Файл: aзacтaн Pecпyбликacы Білім жнe ылым миниcтpлігі Aбaй aтындaы aзa лтты пeдaгoгикaлы yнивepcитeті Филoлoгия жнe кптілді білім бepy инcтитyты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 140
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Этнографизмдерді бұлайша жіктеу олардың қолданылу мәніне байланысты болды. Этнолингвистикалық зерттеудің тағы бір түрі – этнолингвистикалық этюдтер. Этнографиялық этюдтер дегеніміз – этнос болмысын танып-білу үшін сол этнос тілін терең зерттеу нәтежиесінде әрбір мағыналық негізгі бірлікті және оған қатысты деректеді сатылы түрде берілетін түсініктемелер мен анықтамалар, мәліметтер және топшылаулар жүйесі. Жоғарыда этнографизмдерге келтірілетін түсініктемелердің сатылы түрде берілетінін айттық, ол саты мына тізбек бойынша жүзеге асады: негізгі этнографизмдер – туынды этнографизмдер – қатысты атаулар (тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және ауыз әдебиеті үлгілері). Мұндай этнолингвистикалық жұмыс түрі мен мақсатына қарай, жинақталған ақпараттардың көлеміне байланысты қысқа немесе көлемді болуы мүмкін. Мысалы, дермене деп аталатын қазақ даласында өсетін ерекше емдік шөптің бір түрі бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «дермене» сөзіне былай түсініктеме берілген: «Дермене – сантонин дәрісі алынатын жусан тәрізді жабайы өсімдік» [12, 199-б.]. Бұл жерде дерменеге қысқаша ғана түсініктеме берілген. Ал енді «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» еңбегінде дерменеге былай түсінік берілген: «Дермене – қазақтың дәстүрлі емшілігінде қолданылған, жусан тұқымдасына жататын, көп сабақты өсімдік. Дермене тамыз-қыркүйекте гүлдеп, қарашада жеміс береді. Дермене Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Қаратаудың етегінен Сырдарияның бастауына дейінгі далалы аймақта көп өседі. Дерменені ертеде жергілікті тұрғындар кептіріп, жүрек талмасы және ішек құрты ауруларына қарсы ұнтақтап шайға, тамаққа қосып науқасқа ішкізген. Басқа жерлерде мүлдем өспейтін дерменені қазақтар керуен жолдары арқылы сырт елдерге шығарған екен. 1830 жылы дермене құрамынан сантонин деп аталатын зат анықталған соң, оның тауарлық құны арта түсті. Дермененің 50 пұтынан 1 пұт сантонин алынған екен. Оның бағалы болғаны сондай, қазақ жерінде 6-8 тиын тұрса, Германияда 19 сомға дейін жеткен. 1838 жылы дермене өскен алқапты орыс көпесі Савинков жалға алып, арнайы зауыт салған. ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап Орынбор арқылы Нижегород, әрісі Германия, Англияға тасымалданатын негізгі шикізат болған. 1847 жылы 785 пұт, 1859 жылы 3142, 1862 жылы 16 695 пұт тасымалданған. 1869 жылы Ташкентте, 1875 жылы Орынборда дерменені өңдеп дәрі жасайтын зауыт салынған» [10, 633-б.]. Жоғарыда берілген мәліметтерде дермененің қасиеті біршама ашылған, дегенмен емдік шөптің бүкіл қасиеті толық ашылды деп айта алмаймыз. «Дермене» сөзін өсімдікке байланысты қолданылған этнографизм дейтін болсақ, оның болмысын толық ашатын этнографиялық этюдтардың бірнешеуін кездестіре аламыз. Мысалы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Рысбай Сәтімбековтың 2015 жылы 26 ақпанда «Ана тілі» ұлт газетінде жарияланған «Дермене жусаны» [13] атты мақаласын этнографиялық этюд ретінде қарастыруымызға болады. Сонымен қатар, бәрімізге бала күннен белгілі Д.Исабековтың «Дермене» шығармасында да емдік шөптің қасиеті туралы біршама мағлұматтар беріліп өткен. Бұл жерде ескеретін бір жағдай бар, этнографиялық этюдта берілетін мәліметтердің барлығы бірдей дәлелденген, ғылыми түрде бекітілген деректер бола бермеуі мүмкін. Ондағы деректер этностың ғасырлар бойғы өз тәжірибиесі нәтежиесінде қалыптасқан, сан рет сыналып, орныққан ақпарат болуы мүмкін.
3. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МӘНІ МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ: ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ДИДАКТИКАСЫ, СТРАТЕГИЯСЫ,
МЕТОДОЛОГИЯСЫ
Алдыңғы бөлімде этнографизмдрді талдаудың, олардың мәнін танудың, жас ұрпаққа үйретудің маңызы қандай екендігін, этнос болмысын ашудағы рөлін айтып өткен болатынбыз. Енді орта мектеп оқулықтарында (5-11 сынып аралығы) этнографизмдедің берілуі, олардың тілдік тұлғасы қалай берілгендігі және оқыту барысында қандай педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануға болатыны жөнінде айтатын боламыз. Енді орта мектеп бағдарламаларына кезек-кезегімен тоқталып өтсек:
5-сыныптың 2017 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілі» оқулығы он бөлімнен құралған екен. Алдымен сол бөлімдерге тоқталып өтсек:
1. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
2. Киіну. Сән және талғам
3. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
4. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
5. Бос уақыт және хобби
6. Қиял әлемі
7. Көлік және жол белгілері
8. Адамзаттың сырт келбеті мен мінезі
9. Аспан әлемінің құпиялары
10. Саяхат және демалыс
Оқулықтың «Киіну:Сән және талғам» бөлімінде қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің атаулары беріліп, оларға түсінік келтірілген. Ішік, жапсырма, күпі, жадағай, кебенек, шекпен, бешпент, шапан деген сияқты ұлттық киімдерге түсініктеме беріліп, олардың неден жасалатындығын да атап өткен, Мысалы, «кебенек – малшылардың жауын-шашыннан, бораннан қорғану үшін киетін жұқа киізден тігілген сырт киім» деген түсінік беріліп өткен, сонымен қатар, қазақтың ұлттық киімдерінің пайда болу тарихынан, сонау сақ, ғұн заманынан бастау алатындығын да атап өткен. Сонымен қатар, қоғамдағы дәрежесі мен лауазымына қарай адамдардың киетін киімі мен олардың шикізаттарының әр түрлі заттардан жасалғандығы да түсіндірілген. Сонымен қатар, әшекей заттарға байланысты да этнографизмдерге түсініктеме берілген: ақық, лағыл, көктас, сәдеп, жақұт, інжу деген сияқты асыл тастарға түсінік берілген. Әсіресе, оқулықтың 49-бетінде інжу тасына, оның тарихына, ерекшеліктеріне, пайдаланылуына біраз мәліметтер беріліп өткен.
Оқулықтың «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер» атты бөлімінде қазақ тіліндегі стистикалық бояуы қалың, ал түсінігімізде ерекше орын алатын, кез-келген қазаққа ыстық естілетін «шаңырақ» сөзі туралы ақпараттар берілген. Шаңырақтың киіз үйдегі орнын,
жасалуын айта отырып, ауыспалы мағынада қолданылуына да тоқталған. Оқулықтың 59-бетінде «бата беру» дәстүрі көрсетілген. «Бата айтыларда бата сұраушы адам немесе жиналған жұрт алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Ал бата айтылып болған соң, бәрі бір ауыздан «әумин» деп қайырады. «Айтсын!», «Айтқаның келсін!» деп бет сипайды» деп бата беру дәстүрінің орындалу ерекшеліктерін көрсеткен.
Бесінші сынып баласының жас ерекшелігі физиологиясын ескерсек, онда мәліметтер бала жасының ерекшелігіне сай берілгендігін байқауға болады. Балаға ұлттық дүниетанымның негізін қалыптастыруға, этнографизмдердің мәнін түсінуге, ұлттық ұғымдардың түбіне үңілуге баулу үшін балаға жас кезінен ақпараттарды сатылап беріп отырған дұрыс.
Ал енді алтыншы сынып оқулықтарына тоқталсақ. Біз нысан етіп алып отырған оқулық 2018 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген. Оқулықтың екінші бөлімі «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» деп аталады. Бөлімде (36-бет) «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары» атты кітаптан «дастарқан» этнографизміне байланысты үзінді алынған, дастарқанның қазақ дүниетанымындағы маңызына тоқталған. Сонымен қатар, қазақтың аса қонақжайлық қасиетін де «дастарқан» этнографизмі арқылы көрсете білген.
«Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз» атты оқулықтың сегізінші бөлімінде де қазақтың дәстүрі – қонақжайлылыққа ерекше тоқталған. «Қонақты арнайы қонақ, қыдырма қонақ, құдайы қонақ деп үшке бөледі» деп «Қонақжайлылық – ата дәстүр» атты мәтінде қонақты үш түрі болатынын айтады. Қазіргі кезде қонақтардың мұндай түрлері бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Және жоғарыда аталған этнографизмдерге түсінік те беріледі. «Арнай қонақ – арнайы сәлем беруге келген немесе арнайы шақырылған; құдайы қонақ – алыстан келе жатқан, танымаса да демалып, ат шалдыруға тоқтаған; қыдырма қонақ – сол үйдің семіз соғымын, дәмді тамағын аңдып келген қонақ» деп түсіндірілген. Оқушы ерекшелігіне сай, тілі жеңіл әрі түсінікті етіп жазылған. Тақырыпқа байланысты оқушыларға «Біздің отбасымыздағы қонақ күту дәстүрі» тақырыбнда ойталғау жазып келуге тапсырма берілген, бұл да өз кезегінде оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзін ойын анық жеткізе білуге үйретудің бір әдісі деп білеміз.
Оқулықта тағы бір тоқталуға тиісті этнографизмдердің берілген жерін «Салт-дәстүр және тәрбие» атты тақырыптан таба аламыз. Қазақтың етті басты тағам санайтыны белгілі, одан бөлек қойдың мүшелерін отбасы мүшелеріне таратып беру де өз кезегінде халқымызда өзіндік мағынасы бар іс-әрекет. Жоғарыда аталған тақырыпта осы мәселе көтерілген. «Құлақ беру, көз жегізу, тіл жегізу, таңдай беру» сияқты әрекеттердің көрінісі, оны берген кезде үлкендердің қандай ырыммен беретіндігі, кімдерге берілу керектігі жазылған.
Кезек жетінші сыныпқа арналған оқулыққа келді. Оқулық «Атамұра» баспасынан 2017 жылы жарық көрген. «Көшпенділер мәдениеті» деп аталатын бөлімде көшпенділердің ұлттық киім үлгісіне тоқталғандығын байқаймыз. Бесінші сыныпқа арналған оқулықтың «Киіну. Сән және талғам» деп аталатын бөлімінде ұлттық киім үлгілеріне байланысты этнографизмдердің берілгендігін, оларға біршама түсінік берілгендігін айтқан болатынбыз, ал жетінші сыныптың оқулығында берілген мәліметтер көлемі, едәуір кеңейтілген, оқушы танымының өсуіне сәйкес ақпарат көлемі де артқан. Қазіргі мектеп бағдарламаларында жиі кездесетін әдістің бірі – спиральді оқыту әдісін осы жерден байқай аламыз.
Оқулықтың «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» атты бөлімде қазақтың ұлттық аспаптары турасында айтылған. Қазіргі күні біразының атауы көнеленген «бұғышақ, қамыссырнай, домбыра, керней, дабыл, асатаяқ, қоссырнай, жетіген, мүйізсырнай, шертер, қылқобыз, сазсырнай, сыбызғы, даңғыра, қоңырау, шаңқобыз, тастауық, ұран, дауылпаз, дудыға, үскірік, кепшік, ысқырауық, шың, шыңдауыл» сияқты ұлттық аспап түрлерінің бар екендігі жөнінде айтылған және домбыра мен қобызға тереңінен тоқталған. Жоғарыда айтылған аспап атауларының қазақ музыкасының ерте кезден-ақ дамығандығын білдіретін этнографизмдер болғандықтан, мектеп оқулықтарында берілгендігі дұрыс деп санаймыз.
Сегізінші сыныпқа арналған 2018 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген оқулықтағы этнографизмдерге тоқталсақ. Оқулықтың «Адам – ең жоғары құндылық» атты тақырыбында «ұят» этнографизміне тоқталған. Бұл сөзге баса назар аударғанымыз, қазақ дүниетанымында «ұят» сөзінің алар орны ерекше, бала тәрбиесінде де бұл сөздің маңызы ерекше. Оқулықта бұл сөздің мәні мен мағынасы жан-жақты ашылған. Ұяттың адам бойындағы құнды қасиет екендігі, ұғымның мәнін ашатын «Ақылың болса, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген сияқты этнографиялық арналардың бір бөлігі саналатын мақал-мәтелдерді мысалға келтіріп, этноргафизмнің мәнін ашқан. «Бала тәрбиесінде де, отбасында да осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс сақтауға тырысып келеміз» деген жолдардың да баланың санасы ұлттық құндылықтарды сіңіру үшін маңызы зор екендігі айқын.
2019 жылы «Атамұра» баспасынан тоғызыншы сыныпқа арналған оқулыққа тоқталсақ. Оқушылардың мәліметті қабылдауы, оны талдай алу қабілеті артқан сайын оқулықтарда берілетін этнолингвистикалық арналардың да бірте-бірте күрделене бастайтынын байқауымызға болады. Әрине, бұл кез-келген пәнді оқыту кезінде негізге алынылуы тиіс оңайдан қиынға қағыидасы бойынша берілген. Тоғызыншы сыныпқа арналған оқулықта фразеологизмдердің берілуі назар аудартады. «Түгін тартса, майы шығатын», «ат алып, айдар тағылған», «көздің қарашығындай» деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін мәтін арасынан майлы бояумен айшықтап көрсеткен. Этнографизмдердің мәніне тереңінен тоқталмағанымен, олардың мағынасын ашу үшін қушыларға өзіндік жұмыстар тапсырылған.