Файл: Программалау орта таырыптарыМені Отаным азастан, Адами ндылытар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 11
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыптары:«Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар») | Мектеп: Ақкөл жалпы орта мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Халменова В.В. | |||||||
Сыныбы: | Қатысқандар: 12 | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Кейіпкердің костюмін өзгерту | |||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.4.1.1 кірістірілген циклды жүзеге асыру; | |||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Scratch программалау ортасында кірістірілген циклды жүзеге асыру жолдары арқылы кейіпкердің костюмін өзгерте алады. | |||||||
Бағалау критерийлері | Scratch программалау ортасында кірістірілген циклды құруды үйренеді. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Костюм- Костюм-Suit, Ауыстыру-Замена-Replacement Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін білесің? Цикл дегеніміз не? Оның қандай түрлерін айта аласің? | |||||||
Құндылықтарға баулу | 1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады. 2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. 3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. 4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады. | |||||||
Алдыңғы білім | Айнымалылар | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс | | |||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, психологиялық ахуал туғызу. | «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру). Мақсаты: Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. І – топ – «Scratch» ІІ – топ – «Скрипт» | Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері арқылы бағалаймын. | Тапсырма орындауға қажетті құралдары. | | |||
| (Ұ) “Миға шабуыл” әдісі бойынша өткен тақырыптарды еске түсіру: | 1. Елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін білесің? 2. Цикл дегеніміз не? Оның қандай түрлерін айта аласің? 3. Түрлі ұлт өкілдерінің өзіңе таныс салт дәстүрлері жайлы әңгімелеп бер (1-сурет). 4. Цикл көмегімен «Ұлттық костю-мдер көрсетілімі» жобасын қалай дайындауға болады? | Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”,”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды. | | | |||
| (Ұ) Сөздікпен жұмыс: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысып, дәптерге жазып, ауызша қайталайды. |
| Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері арқылы бағалаймын. | Тапсырма орындауға қажетті құралдары. | | |||
| (Ж). Білу, түсіну «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. | Мақсаты: Жұптаса, ынтымақтаса отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету, жаңа білімді түсіну. Оқулықтағы «Жаңа білім» бөліміндегі жаңа ақпаратты әр оқушыға оқуға нұсқау беремін. Оқушылар оқып болған соң жұбымен талқылап бір-біріне түсіндіреді. | Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын оқулықтағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”,”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен жұптар бірін – бірі бағалайды. | | | |||
Сабақтың ортасы 35 мин | «Ортақ тұжырым» әдісі. Әр топ берілген тапсырма бойынша постер дайындайды, қорғайды. | Топтық жұмыс Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйренеді. 1-топ: Жобаны орындауға қажетті ұлттық костюмдердегі(киім) спрайттарды қалай дайындауға болады?. 2-топ: «Ұлттық костюмдар» жобасының скриптерін қалай құрастыруға болады?. | “Бағдаршам” әдісі | | | |||
| Компьютермен жұмыс. Жеке жұмыс. (Д). «Мен білемін» әдісі арқылы әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі. Компьютерде орындауға практикалық тапсырма беріледі. | Scratch'>Тапсырма: «Ұлттық костюмдер көрсетілімі» жобасы Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Елімізде 100 ден аса ұлт өкілдері достық пен татулықта өмір сүруде. Scratch программалау ортасында еліміздегі ұлттардың ұлттық костюмдерінің көрестілімін Р рет қайталап көрсететін жобаны құрастыр (бұл жерде Р айнымалаы, мәндері: 1 мен 10 аралығында). | жұмыс нәтижесін “Бағдаршам” әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды. | | | |||
Сабақтың соңы 5 мин | (Д) Рефлексия «Еркін микрофон» әдісі арқыоы оқушылар төменде берілген сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі. |
Мақсаты: қазіргі заманауи құралдардың үлгісінде жасалған, яғни микрофонның көмегімен жекелей оқушылардың сабақта алған білімдерін бақылау, талдау, жинақтау, бекіту үшін қолданамын. Тиімділігі: Мұнда оқушы өз ойын еркін жеткізуге, сараланып айтуға мүмкіндік беріледі. | Бағалау: «Мадақ сөз» әдісі бойынша кері байланыс беру арқылы бағаланады. | | |