Файл: Бекітемін Директорды оу трбие ісі жніндегі орынбасары марова А. Б.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 96

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


13. Түбір қисықтығы, қасиеті.

14. Жоғарғы фронтальды тістердің түбірлері туралы түсінік.

15. Төменгі фронтальды тістердің түбірлері туралы түсінік.

16. Жоғарғы азу тістердің түбірлері туралы түсінік.

17. Төменгі азу тістердің түбірлері туралы түсінік.

18. Апроксимальды, дистальды, медиальды, вестибулярлы, оральды беттерін атаңыз.

19. Модельдеу барысында болатын қателіктер.

20. Модельдеу барысында болатын қателіктерді түзету.

21. Бюгельді және құймалы балауыздар туралы түсіндіріп беріңіз.

22. Модельдеуші және базисті балауыз туралы түсіндіріп беріңіз.

23. Модельдеу туралы түсінік.

24. Тістеу қырын модельдеу ерекшеліктері.

25. Шайнау бетін модельдеу ерекшеліктері.

26. Жоғарғы жақ азу тістердің шайнау төмпешіктері.

27. Төменгі жақ азу тістердің шайнау төмпешіктері.

28. Ғаныш пен балауыздың қасиеттері, өзара әрекеттесуі.

29. Балауыз туралы жалпы түсінік, негізгі қасиеті, қолданылуы.

30. Ғаныш туралы жалпы түсінік, негізгі қасиеті, қолданылуы.



    1. Силлабус бойынша глоссарий:


Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде жыл сайын білімгердің оқу жылына дербес жасаған құжаты, ол жазылған оқу пәндерінің тізбесін және кредиттер немесе академиялық сағаттар санын қамтиды; жеке оқу жоспары нақты білімгердің білім траекториясын көрсетеді.

Қорытынды бақылау-оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау кезеңінде оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру. Өткізу түрі емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.

Кейс -1. Білімгерге өз бетінше жұмыс істеу үшін берілетін әр текті тасымалдағыштардағы оқу материалдарының жиынтығы (баспа, аудио-, бейне-, электронды материалдар). 2. Өзіндік талдау үшін білімгерге ұсынылатын нақты тәжірибелік жағдайдың сипаттамасы.

Кейстік технология-қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға және оларды өз бетінше оқыту үшін білімгерге таратуға негізделген технология.

Контент (ақпараттық толтыру) - мәтіндер, графика, мультимедиа және сайттың басқа да ақпараттық маңызды толтырылуы.

Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. Бір кредит оқу жылы бойы бір апта бойы білім алушының аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық сабақтардың әрбір академиялық сағаты міндетті түрде білім алушының өзіндік жұмысының 2 сағатымен (СӨЖ) болады..


Оқытудың кредиттік жүйесі-оқу үрдісін регламенттеу және кредит түрінде білім көлемін есепке алу аясында білім траекториясын таңдау, дараландыру негізінде білімді өздігінен білім алу, шығармашылық меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Пререквизиттер - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажетті пәндер, дағдылар мен білімдер жиынтығы.

Постреквизиттер – меңгерілген білімді пайдалана алатын пәндер тізімі.

Рейтингтік баға - әр тоқсан немесе жарты жылдықтың соңында, кредиттер санына қарай жылына 2-4 рет қойылатын білімгерлердің оқу жетістіктерін бағалау.

Аралық бақылау-бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру.

Аралық бақылауды өткізу нысандары жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу немесе коллоквиумды ауызша тыңдау , конференцияға қатысу болып табылады.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)-оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, жобалар және есептер түрінде бақыланатын, өз бетінше оқуға бөлінген тақырыптар тізімі бойынша білімгердің жұмысы.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – бұл сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының басшылығымен сыныптағы білімгердің жұмысы.Оқытушымерзімді өткізу формаларын пәннің әдістемесінен, оның ерекшеліктері мен зерттеу мақсаттарын анықтайды. Бұл практикумдар, семинарлар, есептерді шешу, тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттарды қорғау, шығарма жазу, жобаларды таныстыру, конференциялар мен т. б. болуы мүмкін.

Силлабус-пәннің оқу бағдарламасы, оған оның сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері, қысқаша мазмұны, әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы, өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар, кеңес беру уақыты, оқытушы талаптары, білімгердің жетістіктерін бағалау критерийлері, аралық және қорытынды бақылау сұрақтары және әдебиеттер тізімі кіреді.

Ағымдағы бақылау ауызша, жазбаша, аралас сауалнамалардан, үй тапсырмаларын, тестілерді қорғау мен таныстырудан, пікірталастарға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге қатысуды бағалаудан тұрады.

Тьютор-оқу сабақтарын жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша оқушының кеңесшісі ретінде әрекет ететін оқытушы.



Форум-пікір алмасуға арналған веб-бет, онда белгілі бір тақырып бойынша хабарламалар және оларға түсініктемелер орналастырылады. Форум-бұл сайттағы қарым-қатынас құралы.

2.16. Пән/модуль бойынша глоссарий:

Аброзив- ірі немесе ұсақ дәндерден тұратын өте қатты табиғи немесе синтетикалық тұрғыда алынатын материал.

Адгезив- заттардың өзара жабысуын қамтамасыз ететін арнайы материалды атаймыз.

Альгинат- теңіз балдырларынан алынатын, қасиеті бойынша жұмсақ, серпімді химиялық материал.

Афинаж- басқа металдардан алтынды бөліп алу үшін жасалатын процесс.

Балауыз- табиғи, жасанды жолмен алынатын қоймалжың зат.Балқу температурасы 30-60 градус арасында. Қатты күйден сұйық күйге, сұйық күйден қатты күйге тез ауысады.

Бура- металдың қыздыру барысында, бетіндегі оттегіні алатын химиялық ұнтақ.

Ғаныш- минерал, шикізат ретінде алынып үгітіледі. Ұнтақты қайта сумен араластырса кез-келген пішін алуға болады. Қасиеттері ежелден белгілі.

Дәнекер- екі металл бөлшектерін өзара байланыстыратын арнайы металл қоспасынан тұратын қорытпаны айтамыз.

Қалыптық масса- адамның тісінің немесе жағының өлшемін айнытпай алуға арналған табиғи немесе синтетикалық материал.

Қорытпа- бірнеше металдың қосындысынан тұратын, өзара әрекеттесіп, бір-бірінің қасиетін күшейтетін қоспаны айтамыз.

Қышқыл- металдың бетіндегі кез-келген майды, артық заттарды ерітетін химиялық формуласы әртүрлі болатын ерітінді.

Металл- табиғи шикізат ретінде алынатын молекулалары өте тығыз орналасқан және балқу температурасы жоғары болатын зат.

Пластмасса- құрамы мономер мен полимерден тұратын және өзара байланысатын синтетикалық зат.

Полимеризация- пластмассаның дайындалу барысында өзара әрекеттесіп, белгілі бір уақыт аралығында дайын болуын айтамыз.

Силикон- медицинада жиі қолданылатын, эластикалық, серпімді материал.

Ситал- негізі шыныдан құралған тіс протездеріне қолданылатын арнайы жасалып шығатын материал.

Тез балқитын металл- 63-120 градус арасындағы қатты күйден сұйық күйге ауысатын металды айтамыз.

Фарфор- негізі топырақтан алынатын, өңделген, артық заттардан тазаланған және қыздыру барысында кеуіп, мықты болатын зат.


Шпатель- тіс технигінің негізгі құралы. Көбіне балауызбен жұмыс істегенде қолданылады.