ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 89
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| |
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Келісілді №6 қалалық емхананың бас мейіргері __________ Сариева Турсынкуль Убайдуллаевна 20___ж. "____"_____ | | Бекітемін Басшының оқу-тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары ____________ Сеитова Айгүл Амангелдиевна 20___ж. "____" ___________ |
Кәсіби практика бойынша оқу жұмыс жоспары
«Үйдегі мейіргерлік күтім»
Мамандық : 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілік: 0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
Курс: ІІ
Семестр: ІV
Барлық сағат/кредит KZ көлемі 96/4
Клиникадағы оқу-өндірістік практика
Оқу-өндірістік тәжірибенің үлгілік оқу бағдарламасы әзірленген:
Бағдарлама «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кеңесімен талқыланған және ұсынылған
Хаттама № « » ________ 2023 ж.
Бағдарлама оқу-әдістемелік бірлестік отырысында қаралды
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша
Хаттама № « » ________ 20223ж.
ОМО төрағасы ___________ __________________
(қолы) (аты-жөні)
Бағдарлама оқу-әдістемелік бірлестікте қаралып, ұсынылды
«Паллиативті көмек және онкологиялық бейіндегі пациенттерге күтім жасау» профилі бойынша
Хаттама № « » ________ 2023 ж.
ОМО төрағасы ___________ __________________
(қолы) (аты-жөні)
Рецензенттер:
1. Кемелбаева Г.С, «Мейіргер ісі негіздері» арнайы пән оқытушысы, ЦӘК төрайымы «Қызылорда медициналық жоғары колледжі»
Әзірлеушілер:
1. Базарғалиқызы А. - Қызылорда медициналық жоғары колледжі, «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы.
-
Кіріспе
Кәсіптік оқыту бағдарламасы "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына сәйкес әзірленді. "Үйдегі мейіргерлік күтім" оқу-өндірістік тәжірибе бағдарламасы 0302000 «Мейіргер ісі» 0302054 «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша негізгі кәсіптік білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Тәжірибе білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби қызметті меңгеруінің үздіксіздігі мен дәйектілігін қамтамасыз етуге және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
-
Пән/модуль мақсаты:
Науқастарды күтудің негіздерін және күтім дағдыларын тәжірибеде үйрену, студенттер үй жағдайында мамандандырылған мейіргерлік күтім қызметінің негіздерін меңгеру.
-
Пән/модуль міндеттері:
- сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдану;
- заманауи теориялық және клиникалық білімдерді қолданып, мейіргерлік күтімдегі қажеттіліктерді дербес анықтау;
- өзінің дербес іс-әрекеттері мен команда жұмысына жауап береді; барлық жағдайларда сапа және тиімді кәсіби қызмет қағидаттарын ұстану;
- мейіргерлік қызмет көрсету сапасын және өзінің кәсіби қызметін жақсарту -ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу; - санитариялық, инфекциялық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыс орнын ұйымдастырудың тәжірибесін қалыптастыру; - командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасау; -созылмалы аурулардың өршу кезеңінде (жарақаттарды емдеу, жүйке жүйесі аурулары бар пациенттер, мүгедек пациенттер) үй жағдайындағы мейіргерлік күтім көрсету; -мейіргерлік манипуляциялар техникасын жүргізу және мейіргерлік күтімді жүзеге асыру ; -білім алушыларды үй жағдайында пациенттерді күтудің тәжірибелік дағдыларын жүзеге асыруды.
-
Оқытудың соңғы нәтижелері:
- отбасындағы өмірге деген көзқарасын, өмір салтын, дүниетанымын сыйлай отырып, олардың этникалық тұрғысын, мәдениетін, дінін және салт-дәстүрлерін тиімді байланыстырып, үй жағдайында күтім жасайды.
- пациенттің жалпы жағдайына және диагнозына сүйене отырып, мейіргерлік күтім жоспарын іске асырады.
-денсаулықты нығайту және өз-өзіне күтім жасау, белсенді психоэмоциональды жағдайды қолдау бағытында басқарудың жеке және түрлі топтық тәсілдерін пайдалана отырып, пациентке және оның отбасы мүшелеріне басқару жасайды.
-
Пререквизиттер:
Мамандандырылған мейіргерлік көмек , БМСК-ғы мейіргер ісі
1.6. Постреквизиттер:
Мейірбике ісінің негіздері , коммуникативті дағдылар және психология негіздері, әлеуметтік маңызы бар аурулар
-
Тақырыптық жоспар:
№ | Тақырыптардың атауы | Қысқаша мазмұны | Саны сағат |
1-тарау. Созылмалы аурулары асқыну кезіндегі пациенттерге үй жағдайында күтім жасау. | |||
1. | Созылмалы асқынуы бар пациенттерге АББ бойынша өзін-өзі күту шарасына үйрету | -Өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу. -АББ жайлы пациентке ақпарат беру | 6 |
2 | Жүрек-қантамыр жүйесі созылмалы ауруларының асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру; -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру; -Емдік тамақтану жайлы кеңес беру | 6 |
3 | Жүрек-қантамыр жүйесі созылмалы ауруларының асқынуы кезіндегі пациентке өз-өзіне күтім жасауға үйрету | -Пациенттің дене салмағын өлшеу -СЖЖ кезінде тәуліктік диурезді және су балансын анықтау СЖЖ кезінде пациентке өз-өзіне күтім жасауға үйрету | 6 |
4 | Тыныс алу жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру(Ылғалды және құрғақ жөтел кезінде,бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі көмек) -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру: Түкіргішті пайдалану ережелері Қалталы ингалятор, спейсер және небулайзерді қолдану ережелері - | 6 |
5 | Асқорыту жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру (асқазан,ішектен қан кеткенде,іш қату,іш өтуде,құсық кезінде көмек көрсету) -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру; -Емдік тамақтану жайлы кеңес беру | 6 |
6 | Асқорыту жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезіндегі мейіргерлік күтім | -Асқазанды жуу техникасы -Клизма түрлерін жүргізу -Ауыр науқастарды тамақтандыру | 6 |
7 | Зәршығару жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру (жедел зәр тоқталу кезінде,ісік кезінде көмек көрсету). -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру; -Емдік тамақтану жайлы кеңес беру -Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы | 6 |
8 | Тірек-қимыл жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру:буын ауруы -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру -Емдік тамақтану жайлы кеңес беру | 6 |
9 | Эндокринді жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру (гипо -гипергликемиялық кома кезіндегі көмек) -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру; -Емдік тамақтану жайлы кеңес беру | 6 |
10 | Қант диабеті ауруы бар пациенттерге мейіргерлік күтім | -Инсулин егу техникасы -Глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеру | 6 |
11 | Қант диабеті ауруы бар науқастарды бақылау және күту. | Қант диабеті кезінде аяққа күтім жасау ережелері | 6 |
12 | Қан түзу жүйесі созылмалы аурулары асқынуы кезінде үйде мейіргерлік күтім жасау | -Мейіргерлік үрдіс құру (қызба,мұрыннан қан кету) -Мейіргерлік күтімді жүзеге асыру: құлақ ,көз,мұпын,ауыз қуысының күтімі,тері күтімі -Емдік тамақтану жайлы кеңес беру | 6 |
2-тарау. Мүмкүндіктері шектелген пациенттерге күтім жасау. | |||
13 | Мүмкіндігі шектеулі пациенттерді тасымалдау | -Кресло-каталқа, -Балдақ көмегімен тасымалдау | 6 |
14 | Мүмкіндігі шектелген пациенттерді санитарлық тазалықтан өткізу | -Жартылай және толық санитарлық тазалықтан өткізу | 6 |
15 | Мүмкіндігі шектелген пациенттерге емдік пазицияларға ауыстыру | -Фаулер, Симс, бір қырына жатқызу және т.б. | 6 |
16 | Мүмкіндігі шектелген пациенттердің киімін және төсегін ауыстыру | -Мүмкіндігі шектелген пациенттердің киімін және төсегін ауыстыру | 6 |
| | | 96 сағ |
1.7.5.1 меңгерілетін және/немесе бекітілетін клиникалық дағдылардың тізімі
№ | | |
1 | Пациенттің дене салмағын өлшеу | 5 |
2 | Тәуліктік диурезді және су балансын анықтау | 4 |
3 | Түкіргішті пайдалану ережелері | 5 |
4 | Қалталы ингалятор, спейсер және небулайзерді қолдану ережелері | 3 |
5 | Асқазанды жуу техникасы | 4 |
6 | Клизма түрлерін жүргізу | 5 |
7 | Инсулин егу техникасы | 6 |
8 | Глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеру | 6 |
9 | Ауыр халдегі пациенттерді тамақтандыру. | 5 |
10 | Дене қызуын өлшеу техникасы. | 6 |
11 | Қызба кезіндегі мейіргерлік күтім. Сананы анықтау | 5 |
12 | Тамыр соғысын анықтау және сипаттау | 6 |
13 | Артериялық қан қысымын өлшеу техникасы. | 5 |
14 | Мұзды мұйық,жылытқыш ,қыша қағазын қою алгоритмі. | 3 |
15 | Ауыр халдегі пациенттің киімін,төсегін ауыстыру тәсілдері. | 7 |
16 | Тері күтімі,ойылудың алдын алу , емі. | 5 |
17 | Пациенттің жеке бас гигиенасы. | 4 |
18 | Пациенттің жыныс мүшесінің күтімі. Дәретсауыт пен несепсауытты беру. | 3 |
19 | Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы. | 2 |
20 | Стомасы ба пациенттердің күтімі | |
-
Оқыту әдістері (шағын топша, дискуссия, презентация, кейс-стади, жобалау жәнет.б.).
1.9. Білімгерлердің білімін және дағдыларын бағалау әдістері: ауызша сұрау, бақылау сұрақтары ОСКЭ, бағаланатын сұхбат жәнет.б.
1.10. Материалды-техникалық жабдықтау
- плакаттар;
- бейнефильмдер;
- оқулықтар, соның ішінде электронды (электронды кітапхана АКНУР-ПРЕС)
1.10.1 Негізгі әдебиетттер
1.Мухамбетжанова А.С, Жумина Г.Е. Паллиативті көмек және онкологиялық науқастарға күтім жасау. Оқулық. 2021
2. Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту. Оқу құралы. 2013
3. Нұрманова М.Ш. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. Оқу құралы. 2019
4.А.Т.Үмбетжанова,Г.А.Дербисалина,Ж.Б.Бекбергенова,Д.К.Жунусова«Үйде күтім жасау» 5.Н.Ю.Корягина,Н.В.Широкая,Ю.А.Наговицына «Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру» Мәскеу, 2015ж.
6. К.Т.Бекетаева, Н.К.Сейтмамбетова, Н.Д.Әкімниязова, «Мейірбике ісі негіздері», 2010 ж.
7. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Мейірбикелік іс негіздері» пәніне басшылық, Мәскеу,2014ж.
8. Неврология Б.Е. Абдиканиева; Р.М. Бисенбаева «Ғасыр - Ш» 2007 ж.
9.В.Н.Ослопов,О.В.Богоявленская «Терапиялық клиникадағы науқастың жалпы күтімі» Мәскеу 2014ж. 1.10.2 Қосымшаәдебиеттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Обуховец Т.П. «Основы сестринского дела» «Феникс», 2010 ж. 2.Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г 3.Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей, 2 издание, изд. «ГЭОТАР – Медиа», 2012.
1.10.3 Интернет-ресурстар
1. Http://szgmu.ru/
2.http://sestrinskoedelo.ru
Медициналық сайттар:
1. www.medicusamicus.com
2 www.medprof.ru
3. www.rusmedserv.com/topsites
4. www.doktor.ru
5. www.spasmex.ru
6. www.webmedinfo.ru
7. www.medicum.nnov.ru
8. www.med39.ru
9. www.kovostok.ru
10. www.drugme.ru