ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф.7.05-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі факультеті (ЖМ)
Биотехнология кафедрасы
Студенттің практика бойынша
Е С Е Б І
Оқу практикасы
(практиканың атауы)
6B05120 Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша
Жеке тапсырма тақырыбы
Мал шаруашылығындағы биотехнология жетістіктерінің қолданылуы.
| Орындаған студент Пердебекова Б.Н. ХТ-22-5к2 (Т.А.Ж, тобы) Университеттегі практика жетекшісі Өмірзақ А.А. (Т.А.Ж., қолы) Норма бақылаушы Рысбаева Г.С. (Т.А.Ж., қолы) Кәсіпорындағы практика жетекшісі (Т.А.Ж., қолы) М.О. |
Шымкент 2023ж.
Мен Пердебекова Балауса өндірістік тәжербиемді< Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында> ЖШС-де өттім .Тәжірибнің өту аралығы 05.06.2023-16.06.2023.Өндірістік тәжербиеден өтетін мекеменің құрылысымен,ол мекеменің бөлімдерімен,атқаратын қызыметтерімен,қауіпсіздік ережелерімен,жұмысқа қатысты заттармен,ақпараттық жүйелермен танысу.Сонымен қатар,қазіргі таңдағы технологиялармен,ақпараттық жүйелермен бағдармалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру.Мекеменің желілік байланыстармен танысу және мүмкіндік болып жатса,теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру.Алдағы аталған мақсаттарға қоса өндірістік тәжербие барысында ұйымның өзіне тән программалармен танысып,солармен жұмыс істеу.Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттыр ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпараттар саралап,пайдалану білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
2.2. Мал шаруашылығындағы эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты
2.3. Жануарлардың биотехнологиялық қоры
Жеке тапсырма
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Биотехнология (bios— тіршілік;thechne-өнер, шеберлік; logos-ғылым) – тіріағзалармен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін
генжәне жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастырутехнологияларымен пайдалану жөніндегі ғылымжәнеөндіріссаласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі – тіріжасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар жәнемикробтарнемесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Ауыл шаруашылық және тұрмыстағы қалдықтар, автомобильдерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арам шөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар (энтобактерин,дендробациллин,битотоксибациллин,гомелиндер, т.б.) Биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып, онымен қоректенетін микроорганизмдердің (азотобактер, т.б.) көмегімен бактериялы тыңайтқыштар (нитрагин, т.б.) дайындалады.Мал шаруашылығында, азықтықжемшөпкеқұнарлығын арттыру үшін ферменттер (аминосубтилин,протосубтилин, т.б.) қосады, соның нәтижесінде жемшөп құрамындағы күрделі қосылыстар (лигнин,целлюлоза, т.б.) жақсы ыдырайды.
Мыңдаған жылдар бойы, шаруашылық және қоғамның дамуы нәтижесінде адамдардың өмір сүру ортасы, таза табиғаттан біртіндеп табиғи антропогендік және антропогендікке айналды. Табиғи үрдістер ортаның қасиеті емес, сонымен қатар қоғам және табиғаттың қарым-қатынысының мәселелері. Табиғатты пайдаланудың әр-түрлі әлемдік, аймақтық, жергілікті деңгейдегі табиғи үрдістері мен жағдайларға байланыстылығы бақыланып отырды.
XXI ғасырдағы әлемдік жүйедегі өзінің өзектілігі алдынғы орында тұрған, табиғатты пайдаланудың экология-экономикалық мәселелері болып тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы табиғатты пайдаланудағы дағдарыстың себепшісі, ұлттық экономика саласындағы соның ішінде ауыл- шаруашылығын экология-экономикалық тиімді пайдалану механизмдері әлемдік талаптарға сай келмеуінде жатыр. Еліміздің көптеген аймағындағы жерлердің 66% пайызы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде дағдарысқа ұшыраған, оны қайта қалпына келтіру көптеген қаржы мен ұзақ уақытты талап етеді. Ауыл-шаруашылық жерлерін тиімді әрі экология-экономикалық жағынан таза өнімдер алу үшін білікті де білімді мамандар қажет. Елімізде 2007 жылы Елбасының тапсырысы бойынша «Экологиялық кодекс» жанданып және барлық қоршаған ортаны қорғауға байланысты талап пен іс-шараларды жүзеге асыруда осы құжат басшылыққа алынды.
Ауыл-шаруашылық өндірістері мен жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологияға негіздеу және еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді. Өз дәрежесіндегі экономикалық ынталандыру ауыл-шаруашылық инновациялық технологияларды енгізуге жағдай жасайды. Елбасы жолдауында дамыған 50 елдің қатарына қосылуымыздың бірден бір жолы ауыл шаруршылығын дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ауданның әлеуметтік дамуы жылдан жылға артып келеді, оның басты дәлелі жерді тиімді пайдалану, ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру.
Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің биотехнология бойынша ұлттық орталығының бас директоры Аюп Ысқақов Қазақстандағы биотехнологияның деңгейін тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі жағдаймен салыстырғанда оң өзгерістер бар, бірақ ол қазіргі заман талабына сай емес, дейді.
Ал, Қазақсатнның әлемдік сауда ұйымына енуі жағдайында отандық биотехнологияның бәсекелестігі жайында мынаны айтты.
Әлемде биотехнологиялық өнімдер көп шығарылуда. Ол өнімдер өте арзан, сапалы. Сондықтанда бізде шығарып жатқан өнімдерге қарағанда олардың бәсекелестік қабілеті өте жоғары болады, ертең біздің нарығымызды басып кетуі мүмкін. Сондықтанда біз өзіміздің биотехнологиямызды әрі қарай дамытпасақ, өзіміздің ауылшаруашылық өнімдерді басқа шетелдік өнімдер алдында қорғай аламыз деп ойлай алмаймын.
Алғаш рет өтіп жатқан мәслихат қортындысы бойынша ғаламдық даму үрдісі ескереліп селекция, биотехнология және өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстары даму стартегиясының жобасы қабылданбақ. Онда ауылшаруашылығы ғылымындағы әртүрлі проблемалар бойынша алыс және жақын шетелдермен қарым-қатынасты кеңейту, оның ішінде кадрлерді дайындау мәселесі көзделп отыр.
-
Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
Мал шаруашылығында биотехнологиялық əдістерінің қолданылуына сүт қоректілерінің төменде келтірілген биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді:
-
Малдар гаметасының биологиялық банкі. Малдар гаметасының биологиялық банкі гонадаларында жинақталған. Гаметалардың морфогенетикалық потенциалының мүмкіндігі соншалық, мысалға алғанда, жаңа туылған ұрғашы қозының аналық безінде 700 мыңдай аналық жұмыртқасы (фолликулалар) болса, жыныстық жетілу кезеңіне дейін олардан 12000-86000 дана кішігірім жəне 100-400 дана аралықтарындағы ірі жəне жетілетін аналық жұмыртқалары болады. Ооциттердің осындай динамикасы басқа да сүт қоректілерінің ұрғашы жыныстарында байқалады. Еркек даралардың аталық жұмыртқаларында сперматозоидтардың мұнан да көп саны кездеседі. Жыныстық жетілген мерзімдерінде, орта есеппен, бір аталықтан бөлінетін спематозоидтардың саны 280- 450 трлн. құрайды екен. Осындай көп жыныс жасушаларынан табиғи жағдайда орта есеппен жалғыз төлді малдарда 5-10, ал көп төлділерде 40-80 жұп гаметалары (аналық жұмыртқасы мен спематозоидтар) ғана іске асырылады екен.
2. Эмбриондардың имплантацияға дейінгі дамуы. Ұрықтанғаннан кейін эмбрион зиготадан гаструла кезеңіне (стадия) дейін сүт қоректілердің жыныс мүшесінде (жатыр түтікшесінде) біршама уақыт бос (еркін) күйінде болады. Ұрықтанған жерден (жатыр түтікшесі) имплантацияланатын жерге (жатыр) дейін орта есеппен шошқаларда 2-3, қойларда 4-5, қояндарда 5-7 жəне сиырларда 7-8 тəулік кетеді. Имплантацияға дейін эмбрион пеллюцид аймағы (zone pellucid) деп аталатын, биологиялық тұрғыдан мықты, қабықты болып табылатын аналық жұмыртқасында дами береді. Осы ерекшеліктер сүт қоректілер эмбриондармен in vitro жағдайында əртүрлі манипуляциялар жасауға мүмкіндік береді. 146
3. Жалғыз төлді малдарда бір аналық жұмыртқасынан дамитын егіздердің туылуы. Бір аналық жұмыртқасынан дамыған егіздер (үшем немесе одан да көптері сирек кездеседі) имплантацияға дейінгі жыныс мүшесінде бос (еркін) күйінде болған кезінде пеллюцид аймағының (zone pellucid) бұзылуы себебінен, эмбрионның бөлінуі жүзеге асып, ажыраған бөліктер жеке-жеке дамуы нəтижесінде пайда болады. Мұндай егіздердің бастамасы (ұрықтанған бір аналық жасуша) бір болғандықтан, егіздер түр-түсі жəне барлық генетикалық, биохимиялық көрсеткіштері бойынша бір-біріне айнымай ұқсайды. Осындай ерекшеліктің арқасында асыл тұқымды мал шаруашылығында өте маңызды көп жасушалы организмдер деңгейіндегі биологиялық көшірмелерді (биокопия) алу мүмкін болды.
4. Мал шаруашылығында асыл тұқымды топ (ядро) құру мен жетілдіру. Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал тобы мен тұқымы жақсартылуы қажет топтарға бөлінетіні белгілі. Асыл тұқымды малға жату үшін ол малдардың дені сау, көбею қабілеттіліктері мен өнімділіктері жақсы, бағалы генотипті жəне ұрпақ сапасы бойынша бағаланған болуы шарт. Биотехнологиялық зерттеулерінде бұларға донорлар мен жақсартушы аталықтарды жатқызады. Асыл тұқымды мал шруашылығындағы көбею үдерістерінде қолданылатын терминология бойынша донор дегеніміз – генетикалық тұрғыдан бағалы ооциттар мен эмбриондар алынатын ұрғашы дара болса, жақсартушы аталық – ұрғашы донорды ұрықтандыруға арналған еркек мал. Сондықтан жоғарыда аталған мал тобының (плем. ядро) санын көбейту мақсатында донорлар мен жақсартушы аталықтар белсенді қолданылады. Тұқымы жақсартылуы қажет мал тобы, генотипі бойынша бағалылығы төмендеу болғанымен, физиологиялық тұрғыдан дені сау жəне көбею қабілеттіліктері де жақсы болуы қажет. Бұл топқа реципиенттер жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда реципиент дегеніміз – құнды мал ұрпағын өз ағзасында (жатырында) өсіріуге арналған, генетикалық жағынан басқа (жат) аналық. Жалпы алғанда, ауылшаруашылық малдарының биотехнологиялық мүмкіндіктері осы сүт қоректілерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Түрге тиесілі биологиялық ерекшеліктері тұқым қуалаушылық арқылы берілетіні белгілі. Сондықтан, биотехнологиялық мақсатта пайдалану үшін генетикалық мүмкіндіктердің анықталуы – биотехнологиялық қор (ресурс) деп аталады
. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, қолданылуына байланысты биотехнологиялық қорды шартты түрде үш класқа бөлуге болады:
1. Молекулалық қор – гендердің құрылымы мен қасиеттері арқылы көрінеді.
2. Физиологиялық қор – гаметалар банкі, имплантация алдындағы эмбриондар дамуы (тотипотенттілік) арқылы байқалады.
3. Селекциялық қор – асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды топ (ядро) құру мен жаңа мал тұқымдарын шығаруға байланысты.
2. Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер
Мал шаруашылығы биотехнологиясын – молекулалық жəне жасушалық биотехнология əдістерін қолданып, генотипін «түзету» арқылы қарқынды өсіпжетіле алатын, резистенттілігі мен өнімділік қасиеттері жоғары малдарды шығару тəсілдерін зерттейтін ғылым деп айтуға болады. 147 Малдардың биотехнологиялық қорларын танып, оларды іске асыру мақсатында мал шаруашылығында молекулалық биотехнология, жасушалық жəне көбею биотехнологиялары пайдаланылады. Көбею биотехнологиясы деп – малдың генетикалық потенциалдарын арттыру мақсатында асыл тұқымды малдардан көп ұрпақтар алудың қорларын (ресурстарын) ұтымды пайдалану əдістері айтылады. Көбею биотехнологиясы мал шаруашылығында өз төлінен көбеюін қамтамасыз етіп, асылдандыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Көбею биотехнологиясы əдістерін қолдана отырып біздер популяция құрамына əсер ете аламыз.
Көбею биотехнологиясының зерттеу аясы ретінде малдардың көбею қабілеттіліктері алынатын болса, зерттеу зерзаты ретінде:
1. Гипоталамус, гипофиз бен гонадалар арасындағы өзара əрекеттілік нəтижесінде көбею гормондары арқылы мал ағзасында көрініс беретін гормональді статусы.
2. Көбею мүшелерінің морфологиялық жəне физиологиялық жағдайы бола алады.
Көбею биотехнологиясында келесі əдістер қолданылады:
1. Суперовуляция – ұрғашы донорда қосымша фолликулалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ету мақсатында гормональді əсер ету (егу).
2. Қолдан ұрықтандыру – мал тобының генотипін қарқынды түрде өзгерту мақсатында жоғары өнімді аталық ұрығымен аналықтарды жаппай ұрықтандыру жұмыстары.
Генетика мен қолдан ұрықтандыру технологиясындағы қол жеткен жетістіктердің арқасында, мал тұқымын жақсарту бағытында үлкен мүмкіндіктер ашылды, атап айтқанда, жоғары өнімділікті жəне генетикалық потенциалы бар аталықтарды таңдап алу мен қолдану нəтижесінде, бүтіндей популяциялардың генетикалық құрылымын жедел өзгертуге қол жеткізілді. Сондықтан мал тұқымын жақсартуда аталықтардың ролі артты.