ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6) ІІО қызметкерлерінің ТЖ орнынан кетуі өрт сөндіру басшысымен келісіледі;
3-тарау. Авариялардың, стихиялық зардаптардың салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде патрульдік полиция бөліністері мен қалалық және аудандық буындағы азаматтық қорғау органдарының өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. ПП қызметкерлері басқа ІІО қызметтерімен бірлесіп, зардап шегушілерге көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ТЖ аймағында бұзақылық фактілерін болдырмау мақсатында бекітілген бағыттар бойынша патрульдеуді жүргізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. ІІО бөліністеріне:
1) ПП қызметкерлерінің мүдделі қызметтерге жүктелген функцияларды орындауына көмек көрсету үшін уақтылы шығуды ұйымдастыру (ІІО кезекші бөлімі кезекшісінің немесе ТЖД БДКҚ кезекшісінің хабарламасы бойынша) және ТЖ орнынан кету уақытын ТЖ жою басшысы белгілейді;
2) жүргізушілер мен азаматтарды қауіптілік және сақтықтың қажетті шаралары туралы ескерту;
3) құзыреттілік бөлігінде ЖКО фактісін тіркеу және орнын күзету, ТЖ аймағында қозғалысты уақытша шектеу және зақымдалған көлік құралдарын эвакуациялау;
48. Халықты бактериологиялық қарудан қорғау
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ.
2-бап. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
4-бап. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары
Биологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттардың негізінде қамтамасыз етіледі:
1) патогенді биологиялық агенттермен тек қана әскери емес мақсаттарда жұмыс істеу: бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және (немесе) оның қорларын жинақтау, пайдалану мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынады;
2) биологиялық қатерлерді алдын ала тану: мемлекеттік органдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы өкілеттіктерді іске асыру кезінде биологиялық қатерлер профилактикасының қажеттілігін басым тәртіппен басшылыққа алуға, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг деректері негізінде биологиялық қатерлерді талдауға және болжауға тиіс;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді бақылауда ұстау: патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады, оларды сақтау биологиялық тәуекелдерді басқару, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін қолдану, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу), биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде қамтамасыз етіледі;
4) мемлекеттік реттеу шараларының мөлшерлес болуы: биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактика шаралары биологиялық факторлардың қауіптілік дәрежесіне, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы өлшемшарттар мен сыныптамаға сәйкес мөлшерлес болуға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің басымдығы: халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіре алатын немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінен айыруға алып келетін міндеттемелерді қабылдауға жол берілмейді.
5-бап. Негізгі биологиялық қатерлер
1. Мыналар негізгі биологиялық қатерлер болып табылады:
1) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың (бұдан әрі – төтенше жағдай) туындауы;
2) адамның және (немесе) жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруы жағдайы;
3) халықтың, жануарлардың инфекциялық сырқаттанушылығының орташа статистикалық деңгейден асып түсуі;
4) инфекциялық аурулардан болатын өлімнің (өлім-жітімнің) орташа статистикалық деңгейден асып түсуі;
5) өсімдіктер ауруларының зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары таралуы;
6) Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктердің карантиндік ауруларының таралуы;
49. Медициналық персоналдың ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау әдістері
"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 тамызда № 21080 болып тіркелді.
13) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ) - зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту үшін, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін жұмыскер пайдаланатын құралдар;
Стационарларда медицина қызметкерлері мен пациенттердің режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің, оның ішінде қабылдау бөлімшелерінің, зертханалардың және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау (палатадан палатаға орын ауыстыру, қашықтықтан бақылау) қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету қажет.
20. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. Қажет болған жағдайда, пациенттерге арнайы мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.
21. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
22. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет.
23. Пациенттер палаталары медицина персоналын шақыру батырмасымен жабдықталуы тиіс.
24. Күн сайын ауысымға дейін және ауысымнан кейін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалған бөлімшенің жауапты медицина қызметкерінің бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы барлық қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау жүргізуі тиіс.
50. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек (бұдан әрі – МӘМС) - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер "міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы"Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
3-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын сақтау және орындау;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;
5) қордың активтерін тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.
8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет қор активтерінің сақталуына кепілдік береді.
2. Қор активтерінің сақталуы:
1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы қордың қызметін реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
3) қордың активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;
4) қордың меншікті қаражаты мен активтерін бөлек есепке алуды жүргізу;
5) жыл сайынғы тәуелсіз аудит жүргізу;
6) қордың тұрақты қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуы;
7) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау арқылы қамтамасыз етіледі.