ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Экологиялық мәдениет |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жер ортақ үйіміз. |
Сабақтың мақсаты | оқушыларға қоршаған орта, жер анаың адам өмірінде маңыздылығын түсіндіре отырып, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. |
Бағалау критерийі | оқушыларға өмірлік «қошаған орта» , «жер ана» ұғымы туралы түсінік беру. |
Құндылықтарды дарыту | кешірімділік, сыйластық қасиетін дамыту, өзі-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1Ұйымдастыру кезеңі 1.1. 5 «Т» ережесін еске түсіру Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық 1.2. Жағымды көңіл күйге келтіру. «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізу -Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай ? -Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы | 2.1 Тақырыпты ашу · Жер ғаламшары несімен ерекше? · «Жер - жайлы мекен» деп неліктен айтады? · «Жер - жамылғы» дегенді қалай түсінесіңдер? · Жермен адамның қандай байланысы бар? · Өзің жерді не үшін қадірлейсің? 2.2 Дәйексөз. «Мықты болсаң , жердей бол » Халық нақылы Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі. 2.3 Әңгiмелеу Алма ағашы мен бала (бейнесабақ) Сұрақтар. · Алма ағашы мен баланың сәби шақтағы достығы қалай еді? · Көп уақыт арасында не өзгерді? · Отбасын құрған балаға не керек болды? · Бәрінен шаршаған балаға алма ағашы қандай ұсыныс білдірді? · Қартайған бала мен ағашың ұқсастығы неде? · Баланың жасаған іс әректінен қандай түйін келтіреміз? · Өзің қоршаған ортаға қамқорлығыңды қалай көрсетіп келесің? Сергіту сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасалады. ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды қоршаған ортаға қамқорлығыңды қалай көрсетіп келесің? Сергіту сәті : Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз, Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. 2.4. Шығармашылық іс әрекет, топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Жер ғажап ғаламшар » тақырыбында коллаж құрастыру 2-тапсырма. Өлеңді оқып жерге алғысыңды білдіріп алғыс хат жазамыз 3-тапсырма. Жерді қорғау туралы ереже құрастырып саламыз. 2.5 Мотивациялық қозғаушы Ойын: «Сипаттау арқылы жұмбақтың шешуін тап». Балалар күн, жаңбыр, бұлтты сипаттайды өз сөздерімен, бір бала соны суретіне қарамай, ойланып табу керек. | Бағалау критериі Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратады Дескриптор: Отбасындағы құқықтарын анықтайды; Ұғымдар бойынша ақпарат анықтайды; Дәйектердің нақты, толық сипаттайды: Дескриптор Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; құрылысын сақтап, жүйелі ой жазады. Дескриптор: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін қажеттігін дәлелдейді; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» landergenius@gmail.com | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс «Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін. Чемодан- алған білімім болашақта қажет. Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект https://abesu.org/4-synyp-өzіn-өzі-tanu-sabaғy-32-zher-ortaқ-үyіmіz |
Жер- біздің ортақ үйіміз. Барлық ғаламшарлардың ішінде Жер шары ең әдемі,ең бай,өмір сүруге ең қолайлы планета.Жерді адамдар, құстар, жан- жануарлар мекен еткен.
Жердің 79% судан тұрады. Жер бетінде тек адамдар мен жануарлар ғана емес, өсімдіктер де өмір сүреді. Жер бетіндегі тіршілік адамдар мен табиғатқа ортақ. Демек табиғат пен адамдардың өмірі бір-біріне тікелей байланысты. Жердің байлығын, табиғатын, жан-жануарларын дұрыс пайдаланбасақ, қорғамасақ, жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіршілікке нұқсан келеді. Жер, су, Күннің жылуы, ауа - тіршілік көздері болып табылады. Сондықтан осы тіршілік көздерін ластамай,бекер ысырап етпей, аса сақтықпен пайдалана білуіміз керек. Зауыттан шыққан қалдықтар, түрлі қоқыстарды өртеу, машиналардан шыққан зиянды газдар және абайсызда шыққан өрт ауаны ластайды. Кейбір жануарлар мен құстар және өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр. Сондықтан оларды Қызыл кітапқа енгізген. Осы Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстар, өсімдіктер мемлекеттік қорғауға алынған. Өйткені оларды қорғамаса , олар жер бетінен мәңгі жойылып кетеді.
Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстанның көркеюіне бүкіл ел болып ат салысуда. Қазақстанның келешегі онда тұрған халыққа тікелей байланысты. Әрбір адам бір мүдде, бір бағыт, бір мақсатқа жұмыла еңбек етсе, еліміздің болашағы сөзсіз жарқын болады.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда көптеген ұлттың өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде. Олар бір - біріне дос, бауыр, жолдас. Қазақ елі, жері барлық жағынан бай. Елінің ынтымағы жарасқан. Жерінің қойнауы толған кен, жайлауы толған мал, даласы толған егін. Сәні мен салтанаты ерекше. Қазақ жерінің байлығы көз тұндырады. Сондықтан ертеде оның жаулары да көп болған. Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, тағы сол сияқты көптеген батырларының арқасында ұлтарақтай жерін де ешкімге бермей, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған. Осының бәрін олар келешектегі ұрпақ қамы үшін жасаған. Сол сияқты, киелі қазақ жері әулиелерімен де атағы шыққан. Мысалы: Семейдегі Қоңыр әулие , Жетісудағы Балпық әулие ,Ескелді әулиелердің кесенелері, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері, Жамбыл облысынды Айшабибі кесенесі соның айғағы.
Қазақстан көлдер мен өзендерге де бай. Атақты Ертіс, Іле, Шу,Есіл,Жайық өзендері де Қазақстанның жерін басып өтеді. Сонымен қатар атақты Балхаш, Алакөл, Бурабай, Жасыбай сияқты көлдері бар. Арал теңізі, Каспий теңізі тулаған балықтарымен елге әйгілі. Жердің көркі болған атақты Көкшетау, Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Алтай, Баян тауларының қойнауы пайдалы қазбаларға толы. Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Маңғыстау мен Ақтаудың мұнайы еліміздің таусылмас қазынасы болып табылады. Осының бәрін өз
орнымен пайдаланып, табиғатын аялап сақтау, келешек ұрпақтың қолына табыстау - біздің негізгі міндетіміз.
Ерінбей еңбектеніп, елімізді гүлдендіріп, атағын бүкіл әлемге әйгілеуіміз керек деп ойлаймын. Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болады деп сенемін. Сол үшін өзімнің қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын. Өйткені мен өз Отанымды, өз елімді,өз жерімді,өз ғаламшарымды, оны мекен еткен бүкіл адамдар мен табиғатты сүйемін!