халық фторлы су қолданылатын болса фторланған тұзды немесе фторлы сүтті қолдану міндетті емес, фтор тапшылығы бар адамдарға қатаң түрде рецепт бойынша дәріханадан алуға болады.

Аймақтарға фтордың тапшылығын және ағзада көп болуын уақытында диагностикалау үшін жиі мониторинг жасау қажет.


Алмасу үрдісіне әсер ететін препараттар

Витаминдер препараттары. А, С, D, B1 және B2 эмаль матрицасын және минерализацияға әсері жақсы. Осы витамин натрий фторидінің біріктірілген (Витафтор) препараты. ІІІ–ІV денсаулық топтарындағы балаларға емдеуші дәрігердің тағайындауымен жүзеге асады. Макро- және микроэлементтерді жүйелі түрде тағайындайды.

Адаптогендер – ағзаға сыртқы ортаның туғызатын және қолайсыз және тұрақсыздығы көмектеседі. Олар табиғи болғандықтан құрамы көп компанентті сондықтан олар ағзаға толық әсер етпейді бұғы пантынан элеутерококқа зат алмасуға әсер етеді.

Тіс жегісін алдын-алуда элеутерококтың спиртті экстрактісі жақсы көмектеседі.

ІІІ – ІV денсаулық топтарындағы балалар мен жүкті әйелдерге 2- 3 апталық курспен тағайындалады.

Иммунотропты препараттардың рецепті:

Rp.: Extr. Eleutherococci fluidi — 50 ml

Ds. 10 тамшыдан 3 рет тамақтан кейін 2-3 апта

#

Rp.: Tab. Kalii orotatis - 0,5 №50.

Ds. ½ таблетка тамаққа дейін 2 рет 20 күн.

(10-20 дене салмағына)

#

Rp.: lab. Methyluracili 0,5№50.

Ds.: ½ таблеткадан тамаққа дейін немесе кейін 2 рет 20 күн (реттік дозасы: 1 жасқа дейін - 0,05; 1-3 жасқа дейін — 0,08; 3—8 жасқа дейін — 0,1—0,2; 8—12 жасқа дейін — 0,3—0,5; 12 жастан жоғары — 0,5—0,7).

#

Rp.: Natrii nucleinatis 0,05,

Sacchari 0,2

M. f. pulv.

D.t.d№40.

S. По 1 ұнтаққа 2—3 рет 20 күн (реттік дозасы: 1 жасқа дейін - 0,005-0,01; 2- ден 5 жасқа дейін - 0,015-0,05; 6- дан 12 жасқа дейін - 0,05-0,1).

Иммуностимуляторлар – тәннің қоректенуін жақсартуға шоғырлатады, бұл тістердің тіс жегісіне резистенттілігіне қолайлы әсер етеді. Калий оротаты метилурацил немесе натрий нуклинатын 20 күн 2-3 рет 1 жыл бойына 3-4 денсаулық тобына тағайындайды.

Иммунокорректорлар (анкир, риомунил, милдронат) жарты жылға күреспен иммунологтар ортодонтиялық емдеуге тағайындайды.

Анаболитикалық стероидтар минералды пәндерге ақуыз синтезін және кальций шөгуін жақсартады бұл препаратты қабылдағанда сілті қышқыл балансын бұзады. Стоматолог неробола 1 ай жылына 3-4 рет қабылдауға кеңес береді. Бұл препараттар ағзаға кең спектрде әсер етеді, бірақ мұна педиатордың рұқсатымен тағайындайды.


Жүйелі препараттар жиынтығы ІІІ – ІV денсаулық топтарындағыларға топтың немесе жекелей тіс жегісін алдын алу үшін натрий фториді + кальций глицерофосфат + адаптоген және иммуностимуляторлар жатады.


Сілекей тістердің қатты тіндерінің тіс жегісі резистенттілігін және жегіленген үрдістің белсенділігін анықтайтын жергілікті фактор ретінде


Сілекейдің құрамы, құрылымы мен қасиеттері

Тістің жағдайы көбінесе оны қоршаған ортасы - ауыз қуысы сұйықтығының жағдайымен сипатталады. Эмальдың екіншілік табиғи қалыптасуы, кариесорезистенттіліктің жоғарылау үрдістері ауыз қуысы сұйықтығының қасиеттерімен байланысты. Сонымен қатар, ауыз қуысы сұйықтығы басқа да кариесогенді факторлардың компоненттеріне белсенді әсер етеді (сур. 5.35). Сілекей - адамның өмір сүруі барысында ағзаның тіс жегісіне тұрақтылығынығ маңызды элементі.

Ауыз қуысы сұйықтығы немесе сілекей аралас сілекейден және органикалық қосылыстардан (микробты және эпителиальды клеткалардан, тағам қалдықтарынан және т.б) құралады. Аралас сілекей - қосылыстарсыз толық сілекей, немесе барлық сілекей көздерінен жиналған таза сілекейлер қосылысы, оны центрифугалау арқылы алып тастауға болады. Таза сілекей - ауыз қуысына үлкен үш жұп және ұсақ сілекей бездерінен бөлінетін және өңделетін сұйықтық.

Сур. 5.35. Тіс жегісі концепциясының модификациясы (Поллард, 1995).


Күн сайын адамның ауыз қуысына 300-1500мл дейін сілекей бөлінеді. Сілекейдің тәулік бойы өндірілуі барлық уақытта бірдей емес: 14 сағат ішінде тамақтанбай тұрғанда негізгі деп аталатын, стимулданбаған 300 мл сілекей бөлінеді (бөліну жылдамдығы – 0,25-0,50 мл/мин), тамақтың фонында 2 сағат ішінде 200 мл сілекей бөлінеді (жылдамдығы 2,0 мл/мин), ал қалған уақытта – түнгі ұйқының 8 сағатында – сілекей бөлініс тоқталады деуге болады (0,1 мл/мин). Ауыз қуысында әр сәтте шамамен 0,5 мл сілекей болады. Сілекейдің жіңішке пленкасы (0,1 мл/мин) алдыдан артқа жүру бағытында ауыз қуысы тіндерін шайып қозғалады және рефлекс арқылы жұтылады, 4-5 мин ішінде толығымен жаңарады.

Сілекей 99,5% судан тұрсада, оны сумен салыстыруға болмайды. Сілекейдің қайталанбас құрамы мен қасиеті, оның құрамындағы 0,5 %құрайтын минералды және органикалық компоненттерге байланысты (табл. 5.19). Сілекей көптеген қызмет атқарады, соның бір бөлігі жалпы гемеостазға (метоболизм және тамыр тонусына, қалыптасу реакциясына және т.б. үрдістердің реттелуіне қатысады), ал қалған бөлгін – ауыз қуысының гомеостазына жатқызуға болады.

Таблица 5.19

Ауыз қуысы сілекейінің құрамы мен қызметі


Қызметі

Механизмі

Қызметті атқаратын заттар

Қорғаныштық

Тістер мен ауыз қуысынның кілегей қабатын шылау

Су;

Муцин;

Басқада глюкопротеидтер;

Электролиттер.

Микробқа қарсы иммунды қорғаныс

Лизоцим;

Лактопероксидаза;

S-IgA, гликопротеиндер.

Араласу, жуылу, шығарылу

Су.

Буферлік қызметі

Бикарбонаттар;

Фосфат-иондар.

Трофикалық

Тіс эмалінің минерализациясы мен реминерализациясы

Кальций;

Фосфат;

Аниондық ақуыз.

Тамақтық

Тамақты механикалық өңдеу

Су;

Муцин.

Дәмді сезуді бағалау

Су;

Густин.

Қорыту

50 фермент (соның ішінде гидролаза, липаза, оксиредуктаза, трансфераза, амилаза)

Сөйлеу

Шылау

Су;

Муцин.


Таблица 5.20

Тыныштық кезінде және стимуляцияланған сілекейдің негізгі мінездемесі


Сілекейдің параметрі

Тыныштық кезіндегі сілекей

Стимулирленген сілекей

Жылдамдығы, мл/мин

0,25 – 0,31

1 – 3

рН

6,5 – 6,9

7,0 – 7,5

Сілекейдің буферлік сиымдылығы

4,25 – 4,75

5,75 – 6,5


Әртүрлі бездердің құрамы, сәйкестігі, бөліністің сапасы бір–бірінен ажыратылады. Құлақ маңы сілкей безінің ең көп көлемін фосфат құрайды, корбанат буфер орта деңгейі, без секретінің белокты көп бөлігін амилаза және каталаза құрайды. Құлақ маңы безі сілекейінде тыныштық күйде 20-25% құрайды, ал стимуляциялық сілекейде 50% құрайды. Жақасты және тіласты бездері сілекейінде орташа дәрежеде фосфат, продуцирлі амилаза бөледі. Жақасты безі 60-65% көлемде тыныштық күйде сілекей бөледі, тіласты 2-4% сілекей бөледі, кіші бездер 10% тыныштық күйде сілекей бөледі. Бұның құрамындағы сілекей аз фосфат болады, толықтай бездер бөлінбейді.

Негізгі және стимуляцияланған сілекей бөлінудің көлемімен сапасында айырмашылық болады. Сілекей бездері үшін физиологиялық ынталандыру ретінде ауыз қуысының механикалық рецепторлары мен шайнау бұлшықетінің проприорецепторлары, дәм сезу рецепторлары шайнау кезінде пайда болады. Стимуляцияланған сілекей бөлінудің жылдамдығы негізгі сілекей бөлуден 5-7 рет жоғары, әсіресе құлақ маңы безінің үлесі зор (табл. 5.20).

Тайсен ұсынған гипотезаға сәйкес сілекей бөлу екі фазадан тұрады. Мұны симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі реттейді. Соған орай біріншілік және екіншілік сілекей бөлінеді.

Біріншілік сілекей. Симпатикалық жүйе жасушада аққуызды қосылысты түзілуін реттейді. Симпатикалық ұштары β-адренигергиялық рецепторлармен қосылып, норадреналин бөледі. Ол өз кезеңінде цАМФ өндірілуін қадағалайды. Сілекейдің белок өндіру сатысына цАМФ әсер етеді. цАМФ транскрипциясы, посттрансляционды модификация, көпіршік түзілуімен оның түтікше экзоцитозға дейін реттейді.

Парасимпатикалық жүйе электролиттердің және сұйықтықтың бөлінуін реттейді. Нерв талшықтарынан бөлінген ацетилхолин аценарлы клетканың беткейінде мускаринды м3-рецепторларымен байланысады. Нәтижесінде клеткада инозитол трифосфат ІnsP3 құрамы жоғарлайды. Бұл байланыс клеткада Са++ деңгейін жоғарылатады, бұл Сl- каналынан триггерлі белсендіруге әкеледі. Бұл канал ашылған кезде клеткаға Na+/K+/2Cl- транспортты жүйесімен жеткізілген хлор ионы клеткадан бездің жолымен шығады; электр бейтараптылықты сақтау үшін хлоридтің ізінен клеткадан натрий ионы да шығады. Осмотикалық нәтижелі градиент қан капиллярларынан бездің жолына сұйықтық әкеледі.

Екіншілік сілекей жолының «бүлінген» зонасына белсенді тасымалдау көмегі арқылы біріншілік сілекейде натрий және хлор ионы реарбцорбцияланады. Жолдың бүлінген аймақтарының қуысы болмауына байланысты, сілекейдің натрий және хлор иондарын алып тастау судың кері сіңуіне әсер етпейді. Бұл уақытта қанға сілекейден (бикорбанаттар – барлық ағзаның қышқылды–сілтілі балансын сақтайтын негізгі байланыс) келеді. Нәтижесінде гипотоникалық, жоғары емес буферлі құрылыста тыныштық сілекей түзіледі.


Стимуляцияланған сілекей. Біріншілік сілекейден хлор ионын натрий және карбонатты шығаратын белсенді транспорт сілекейдің бөлінуінің төмендеген кезінде әсерлі деп саналады. Жоғары жылдамдықта өзектен сілекейдің өтуі кезінде осы иондардың көптеген бөлігі қалады, сондықтан стимуляцияланған сілекей тыныштық кезіндегі сілекейге қарағанда. аздаған гипотоникалық және буферлі болып қалады.

Сілекейдің биохимиялық қызметтерін орындау мүмкіншіліктері оның өзіндік биофизикалық құрамымен анықталады: құрамы және жабысқақтығы. Сілекей ұйымдасқан сұйықтық, оның негізгі құрылымдық бірлігі мицелла болып табылады. Мицелланың ядросы кальций фосфаты оны фосфат иондары қоршайды, келесі «орбитаны» кальций ионы құрайды, ол өзінің айналасына су молекулаларын ұстап тұрады.

Мицеллярлы структура белсенді минеральды иондардың бір-бірінен шектеуге және олардың химиялық белсенділігіне мүмкіндік береді. рН-тың төмендеуі кезінде мицеллалардың тұрақтылығы тіс жегісі тұрақтылығының маңызды атрибуты. Мицеллярлы сілекейдің тағы бір әсері гель тәрізді консистенциясы, айқын жабысқақтық.

Сілекейдің жабысқақтығы сілекей безінің ацинарлы меткаларымен бөлінентін гликопротеидтердің ұзын полимері болатын муциннің құрамына байланысты. Жабысқақтығы ең жоғары – тіл асты (13,4 пуаз), безінің сілекейі орташа – жақасты және (3,5 пуаз) кіші бездерінің сілекейі, ең ағымы жоғары құлақ маңы безінің сілекейі (1,5 пуаз). Сілекейдің жабысқақтығын оның беткей құрамын анықтайды және оның ауыз қуысы мен тістің қорғаныш қабық түзеді.

Сілекейдің құрамы мен жоғарғы жабысқақтығын тағы бір құрамы анықтайды: әртүрлі бездердің секреттері араласпайды, сондықтан әрбір тістің минерализациясы оның қай бездің аймағында орналасқанына байланысты. Мысалы: ерте балалық тіс жегісі жоғары уақытша тістердің зақымдалуымен көрінеді. Ол бұл тістер жоғарғы еріннің кіші бездері, яғни төмен минерализацияланған сілекеймен қорғалады.


Эмальдың постэруктивті жетілуіндегі сілекейдің ролі, жегіленген үрдістің белсенділігіне әсері

Қан денені қалай қоректендіреді, сол сияқты сілекейде тісті қоректендіреді. Эмаль өзіндік иондары бар ерітіндіде орналасқан кристаллдар сияқты. Кристаллдардың тағдыры – олардың еруі, тұрақтылығы, қайта қалыптасуы – сілекейдің кальций, фосфат және гидроксильді топтық иондармен қаныққан дәрежесімен анықталады. Ол өз кезегінде сілекейдегі иондардың концентрациясына және оның қышқылдығына тәуелді.

Иондардың концентрациясы нейрогуморальды механизмдермен қатаң бақыланатын гормоностатикалық фактор болып табылады. Сілекейдегі минералдың құрамы жасқа байланысты балаларда оның концентрациясы төмен. Қалыптыда сілекейдегі кальцийдің орташа құрамы ересектерде – 1,7 ммоль/л бір қан плазмасында 2,5 ммоль/л, сілекейдегі фосфаттың құрамы 5,5 ммоль/л, қан плазмасында 1 ммоль/л. Кальций мен фосфордың әртүрлі концентрациясына байланысты қан гидроксиапатитпен 2–3 есе, ал сілекей 4-5 есе қаныққан, соның салдарынан сілекей өте жоғары минерализациялық қасиетке ие.


Қаныққан ерітінділер ионы эмаль апатиттерінің гидратты қабығына жеңіл еніп және депо құрайды, кейіннен тереңірек, кристаллдардың құрылымдарына енеді. Осылайша сілекейдің қаныққан түрі эмальдың минерализациясын және реминерализациясын, ол қанықпаған сілекей қатты тіндердің деминирализациясын қамтамасыз етеді.

Кейбір микроэлементтердің-акселераттардың, соның ішінде ең маңыздысы фторидтердің болуы минерализация және реминерализация үрдістерін нәтижелі етеді: жылдамдығы жоғарылайды, эмальдың апатиттерінде сапалы өзгерістер байқалады (магний, хлор иондары және гидроксилдер фторидтермен алмасады) және шынайы түріне қарағанда аз еритін кристаллдардың аз түзілуіне алып келеді.

Эмальдың минерализациясы дәрежесіне қарай тістің постэруптивті жолында кальцийдің деңгейі жоғары болады: Са:Р қатынаста 6 жаста 1,5, ол 10 жаста – 1,71 эмальдың минерализациясы оның сілекеймен қатысу кезінен тез жүретінін айту керек: төмпешіктердің эмалі жарып шыққаннан кейін бір жыл мерзімінде жетіледі, жиі тіс жұғындыларымен жабылған тістің мойны және экватор аймағындағы эмаль – 6 жыл мерзімінде жетіледі, терең жіңішке фиссуралардың эмалі - 8 және оданда көп жылда жетіліп болады.

Эмальдың минерализациясына байланысты сілекейдің гликопротеидтерінің (ақуыз, пролинге бай) маңыздылығын айтып кету керек, тістің эмалімен туыстығы бар сондықтан тіс эмалі бетінде пелликула түзетін – мембрананың жартылай өтімділігі, тіс эмаліне дұрыс бағытталатын иондардың ауысуын бақылады.

Сілекейдің қышқылдылығы бұл Н+ ионының концентрациясы коллоидты жүйенің жағдайын көптеген параметрлер анықтайды. Бұл параметрлерге осмос, дисперттілігі, бөлінетін мембрана потенциалының шекара белгісі, тұздардың шөгуі немесе оның жағдайының өлшенуі жатады. Мысалы, егер сілекейде Н+ ионы жоғарласа, фосфат ионы бұған жауап ретінде НРО42- қосылысына айналып, бұл уақытта РО43- ионның концентрациясы төмендеп, қаныққан фосфат иондары қанықпаған жағдайға айналады. Сондықтан эмальда минерализация және реминерализация үрдісі жүру үшін сілекей рН нейтральды немесе сілтілі болу қажет. Себебі, қышқылды сілекейде ( рН ≤ 5,5 ) деминерализация үрдісі болады. Көптеген сүтқоректілерде сілекейдің рН 8,5 – 9,0 аралықта ауытқиды, адамда 6,2–7,4, балаларда бірнеше сілтілі (+0,1 рН ), қарт адамдарда қышқылды (-0,1 рН).

Сілекейдің қышқылдылығын қажетті деңгейде ұстап тұру үшін бірнеше буферлі жүйе жұмыс атқарады. Бикорбанаттар, фосфат иондары, глютамат, аммоний тағаммен химиялық реакцияға түсіп сілтілі қосылыс түзіп, қышқылды ортаны бейтарап ортаға айналдырады. Сілекейдің буферлі жүйесі ауыздың сұйықтық ағысында ғана емес, сонымен бірге тіс жұғындысынң қышқылды ортасын бейтараптайды.

Сілекейдің тағамдық қызметі бұл прокариозды байланыс болып табылады. Кариесогенді жағдайды құру үшін α-амилаза ферментінің маңызы зор. Бұл фермент крахмал полисахаридінің байланысын үзіп, мальтозаны босатып, ауыздағы ұзақ болған көмірсуларды глюкоза молекуласының мономер байланысын үзіп, кариесогенді микрофлора сіңіп алатындай өнім жасайды. Соңғы кездері сілекейдің тағамдық қызметі тіс жегісі протективті құралады. Сілекей кариесогенді толық өнімдерін шығарып, өндіру арқылы эмальдың реминерализациясына жағдай жасайды. Сілекей клиренсі жағдайы болған сайын, ауыз қуысында сілекей мөлшері жоғарлай бастайды. Тұтқырлығы төмен болған сайын, сілекей бөлінуі жоғарлай бастайды.