Файл: ызылорда аласы кімдігіні 2023 жылы 13 атардаы 1637.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «13» қаңтардағы № 1637
қаулысымен бекітілген № 5 қосымша
«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Қызылорда қаласы әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
3. Аппараттың құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
Аппаратқа қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
4. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Аппарат мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
7. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
8. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, № 16.
11. Аппараттың толық атауы - «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. Аппараттың жұмыс режимі:
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден
15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
13. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
14. Аппараттың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
15. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Аппараттың мақсаттары мен өкілеттіктері
16. Мақсаттары:
1) Қызылорда қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
17. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Аппарат өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға;
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың Аппаратқа жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға.
18. Функциялары:
1) қала әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық мемлекеттік органдарымен, қалалық мәслихатпен және өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
2) қала әкімі, оның орынбасарлары және Аппарат басшысының қатысуымен
іс-шараларды ұйымдастыру;
3) қала дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуін ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымы негізінде жасақталған қаланы басқару схемасын әзірлеу;
5) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша құжаттар дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
6) кент, ауылдық округ әкімдіктерінің, әкімдерінің, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
7) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
8) қала аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ, облыс пен қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен орындауын бақылауды жүзеге асыру;
10) кадрлық саясатты ұйымдастыру, қала әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды, Аппараттың қызметкерлерін тағайындауды, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, жұмыстан босатуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
11) мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ келіп түскен ұсыныстар бойынша «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі қалалық комиссиясының құжаттарын дайындау және ұсыну;
12) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы шеңберінде сайлау өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
13) қала әкімі және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша соттарда қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
14) қала әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
15) алқа билерге үміткерлердің тізімдерін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
16) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар және ұйымдармен құжат айналымын ұйымдастыру;
17) қала әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
18) «Электрондық үкімет» пен «Электрондық әкімдікті» дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
19) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
20) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, кент, ауылдық округ әкімдіктерінің интернет-ресурстарының қызмет етуін үйлестіру;
21) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, кент, ауылдық округ әкімдіктерінің сапалы мемлекеттік, оның ішінде электронды қызмет көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру, сондай-ақ, олардың ұсынылуын жетілдіру мен талдауды жүзеге асыру;
22) мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
23) Аппараттың әскери міндеттілерін брондау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. Аппаратты басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
20. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
21. Аппарат басшысының өкілеттігі:
1) Аппарат басшысы Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді;
2) мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде міндеттеме Аппарат басшысына жүктеледі және Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
3) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысын реттейді;
5) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
6) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес әкіммен бекітілген Аппарат құрылымын, Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және лауазымынан босатады;
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін әкім тағайындайды және қызметтен босатады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіпке сәйкес Аппарат қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;
Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазаны әкім қолданады;
8) әкімге Аппарат құрылымының штат саны шеңберіндегі штаттық кесте бойынша бөлінген еңбекақы төлеу қоры шеңберінде Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемеақы және қосымша ақы төлеу, сыйақы беру мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
9) Аппараттың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
10) өз өкілеттігіне сәйкес бұйрықтар шығарады және Аппарат бойынша нұсқауларды бекітеді;
11) қызметтік құжаттарға қол қояды;
12) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Аппараттың мүддесін қорғайды;
13) Аппараттың әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді;
14) сот және басқа да органдарда әкім және Аппараттың мүддесін қорғау мақсатында Аппараттың мамандарына әкім атынан сенімхат береді;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
23. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Аппараттың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппараттың, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
26. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.