ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 ресурс
Зерттеу сұрақтарын қою әдістері
-
Апталық (екі апталық) журнал
-
Күн сайын жұмыс күнінің соңында 10 минут уақытыңызды бөліп, күннің сұрақтары мен мәселелерін, оқушыларды оқыту бойынша және өзіңіздің оқытудағы жетістіктер мен сәтсіз шыққан тұстарын жазып алыңыз. -
Аптаның (екінші) соңында оқушыларды оқыту және өзіңіздің оқытуыңызға қатысты құнды идеялар мен тақырыптарды анықтау мақсатында жүргізілген жазбалардың барлығын оқыңыз. -
Зерттегіңіз немесе білгіңіз келетін сұрақтар жинағын анықтау үшін миға шабуыл өткізіңіз. -
Идеяларды, сұрақтарды, мәселелерді қарастырып, сұрағыңыздың бірінші жобасын жазыңыз. -
Таңдаған сұрағыңызды, проблемаңызды зерттеуге негіздеме жазыңыз. -
Сұрағыңызға ой жүгіртіңіз.
2. FINER критерийлері бар PICOT үлгісіне сәйкес зерттеу сұрағын қою үлгісі
| Мағынасы | Сұрақ |
P | Population (Аудитория) | Сіздің сұрағыңыз белгілі бір аудиторияға немесе оқу процесінің қатысушылар тобына бағытталған ба? |
I | Intervention (Араластыру) | Сіз өзіңіздің зерттеуіңізді қалай және қандай әдістер, тәсілдер,техникалар арқылы жүзеге асырасыз? |
C | Comparison (Салыстыру) | Сіз қандай басқа әдістерді, техникаларды немесе тәсілдерді қолданасыз? |
O | Outcomes (Күтілетін нәтиже) | Бұл зерттеуден нақты не күтесіз? |
T | Time (Уақытпен шектелген) | Белгілі бір уақытта нәтижеге (сұраққа жауап алу) жету мүмкін бе? |
FINERкритерийлері
| Мағынасы | Сұрақ |
F | Орындалатын | Мұғалімнің ресурстары жеткілікті ме? |
I | Қызықты | Бұл сұрақ тағы кімдерді қызықтырады? |
N | Зерттелген | Зерттеу мәселесі бұрын зерттелген бе? |
E | Дәлелдеу Этикалық | Зерттеу сұрағына қандай дәлелдер жауап береді? Зерттеу біреуге зиян тигізуі мүмкін бе? |
R | Қатынас | Зерттеу нәтижелері кімге әсер етеді? |
3. «Балмұздақ конусы» әдісі
4. Зертеу сұрағын қою
Іс-әрекет реті | Үлгі |
1. Мәселені анықтаңыз. (Оны сыншы досыңызбен талқылаңыз) | Мәселе: оқушылар тапсырманың нұсқауларын соңына дейін оқымай, оны орындауға кіріседі, бұл орындалған жұмыстың сапасын төмендетеді. |
2. Неліктен бұл мәселе туындады? («Неге» іс-шаралар жоспарының негізі болады) | Бірнеше нұсқаларды таңдаңыз: а. Таяз білім б. Уақыттың жетіспеушілігі в. Оқуға бейімділіктің болмауы. г) Төмен мотивация д) Үйде ата-ана қолдауының нашарлығы e) Оқу жылдамдығының баяу болуы Сіздің ойыңызша сәйкес келетін және ақылға қонымды уақыт ішінде аяқтауға болатын біреуін таңдаңыз. |
3. Сіз жасай алатын қадамдар туралы ми шабуылы | Бірнеше нұсқаларды таңдаңыз: а.Ата-аналарға күнделікті қоңырау шалып, үйде оқуды қадағалау жайында өтініш білдіру б. Қысқа сөйлемдерден тапсырма сұрағын құрастыру. в.Тапсырманың нұсқауларын көрсету уақытын белгілеңіз, біраз уақыттан кейін ғана тапсырманы ұсыну г. Балама нұсқауларды ұсыныңыз (графикалық, аудио...). д. Нұсқауды «бөлшек» түрінде беріңіз. Сіздің ойыңызша сәйкес келетін және ақылға қонымды уақыт ішінде аяқтауға болатын біреуін таңдаңыз. |
4. Зерттеу сұрағын жазыңыз | Тапсырмалар бойынша нұсқауларды жетілдіретін болсақ, оқушы орындайтын жұмыстың сапасын арттыруға болады ма? |