Файл: Дебат бадарламасы арылы оушыларды тарих сабатарында бсекелестікке трбиелеу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 172
Скачиваний: 3
Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы игерген білімін іс - әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны дамыта оқытатын болсақ ізденушілік – зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жағдайды шешуге қабілетсіз екендігін сезінуі керек. Осыдан кейінбарып оқушының білім алуға ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдына мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әркім оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр оқушыға жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан –жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқөа да көптеген адам қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі
Оқытудың жаңа моделі - пікірталас әдісі. Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп бірлесіп білім алуда жауапты іс - әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Пікір талас не үшін керек?
1. Шешендік дағдысын жетілдіру.
2. Талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау.
3. Талқыланып жатқан мәселені түсіну.
4. Ойландыру, ой- түрткі салу.
5. Фактілерді зерттеу, болжау, баға беру.
6. Жүйелеп сөйлеу.
7. Өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу.
9. Өз бағытын дұрыс ұғыну.
10. Мәселенің өзектілігіне мән беру.
11. Пікір таласта екі жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып,
ұштастырып отыру.
Пікір – сайыс технологиясын тарих сабағында қолданудың талаптары:
пікір – сайыс сабағының айқын мақсаты болуы керек,пікір – сайыс сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек,оқушылар пікір – сайыс алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс,пікір – сайыс тақырыбы да талапқа сай, талас туғызатындай болуы керек,оқушылар пікір - таласта толық қатысуы тиіс,пікір – талас өз мәнінде өту үшін уақыт керек.
Дебат бағдарламасын тереңде оқытудың маңызы мына төмендегідей: қарама -қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету; әлеуметтік тілдің дағдыларына қалыпастыру; дебаттың құндылығы арқылы қоғамда ой – сана алуандығын туғызу; еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу; тыңдаушының сөйлеушіден 2 есе мәдениеттілігін насихаттау; пікірсайыс түрлері, оның мәні; дебат әдісі арқылы шешендікке алып келу;белсенді сөйлеуді ойлай сөйлеумен ұштастыру;оқушы дербестігін дамыту;оқушы өзін -өзі қадағалап, тексертуге баулу;таным қабілетін дамыту;өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру;ақыл ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;ғылым дағдыларын жүйелеу.
Дебат технологиясының тәрбие ісіне әсері:
-дайындық кезінде оқушыларға адамгершілік, этика нормалары түсіндіріліп, өзге пікірді сыйлау, сабыр сақтап сөйлеу, қарсыласын сыйлау сияқты қасиеттер бойларына сіңірілу қажет.
-дебат ұрыс-керіске, ерегіске, түсінбеушілікке ұласпауы қажет.
-дебат қарама-қайшы көзқарастардың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелерге бағынып өткізіледі.
-талдау жұмыстарына оқушыларды да қатыстырып, олардың сыни-талдау ойларын қалыптастыру арқылы дебаттың дамытушылық мақсатына қол жеткізу.
-өзінің және жолдастарының өызметін жүйелі түрде талдауға қатысқан оқушының бойында турашылдық, батылдық, сын тұрғысында және логикалық ойлау, адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
Көріп отырғанымыздай дебат сабақтары мен сайыстары арқылы оқушыларымыздың азаматтық қасиеттері мен ұстанымдары қалыптасады. Оқушы субьект ретінде оқыту – танымдық ізденіс қызметіне өзі белсенді қосылады. Мұғалім мен оқушының интерактивті әдіс барысында бірлескен қызметі жүзеге асырылады. Жаңа білімді табу, өңдеу барысында мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында диалогтық қатынас дамиды.
Сондықтан, дебат технологиясы білім беру жүйесінің басты міндетін – жан-жақты дамыған, өз еркімен, өз бетінше өмірге бейімделе алатын білімді, білікті, жоғары, мәдениетті, еркін, интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қоса алатын технология.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Назарбаев.Н.Ә, «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін » Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. -
Польдяева О.В. Возможности технологии “Дебаты”. // Школьные технологии. № 1, 2007 -
Сейдахметова А. оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2010. №8,9.