Файл: Орта таырып Блімше Саяхат блімше Туризм Педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ортақ тақырып: Бөлімше: | Саяхат 2.4. бөлімше Туризм | |
Педагогтің аты-жөні: | Конаккалиева А.Н | |
Күні: | 02.02.2023 ж | |
Сынып: 1 б | Қатысушылар саны: 18 | Қатыспағандар саны:2 |
Сабақтың тақырыбы | Адамдар саяхатқа не үшін шығады? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
| |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
|
|
Кейбір оқушылар:
| ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы 10 минут | Жұмысқа оң психологиялық көңіл күй қалыптастыру. | | | | |
| Мұғалім: – Балалар, бір- бірлеріңе қарап, өздеріңе және барлық адамдарға іштеріңнен (ойша) денсаулық, тыныштық және жақсылық тілеңдер. Қолдарыңды жүрек тұстарыңа қойып, менің артымнан қайт алаңдар: | Бір-біріне қарап, өздеріне және барлық адамдарға іштерінен (ойша) денсаулық, тыныштық және жақсылық тілейді. Қолдарын жүрек тұстарына қойып, мұғаліммен бірге қайталайды. | ҚБ. Әңгімелеуді «Қол шапалақтау» тәсілінің көмегімен бағалау. | ||
| | | | ||
| Мақсаттық тұжырымдау Мұғалім: Жаз келді жадырап, Ойын-сауық құратын. | | |
| Далаларға, тауларға Саяхатқа шығатын. Саяхаттап келеміз, Туған жердің төрінде. Көкке жетіп төбеміз, Ән келеді көңілге. Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не туралы айтатын боламыз? Сабақты оқушылар бірлестігі бойынша жұмыстың екі нұсқасының бірін пайдалану арқылы жалғастыруға болады: 1-нұсқа. «Оқушы дәптеріндегі» А1-2 тапсырмаларын орындаймыз.
Оның жұмысын көріп, баға бер. 2-нұсқа. Мұғалім: – «Туризм» сөзін естіген кезде сендердің естеріңе не түседі? («Ассоциативті бұта» тәсілі). Мұғалім тақтаға немесе ватманға жауаптарды бірте-бірте «ұлғая» | Оқушылар: Туризм туралы. Адамдардың неге саяхатқа шығатынын білетін боламыз. Сабақты оқушылар бірлестігі бойынша жұмыстың екі нұсқасының бірін пайдалану арқылы жалғастырады, әр нұсқа бойынша тапсырманы орындайды. | | Оқушы дәптері |
| беретін «бұта» түрінде бейнелеп жазады. Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сендер көптеген сөздерді атадыңдар, оның ішінде «саяхат» деген сөз бар. Балалар, естеріңде болсын, «туризм» французша «тур» – «саяхат» деген сөзінен шыққан. Мұғалімнің есіне! Туризмнің негізгі мақсаты – адамның тұрақты мекенжайынан басқа жерлерге саяхаттап баруына байланысты. Бір жерден екінші жерге мақсатты түрде орын ауыстырмайынша туризм мүмкін емес. Орын ауыстырудың туризм белгісі ретінде үш ерекшелігі бар:
жүзеге асырылады;
қызметтік міндеттерден, оқудан тыс уақытта жүргізіледі;
уақытша болып табылады, турист белгілі бір мерзімнен соң тұрақты мекенжайына қайта оралады. | | | |
| Бұл қорытындыларға оқушыларды «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірсайыс арқылы әкелуге болады. Тақтада «Үйінен басқа жерге шыққан әрбір адам турист болып есептеледі» деген сөйлем жазылған. Мұғалім оқушыларға «Келісемін» немесе «Келіспеймін» деген көзқарастарды ұсынып, өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер ойластыруға уақыт (1 мин) береді. Одан соң мұғалім: сөйлемге келісетін оқушыларды сыныптың оң бұрышынан, келіспейтіндерін сол бұрышынан орын алуды ұсынады (тек өз еріктерімен).
Мұғалім шағын-пікірталасты қорытындылайды:
| Бұл қорытындыларға оқушыларды «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірсайыс арқылы әкелуге болады. ФТ. «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірталас. Оқушылар жауаптарының нұсқалары: Біреулері үйден шыққандардың бәрі туристер деп есептейді. Кейбіреулері мұнымен келіспейді: Ал бұл адам басқа қалаға жұмыспен жолға шығуы немесе мүлдем жаңа жерге көшіп баруы мүмкін ғой. | | |
| Турист қандай көлікпен жолға шығады? («Миға шабуыл» тәсілі). Жауаптардың түсуіне қарай мұғалім оларды тақтаға баған түрде жазып тұрады. | ФТ. «Миға шабуыл» (оқушылардың жауаптары): Ұшақпен, автокөлікпен, пойызбен, жаяу, велосипедпен, кемемен, қайықпен және т.б. | | |
Ортасы 25 минут | Мұғалім: – Бүгінгі сабақты өзгеше түрде өткіземіз. Ертеде адамдар бір үйге (киіз үйге) жиналып, әрқайсысы қайда болып, не көргенін әңгімелеген. Сендерде дөңгелене отырып, туристік сапарлардан алған әсерлеріңмен бөлісесіңдер. Ол қала сыртына түнемелікпен шығу, басқа қалаға немесе елге сапар шегу сияқты болуы мүмкін. Ж.Ұ. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу. Туризм – адамдардың басқа елге немесе табиғатқа шығуы. Туризмнің негізгі мақсаттары емделу, демалыс, спортпен айналысу, жаңа және қызықты жерлерді танып білу боп табылады. Мұғалім: – Дөңгелене отырып «Турист болып көрдіңдер ме?» атты әңгімемізді жалғастырамыз. Біз қазір пайдалы кеңестерді тыңдаймыз. Егер сендерде туристік жолсапар тәжірибесі бар болса, сыныптастарыңа қай | Т. Оқушылар «Мен қалай турист болдым?» деген өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, «Мен сыныптастарыма қайда және не үшін баруға кеңес берер едім» деген пайдалы кеңестерін береді. | ҚБ ҚБ | Оқулық |
| жаққа және не үшін баруға кеңес берер едіңдер? Мұғалім: – Кімнің «туристік» әңгімелері мен кеңестері сендерге ұнады? Балаларды тыңдағаннан кейін мұғалім: «Жолдастарыңды қолдау үшін 3 рет бір кісідей қол соғайық» дейді («Үш рет қол шапалақтау» тәсілі). – Міне, біздің отырысымызда аяқталды. Қызықты әңгімелерің мен пайдалы кеңестерің үшін барлықтарыңа рақмет. Олар біз үшін болашақта өте қажет болады деп ойлаймын. Сергіту сәті Қолымызды көтеріп, тербелеміз, Бұл – ормандағы ағаштар. Қолдарды бүгіп, саусақтарды сілкеміз, Жел ұшырған бұл – шықтар. Қолды жайып, жаймен бұлғаймыз, Бұлар – бізге ұшып келген құстар, Көрсетеміз қонғанын, Қанатын артқа жиғанын. | Сергіту жаттығуын орындайды. | Жолдастарыңды қолдау үшін 3 рет бір кісідей қол соғайық» дейді («Үш рет қол шапалақтау» тәсілі). | |
| Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге саяхатқа шығады? Бұл сұраққа жауап беру үшін топтарға бөлінеміз. Топтарға бөліну. Мұғалім оқушыларға туристік құрал- жабдықтарының (шатыр, рюкзак, тұсбағдар, қазан, кішкентай балта) суреттерін (жазуы бар табличкалар) таңдауды ұсынады. Бірдей суреттерді таңдаған балалар бір топта отырады. «Туризм мақсаттары» кластерін құрастырамыз. Кластердің жобалық нұсқасы Туризм мақсаттары: демалу, жаңа қалалармен танысу, жаңаны білу, бой жазу, жаңа нәрселерге үйрену, емделу, спортпен айналысу. Мұғалім топтардың ең қызық пікірлеріне «Жарайсыңдар! Ақылдысыңдар!» деп баға береді. | Т. Топпен жұмыс істеп, оқушылар «Туризм мақсаттары» кластерін құрастырады. | ҚБ. Сөзбен баға беру. | Ватман, маркер |
Соңы 5 минут | 1-нұсқа. Балалар, берілген (рефлексиялық экрандағы немесе ватмандағы) тізімнен фразаның бөлігін таңдап алып, айналым бойынша өз ойларыңды білдіріңдер. («Рефлексиялық экран» тәсілі): | ФТ. Оқушылар айналым бойынша фразаның бөлігін таңдап алып, бір сөйлеммен өз ойларын білдіреді. | Мадақтау | Оқушы дәптері |
| 1. Мен бүгін ... білдім.
6 жасай алдым.
берді.
2-нұсқа. «Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырмасын орында. Сыныптасына қай жаққа сапарға шығуға болатыны жөнінде кеңес береді. Ол жақты таңдау себебін түсіндіреді. Сабақ соңында көңіл күйіне сәйкес келетін суретті белгілейді. «Оқушы дәптеріндегі В. тапсырмасын орындау: Гүлдің күлте жапырақшаларына туризм сөзін жазыңдар. | «Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырмасын орындайды. | | Оқушы дәптері |