Файл: ндірістік практиканы ту нтижесіні мінездемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 86

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өндірістік практиканы өту нәтижесінің мінездемесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы «Кадастр» мамандығының 2 курс студенті Ильяс Анар Бауржанқызы 29.05-17.06.23 аралығында өндірістік тәжірибені «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының-Жылыой аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде өтті.

Ильяс Анар мамандану бойынша теориялық білімінің тереңдігін көрсете алды. Жаңа білім мен дағдыларды алуга белсенді ұмтылады. Жұмыста оны өз саласында қажетті білімі бар және жаңа ақпаратты тез игеретін жігерлі, сенімді, мақсатты адам ретінде сипаттауга болады. Өз жұмысын сынға мұқият қарап, қажетті қорытынды жасай алады.

Практикант өзін тәртіпті, атқарушы және бастамашыл студент ретінде көрсеті, тапсырмаларды орындауга адал және жауапкершілікпен қарады.

Практиканың өндірістік бағдарламасын орындау кезінде студент тәжірибелі жұмысшылардың пікіріне қызығушылық танытты және есеп жазу кезінде алынған қажетті консультациялардың мәліметтерін пайдаланды.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасы бойынша ол барлық қажетті құжатарды зерттеп, талдады.

Тәжірибелік жұмыс барысында өзінің тек жақсы қырларын көрсетіп ғана қоймай, жұмыска деген белсенділігін, жауапкершілігін, білімділігін көрсете білді. Өз жұмысына адал, ынталы және адамдармен тез тіл табыса білді. Өзіндік ерекшеліктері: ақылды, ұстамды, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білетін, белсенді студент.

Ильяс Анар белгіленген мерзімде практикаға келді, ынтамен жұмыс істеді, қажетті ақпаратты табандылықпен алды. Берілген мәліметтерді, жерге орналастыру, жер кадастрлық жұмыстарды жетік қарады.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасы бойынша ол барлық қажетті құжаттарды зерттеп. талдады. Жеке тәжірибе жоспарында көрсетілген сұрақтарды практикада жақсы меңгерді.

Өндірістік практиканы өту нәтижесі бойынша Ильяс Анарды өте жақсы бағамен бағалауды ұсынамын.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК

КЕ АҚ Атырау облысы бойынша

филиалының-Жылыой аудандық

тіркеу және жер кадастры бөлімінің