Файл: aзacтaн Pecпyбликacы Білім жнe ылым миниcтpлігі Aбaй aтындaы aзa лтты пeдaгoгикaлы yнивepcитeті Филoлoгия жнe кптілді білім бepy инcтитyты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 138
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен қатар, біз байқаған тағы бір жайт, жоғары сынып бағдарламаларындағы этнографизмдерге байланысты берілген сағат сандары төменгі сыныптарға қарағанда әлдеқайда аз. Жоғары сынып оқулықтарында жаһандық мәселелер мен өнертабыстар, тәуелсіз Қазақстаннның бүгінгі тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-әлеуметтік өміріне, өндіріс ошақтары мен мәдениеттегі жетістіктеріне байланысты бөлімдер саны артқан. Тура осы құбылысты оныншы және он бірінші сыныпқа арналған оқулықтардан да байқауға болады.
Біз жоғарыда орта мектеп оқулықтарында этнографизмдердің берілуін, оларға байланысты берілген тапсырмалар мен жаттығуларға тоқталып өттік. Ең алдымен, әдіс туралы қысқаша түсінік беріп өтсек.
Әдісті теориялық мәліметтерді іске асырудың негізгі құралы деп атасақ болады, мұғалім жүргізетін іс-әрекеттің жинақталған жүйесі, мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік күрделі ерекшелігі бар тілдік қарым-қатынас, мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдері. Әдіс – философиялық ұғым, ол – шындық өмірге жол ашу тәсілі, табиғат пен қоғам құбылыстарын білу, зерттеу тәсілдерін, оқытуды белгілі бір мақсатқа жетудің жолы. Демек, белгілі бір ғылымды зерттеу әдістерінің жиынтығы сол ғылымның әдістемесі деп аталады. Әдіс – белгілі бір ғылымның теориясын сапалы және тиімді түрде іске асыру үшін қолданылатын іс-әрекеттердің жинақталған жүйесі. Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы. Оқыту әдістерінің түрлері: мектепте оқылатын барлық пәндерге ортақ әдістер, жекеленген әдістемелердің нысаны болатын оқыту әдістері. Әдіс – көптеген белгілерді бойына жинақтаған өте күрделі нәрсе, әр әдіс жекелеген белгілердің бірі бойынша әртүрлі жіктеулердің қатарынан табылуы мүмкін. «Әдіс – білімді игертуде, игеруде оқытушы мен шәкірттің бірлескен іс-әрекеті болғандықтан, осы әрекеттің негізінде: теориялық білім алуға бағытталған әдістер жүйесі (ақпаратты-дамыту және проблемалы-ізденім әдісі), білімді жетілдіру және біліктілікті қалыптастыру бағытындағы әдістер жүйесі «репродуктивті және шығармашылық) және игерілген білімді тексеру әдістерінің жүйесі (ауызша, жазбаша, тест) деп жітеуге болады» [14, 12-б.]. Әр әдісті іске асырудың тәсілдері болады. Тәсіл – әдісті іске асырудың амалы, жолы болып табылады.
Енді осы этнографизмдерді оқыту барысында қолдануға тиімді болып келетін бірнеше педагогикалық әдіс-тәсілдермен бөліскіміз келеді.
Аудио-бейне әдісі. Тілді үйретудің бір тәсілі, бір уақытта дыбыстық және көру техникалық құралдарымен оқыту: кинофильмдер, телебағдарламалар, дыбыстық диафильмдер, бейнетаспалар, экрандық құралдар, сондай-ақ басқа да көру және тыңдау бірлігімен қабылданатын құралдар. Аудио-бейне әдісі бөгде тілді үйренуде лингвоелтанымдық бағытпен сәйкеседі, мұнда білім алушыларға үйретіліп отырған тілді тұтынушы халықтың тұрмысымен және дәстүрімен таныстырылады.
Әңгіме. Ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Қазақ тілі сабағында кеңінен қолданылады. Әңгіме мазмұны мен түрі жағынан алуан түрлі болып, жаңа материалды түсіндіру, өткенді бекіту, білімді тексеру сабақтарының бәрінде де жұмсалады. Оқыту әдісіндегә әңгіменің айырмашылығы:сұрақ-жауап негізінде әңгіме мұғалім де, оқытушылар да қатысады. Жоспарға сәйкес құрылған әңгіме уақытында оқылатын нәрсенің әр түрлі жақтары, белгілері, ерекшеліктері біртіндеп анықтала бастайды, содан соң жаттығуға немесе еске сақтауға тиісті қорытынды немесе ереже шығарылады. Әңгімелеу әдісінің артықшылығы – сыныптағы оқушылардың бәрі сабаққа белсенді қатысады, олардың әрқайсысының дайындық деңгейін жылдам анықтауға, өз жауаптарын түзеп, бағыттап отыруға, түсінбеген жерлерін түсіндіріп жіберуге мүмкіндік алады. «Әңгіме жаңа мен өткен материалдың арасын байланыстыру мақсатында сұрақ қоюдан басталып, сол арқылы бұрынғы өткенді оқушының есіне түсіруге көмектеседі, жаңа материалды оқушы қаншалық дәрежеде меңгергенін білу үшін қойылатын сұрақтармен аяқталады» [15, 42-б.].
Диалог. Ауызекі әңгімелесу пішіні, екі не одан да көп адамдардың пікір алысуы. Диалог тілі ауызекі сөйлеудегі тілдің негізін білдіретін түрі: диалог тілі көп «әшекейді» керек етпейді, оның жүйесі де қатал емес. Диалог тілінде сөйлем құруға, сөздің айтылуына көп мән берілмейді, кей уақытта нормативтік грамматикадан шектеуге, күнделікті жұмсалатын сөздерді енгізуге де болады. Сондай-ақ дауыс ырғағына көп көңіл аударылады, себебі ол барынша грамматикалық «безендіруді» толықтырады. Диалог тілі сөйлеудің ең кең тараған түрі, адамдардың түсінісу негізі, олардың арасындағы қарым-қатынас шарты, адам тілінің қажетті құралы. Диалогке қарағанда тілдің монолог түрі аз орын алады, монологқа диалог жол салады. Диалог арқылы кейіпкерлердің жан-дүниесі оның сөз саптауынан, ой толғанысынан, сейлеу өзгешелігінен көрінеді. Репродуктивті әңгімеге қарағанда, мектепте қолданылатын, сөзі мен әдістемесі бойынша жоғары сынып оқушыларын диалогті тілге жақсы үйрететін диалог-талқылау әңгімесінің орны ерекше.
«Дөңгелек үстел» әдісі. Оқу материалын терең түсіну үшін қолданатын әдістердің бірі. «Дөңгелек үстел» әдісін қолданудың негізгі шарты - талданған мәселенің қажеттілігін сезініп, сол туралы жалпы қорытындыға келу. Мектептегі «дөңгелек үстелге» басқа сынып оқушыларын, өзге мектептердің оқушыларын, тіпті шет мемлекеттердің оқушыларын, бас мамандарын шақырып, бір мәселе төңірегінде бас қосуға болады.
Кейс технологиясы. XX ғ. басында АҚШ-тың Гарвард университетінің бизнес мектебінде кейс-стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі пайда болған. Американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде кейс - стади амал-тәсілі термині алғаш рет қолданылған. Копленд 1921 жылы шыккан оқытудың нақты жағдаяттар жинағында кейс-стади амал тәсілінің қолдану жолдарын көрсеткен. Алғашқы кезде кейс амал-тәсілі бизнес мектебінде қолданылса, қазіргі уақытта бұл әдіс арқылы оқытудың аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. салаларында жемісті қолданылуда. Кейс амал-тәсілдерін қолдануда мына мәселелерге көңіл бөлінеді:
1) оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын арттыруға алдын-ала дайындалған мәтіндердің не тапсырмалардың берілуі;
2) микротоптардың басшылары мен өздерінің ойларын бөлісіп, бірге талдау оқушылар түсінбегенде басшының микросабақтар өткізуі;
3) сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;
4 ) әр топтың өзінің басшысының болуы;
5) мұғалімнің бағыт - бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Кейс амал - тәсілінде басты назар оқушылардың берілген реалды жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятты өз бетінше бағалауы т.б. шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс амал - тәсілдерін қолдануда мына мәселелерге көңіл бөлінеді:
1) оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын арттыруға алдын-ала дайындалған мәтіндердің не тапсырмалардың берілуі;
2) микротоптардың басшылары мен өздерінің ойларын бөлісіп, бірге талдау оқушылар түсінбегенде басшының микросабақтар өткізуі;
3) сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;
4) әр топтың өзінің басшысының болуы;
5) мұғалімнің бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі.
Қазақ тілін түркітілді студенттерге лингвоелтаным бағытында оқыту әдістемесі. Алғаш негізін калаушы – Қ.Қадашева. Қазақ тілін лингвоелтанымдық мәдениеттанымдық бағытта оқыту әдістемесінде құзіреттің ішкі мәдениеттанымдық қалыптасатын компоненттері мыналар: лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік- дискурстық. Қазақ тілін лингвоелтаным бағытында оқыту сабақтарын жүзеге асуы онда орындалатын жаттығуларға тікелей байланысты. Сабақ тақырыбына сай келген жаттығулардың саналылығы студенттердің білім мазмұнын игеруі мен білім алу дағдыларын меңгеруіне тірек болады. Лингвоелтаным бағытында оқытуда мәтіннің алатын орны ерекше, мәтін қазақ тілінің функциялық ерекшеліктерін анық көрсететін үлгі болып саналады. Лингвоелтаным мәтіндерінің тіл дамытушылық қасиеті жоғары болғандықтан, ол студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамыту құралы болып табылады. Қазақ еліне келіп, қазақ тілін үйреніп жатқан түрік студенті өміріндегі басты қызметі мен ерекше үдерісі лингвоелтанымдық үдеріс. Мұнда мәтіндер мазмұнындағы елтанымдық мәселелерді негіз етіп, түрік студентінің танымдық белсенділігін жетілдіру әдістері айқындалады. Тілді жеделдетіп үйретуге екі ел мәдениетінің өзара ұқсастығы көмегін тигізеді. Лингвоелтанымдық мәтін арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі өзекті жолдың бірі түрік студенттерге сөздікпен жұмыс жүргізу. Сөздік жұмыстарын орындауда түрік студенттерінің айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым әрекеттері қалыптасып, қазақша қарым-қатынас жасаудың алғашқы баспалдақтары қаланады.
Ми шабуылы әдісі. Туындаған мәселені шешу үшін белгілі бір уақыт ішінде жеткілікті ұсыныстар жинау. Ми шабуылы әдісі тілді игеруде білім алушылар арасында кездесетін психикалық кедергілерді жойып, өз білімін толық іске асыруға мүмкіндік жасайды. «Ми шабуылын» жүргізу мына кезеңдерден тұрады:
1) білім алушылардың белгіленген мәселелер туралы ойлары мен идеяларын жинақтау;
2) идеяларды «эксперт» тобының талдауы мен бағалауы.
Пікірсайыс. Оқытудың интерактив технологиясының бірі . Пікірсайыс оқушының өткен материалды пәнге толық меңгеруге, оқу мәселелерін дұрыс шешу жолында ізденуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға, қызығушылығын арттыруға түрткі болады. Сұрақ қою, оны өзі құрастыруы, фактілерге сүйене отырып жауап беруі, өз сөзімен жетік жеткізуі тақырыпты еркін меңгеруіне көмектеседі. Пікірсайыстың негізгі шарты – таңдалған тақырыптың әр түрлі көзқараста, пікірталас туғызатындай болуы. Алайда оқушыда білім қоры болмаса, бұл әдісті қолданудың ешқандай дидактикалық мәні болмайды. Пікірталас оқушының күшіне, біліміне деген сенімділігін арттырады, болашақ тіл маманына өте қажет білікті, яғни қатысымдық қабілетін дамытады, білім алуға құштарлығы мен білімді игеруге деген ынта - ықыласын тудырады. Оқу пікірталастарын ұйымдастыруда негізгі мәселелерінің бірі тілдің күрмеуі күрделі түйткілді, пікір алалығы көп тұжырымдардың іріктеліп алынуы. Алдымен пікірсайысқа даярлық жасалады, яғни мақсаты анықталады, қарастырылатын мәселелері, практикалық тапсырмалары іріктеледі, шығармашылық және түсіруге байланысты сұрақтар таңдалады. Пікірсайыс сабақтарындағы практикалық тапсырмалар теориялық мәселелерді игеруге қызмет етуі тиіс. Кез келген әрекет уаж, түрткі, мақсат, нәтижеден тұратыны белгілі. Пікірталас нәтижесі уәждемеге, яғни қызығу, танымдық қызығуға байланысты. Оқу пікірталасы – әр түрлі көзқарастағы топтардың жак болып бөлініп, өз дәлелдерін келтіре отыра айтысуы. Айтысқа түсіп отырған қарсылас екі жақтың дәлелдері арасында себеп-салдарлық, логикалық байланыс болу керек. Белгілі бір тақырыпта дұрыс пікірталас жүргізу қандай мәселенің төңірегінде болатындығын анықтап алу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кез-келген халық үшін ең басты байлық – оның тілі. Тіл – өлшенбес қазына. Тіл өз бойына қаншама дәуірлер мен замандардың көрінісін сіңіріп, сақтап алады. Тіл арқылы халықтың, ұлттық болмысын, дүниетанымын ашуға, ұғынуға, зерттеп үңілуге болады. Осындай халық тіршілігінен сыр шертетін тілдің ең құнарлы қабаттарының бірі – этнографизмдер.
Этнографизмдердің маңызы сонда, олар сонау ғасырлар бойғыжалғасқан халық тұрмысының айнасы іспетті, олар сонша сол дерек пен ақпарттарды өз бойына жинай отырып, келесі ұрпаққа жеткізе алады, этнографизмдердің бойына тұтас этностың «мені» жинақталып, сол этнос өмірінен сыр ақтарады
Дипломдық жұмысымызда осы этнографизмдердің ұлт болмысын тану процесіндегі маңызын айттық. Сонымен қатар, этнолингвистикалық арналармен танысып, оларға мысал да келтіріп өттік. Әрбір этнолингвистикалық арналардың ерекшелігін, халық тіршілігінде қолданылуын, бүгінгі күндегі маңызын да айттық. Қазіргі кезде қолданылып жүрген, дегенмен түпкі мағынасы мен мәні көнеленіп кеткен, көбімізге беймәлім кейбір этнографизмдердің когнитивтік мәніне тоқталып, олардың шығу тегін де қарастырдық. «Этнолингвистикалық этюд» ұғымымен танысып, оның қалай жазылатыны білдік. Өзіміз де осы уақытқа дейін жазылған бірнеше этнолингвисткалық этюдқа мысал келтіріп, талдау жасадық.
Дипломдық жұмысымыздың үшінші бөлімінде орта мектеп бағдарламасында этноргафизмдердің берілуіне тоқталдық. «Атамұра» баспасынан жарық көрген бесінші және он бірінші сынып аралығындағы «Қазақ тілі» оқулықтарын түгел қамтып, ондағы этнографизмдердің берілуіне назар аудардық. Әрбір сынып бойынша берілген бөлімдерді, ондағы этнографизмдердің кездесуін, оның мәнінің ашылуын және тақырып бойынша берілген тапсырмаларды да қамтып өттік. Сонымен қатар, осы этнографизмдерді оқыту барысында қолдануға тиімді педагогикалық әдістерге де тоқталып өткен болатынбыз.
Бітіру жұмысы барысында көптеген жаңа мәліметтер мен ақпараттармен танысып, оларды өз зерттеу жұмысымызда қолдана білдік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Кондрашев Н.А. История лингвистических учений: учебный пособие для студентов. –Москва, 1978. – 224 бет
2. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030». –Алматы, 1997. – 66 бет
3. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы, 1992. – 160 бет
4. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. –Орынбор, 1924. – 145 бет
5. Қайдар Ә.Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998. – 305 бет