Файл: Дипломалды тжірибе бойынша есеп білім беру бадарламасы шін 6В01901 Дефектология.docx
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 118
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
“М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан
Университеті” ҚЕАҚ Педагогикалық факультет
«Арнайы және әлеуметтік педагогика»
Дипломалды тәжірибе бойынша
ЕСЕП
Білім беру бағдарламасы үшін: 6В01901 «Дефектология»
Студент: Айтмағанбет Карина Азаматқызы, Дф-19к тобы
Тәжірибе базасының жетекшісі: Мурзахметова Қ.М.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дан бекітілген жетекшісі:
Дюсенбаева Б.А.
Петропавл 2023 ж
Мазмұны
-
Тәжірибе бойынша қойылған конференцияға қатысу .
Студенттердің ұйымдар мен мекемелер бойынша тәжірибеге бөлінумен танысу. Тәжірибеден өту кезіндегі студендентердің құқықтары мен міндеттерін меңгеру.....................................................................................3
2.Мұғалімнің көмекшісі қызметің атқару. Мұғалімнің күнтізбелік жоспарына сәйкес кесте бойынша конспект құрастыру және сабақ өткізу. Мұғаліммен бірге сабақ талдау....................................................................4
3.Логопедпен бірге жұмысты жалғастыру және логопедиялық сабақ
өткізу.............................................................................................................21
4.Бітіруші сынып оқушыларымен оқу іс-шараларын және кәсіптік бағдар беру мазмұны бойынша іс-шаралар өткізу.................................................24
5.Тәжірибенің тиімділігін өзін-өзі бағалау: тәжірибеде алынған нәтижелерді қорытындылау. Есеп беру құжаттамасын дайындаңыз..............................28
-
Тәжірибе бойынша қойылған конференцияға қатысу .
Студенттердің ұйымдар мен мекемелер бойынша тәжірибеге бөлінумен танысу. Тәжірибеден өту кезіндегі студендентердің құқықтары мен міндеттерін меңгеру.
Мен Айтмағанбет Карина М.Қозыбаев атындағы Университетің жіберуі бойынша Сафуан Шаймерденов атындағы классикалық гимназия мектебінің 03.04.2023-06.04.2023жж аралығында логопедиялық кабинетінде тәжірибені өттім. Логопедиялық кабинетпен танысу барысында, кабинет қажетті оқу құралдармен қамтамассыз етілген. Кабинетте оқушылардың санына сәйкес парталар, логопед мұғалімінің үстел, сынып тақтасы, қабырғада орналасқал үлкен айна , қосымша кішкентай айналар, дыбыстық карточкалар, түрлі тілдік ойындар. Әңгімелеуді үйретуге арналған материал:балалар әдебиеті, дыбыстар мен грамматикалық категорияларды қайталауға бекітуге арналған материал,тақырыптық және сюжеттік суреттер, суреттер сериясы. Логопедиялық кабинет қарапайым түрде безендірілген.
Тәжірибеден өту кезіндегі студендентердің құқықтары мен міндеттерін меңгеру.
Студент практикадан өту кезінде міндетті:
– жеке тапсырмада қарастырылған бағдарлама мен жұмысты толық орындау; – қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін және қолданыстағы ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;
– белгіленген нысан бойынша күнделік жүргізу және практикадан өту туралы есепте жазбалар жүргізу, кәсіпорыннан практика жетекшісінің сипаттамасын алу;
– практика бағдарламаларында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін орындау, ол үшін практикадан өтудің жеке күнтізбелік жоспары жасалады;
– кәсіпорындарда практикадан өту мерзімін қатаң сақтау, сонымен қатар өзімен бірге күнделік, жолдама, онда көрсетілген мекенжай бойынша университетке жолданатын үзбелі талон болуы тиіс;
– бір апта мерзімде практика бойынша күнделікпен және жолдамамен бірге, қолымен және мөрімен куәландырылған есепті өз басшысына тапсыру;
– кафедрада практика туралы есепті дайындау және қорғау.
2. Мұғалімнің көмекшісі қызметің атқару. Мұғалімнің күнтізбелік жоспарына сәйкес кесте бойынша конспект құрастыру және сабақ өткізу. Мұғаліммен бірге сабақ талдау.
Тәжірибе барысында мұғалімнің көмекшісі қызметің атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, олармен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Жалпы тәрбие жұмысын өткіздім. Сабақтар барысында логопедиялық әдістерді пайдаланып, дыбыстардың артикуляциясын анықтадым. Дыбыстарды жеке және буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуын қадағаладым. Жетекшіміздің бағыт-бағдарына сәйкес өзімізге пән бойынша түрлі мағлұматтарды жинақтап, оның білім, біліктілік және дағды секілді құрылымдарымен таныстық. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармады. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым.Сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдануды үйрендім.
Практикада үйренгенім, алынған жаңа білімім тек жұмыс барысында алынған белгілі бір дағдыларды игеруге көмектеседі деп ойлаймын. Оқу практикасының нәтижелері бойынша мен әрі қарай өзіндік жұмыстарға және алған білім мен дағдыларды практикада қолдануға қаншалықты дайын екенімізді анықтай аламын.
Дислалия тобына арналған тақырыптық – күнтізбелік жұмыс жоспары
Логопедиялық ұйымдастырылған оқу қызметі.
2 | «Р» дыбысын айтуға дайындық. | Тіл ұшы жоғары көтеріледі, тіл мен таңдай арасында ауа толқыны пайда болып, діріл арқылы дыбыс шығады. Арыстан мен қасқыр ырылдайды:Ыр...р...р...р...р. | Айна, «Р» дыбысының артикуляциялық бейнесі. | 03.04 |
3 | «Р» дыбысын қою. | Тіл ұшы жоғары көтеріледі, тіл мен таңдай арасында ауа толқыны пайда болып, діріл арқылы дыбыс шығады. Арыстан мен қасқыр ырылдайды: Ыр...р...р...р...р. | Айна, «Р» дыбысының артикуляциялық бейнесі. | 04.04 05.04 |
4 | «Р» дыбысын буында машықтандыру. | Ра – ро – ру, Ар – ор – ур, Ра – ра – ро, Ру - ру- ра, ро – ро – ру, ро – ро – ра. | Айна, Буындар қатары. | 10.04 12.04 17.04 19.04 24.04 |
1 | «Р» дыбысын сөзде және сөз тіркесінде машықтандыру. | Сөздер: радио, ракета, зымыран, торғай, қар, жануар, алмұрт, ертегі, дастархан. Сөз тіркестері: жаңа радио, үлкен ракета, кішкентай ала торғай, піскен алмұрт, өте қызықты ертегі,т.б. Домбыра мен балалайка суреттерін бояу. Ұлттар арсындағы достық пен сыйластық жайлы әңгімелеу. | Айна, Оқулық, суреттер. Домбыра мен балалайка суреттері. | 25.04 26.04 |
2 | «Р» дыбысын сөйлемде машықтандыру. | Жаңылтпаштар, тақпақтар.Логоритмика. Көгершін құсының суретін бояу. | Айна, Оқулық суреттер. Көгершін құсының суреті. | 02.04 03.04 06.05 |
Сабақтың тақырыбы: [Р] дыбысы
Сабақтың мақсаты: Артикуляциялық және есту аппаратын [Р]
дыбысын қоюға дайындау.
Дамытушылық: Зейінін, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын, байланыстырып сөйлеу тілін, фонематикалық қабылдауын дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Түзетушілік: Ауыз арқылы бір келкі дем шығаруға үйрету.
Тәрбиешілік: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: заттық суреттер, зондтар, сюжетті суреттер, спирт, мақта
Жаңа сөздер: абдан, шөжік, түлкішік.
Сабақ барысы:
- Бүгін аптаның қай күні? Сабағымыз қызықты өту үшін, сен мұқият болуың керек.
ІІ. Мақсатын баяндау:
-Бүгін біз жабайы аңдардың берген тапсырмаларын орындаймыз. Кәне , оларды атап шығайықшы: қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс, түлкі. Аңдар бізге артикуляциялық жаттығуларды орындаңдар дейді.
ІІІ.Артикуляциялық жаттығуларды орындамас бұрын Р дыбысыны кескінімен танысайық.
-Логопед баланы Р- суретінің кескінімен таныстырады.
Ал енді тілімізді жазалайық.
«Алтыбақан»
«Сылақшы»
«Тісті тазалау»
«Ат шабады»
ІҮ. Тыныс алу жаттығуы.
Ү.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.
- Қазір мен аңдардың патшасы - арыстанның әнін айтамын. Ал сен «ррррррррррр» деген оның ақырған даусын естісең қолыңды көтер: рррр, мммм, шшшшш, аааааа, сссссс, ррррр, иииииии, еееее, рррррр.
ҮІІ. Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма.
Р дыбысы бар суреттерді іріктеп алып, ата.( тарақ, ара, күрек, барабан, шар )
ҮІІІ. Саусақ жаттығуы.
ІХ. Дидактикалық ойын: «Төлін ата»
Қасқыр - бөлтірік, қоян - көжек, аю – қонжық, түлкі - түлкішік.
Сұрақтарға жауап бер:
Бөлтірік ненің төлі? Көжек ненің төлі? Түлкі ненің енесі?
Р дыбысын буындарда дұрыс айту.
Ра – ра- ра Ро – ро – ро Ру – ру – ру Ри – ри – ри
ХІҮ. Сабақты қорытындылау.
-Бүгін қай дыбыс бойынша жұмыс жүргіздік?
-Баланы марапаттау.
Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысын қою»
Сабақтың мақсаты:
1. Жоспар: 1. Ұйымдастыру бөлімі 2. Сабақтың тақырыбы 3. Артикуляциялық жаттығулар 4. Р дыбысын қою 5. «Р» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын орындау. 6. Фонематикалық анализдерді дамыту 7. Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде бекіту 8. Сабақтың қорытындысы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі Логопед мұғалім ракетаның суретін көрсетеді.
2. Сабақтың тақырыбы - Бүгін біз Р дыбысын естіп, дыбыстап және оны сөйлемде табуды үйренеміз. 3. Артикуляциялық жаттығулар «Күрекше», «Кесе», «Тоқылдақ», «Ат шауып келеді» артикуляциялық
жаттығуларды орындау.
4. «Р» дыбысын қою Логопед мұғалім дыбысты қою үшін үш тәсілді қолданады. 1.(Еліктеу ) - Ит сияқты ырылдау ( РРРРРРРРРРР) 2.(Айнаға қарап қайталау) - Аузымызды ашып тілді үстіңгі таңдайға қойып д-д-д-д деп айту. 3.(ж дыбысы арқылы шығару) - Логопед мұғалім: Тілімізді үстіңгі таңдайға қойып, Ж деп дыбыстаймыз. Р деп естіледі.
5. Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу.
«Р» дыбысы дұрыс шығуы үшін «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз.
-ерін аздап дөңгеленіп тұрады.
-жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.
-тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.
-тіл мен таңдай арасында ауа толқын еркін өтеді.
-тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.
-жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаны мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.
-дауыс шымылдықтары қатайып бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
-ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.
6. Фонематикалық анализдерді дамыту Логопед мұғалім: Мен қазір сөйлемдерді айтамын, ал сен Р дыбысын естіген кезде шапалақ ұр. Жарайма? Логопед мұғалім сөздерді айтады қара, сабын, кеме, қыран, арпа, парта т. б. Ал бала Р дыбысын естіген кезде шапалақтайды.
- Мына суреттерге қарашы Р дыбысы болса таңдап ал. Бала суреттерді қарайды. Кілем, ракета, доп, робот, алма, қар, ара