Файл: Х азіргі заман тарихы пні бойынша емтихан сратары Бірінші дниежзілік соыстан кейінгі Версаль жйесін хронологиялы тртіпте тсіндірііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 234

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мандаттық жүйе - халықаралық қамқорлықтың түрі. Мұны Осман империясынан қалған аумақтар мен герман отарларын басқару үшін Ұлттар Лигасы енгізді.

Ұлыбритання - Палестина. Транспордания. Прак, Танганьнка. Того мен Камерунның бір бөлігін; Франция - Сирия, Ливан. Того мен Танганьиканын бөліктерін: Бельгия - Руанда-Урундиді: Жапония - Маршалл. Каролин және Мариан аралдарын: Онтүстік Африка одағы бұрынғы германдық Онтүстік-Батыс Африканы басқаруға мандат алды.

 

5.Соғысаралық кезеңдегі АҚШ-ның оқшаулану саясатының мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз

АҚШ-тағы тұрақтандыру ерекшеліктері. «Просперити» кезеңі. Америка Құрама Штаттары тұрақтану дәуіріне басқа жоғары дамыған мемлекеттерден бұрын келді. Тұрақтану кезенінде әлемнің аса дамыған мемлекеттері - АҚШ, Англия, Франция, Германия жаңғыртуды жалғастыра отырып, индустриялық қоғамға аяқ басты. Ұлттық әртүрлілікке қарамастан, бұл үдерісте ортақ ұлттық табыстағы өнеркәсіптік өнімнің басымдығы, ғылым мен техникадағы жана жетістіктердің жылдам енуі, өнеркәсіптегі жаңа салалардын дамуы, дамыған және біршама тұрақты саяси жүйенің қалыптасуы, қала тұрғындары үлесінің артуы, халықтың

сауаттылығының біршама жоғары денгеші сняқты ортақ сипаттарды атап өтуге болады.

АҚШ-тың әлемдегі жағдайы соғыстан кейінгі алғашқы жылдары өзгерді. 1922 жылдан бастап елде өнеркәсіптің өркендеуі орын алды. Америка экономикасының гүлденуі туралы айтыла бастады. Бұл тұрақтандыру кезеңін Просперити (гүлдену ) кезеңі деп атады. Расында. америкалык экономика қарқынды екпінмен дамыды. АҚШ-тын экономикалык даму қарқыны әлемде ең жоғары көрсеткіштерге не болды.

«Просперити» (ағылш. Prosperity - гүлдену) - Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың ерекше экономикалық өрлеуі.

АҚШ, Еуропа елдеріне қарағанда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауқымды шығындармен байланысты экономикалық дағдарысқа ұшыраған жоқ. Керісінше соғыс Америка Құрама Штаттарын таңғаларлық ауқатты елге айналдырды. Американдық кәсіпкерлер ірі әскери тапсырыстармен пайда тауып отырды. АҚШ әлемінің қаржы орталығына айналды.

АҚШ. Еуропа елдерімен салыстырғанда, жылдам экономикалық даму үшін қолайлы жағдайда болды. Соғыс жылдары АҚШ-та адам шығыны айтарлықтай төмен болды; Еуропадан келушілер есебінен елдің зияткерлік әлеуеті күшейді. Бұл АҚШ-тың халықаралық саясатта жетекші орынға шығуымен де байланысты болды. Бұл артықшылықтар АҚШ-қа сыртқы сауда көлемін арттыруға, өткізу нарығын, шикізат көздерін және капитал салу салаларын кеңейтуге мүмкіндік берді.


Вудро Вильсонның екінші президенттік мерзімі аякталғаннан кейін, билікке республикандыктар келді. Алдымен Уоррен Гардинг (1921-1923), оның өлімінен кейін Кальвин Кулидж (1923-1929) ел басқарды. К.Кулидж президенттігі 20-жылдардың экономикалық гүлденудің өрлеген кезі еді. Көптеген американдықтар үшін жаңа

президент дамудың символы мен кепілі ретінде көрінді. Жана үкімет өзінің: «Америка ісі - бизнес» ұранын жариялады. Ол жыл сайын корпорацияларға салықты төмендетіп және ірі компанияларға мемлекеттік субсидия бере отырып, монополия табысының өсуіне жағдай жасады. «Дженерал моторс», «Крайслер», «Дженерал элек трик» сияқты және тағы басқа корпорациялар алдыңғы қатарға шықты.

Атаңдар!

K.Кулидж әкімшілігінің елдің экономикасының даму кезіндегі басты ұрандарын атаңдар.

Мемлекеттін экономикалық өмірге барынша аз араласуы және үкімет пен бизнестің тығыз ресми емес ынтымақтастығы К.Кулидж уақытының сипатты белгілері болды. Елдің саяси және экономикалық өміріне Морган, Рокфеллер, Дюпон, Меллон және т.б. қаржы олигархиясынын отбасылары катты ықпал етті. Гүлдену кезеңі жаңа ғылыми және техникалық жетістіктер негізінде дамыды. Жаңа зауыттар мен фабрикалар салынды.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның АҚШ үшін салдары. 1929 жылы әлі де гүлденіп тұрған АҚШ экономикасы бұрын болып көрмеген дағдарыс алдында тұрды. 1929 жылы 24 казанда танертен американдық бизнестің өзегі Уолл-стритте бұрын-сонды болмаған үрей басталды. Бір күннің ішінде акция бағаларының құлауының жалпы сомасы 10 млрд долларды құрады. Бес күннен кейін дағдарыс жалпымемлекетік сипат алды.

Нью-Порктегі биржаның күйреуі бүкілдүниежүзілік көлемдегі киындықтардың бастауы болды. Бұл өзінің салдары бойынша ең ауыр және ең залалды экономикалық

дағдарыс болды. Бұл дағдарыс «Ұлы дағдарыс» деген атауға не болды. «Ұлы дағдарыс» - 1930 жылдардағы дүниежүзілік тарихтағы ірі экономикалық дағдарыстың бірі.

30-жылдардағы экономикалық дағдарыс АҚШ экономикасына қатты соққы болды. Сыртқы сауда көлемі үш есе төмендеді.

Жалпыұлттық табыс 50 пайызға азайды. Экономиканың көптеген салаларындағы артық өндіру дағдарысы, тіпті ірі компаниялардың акцияларының күрт төмендеуіне алып келді. Мындаған банктер өнеркәсіптік және сауда компаниялары банкротқа ұшырады. Дағдарыс тұрғындардың барлық топтарын, жұмысшыларды, кызметкерлерді, ғалымдарды, шенеуніктерді, өнер зиялылары өкілдерін, кәсіпкерлерді қамтыды. Қызметкерлердің енбекақысы

40 пайызға. өнеркәсіптегі жұмысшылардың еңбекақысы 60 пайызға азайды. Өнеркәсіптің қысқаруы нәтижесінде жұмыссыздық кенеттен ұлғайып, 1929 жылы 25 пайызға жетті.



Алайда ұлы дағдарыс кезеңінде ең ауыр жағдай қара нәсілді америкалықтарда болды. Олар ірі қалалардағы тұрмыс деңгейі ең төмен және қылмыс денгейі ең жоғары «қара квартал» - геттода тұрды. Бұл аудандар қайыршылық. аштық.

ауру және өлімнің көп шоғырланған жері болды. Нәсілшілдік қара нәсілді тұрғындардың зәбір көруіне алып келді.

Дағдарысты жену жолындағы президент саясатының дәрменсіздігі нәтижесінде, 1932 жылы президенттік сайлауда республикалық партия жеңіліске ұшырады. Сайлауда сол уақыттағы белгілі саяси қайраткер Ф.Д.Рузвельт басқарған демократиялық партия жеңіске жетті.

Ф.Д.Рузвельттің «Жаңа бағыты», алғашқы іс-шаралар. 1933 жылы АҚШ билігіне

демократиялық партияның кандидаты, президент Франклин Рузвельт келді. Ф.Рузвель президент болып сайланбас бұрын, 1928 жылдан бастап Нью-Порк штатының губернаторы болды және кедейлерге мемлекеттік көмек көрсету сияқты баламасы жоқ бағдарламасын жүзеге асырды.

Дағдарыстан шығу және әлеуметтік шиеленісті жұмсарту үшін, ол америка халқына кейінірек «Жаңа бағыт» деп аталып кеткен саясатын ұсынды. 1933-1941 жылдары президент Ф.Рузвельттің бұл саясаты америкалық қоғамдағы терен реформалардың бастамасы болды.

Изоляционизм саясаты. Ұлы депрессия АҚШ-тың континенттегі елдермен ортақ мүддесі жоқ деп жариялаған изоляционизм

жақтаушыларының позицияларын күшейтті. 1935 жылы Конгресс «Бейтараптылық туралы заң» қабылдады. Оған сәйкес АҚШ қандай да бір саяси блокқа кірмеуге міндеттелді.

АҚШ Конгресі қабылданған занның Латын Америкасы елдеріне жүрмейтіндігін ескерте отырып. мемлекетті изоляционизм саясатына кайтарды.

АҚШ-тың жаһандық саясаттан шеттеуі, экономикалық дағдарыс кезеңіндегі экономиканың тұрақтануында маңызды рөл атқаратын қажеттілік болды. Алайда изоляционизм нацистік Германия айналасында қауіпсіздік аймағын құруға кедергі болды. Тек президент Ф.Рузвельт сияқты кейбір саяси қайраткерлер Италия мен Германияның басталып келе жатқан басқыншылық қаупін түсінді.

Соғыс аралығы кезеңінде, АҚШ-тың сыртқы саясатының басты мақсаты - оның дүниежүзілік аренада экономикалық және әскери-стратегиялык позициясын күшейтуге ұмтылуы болды. Бұл сыртқы нарықтар үшін күреспен негізделді. Америкалық ірі компаннялар халықаралық міндеттерден бас тарту, халықаралық дау-жанжалды реттеу бойынша ұжымдық күш салудан бұлтаруды көздеген экономикалық национализм саясатын жүргізуге мүдделі болды. Алайда Германия мен Жапониянын басқыншылық саясаты дүниежүзілік нарық пен өнеркәсібі дамыған көптеген мемлекеттерге бақылау орнату арқылы АҚШ-тың әл-ауқатының артуына қауіп төндірді.

6. Вашингтон конференциясының шақырылуын негіздеңіз

Вашингтон конференциясы. Еуропадағы даулы мәселелерді шешкеннен кейін Қиыр Шығыстағы державалар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу қажеттілігі туды. Сондықтан 1921-1922 жылдары Вашингтон бейбіт конференциясы өтті. Бірінші дүннежүзілік соғыстан кейін Қиыр Шығыс пен Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық жағдай өзгерді. Соғысқа іс жүзінде қатыспаған Жапония қарсыластарының еуропалық ұрыста екендіктерін пайдаланып Тынық мұхиты мен Қиыр Шығыстағы позицияларын нығайтты. Бұл аймактағы Жапон экспансиясы ұлы державалардың қарсылығын тудырды.

Вашингтон конферешиясының максаты соғыстан кейінгі кезенде Тынык мұхитында орналаскан мемлекеттерде күштер арақатынасын кайта қарау мен теңіз қаруларын кысқарту болды. 1921 жылы 12 карашада ашылған конференцияның катысушылары даулы мәселелерді шешуге мүдделі: АҚШ. Ұлыбритания, Жапония, Франция. Италия, Бельгия, Голландия, Португалия және Қытай мемлекеттері болды.

Конференция барысында үш келісімшарт бекітілді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Жапония өкілдері «Төрт держава трактатына» қол қойды. Ол бұлардың Тынық мұхиты алабындағы аралдық иеліктеріне кепілдік беріп. Тынық мұхитындағы ұлы державалар мүдделеріне тұрақтандырушылык әсер етті. Келісімшарт АҚШ позицияларын нығайтты: оған кол коюмен 1902-1921 жылдары ағылшын-жапон келісімшартының күші жойылды.

«Бес держава трактатына» АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франшия мен Италия қол қойды. Ол теніздік қарулануды қыскарту жайлы болды. Олардың арасында флот мөлшерінің қатынасы: АҚШ (5); Англия (5); Жапония (3); Франция (1,75); Италия (1,75) болып орнатылды. Кемелердің басқа кластары үшін, соның ішінде сүнгуір қайықтарға шектеу қойылмады. Келісімшарт Тынық мұхптында 110-мерпдианнан Шығысқа қарай жаңа әскери-теңіз базаларын жасауға және жағалау күзетін күшейтуге тыйым салды; АҚШ, Канада, Аляска, Аустралия, Жаңа Зеландия, Гавай аралдарына жакын орналасқан аралдар үшін бұл ереже жүрмеді. АҚШ пен Англия Жапониядан 5 мың километр кем қашықтықта әскери-теңіз базаларын аша алмады. Бұл Жапоння үшін ірі стратегиялық жеңіс болды. Жалпы, бес держава келісімшарты жаһандык денгейде әскери-теңіз тепе-тендігін бекітті.

«Тогыз держава трактаты»-на конференцияның барлық қатысушылары қол қойды. Ол Қытайдың егемендік пен аумақтық тұтастығы қағидасын жариялады. Келісімшартта «Қытай аумағындағы барлық ұлттар» үшін сауда мен өнеркәсіп саласында «ашық есік» және «тең мүмкіндіктер» қағидаларын сактау міндеттілігі жазылды. Келісімшарт Қытайға мықты державалардың тарапынан тонау мен тәуелді ету қаупін төндірді.


Вашингтон конференциясының шешімдері 1919 жылғы Версаль келісімшартын толықтырып, державалардың, әсіресе АҚШ-тың Қпыр Шығыс пен Тынық мұхитында күштер тепе-тендігін жаңадан құруға талпынысы болды.

Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен осалдығы. Версаль мен Вашингтонда қол қойылған келісімшарттардың жиынтығы Версаль-Вашингтон жүйесі деп аталды. Жалпы. Версаль-Вашингтон жүйесі соғыстан кейінгі бейбіт реттеу үдерісін аяқтады және халықаралық қатынастар жүйесінің уақытша тұрақтануының шарттарын жасады. Соған қарамастан бұл жүйенің ішкі қарама-қайшылықтарынын мол болуы себебінен, ол халықаралық қатынастардағы даулы мәселелер мен қайшылықтарды толық шеше алмады. Жаңа еуропалық мемлекеттердің шегаралары сол аумақтағы халықтардың көзқарасын елеместен анықталды.

Германия, Венгрия, Болгариянын айырылып қалған жерлерін қайтару ішкі және сыртқы саясаттын ең басты мәселелеріне айналды. Соғыс барысында Антанта лагеріне өткен Италия женген мемлекеттер катарында болса да Париж конференциясында оның мүдделері қарастырылмады. АҚШ-тын халықаралық аренадағы рөлі күшейді, Жапонияның Қиыр Шығыстағы ыкпалы өсті. Осылайша жаңа даулар мен жанжалдардың негізі қаланды.
7. ПАРИЖ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДАҒЫ ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ (АҚШ, ҰЛЫБРИТАНИЯ, ФРАНЦИЯ, ИТАЛИЯ, ЖАПОНИЯ) САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫН БЕРІҢІЗ

 Өздеріңіз білетіндей, Версаль бейбітшілік конференциясындағы негізгі мәселелерді "ондық кеңес" және "төрттік кеңес"деп аталатындар шешкен. "Ондық кеңес" конференцияда жалпы мүдделері бар бес ұлы державаның премьер-министрлері мен сыртқы істер министрлерінен тұрды. Олар: АҚШ-тан-президент Уилсон, Англиядан-Премьер-министр Ллойд Джордж, Франциядан-Премьер-Министр клеменсо, Италиядан-Орландо премьер министрі, Жапониядан барон Макино. Конференцияның қалған өкілетті делегаттары конференцияның пленарлық отырыстарына ғана қатысты, оның жұмысының жарты жылдығында небәрі жеті адам болды. Осының бәріне қарамастан, Италия ресми түрде жеңімпаздардың қатарында болғанымен, жеңілістен кейін капаретто келіссөздерде белсенді позицияға ие бола алмады, ал Жапония өзініңмүдделерінің тар шеңберіне ие болды, негізінен екіншіРейхтің отаршылдық мұрасын бөлуге байланысты. Сондықтан өтемақы және Германиямен бейбітшілік орнату мәселесінде үш елдің - Ұлыбритания, Франция және АҚШ тың ұстанымдары басты рөл атқарды.