Файл: Жолклік оиаларына жедел ден ою жне онда зардап шеккен адамдара уатылы кешенді кмек крсету аидалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға
уақтылы кешенді көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидалары тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі –ЖКО) және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыпқа түсірілген ақпарат беруді қамтамасыз ететін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды құтқару, жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар;
3) авариялық-құтқару қызметі – бірыңғай жүйеге функционалдық біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған, азаматтық қорғаудың ұйымдық-біріктірілген басқару органдарының, авариялық-құтқару құралымдары мен құралдарының жиынтығы;
4) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;
5) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі (бұдан әрі – БКДҚ) – төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;
6) жедел медициналық көмек бөлімшесі - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда оның негізгі қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылатын аудандық (қалалық) ауруханалардың (емханалардың) бөлімшесі;
7) жедел медициналық көмек станциясы (бөлімшесі) - оқиға болған жерде, сонымен қатар барар жолда оның негізгі қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылатын жедел медициналық көмек (бұдан әрі –ЖМК) ұйымы;
8) ЖКО – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
9) зардап шеккен – жол-көлік оқиғалары салдарынан несесе сонының зардабынан зиян (нұқсан) келтірілген жеке тұлға;
10) құтқарушы – авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған (қайта аттестатталған) жеке тұлға;
11) "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ҰШМҮО) – халыққа санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық ұйымдардың қызметіне басшылық етуді және оларды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
12) санитариялық автокөлік – зардап шеккендерді, сондай-ақ алып жүретін медицина персоналын тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;
13) санитариялық авиакөлік - науқастар мен зардап шеккендерді, сондай-ақ алып жүретін медицина персоналын тасымалдауға арналған жабдықталған мамандандырылған әуе көлік құралы (ұшақ, тікұшақ);
14) санитариялық авиация – пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны;
15) ЖКО медициналық-санитариялық және өзге де салдарын жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар (бұдан әрі – кезек күттірмейтін жұмыстар) – авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
16) трассалық медициналық-құтқару пункті (бұдан әрі – ТМҚП) – тәулік бойы шұғыл медициналық, оның ішінде ТМҚП шұғыл ден қою бригадаларының ЖКО және ТЖ орнына шығуы, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялауы арқылы көмек көрсетуге арналған үлгі кешендік құрылыс;
17) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
18) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы– жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, ЖКО және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы;
19) шұғыл шақыру жүйесінің операторы – шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым;
20) уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі – ТЖ аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауға, қалпына келтіруге және оңалтуға арналған кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметі;
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 № 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2-тарау. ЖКО жағдайына жедел ден қою тәртібі
4. ЖКО зардап шеккендерге уақтылы кешенді көмек көрсету ЖКО жағдайы туралы ақпарат түскен сәттен басталады. Шұғыл қимылдайтын қызметтер ЖКО зардап шеккендерден, ЖКО көргендерден, сондай-ақ авариялар және аппаттар кезіндегі шұғыл шақырту операторынан ЖКО жағдайы туралы ақпаратты уақтылы және жедел қабылдауды жүзеге асырады.
5. 101, 102, 103 қызметтеріне және авариялар және апаттар кезіндегі шұғыл шақырту жүйесіне сигнал түскен кезде осы қызметтердің (бөлімдердің) жедел кезекшілері БДКҚ-ға ақпарат береді. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес БДКҚ ақпаратты ЖКО болған жауапкершілік аймағындағы ТМҚП кезекші диспетчеріне, ҚМП ұйымының жақын жерде орналасқан бөлімшелеріне немесе ҰШМҮО диспетчерлік қызметіне, "Қазақавтожол" ЖШС құлақтандыру схемасы бойынша (бұдан әрі – Схема), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес диспетчердің іс-қимылдары алгоритміне сәйкес айқындалады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019
№ 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
6. ЖКО туралы, оның ішінде авариялар және апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйелерін пайдалану арқылы ақпаратты бірінші алған шұғыл ден қою қызметі оны алған сәттен бастап дереу БКДҚ хабар беруді жүзеге асырады.
7. ЖКО, зардап шеккен адамдар мен өзге де салдары туралы ақпарат өзгерген не толықтырылған кезде қосымша мәліметтерді бірінші алған шұғыл ден қою қызметі оны алған сәттен бастап дереу БКДҚ хабар беруді жүзеге асырады.
8. ЖКО туралы барлық ақпараттың өтуі, оның ішінде авариялар және апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйелері мен БКДҚ пайдалана отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда шұғыл ден қою қызметтерінің журналдарында көрсетіледі.
9. Белгілі бір шұғыл ден қою қызметі жасалған ЖКО бейінді ден қою қажеттілігі туралы ақпарат алған жағдайда қандай да бір жедел іс-шараны жүргізу мүмкін болмаса не осы жедел іс-шараларды жүргізу қажеттілігі болмаса, онда қабылданған шешім туралы барлық мүдделі қызметтерге дереу хабарланады.
10. Ақпараттың өтуін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін ден қою қызметттері орындарда бірлескен құлақтандыру схемаларын әзірлейді, оларда диспетчерлік қызметтердің, диспетчерлік қызметтердің жауапты адамдарының, ЖКО-ға ден қою қызметтерінің мобильді бригадаларының жауапты адамдарының телефоны көрсетіледі.
3-тарау. ЖКО-да зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді
көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
11. ЖКО-да зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек ұйымдастырудың негізгі іс-шаралары:
1) көлік құралдары мен басқа да объектілерден зардап шеккендерді жедел шығаруды қамтамсыз ету;
2) ЖКО салдарынан зардап шеккендерге шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсету;
3) ТЖ салдарларын жою болып табылады.
12. Орындалатын іс-қимылдардың бірінші кезектілігін бейінді қызметтер азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және мейлінше материалдық нұқсанды болдырмау қағидатына сүйене отырып, белгіленген құзырет шегінде дербес анықтайды. ЖКО орнына бірінші болып келген шұғыл ден қою қызметтерінің өкілдері қалыптасқан жағдайды алдын ала бағалайды және бастапқы мәліметтерді ЖКО туралы ақпараттың өтуіне жауапты адамдарға береді. ЖКО орнына келуі шұғыл ден қою қызметтерінің кезекші қызметіне (бөліміне) ЖКО орнында басқа да бөлімшелердің болғанын көрсете отырып, келу уақыты туралы ақпаратты беру арқылы тіркеледі.
13. Көлік құралынан және басқа да объектілерден зардап шеккендерді жедел шығаруды қамтамсыз етуді "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 12-тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері жүргізеді.
14. ЖКО-да зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге:
1) ЖКО орында және медициналық ұйымға барар жолда бір сағат ішінде дәрігерге дейінгі көмек;
2) ЖКО орында және медициналық ұйымға барар жолда және медициналық ұйымда білікті медициналық көмек;
3) ЖКО-да зардап шеккендерге бейінді медициналық ұйымдарда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек кіреді.
Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес, ЖКО салдарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуді алгоритмге сәйкес ЖМК және ТМҚП бригадалары жүргізіледі.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, зардап шеккендердің көп саны болған ЖКО кезінде ЖКО салдарынан зардап шеккендерге алгоритмге сәйкес зардап шеккендерді эвакуациялау көліктік сұрыптау принциптерін қолданумен ЖМК және ТМҚП бригадалары жүргізеді.
15. ЖКО салдарын жою Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығымен бекітілген Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі, (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11561 болып тіркелген) (бұдан әрі –Нұсқаулық);
16. ЖКО сипатына, зардап шеккендердің санына, салдарының ауырлығына және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен ұштасатын өзге де жағдайларға қарай ЖКО болған орынға бірінші болып келген қызметтің өкілі қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы ЖКО туралы ақпараттың өтуіне жауапты адамға хабарланады, ол қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім алған сәттен бастап 5 минуттен кешіктірмей барлық мүдделі қызметтерге хабар беруді жүзеге асырады.
17. ЖКО орнынан ден қою күштерін алып тастау немесе басқа бағытқа жіберу туралы шешімді басқа шұғыл ден қою кезекші қызметтерімен келісе отырып, әрбір шұғыл ден қою қызметі қабылдайды.