Файл: Жолклік оиаларына жедел ден ою жне онда зардап шеккен адамдара уатылы кешенді кмек крсету аидалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
18. ЖКО шұғыл ден қою қызметтерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру аға лауазымды адамдардың деңгейінде жүзеге асырылады. ЖКО орнында қандай да бір бейінді қызмет болмаған жағдайда шұғыл ден қою қызметтерінің кезекші қызметтерімен (бөлімдері) өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады. Егер ЖКО орнында қандай да бір бейінді қызмет болмауы, қайталама зақымдаушы фактордың туындауы жағдайдың ушығуына әкеп соғуы мүмкін болса, онда кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізу туралы шешімді ЖКО орнына келген қызметтер, келмеген ведомствоның кезекші қызметімен (бөлімімен) бірлесіп қабылдайды.
19. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ІІО бөліністері арқылы ЖКО орнында қауіпсіздікті, ЖКО орнын айналып өтуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда, олар келген сәтке дейін осы функцияны денсаулық сақтау, азаматтық қорғау, көлік және коммуникация саласындағы уәкілеттіт органдардың авариялық-құтқару, медициналық-құтқару және жол-пайдалану қызметтері Нұсқаулыққа сәйкес орындайды.
20. Зардап шеккендерді мамандандырылмаған жөл-жөнекей көлікпен эвакуациялаудың орындылығы туралы шешімді тек ЖКО орнында болған медициналық-құтқару және медициналық қызметтер қабылдайды.
21. ЖКО орнында біруақытта медициналық және медициналық-құтқару көмегі қызметтері болған жағдайда ЖКО орнында медициналық көмек көрсету, ЖКО-да зардап шеккендерді ауруханаға жатқызу, ЖКО орнына аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының қосымша күштері мен құралдарын тарту бойынша жалпы басшылықты ТМҚП бригадасының аға лауазымды адамы жүргізеді.
22. ЖКО орнында біруақытта авариялық-құтқару және медициналық-құтқару көмегі қызметтері болған жағдайда ЖКО орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жалпы басшылықты авариялық-құтқару бригадасының аға лауазымды адамы жүргізеді.
23. ҚМП, ТМҚП, ҰШМҮО бөлімшелері мен медициналық ұйымдар арасында қызметтің сабақтастығы тікелей және кері байланыс қағидатын көздейді және:
1) барлық деңгейдегі ЖКО кезінде шұғыл көрсеткіштер бойынша жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;
2) зардап шеккендерге жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету үшін эвакуациялау арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 № 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
4-тарау. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының мейлінше қауіпті учаскелерінде ЖКО кезінде
зардап шеккен адамдарға көмек көрсету тәртібі
24. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының анағұрлым авариялық қауіпті учаскелерінде ЖКО кезінде зардап шеккен адамдарға медициналық көмекті жауапты аймағының шегінде ТМҚП көрсетеді. ТМҚП жауапты аймағы орналасқан орнынан трассаның радиусы 50 шақырым учаскесі болып табылады.
25. ТМҚП бригадасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгі штаттық кестесіне сәйкес мамандармен жасақталады.
26. ТМҚП бригадасының негізгі міндеті ЖКО кезінде зардап шеккендерді соңынан жақын орналасқан медициналық ұйымдарға эвакуациялаумен шұғыл медициналық-құтқару көмек көрсету болып табылады.
ТМҚП шұғыл ден қою бригадасының жұмыс тәртібіне сәйкес ТМҚП ЖКО салдарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
27. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның тиісті қызметтері мен бөлімшелері халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының учаскелерінде орналасқан ТМҚП-ға кіреберіс жолдарды функционалдық жай-күйде ұстауды қамтамасыз етеді.
28. ТМҚП жауапты ауданынан тыс аймақта, облыстық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының учаскелерінде ЖКО-да зардап шеккендерге медициналық көмекті ҚМП аумақтық ұйымдарының (станциялар, кіші станциялар, бөлімшелер) ҚМП бригадалары, ҰШМҮО мобильді бригадалары көрсетеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 № 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
29. Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының анағұрлым авариялық қауіпті учаскелерінде ЖКО-да зардап шеккендерге білікті медициналық көмек ауданаралық травматологиялық бөлімшелерде, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан интенсивті терапия палатасымен хирургиялық бөлімшелері бар жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы хирургиялық бөлімшелерінде көрсетіледі.
| Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл ден қою қызметтерінің құлақтандыру схемасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 № 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
| Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Жол-көлік оқиғалары туралы ақпаратты қабылдаған кезде трассалық
медициналық-құтқару пунктінің және (немесе) жедел
медициналық көмек диспетчерінің іс-қимыл алгоритмі
1. Авариялар мен апаттар кезінде 112, 101, 102, 103 қызметтеріне және шұғыл шақыру жүйесіне сигнал келіп түскен кезде осы қызметтердің (бөлімдердің) жедел кезекшілері жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) кезінде шұғыл ден қою қызметтерін хабардар ету схемасы бойынша ақпаратты жауапкершілігі аймағында ЖКО болған трассалық медициналық-құтқару пунктінің (бұдан әрі – ТМҚП) кезекші диспетчеріне, жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) ұйымының жақын маңдағы бөлімшесіне немесе "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне береді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 № 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2. ТМҚП және (немесе) ЖМК фельдшер-диспетчеріне орын алған ЖКО туралы сигнал келіп түскен кезде, ол мынадай:
1) жақын маңдағы елді мекеннен (атауы) қашықтығын немесе оның бағдарын көрсете отырып, ЖКО-ның нақты орын алған жері;
2) ЖКО сипаты (соқтығыс, жану, аударылу, кюветке шығып кету, жаяу жүргіншіні қағып кету және т.б.);
3) ЖКО-ның нақты немесе шамамен алынған уақыты;
4) зардап шеккендер (қаза болғандар) саны;
5) зақымданудың басым сипаты: жарақат, күю және т.б.;
6) зардап шеккендердің арасында балалардың болуы;
7) ақпарат көзі (Т.А.Ә., байланыс телефоны) туралы ақпарат алуды жүзеге асыруы;
8) қажет болған жағдайда ТМҚП және (немесе) ЖМК бригадасы келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ұсынымдар беруі қажет.
3. ТМҚП және (немесе) ЖМК шұғыл ден қою бригадасы өздігінше немесе жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуші уәкілетті органның патрульдік полициясы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен ЖКО орнына дереу шығады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 № 597, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 458 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2019 № ҚР ДСМ-101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
4. ТМҚП және (немесе) ЖМК фельдшер-диспетчері кері байланыс әдісімен ақпараттың анықтығын тексереді.
5. Жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) орнына бірінші келген және өмір үшін өспелі қауіппен қатар болатын ағзаның негізгі функцияларының бұзылумен ауыр жарақат алған зардап шеккеннің біреуден көп санын тапқан трассалық медициналық-құтқару пунктінің (бұдан әрі – ТМҚП) және (немесе) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) бригадасы бұл туралы кезекші фельдшер-диспетчеріне хабар береді, олар өз кезегінде:
ТМҚП кезекші фельдшер-диспетчері қосымша күштер мен құралдардың қажеттілігі туралы "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің аумақтық филиалы басшысына және аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ТЖД) бірыңғай кезекшік-диспетчерлік қызмет басқармасының (бұдан әрі – БКДҚБ) жедел кезекшісіне жедел ақпарат береді.
ЖМК кезекші фельдшер-диспетчері қосымша күштер мен құралдардың қажеттілігі туралы өз басшысына және ТЖД БКДҚБ жедел кезекшісіне жедел ақпарат береді, бұдан әрі өз басшысының өкімі бойынша қызметкерлерді құлақтандыру схемасын қосады.
6. Бұдан әрі ТМҚП және (немесе) ЖМК кезекші фельдшер-диспетчері ЖКО (ТЖ) орнындағы бригадалардың жедел ақпаратын қабылдауды және жоғары тұрған басшылыққа беруді қамтамасыз етеді (ақпараттың келіп түсуіне қарай, бірақ кемінде әрбір 15 минут сайын).
Трассалық медициналық-құтқару пункттері және (немесе) жедел
медициналық көмек бригадаларының жол-көлік оқиғалары
орнындағы іс-қимыл алгоритмі
1. Жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) орнына бірінші келген трассалық медициналық-құтқару пунктінің (бұдан әрі – ТМҚП) және (немесе) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) бригадасы емдеу-эвакуациялық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады және:
1) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын;
2) медициналық-құтқару іс-шараларын (зақымдау факторын тоқтату, өртті сөндіру және зардап шеккендерді автомобильден алып шығу, сондай-ақ зардап шеккендердің медициналық сұрыпталуын ұйымдастыру, шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады);
3) жағдайдың одан әрі өзгеруін қоса алғанда, оны бағалауды, ТМҚП фельдшер-диспетчерін хабардар етуді;
4) 10 минуттан аспайтын уақыт кететін госпитальға дейінгі кешенді, атап айтқанда: мынадай:
зардап шеккеннің жай-күйін және оның алған зақымдарын жылдам, бірақ мүмкіндігінше нақты бағалау;
ауа қуысы жолдарының өткізгіштігі мен тыныс алуды қалпына келтіру;
сыртқы қан кетуді тоқтату;
ауырсынуды басу;
сүйек сынуларын иммобилизациялау;
жүйелерді орнату және ерітінділердің белсенді инфузияларын бастау нақты талаптарды қамтитын госпитальға дейінгі кешеннің минимумын іске асыруды;
5) қажет болған жағдайда өзіне санитариялық авиация және (немесе) ЖМК бригадалары түрінде қосымша күштер мен құралдарды шақыруды (ТМҚП фельдшер-диспетчері арқылы ақпаратты беру жолымен) жүзеге асырады.
2. Қосымша күштер келгенге дейін ТМҚП және (немесе) ЖМК бригадасы реанимобильде немесе ТМҚП-да бар құралдармен зардап шеккендердің өмірлік маңызды функцияларын ұстауды қамтамасыз етеді. Медициналық көмек көрсетудегі сабақтастық сақтала отырып, автомашинадағы зардап шеккен (науқас) келген жедел медициналық көмек бригадасына немесе санитариялық авиацияның мобильдік бригадасына беріледі.
3. ТМҚП және (немесе) ЖМК бригадасы телефон және (немесе) радиобайланыс немесе ТМҚП және (немесе) ЖМК фельдшер-диспетчері арқылы медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесінің кезекші дәрігерін зардап шеккендерді тасымалдау туралы қабылдауға дайындау үшін ескертеді.
4. ТМҚП және (немесе) ЖМК бригадасы:
1) зардап шеккендерді жақын маңдағы медициналық ұйымға жылдам эвакуациялауды қамтамасыз етеді, эвакуацияланатын әрбір адамға ТЖ-да зардап шеккеннің (науқастың) алғашқы медициналық картасы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907