ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоршаған орта
Тақырыбы: Туған өлкемнің табиғаты | |||
Оқыту мақсаттары | 0.2.1.2. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау. 0.2.1.3. Өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу. | ||
Күтілетін нəтижелер | Барлық тәрбиеленушілер: Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін сипаттайды. Көпшілік тәрбиеленушілер: Табиғат құбылыстарын, яғни оның түрлерін ажырата алады. Кейбір тәрбиеленушілер: Оқытушының көмегінсіз ауданының сызбасын сыза алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Тәрбиеленушілер: түсіндіру, не үшін бізге карта маңызды; ойлау, диалогке қатысу керек. Көптілділік: Табиғат – природа – nature Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Туған өлкем, жыл мезгілінің құбылыстары. Пікір алмасу сұрақтары. Карта дегеніміз не? Қандай шартты белгілер көмектеседі? Қай жерде орналасқан? Табиғатқа деген сүйіспеншілігің қандай? Климат және ауа райы арасындағы қатынастарды анықта. Дала. Өсімдіктер, жануарлар. Ауа райы, желдің күші, жауын-шашын, температура индикаторы, климат | ||
Алдыңғы білім | Балабақша бөлмесі мен бөлімше жоспар туралықарапайым ұсыныстар. Ғимараттар, жолдар, өсімдіктер туралы білімдер. | ||
Жоспар | |||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар | |
Басталуы 0–5 минут 0–2 мин ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин | (Ұ) Шаттық шеңбері Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. (Т) Өлкемнің табиғаты туралы әңгіме Туған өлкемнің табиғаты туралы слайд көрсету.Біздің туған өлкеміздің табиғаты қандай?Біздің өлкеміздің табиғаты сұлу. Биік тау бар. Ауыл сыртында Ақсу өзені ағып жатыр. Өзен жағасында жап-жасыл құрақ өседі. Біз онда асыр салып ойнаймыз. Өзенде балық бар. Менің өлкемде құндыз, қасқыр, түлкі, қоян, қырғауыл сияқты жануарлар тіршілік етеді. (Балалардың үлгі жауабы).Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз,тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. | Музыкалық әуен. Көлік түрлерінің суреттері Интерактивтік тақта, слайд. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматыкітап баспасы, 2009 ж | |
6–28 минут | (ПТ) Қазақстанның табиғаты өте тамаша. Мұнда көк аспанмен таласқан әсем таулар, бұлақтар, өзен- көлдер, ну ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер бар. Жануарлардың қаншама түрі тіршілік етеді. Ал осы табиғатымыздың ауа райы барлық жерімізде бірдей емес. Еліміздің бір жері таулы, бір жері дала болып келеді. Сондықтан таулы аймақтарда жаз салқындау болса, далалы аймақтарда жаз керісінше ыстық болады. Сол сияқты бір аймақтарда жаңбыр жиі жауса, бір аймақта аз жауады. Бір аймақтарда қыс суық болады. Әр аймақтың табиғаты көркем. Сол аймаққа тән өсімдіктері өседі, жануарлары тіршілік етеді. Мысалы: далалы аймақта жусан көп өссе, таулы аймақта жасыл шыршалар өседі. Еліміздің табиғатын қорғауымыз керек.(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Балалар өздері тұратын өлкенің табиғаты қай суретке сәйкес келетіндігін анықтайды. Мысалы: таулы аймақта тұратын балалар тау баурайында тұрған қаланың суретін, ал теңіз немесе көлдің жағасында тұратындар теңіз жағасында тұрған қаланың суретін белгілейді.(Ұ) Табиғат жайлы өлең оқу. Табиғаттың әсемдігін жырлаған ақындар баршылық. Мысалы: Тұманбай Молдағалиевтің«Қыс» өлеңін тыңдаңдар. Жапалақтап аппақ қар, Жауды күнде қайталап. Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап. – Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған? (Қыс) – Қандай табиғи құбылыс туралы айтылған? – Қар. – Қардан басқа тағы қандай табиғи құбылыстар болады? – Жаңбыр. Жаңбыр жаз, күз және көктем мезгілдерінде жауады. – Найзағай. Найзағай қатты нөсер жауған кезде болады. Көктем және жаз айларында болады. (Т)Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»Балалар 4 топқа бөлінеді. Төрт мезгілге байланысты суретті кестелер таратылады. 1-топ. «Көктем» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Көктем мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. Мысалы: көктемде ауа райы жылынады. Қар ериді. Шөп шығады.Жаңбыр жиі жауады. Жер беті жап-жасыл болады. 2-топ. «Жаз» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Жаз мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. 3-топ. «Күз» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Күз мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. 4-топ. «Қыс» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Қыс мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды(Ұ) Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен болып өседі.(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма.Өлкеңде қандай табиғи құбылыстар жиі болып тұрады? Суреттерін жапсыр. (Қар, жаңбыр, күн, найзағай). 3-тапсырма: суретке қарап, шартты белгілерді біліп ал.Осы шартты белгілерді пайдаланып, өз өлкеңнің сурет-сызбасын ересектердің көмегімен бейнеле. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.Педагог шартты белгілердің көмегімен балалар не бейнелегендерін айтып беруді сұрайды. | Қазақстанның картасы, табиғаты бейнеленген суреттер немесе слайдтар. Әліппе-дәптер. Шартты белгілер салынған сызба. | |
Рефлексия 26–30 | (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –жасыл қарындашпен. | Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар. |