Файл: Лекция Таырыбы Кіріспе 1 Пнні масаты мен арастыратын мселелері. 2 Стандарттауды даму сатылары. 3 лтты стандарттауды пайда болуы. 4 Халыаралы стандарттауды даму кезедері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 201
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өндірістің даму барысында өлшемдерді қолдану және сақтауға байланысты талаптар жоғарылап,физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір қалыпқа келтіріле бастады.
Францияда 1840 жылдың басында өлшемдердің метрлік жүйесі енгізілді. Метрлік жүйенің маңыздылығын Д.И. Менделеев терең бағалады. Менделеевтің арқасында 1875 жылы Парижда өткен Дипломатиялық метрологиялық конференцияда Метрлік конвенция қабылданды, конференцияға 17 ел қатысты.
Қазақстандағы өлшемдер мен өлшеу техникасының дамуы Ресейдегі метрологияның дамуы мен қалыптасумен тығыз байланысты. Қазақстан аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде Омбылық салыстырып-тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды. Ол аспаптарды қолдануға жарамдылығын анықтау сияқты мәселелермен айналысты. Яғни нақты дәл жүретін өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштері мен саудада, кәсіпорындарда қолданылатын өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштерін салыстырды. Бұл салыстырып-тексеру деп аталды, ал мұндай мекемелер салыстырып-тексеруші мекемелер деп аталып кетті.
1925 жылы Семейлік бөлімшесі бөлек салыстырып-тексеру палатаға өзгертілді, бұл бөлімше Семей және Жетіғария аймақтарына қызмет етті. Қазақстанның қалған аумағына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан салыстырып-тексеру мекемелер қызмет етті, нақты айтқанда Саратов, Оренбург және Орта-азиялық өлшемдер және таразылар палаталары.
1929 жылдың 1 қазанында Семейлік өлшемдер және таразылар палатасы Қазақ өлкелік өлшемдер мен таразылардың салыстырып-тексеру палатасына ауысты.
1930 жылы Қазақ өлкелік палатасы Семейден Алматыға көшірілді.
Осы кезде Қазақстанда тек қана қарапайым аспаптар: таразылар, гирилер, ұзындық және сиымдылық өлшемдері, манометрлер сияқтылар салыстырып-тексеріліп, таңбаланды.
Мәдени-экономикалық өмірдің жақсаруымен, өнеркәсіптің қарқын дамуымен Қазақстанда салыстырып-тексеру органдар көбейді, салыстырып-тексерілетін аспаптардың номенклатурасы кеңейді.
1931 жылы Қазақ өлкелік өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросына өзгертілді.
1933 жылы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы Қазақ ҚСР Ішкі істер халық комиссарларының қарамағындағы уәкілетті орталық өлшемдер мен таразыларды басқару басқармасына, одан кейін 1935 жылы Қазақ ҚСР Ішкі істер халық комиссарларының қарамағындағы өлшемдер мен таразылар бөліміне, ал 1938 жылы Қазақ ҚСР халық комиссарлар Кеңесінің қарамағындағы уәкілетті өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен айналысатын Комитет басқармасына ауысады.
Басқарма құрылымы орталық аппарат пен 14 өлшемдер мен өлшеу аспаптар жөніндегі жұмыстармен айналысатын аймақтық басқармалардан тұрды. Аймақтарды қосқанда қызметкерлердің құрамы 129 адамға жетті.
1955 жылы Алматылық мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды, оған бірінші дәреже берілді, біраз соңыра ол Республикалық мемлекеттік қадағалау зертханасы деп аталды.
Қазақстанда метрологияның қарқын дамуы 60 жылдары басталды. Осы кезде екінші және үшінші дәрежелі аймақтық зертханалар салынды.
Алматылық мемлекеттік бақылау зертханасында салыстырып-тексеру бөлімшесі құрылады, ол өлшеу түрлерінің механикалық, теплотехникалық, т.с.с секторларды қамтыды.
Қазақ ҚСР Мемстандартының республикалық басқармасы 1971 жылдың ақпанында құрылды. Басқарма функцияларды анықтайтын жаңа ережелер енгізіледі. Бұл ережеге сай Кеңес Одағының Мемстандартының жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталды және құқықтары кеңейді.
Құрылыс аяқталысымен және бөлімшелерді салыстырып-тексеру құралдармен жабдықтырғаннан кейін 1974 жылы жаңа зертханалар: акустикалық өлшеу құралдарын, жоғары кернеу өлшеу құралдарын, жылдамдықты өлшеу құралдарын, жоғары және төменгі температураны, қысымды өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру бойынша. Бұл салыстырып-тексерулермен Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарынан басқа Орта Азия республикалары мен Батыс Сібір қамтамасыз етілді.
1977 жылдан бастап Кеңес Одағының Мемстандарттың бұйрығымен Алматылық стандарттау және метрология орталығында (АСМО) түсті металдардың құрамының мемлекеттік стандартты үлгілерін өндірді. Бұл орталықта тіркеуге мемлекеттік стандартты үлгілердің 35 түрі енгізілді және олардың 9000 данасы іске асырылды.
Республикада 8 млн. өлшеу құралы пайдаланды. Оларға метрологиялық қызмет жасау үшін эталондық база құрылды, АСМО негізінде мемлекеттік эталондардың Бас орталығы және стандартты үлгілердің Бас орталығы ұйымдастырылды. Республика 17 жұмыстық эталондармен, 13 маң жоғары дәлдікті үлгілі өлшеу құралдармен, оның ішінде 500 бастапқы бірінші дәрежелі және 700 бастапқы екінші дәрежелі үлгілі өлшеу құралдарымен жабдықталды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына, Кеңес Одағының республикаларымен қатынасының үзілгеніне байланысты республиканың экономикасында және Мемстандарт жүйесінде маңызды құрылымдық өзгерістер пайда болды.
Мұндай өзгерістерге сай республика Мемстандартының алдында күрделі мәселелер тұрды, олар негізгілері республикадағы қалыптасқан өлшеулер деңгейін сақтау, Қазақстанда Ұлттық эталондық базасын құру және оны дамыту, ұлттық нормативтік құжаттамаларды әзірлеу және оларды халықаралық талаптармен үйлестіру.
1996 жылға дейін бұл республикадаға жалғыз зертхана болды, ол мемлекеттік дозиметриялық және радиометриялық аппараттураны мемлекеттік салыстырып-тексеруін қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 1993 жылы 18 қаңтарда ҚР «Өлшеу бірліктері туралы» заң қабылданды. Қазіргі кезде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң өзінің күшін сақтап отыр.
Ғылым мен техниканың даму барысында жаңа өлшемдер мен жаңа өлшем бірліктері қажет етілді, сол себептен теориялық және қолданбалы метрология жетілді.
Теориялық пен қолданбалы метрологиямен бірге заңды метрология да дамыды.
Заңды метрология – мемлекеттің бақылауына жатады, ол өлшеу бірліктерін қамтамасыз етілуіне бағытталған, сонымен қатар метрологияның бұл түрі ережелер мен нормаларды шығаруымен айналысады.
Сұрақтар:
1 Метрологияның құрамына қандай үш түрі кіреді??
2 Қазақстандағы метрологияның дамуы жөнінде не білесіз?
3 «Өлшеу бірліктері туралы» заң қашан қабылданды?
4 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы қашан күшіне енді?
7-лекция
Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі.
2 Негізгі міндеттері мен нысандары.
3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін құруға себеп болған мыналар:
біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді;
екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді;
үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдаылар жасау болып табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау;
- шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру;
- метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру;
- метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау;
- өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілері болып табылады:
- шама бірліктері;
- шама бірліктерінің эталондары;
- өлшем құралдары;
- өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар;
- өлшеулерді орындау өдістемелері;
- нормативтік құжаттар.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілеріне қысқаша тоқталайық.
Шама бірліктері. Қазақстан Республикасы территориясында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкүн.
Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің өлшемлерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады.
Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек.
Өлшеулер жүргізу өдістемелері мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүргізу сфераларында қолданылатын жағдайда міндетті түрде аттестациядан өтуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулер жүргізу өдістемелерін әзірлеуші және аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп бойынша . ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінде аккредитациядан өтуі керек.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің Қазақстан Республикасы территориясында міндетті түрде қолдануға жататын нормативтік құжаттары ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі ұйымдастыру, техникалық және нормативтік негіздерінің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметі табылады.
Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін үшін ҚР Мемстандарты төмендегі функциялар атқарады:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
- Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
- қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін белгілейді;
- метрология саласында іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
- шама бірліктерініңмемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін белгілейді. Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
- өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
- өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін белгілейді;
- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізеді;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді;
- метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынын өкіл болады;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды:
- шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрология қызметтері қолданатын шама бірліктерінің эталондары жүйесі;