Файл: ысым а тобыны есептері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысым
А тобының есептері


  1. Стақанға биіктігі 10см сынап құйылды. Стақан түбіне түсетін қысымды есепте.

  2. Массасы 60000кг танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.

  3. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 200 см3. Оның топыраққа түсіретін қысымы қандай?

  4. Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?

  5. Биіктігі 0,6м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)

  6. Әр түрлі пішінді төрт ыдыста су құйылған,судың деңгейлері бірдей(сурет). Төрт ыдыстың ішінде түбіне түсіретін қысымы аз...




  1. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

  2. 400см² ауданға түсірілген күш 200Н-мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

  3. 200 см² ауданға түсірілген күш 100 Н-мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

  4. Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге 100 кПа қысым түсіретін болса, өлшемдері 60см х 80см болатын үстел бетіне қандай күш түсірер еді?

  5. Массасы 80кг адамның аяқ киімі табанының ауданы 60см² болатын болса, онда ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді? Егер осы адам Айда тұрса, оның Ай бетіне түсіретін қысымы өзгере ме?

  6. Шаңғы үстінде тұрған спортшының массасы 78кг, ал шаңғысының әр сынары-ның ұзындығы 1,95м, ені 8см. Шаңғы қарға қандай қысым түсіреді?

  7. Көлемі 6м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5м² болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді?

  8. Поршеньдерінің көлденең қималарының ауданы а) 1:10; ә) 2:50; б) 1:100 қаты-насындай гидравликалық машиналарды қолданып, күштен қанша ұтыс алуға болады?

  9. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 10см². Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршеньнің ауданы 200см². Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  10. Ауданы 180см² гидравликалық таптауыштың поршені 18кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеньнің ауданы 4см². Кіші поршень таптауыштағы майға қандай күшпен әсер етеді?

  11. Гидравликалық престің ауданы 2 см2 кіші поршені түсірілген күш әрекетіне 16 см-ге төмен түсті. Үлкен поршеньнің ауданы 8 см2.

  12. Гидравликалық таптауыштың кіші поршені 500Н күштің әсерінен 15см төмен түсті. Бұл жағдайда ұлкен поршень 5см-ге көтерілді. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  13. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.

  14. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 10см². Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршеньнің ауданы 200см². Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  15. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 5см², үлкен поршенінің – 500см². Кіші поршеньге 400Н, үлкен поршеньге 36Н күш әсер етеді. Бұл таптауыш күштен қанша ұтыс береді?

  16. Ауданы 2 м2 болатын гидравликалық машинаның поршеніне 800 Н күш әсер етеді. Осы машинаның ауданы 8 м 2 болатын үлкен поршеніне қандай күш әрекет етеді?

  17. Гидравликалық машинаның ауданы 60см2 үлкен поршені салмағы 3000Н жүкті көтереді. Кіші поршеннің ауданын табыңдар, егер оған әсер етуші күш 200Н болса.

  18. Гидравликалық престің кіші поршені 600 Нкүштің әсерінен 20см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 6см-ге көтеріледі. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  19. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 15см2 , оған 215Н күш әрекет етеді. Үлкен поршенінің ауданы 180см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?

  20. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 8см. Су ыдыстың түбіне қандай қысым түсі-реді? Осы деңгейде құйылған сынап қандай қысым түсіреді?

  21. Биіктігі 32см, ұзындығы 50см және ені 20см аквариумға ернеуінен 2см төмен су құйылса, онда оның: а) түбіндегі қысымы; ә) құйылған судың салмағы қандай болады?

  22. Мұнай толтырылған цистернаға 4 м тереңдікте, ауданы 30 см² шүмек бекітіл-ген. Мұнай шүмекті қандай күшпен қысады?

  23. 1 мм. сын.бағ. қанша Паскальға тең? 760 мм. сын. бағ. қанша Паскальға тең?

  24. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігін есептеңіз.

  25. Барометр тау бөктерінде 98642 Па, ал тау шыңында 90317 Па қысымды көр-сетеді. Осы деректерді пайдаланып, таудың биіктігін анықтаңдар.

  26. Платформадағы барометр 863 мм.сын.бағ. көрсетіп тұрса,метро бекетінің орналасу тереңдігін анықтаңыз. Метроғакіреберістегіқысым 760 мм.сын.бағ. 

  27. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі. 

  28. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 8 см. Су ыдыстың түбіне қандай қысым түсіреді?

  29. Биіктігі 7 см күнбағыс майының ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есепте. Ыдыстағы күнбағыс майының тығыздығы 930 кг/м3.

  30. Теңіз түбінде 60м тереңдікке түскен сүңгуірге әсер ететінқысымды есептеңіз.

  31. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.

  32. Биіктігі 5 см цистернаға керосин құйылған. Керосиннің цистерна түбіне түсіретін қысымын есептеңіз.

  33. 12 м тереңдіктегі судың қысымын есепте. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  34. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі, 200 мм тереңдіктегі қысымыды анықтаңыз.

  35. Деңгейі түбінен 10 м биіктікте болатын ыдыстағы мұнай ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

  36. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі, 200 мм тереңдіктегі қысымы. 


Б тобының есептері:


  1. Бетке 50 кН күш түсіріп 1 кПа қысымды қалай алуға болады?

  2. Ассасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

  3. Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым 400 кПа.Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым.

  4. Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді.

  5. Асфальт төсеуде қолданылатын жол тегістейтін каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300 кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

  6. Адам суда 9м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.қысымын есепте. (ρ=1000кг/м3)

  7. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?

  8. Егер табанының ауданы 1,5 м2,көлемі 6 м3 болса, мәрмәр бағана топыраққа қандай қысым түсіреді?

  9. Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?

  10. Шаңғышының шаңғымен бірге массасы 70кг. Екі шаңғының ауданы 2300см2. Шаңғышының қарға әсер ететін қысымын есепте.

  11. Массасы 25кг бала шаңғы үстінде тұр. Шаңғының ұзындығы 1,5м, ені10см болса, бала қарға қандай қысым түсіреді?

  12. Ыдыстағы су бағанының биіктігі 8см. Су ыдыстың түбіне қандай қысым түсіреді? Осы деңгейде құйылған сынап қандай қысым түсіреді?

  13. Автомобильдің массасы 1800кг, оның доңғалақтарының жолға жанасатын ауданы 800см². Автомобильдің жолға түсіретін қысымы неге тең?

  14. Түбінің ауданы 20х30 см² тік төртбұрышты ыдысқа 50см-ге дейін керосин құйылған. Ыдыстың түбіне түсірілген қысым күшін және керосиннің қысымын анықтаңдар.

  15. 3 кН күш 600 см2 ауданға бірқалыпты әрекет етеді. Сондағы қысымы күштін және бір шаршы метрге түсетін қысымды есептеп шығарыңдар.

  16. 10 балдық дауыл желінің тосқауылға түсіретін қысымы 1100 Па, ауданы 24 м² үй қабырғасына желдің түсіретін қысым күші қандай?

  17. Массасы 5 кг кір тасы үстел үстінде тұр. Кірдің табанының диаметрі 5 см болса, үстел бетіне қандай қысым түсірер еді?

  18. Дөңгелектің рельспен жанасу ауданы 4 см² деп алып, массасы 32 т жүк тиелген төрт осьті вагонның рельске түсіретін қысымын есептеп шығар.

  19. Егер барлық доңғалақтың түсірген қысымы 3*109 Па, ал вагонның массасы 60 т болса, вагонның әрбір 8 доңғалақтың рельспен жанасатын ауданы қандай?

  20. Цилиндр ыдысқа сынап, су және керосин құйылған. Осы сұйықтардың көлемдері тең, ал керосиннің жоғары деңгейі ыдыс түбінен 12 см биіктікте болса, онда сұйық-тардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымы қандай?

  21. Ауданы2 см² гидравликалық таптауыштың кіші поршені күштің әсерінен 16 см төмен түсті. Үлкен поршеньнің ауданы 8 см²: а) кіші поршеньге 200Н күш әсер ет-кендегі поршень көтерген жүктің салмағын; ә) жүктің қандай биіктікке көтерілгенін анықтаңдар.

  22. Гидравликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 4 см, ал үлкен цилиндрінің диаметрі 50 см. Бүл машина күштен қандай ұтыс береді?

  23. Сынап бағанасының қысымы Жермен салыстырғанда, Айда және Марста қалай өзгереді? g = 1,6 H/кг; g = 3,86 H/кг.

  24. Қалыпты атмосфералық қысымға тең болу үшін, керосин бағанының биіктігі қандай болуы керек?

  25. Бірдей үш ыдысқа деңгейлері бірдей су, спирт және бензин құйылған. Олардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей ме?

  26. Америка және Ресей ғарыш кемелері («Викинг» пен «Марс») Марс планетасының бетіне барып қонды. Олар ондағы атмосфералық қысым 700 Па екендігін анықтады. Бұл қысым Жер бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымнан қанша есе кіші?Марстағы сынапты барометрдің биіктігін анықтаңдар.

  27. Қатынас ыдыстарда сынап және су бар. Су бағанасының биіктігі 68 см. Сынап бірдей деңгейде болу үшін, қатынас ыдыстардың сол жақ тармағына қандай биіктік-те керосин құю керек?

  28. U-тәрізді түтікке су құйылған, h=30см. Егер ыдыстың сол жағына толтыра керосин құйылса, ол қандай биіктікті алады?

  29. Оқушы бөлме барометрі бойынша атмосфералық қысымның 749 мм сын. бағанына тең екендігін анықтады. Бұл нәтижені бірнеше қабат төменде тұратын екінші оқушының өлшеуі арқылы алынған нәтижемен салыстырғанда айырмасы 2 мм сын. бағ. болғандығы байқалған. Екінші оқушының пәтерінде барометр қандай қысымды көрсеткен?

  30. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.

  31. Мұнай толтырылған цистернаға 4 м тереңдікте, ауданы 30 см2 шүмек бекітілген. Мұнай шүмекті қандай күшпен қысады?



С тобының есептері:


  1. Судың ыдыс түбіне және бүйір беттеріне түсіретін қысым күші тең болуы үшін ішіне толтырыла су құйылған радиусы 5см цилиндр ыдыстың биіктігі қандай болуы керек?

  2. Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды.Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы өзгерді ме? Өзгерсе,қалай? 

  3. Текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Осы ыдыстың ішіндегі судың массасы 64г болса, судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай?

  4. Қабырғасы (қыры) 36 см текше ыдыстың іші су және керосинмен толтырылған. Ыдыстың ішіндегі су мен керосиннің массалары бірдей. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? (Ыдыс қабырғасының қалыңдығы есепке алынбасын).

  5. Суы бар ашық ыдыстың ішіне колба төңкеріліп қойылған. Колбаның жоғарғы жағында ауа бөлігінде пайда болатын қысымды табыңдар.

  6. Цилиндр тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Қатынас ыдыстың үлкенінің көлденең қимасының ауданы кішісінен 4 есе үлкен. Кіші ыдысқа биіктігі 20см керо-син құйылды. Сол кезде ыдыстың үлкен жағындағы су қандай биіктікке көтерілді? Кішісіндегі су қандай биіктікке төмендеді?

  7. Бірдей үш қатынас ыдыстың ішіне жартылай су құйылған. Ыдыстың сол жағына

  8. 20см, ал оң жағына 25см биіктікте керосин құйылды. Сол кезде ыдыстың ортасын- дағы су деңгейі қанша биіктікке көтеріледі?

  9. 7. Цилиндр ыдыстың ішіне массалары бірдей сынап пен су құйылған. Екі қабаттың жалпы биіктігі 29,2 см болса, осы сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай? ρ = 13600кг/м³; ρ = 1000кг/м³; g = 9,8 Н/кг.


Архимед күші
А тобының есептері:


  1. Көлемі 20 м3 шар-зонд сутегімен толтырылған. Оған әрекет ететін Архимед күшін есептеңдер. Атмосфераның тығыздығы 0,414 кг/м3.

  2. Суға көлемі 115 см3 тас тасталды. Осы тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең?

  3. Суға 100 см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.

  4. Көлемі 10 см³ дене судан қандай күшпен кері көтеріледі?

  5. Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылған. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап.

  6. Керосинде көлемі 2см³ дене қандай күшпен кері итеріледі?

  7. Дене суға батырылғанда 120см³ сұйықты ығыстырып шығарады. Осы денеге әсер ететін Архимед күші неге тең?

  8. Ауа шарының көлемі 600м3. Оған әсер ететін архимед күшін табыңдар.

  9. Суға толық батырылған көлемі 1дм³ тығынға әсер ететін Архимед күшін анықтаң-дар. ρ = 240кг/м³.

  10. Кез келген газда денеге әсер ететін кері итеруші күш сол денеге сұйықтықта әсер ететін кері итеруші күштен неліктен бірнеше есе аз?

  11. Көлемі 0,4 м³ болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін Архимед күші қандай?

  12. Көлемі 0,004 м³ гранит тасы ауаға қарағанда суда қандай шамаға жеңіл болады?ρ = 1,29 кг/м³; ρ = 1000кг/м³.

  13. Су астындағы массасы 30 кг, көлемі 0,012 м³ тасты көтеру үшін, оған қандай күш жұмсау керек?

  14. Суда қалқып жүрген ағаш білеуше көлемі 0,72 м³ суды ығыстырады. Оны толығымен суға батырсақ, онда ол судың 0,9 м³ көлемін ығыстырып шығарады. Білеушеге әсер ететін кері итеруші күштерді есептеп шығарыңдар. Бұл күштердің неге әр түрлі болатынын түсіндіріңдер.

  15. Білеушелердің біреуінің өлшемдері: ( 2х5х10)см. Екінші білеушенің өлшемдері одан 10 есе артық (0,2х5х1,0)м. Осы білеушелерді керосинге және тұщы суға толы-ғымен батырғанда оларға әсер етуші Архимед күштерін есептеңдер.

  16. Толығымен суға батып тұрған тығынға 49Н Архимед күші әсер етеді. Тығынның көлемі қандай? ρ = 240кг/м³.

  17. Судағы көлемі 100см³ білеуше ағаш пен көлемі сондай темір нәрсеге әсер ететін итеруші күштер бірдей ме?

  18. Судағы денеге 2700 мН Архимед күші әсер етеді. Осы дене спиртте қандай күш-пен кері итерілер еді?

  19. Массасы 100кг бөрене судың бетінде қалқып жүр. Бөренеге әсер ететін судың көтеруші күші қандай?

  20. 400Н Архимед күші әсер ететін дене суға толық батырылған. Осы дененің көлемі қандай?

  21. Массалары бірдей болат шар мен болат пластинка толығымен суға батырылған. Осы екеуіне әсер ететін кері итеруші күштердің шамасы бірдей ме?

  22. Суға толығымен батырылған денеге 2700 мН Архимед күші әсер етеді. Егер осы денені толығымен керосинге батырса, қандай күшпен ығыстырар еді?

  23. Серіппелі динамометрге (Ньютонмен бөлінген) массасы 1кг, көлемі 130 см³ жүк ілулі тұр. Егер жүкті суға батырса, динамометр нені көрсетер еді? Бензинге батырса ше?


Б тобының есептері:


  1. Судың ішінде үлкен гранитке 40 кН кері итеруші күш әрекет етеді. Осы граниттің көлемін анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  2. Керосин ішінде темір кесегіне 1600 Н кері итеруші күш әрекет етеді. Темір кесегінің көлемін анықтаңдар. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.

  3. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін анықтандар.

  4. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?

  5. Денеге 5 Н Архимед күші әсер етеді. Егер судың тығыздығы 1000 кг/м болса, онда дененің көлемі қандай?

  6. Суда денеге 10 Н күш әсер етеді.Дененің көлемі тығыздығы 1000 кг/м болса, онда дененің көлемі қандай?

  7. Көлемі 1см³ денеге 7,84 кН Архимед күші әсер етеді. Дене қандай сұйыққа батырылған? ( Тығыздығың анықтаңдар.)

  8. Көлемі 2 м³ денеге 1,568 кН күш әсер етеді.Дене қандай сұйыққа батырылған? (Тығыздығың анықтаңдар)

  9. Резеңке жіпке картоп байлап, оны штатаивке іліп қойындар да, жіптің ұзындығын өлшеңдер. Сонан соң картопты суға салып, жіптің ұзындығын тағы өлшеңдер. Бақылаған құбылыстарыңа қорытыңды жасаңдар.

  10. Емен ағашының суға толық батырылған кесегіне 9,8 Н Архимед күші әсер етеді. Осы ағаштың көлемі қандай?

  11. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,5л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай?

  12. Дененің салмағы 6Н, ал көлемі 400см³ осы дене суға бата ма?

  13. Көлемі 7,5дм³ тастың массасы 18,7кг. Осы тасты судың түбіне толық батырмай ұстап тұратын күшті анықтаңдар.

  14. Массасы 270г темірден жасалған денені суға батырғанда оның салмағы қандай болады?

  15. Суға батырылған шыны шарға 2500 Н Архимед күші әсер етеді.Осы шардың көлемі.... (ρсу = 1000 кг/м3; ρшыны = 2500 кг/м3, g = 10 м/с2 ).

  16. Әрқайсысының көлемі 1,2 м³ болатын 5 бөренеден жасалған салдың көтеруші күші қандай? ? ρ = 700 кг/м³.

  17. Әрқайсысының көлемі 0,5 м3,10 бөренеден жасалған ағаш салға қандай жүк салуға болады ?

  18. Егер Архимед жасаған тәжірибеде патша тәжінің ауадағы салмағы 28,2 Н, ал судағы салмағы 26,4 Н болса, тәж таза алтыннан жасалған ба?

  19. Массасы 40кг бала суда тұр. Егер бала денесінің су бетінен жоғары тұрған бөлігі-нің көлемі 2дм³ болса, баланың бүкіл денесінің көлемі қандай?

  20. Көлемі 0,01м3 болатын дене суға батырылған, оған әсер ететін ауырлық күш 90Н. Дене суға бата ма, әлде жүзе ме?


С тобының есептері:


  1. Салмағы 0,115 Н болатын темір кесегі, салмағы 0,012 Н болатын тығынмен қо-сақтаса жіпке байланып, толығымен суға батырылды. Егер жіптің керілу күші 0,063Н болса, тығынның тығыздығы мен көлемі қандай? Барлық есептерде ауаның кері итеруші күші есепке алынбайды.

  2. Тұтас біртекті денені тығыздығы ρ сұйыққа салғанда, салмағы Р болады. Ал ты-ғыздығы ρ сұйыққа салғанда оның салмағы Р болса, дененің тығыздығы қандай?

  3. Сұйық тығыздықтары ρ және ρ болатын екі қабаттан тұрады. Осы сұйыққа текше (куб) батырылған. Текшенің тең жартысы астынғы сұйықта, ал тең жартысы үстінгі сұйықта орналасқан. Осы текшеге әсер ететін кері итеруші күшті табыңдар.

  4. Динамометрге мыс пен күмістің қоспасы ілінген. Бұлардың ауадағы салмағы2,41 Н, ал судағы салмағы 2,17 Н болса, қоспадағы мыс пен күмістің массаларықандай? Ауаның кедергі күші есепке алынбасын.

  5. Қуыс темір шардың салмағын әуелі ауада, сонан соң керосинде динамометрмен өлшеген. Динамометрдің сәйкес көрсетулері 2,59Н және 2,16Н болса, шардың ішіндегі қуыстың көлемі қандай?

  6. Теңізде мұз қалқып жүр. Мұздың 195м³ көлемі судың бетінде болса, оның жалпы көлемі және суға батып тұрған бөлігінің көлемі қандай? ρ =900 кг/м³; ρ =1030 кг/м³.

  7. Бұйым темір мен никельден тұрады. Бұйымның ауадағы салмағы 34,2 Н, ал судағы салмағы 30,2 Н болса, темір мен никель тұтас бұйымның көлемінің қандай пайы-зын құрайды? Бұйымның жалпы көлемі қандай? ρ =7800 кг/м³; ρ =8900 кг/м³.

  8. Қолында не таразы, не динамометр болмаса тік бұрышты ағаш білеушенің тығыз-дығын (мөлшермен) қалай анықтар едіңдер?

  9. Жақтары болатын ағаш білеушені майдан суға ауыстырғанда, оның батуы h биіктікке кемісе, ағаш білеушенің массасы қандай болар еді?

  10. Жүк көтергіштігі 3Н болатын ағаштың бұтағынан немесе ағаш тақтайдан сал жасау керек. Ағаштың тығыздығы ρ , ал судың тығыздығы ρ болса, салдың суға батып кетпеуі үшін оның көлемі қандай болуы керек?

  11. Іші қуыс мыс шары суда тепе-теңдік қалыпта қалқып жүр. Егер қуыстың көлемі 17,75см³ болса, шардың көлемі қандай?

Берілгені:_Талдау:_Есептелуі'>І нұсқа

1. Берілгені: Талдау: Есептелуі:

F=0.27H

S=0.0003м2

P-?
2. Берілгені: Талдау: Есептелуі:



F=250H




3 Берілгені: Талдау: Есептелуі:

F=160H



V-?
4. Берілгені: Талдау: Есептелуі:






Берілгені: Шешуі:

h=0,6 м P=pgh=1000 кг/м * 10 н/кг *0,6 м=6000 н/м=6 кПа

p=1000 кг/м

g=10 н/кг

P-? Жауабы:6кПа.

Архимед тобына есеп.

Берілгені: ХБЖ Формуласы,Шешуі:

V=100 см3 100 с3 * 0,000001м3=Fы=Fа=0,001м3 * 1000 м3 *10 H=10H

g=10 н/кг=0,001 м3

p су=1000 кг/м

Fы-? Жауабы:Fы=10H.