Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындаы Еуразия лтты университеті кеа Экономикалы факультет.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1) Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысады;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық одақтың комиссиясына кеден баждарының сомалары жөнінде ақпарат дайындайды және жібереді;
3) зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
4) зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімінің нысандарын және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
5) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асырады;
6) салық және кеден заңнамасында көзделген нысандар мен өзге де құжаттарды әзірлейді;
7) ұсталған тауарларды өткізу, пайдалану немесе жою, ұсталған тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстар, ұсталған тауарларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстар, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомасын қайтару қағидаларын әзірлейді;
8) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін мемлекеттік кірістер органдары ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін әзірлейді;
9) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын әзірлейді;
10) транзиттік декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен өткізу кезінде оны пайдалану тәртібін әзірлейді;
11) тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалану қағидаларын әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерінің тәртібін әзірлейді;
13) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамының кеден декларациясын толтыру қағидаларын әзірлейді;
14) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкетілгеннен кейін әкелуін растау қағидаларын әзірлейді;
15) құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
16) теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдау үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты кеден органының талабы бойынша ұсынудың қағидаларын әзірлейді;
17) қос дәліз жүйесі қолданылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары тізбесін, сондай-ақ осындай Тізбені құрастыру қағидаларын әзірлейді;
18) тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді қабылдағаны туралы тұлғаның өтініші нысанын әзірлейді;
19) тауарды сыныптау туралы шешімдерді қабылдау қағидалары мен шешімнің нысанын әзірлейді;
20) тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын, сондай–ақ тауардың шығарылған жері алдын ала шешімдерді қабылдағаны туралы тұлғаның өтініші нысанын әзірлейді;
21) консультация өткізу қағидаларын әзірлейді және мерзімдерін бекітеді;
22) аванс төлемдерін енгізудің қағидаларын және нысандарын әзірлейді;
23) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдау туралы өтініштің нысандарын әзірлейді;
24) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініштің нысандарын және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын әзірлейді;
25) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешімдер беру қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
1.2. Комитеттің тарихы.
Кесте 1
Құрылған мерзімінен бастап, қазіргі күнге дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің атауының өзгерісі көрсетілген.
ОРГАННЫҢ АТАУЫ: | Құрылған мерзімі: | ОРГАННЫҢ ТҮРІ: | ||
Мемлекеттік Салық комитеті | 14.09.1996 | 12.10.1998 | Салық қызметі органы | |
Мемлекеттік кіріс министрлігі | 12.10.1998 | 09.10.2002 | Мемлекеттік кірістер органы | |
ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті | 09.10.2002 | 15.08.2014 | Салық қызметі органы | |
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті | 15.08.2014 | Қазіргі күнге дейін | Мемлекеттік кірістер органы | |
Ескерту - автор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша құрастырған |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 933 қаулысымен құрылды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 973 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің штат санының лимиттері бекітілді. ҚР ҚМ МКК құрылымы мен штат саны 15288 бірлік болып белгіленді, оның ішінде: орталық аппарат-821 бірлік; Кинологиялық орталық-40, оқу-әдістемелік орталық - 35, аумақтық органдар-14467.
Ең алғаш ҚР ҚМ МКК 7 департаменттен тұрды:
- Әдіснама департаменті;
- Бақылау департаменті.
- Кедендік ресімдеу департаменті.
- Кедендік бақылау департаменті.
- Сотқа дейінгі тергеу департаменті
- Жедел-іздестіру қызметі департаменті
- Даму және жаңғырту департаменті.
8 дербес басқармадан:
- Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
- Мамандандырылған басқару.
- Берешекпен жұмыс жөніндегі басқарма.
- Заң басқармасы.
- Адам ресурстарын басқару.
- Ішкі қауіпсіздік басқармасы
- Ақпаратты қорғау басқармасы
- Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы
1.3. Соңғы 3 жылдағы ҚР ҚМ МКК-нің құрылымдық өзгерістері және кадр тұрақсыздығы мәселесі.
Есептің соңындағы қосымшаларда 2020, 2021 және 2022 жылдардағы комитеттің құрылымы көрсетілген.
2020 жылғы кесте бойынша:
10 департамент:
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті. -
Аудит департаменті. -
Әдіснама департаменті. -
Бақылау департаменті. -
Ірі салық төлеушілер департаменті. -
Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті. -
Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті. -
Ақпараттық технологиялар департаменті. -
Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті. -
Әкімшілендіру департаменті.
Және 48 басқарма құрамына кіреді.
2021 жылғы кесте бойынша:
10 департамент;
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті. -
Аудит департаменті. -
Әдіснама департаменті. -
Бақылау департаменті. -
Ірі салық төлеушілер департаменті. -
Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті. -
Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті. -
Ақпараттық технологиялар департаменті. -
Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті. -
Әкімшілендіру департаменті.
Және 49 басқарма құрамына кіреді ("Электрондық декларациялау орталығы" басқармасы жаңадан ашылды).
2022 жылғы кесте бойынша:
13 департамент:
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті. -
Аудит департаменті. -
Әдіснама департаменті. -
Бақылау департаменті. -
Ірі салық төлеушілер департаменті. -
Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті. -
Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті. -
Ақпараттық технологиялар департаменті. -
Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті. -
Әкімшілендіру департаменті. -
Цифрландыру департаменті. -
Мамандандырылған департамент. -
Техникалық инфрақұрылымды дамыту және қаржылық қамтамасыз ету департаменті.
Және 49 басқарма құрамында жұмыс атқарады.
Кесте 5
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің штат санын анықтау, адам
| Штат саны | Өзгерісі |
2020 жыл | 694 | 51 |
2021 жыл | 787 | 93 |
2022 жыл | 708 | -79 |
Ескерту- автор 2-4 қосымшалар арқылы құрастырған |
Кестеде көріп отырғанымыздай, 2022 жылы 79 мемлекет қызметкерлері жұмыс орындарын босатқан, ал 2020-2021 жылдарда қызметкерлердің оң серпіні көрініп тұр. Бұл көрсеткіштер комитетте кадр тұрақтылығын көрсетеді.
Ендігі кезекте Комитет төрағасы жайлы талқыласақ, комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға Комитетке басшылықты жүзеге асырады. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Комитет Төрағасының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының, мамандандырылған мемлекеттік мекеме басшыларының міндетін және өкілеттігін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:
-
Комитеттің жұмыскерлерін; -
облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының орынбасарларын; -
мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің басшыларын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекітеді;
5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іссапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Төраға орынбасарларына, Комитеттің жұмыскерлеріне, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларына, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері басшыларына үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық актілеріне қол қояды;
8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
10) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитеттің Төрағасы жоқ болған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Кесте 6
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2018-2022 жылдар арасындағы төрағалары.
II «Персоналмен жұмыс басқармасының» негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері