Файл: Лекция Таырыбы Кіріспе 1 Пнні масаты мен арастыратын мселелері. 2 Стандарттауды даму сатылары. 3 лтты стандарттауды пайда болуы. 4 Халыаралы стандарттауды даму кезедері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 203

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- өлшеу құралдары, оның ішінде республика территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарртық үлгілері;

- физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер.

Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді:

-шама бірліктерін;

- шамалардың мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын;

- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістері мен құралдарын;

- өлшеу құралдарының нормаланатын сипаттамаларының номенклатурасын;

- өлшеу дәлдігі нормаларын;

- өлшеу нәтижелерін және өлшеудің дәлдік көрсеткіштерін белгілеу және ұсыну формаларын;

- өлшеу жүргізу әдістемелерін;

- заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне қойылатын талаптарды;

- өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеу, нормативтік құжаттарды, жобалық, констркутролық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін;

- метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды.

Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары мынадау екі түрге бөлінеді:

- негізін қалаушы құжаттар (жалпы талаптар, ережелер мен ноормаларды тағайындайды);

- жеке өлшеу түріне талаптар ережелер және нормаларды реттеуші құжаттар.


Сұрақтар:

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері қандай?

2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілерін атаңыз.

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымына қандай органдар кіреді?


8-лекция

Тақырыбы: Физикалық шамалардың бірліктері

мен олардың өлшемдері

1 Физикалық шама, оның бірлігі.

2 Өлшеу. Өлшеудің түрлері.

3 Өлшеудің принциптері.

Физикалық шама – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті.

Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады.

Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама.

Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу.

Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет:

- физикалық шаманың;

- өлшеу әдісінің;

- өлшеу құралының;

- оператордың;

- өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың.

Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануға ыңғайлы түрде алу.

Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, нақты және дәл мәндерімен сипатталады.

Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі.

Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін ол үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт).

Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан.

Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады.

Физикалық шаманы оның нақты мәнімен сипаттайды. Нақты мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді.

Дәл мәні деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және нақты мәнге соншалықты жақын - оны нақты мәннің орнына қолдануға болады.



Өлшеу түрлері

Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша барлық өлшеулер 4 негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу, жанама өлшеу, біріккен өлшеу және қатарынан жүргізілетін өлшеу.

Тура өлшеу кезінде физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынады (мысалы, салмақты таразымен, бөлшек ұзындығын микрометрмен өлшеу).

Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау.

Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі:

- өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі;

- шаманы тура өлшеу мүмкін емес;

- жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді.

Жанама өлшеудің теңдеуі:



мұндағы: y – ізделетін шама, тура өлшеу арқылы табылған х1, х2, хn аргументтердің функциясы болып табылады.

Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D) белгілі болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып, ойылған жердің тереңдігін (h) алу арқылы мына формула бойынша табу:

Біріккен өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта өлшеу. Өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеу жолымен алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады.

Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің белгілі массасы бойынша және гирялардың әртүрлі сочетаниесінің массаларын тура салыстыру нәтижесінде табу.

Қатарынан жүргізілетін өлшеу - екі немесе бірнеше аттары басқа шамаларды олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті табу үшін бір уақытта өлшеу. Мысалы, дененің ұзындығының температурадан тәуелділігін табу, қайнау және балқу температурасының қысымнан тәуелділігін табу және т.б.

Өлшеулерді былай жіктеуге болады:

а) дәлдікті сипаттау бойынша – бір дәлдікті (белгілі шаманы дәлдігі бірдей өлшеу құралдармен біркелкі жағдайда өлшеу қатары (көп есе өлшеу)) және бір дәлдікті емес (белгілі шаманы бірнеше дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдармен және (немесе) бірнеше әртүрлі жағдайда өлшеу қатары);

б) қатардағы өлшеулер саны бойынша (қатар жүргізілген өлшеу саны бойынша) – бір есе және көп есе өлшеу;

в) өлшенетін шаманың өзгеру-өзгермеуіне байланысты – статикалық (уақыт ішінде өзгермейтін физикалық шаманы өлшеу, мысалы, бөлшектің ұзындығын қалыпты температурада немесе жер учаскесінің өлшемдерін өлшеу) және
динамикалық (уақыт ішінде өзгеретін физикалық шаманы өлшеу, мысалы ауыспалы электр тогының кернеуін өлшеу, қонып келе жатқан ұшақ пен жер арасындағы қашықтықты өлшеу).

г) өлшеу нетижесін білдіру түрі бойынша – абсолюттік өлшеу (шаманы тура өлшеу және (немесе) физикалық тұрақтылардың мәнін қолдануда негізделген өлтеулер, мысалы, күшті (F) өлшеу массаны тура өлшеу және физикалық тұрақтыны (g) қолдануда негізделеді) және салыстырмалы өлшеу (шаманы өзі сияқты (бір атты) бірлік ролін атқаратын шамамен салыстыру).

Өлшеу принциптері. Өлшеу принципі - өлшеу негізіне қойылатын құбылыс немесе эффект.

Кейбір өлшеулер негізіне қойылатын принциптерді қарастырайық.

Егер әртүрлі материалдан жасалған екі электродтың қосылған жерін қыздыратын болсақ, онда электр қозғалтқыш күш пайда болады. Бұл құбылыс температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеу негізіне қойылған (термопара).

Электр өткізгіш және жартылай өткізгіштерді қыздыратын болсақ, олардың тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс та температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкүндік береді, әсіресе платина қолданған кезде.

Кейбір материалдарды созу несесе қысу кезінде олардың электр тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс аз мөлшердегі дене деформациясын, сондай-ақ жоғары және өте жоғары қысымдарды өлшеу үшін қолданылады.

Метал және жартылай өткізгіштің шекарасында сәуле түскен кезде электр қозғалтқыш күш пайда болады (фотоэффект). Фотоэффект құбылысында көптеген өлшеу құралдарында қолданылатын фотоэлементтердің жұмысы негізделген.

Дененің жарық беруі температурадан тәуелді, ал соңғысы (температура) өз кезегінде денені қыздырушы токтың күшінен тәуелді болып табылады. Бұл құбылыс температураны контактсыз өлшеу әдісінің негізіне қойылған (оптикалық пирометр).

Сұрақтар:

1 Физикалық шама дегеніміз не?

2 Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты неде?

3 Физикалық шама қандай мәндермен сипатталады?

9-лекция

Тақырыбы: Сәйкестікті растау саласындағы

негізгі түсініктер мен оның мәні

1 Сәйкестікті растау саласындағы негізігі түсініктер мен оның мәні

2 Сәйкестікті растаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен ұйымдастырушылық құрылымы


3 Сертификаттауға қатысушылар

1 Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» деп аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.

Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.

Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.

«Үшінші жақ», яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынандай анықтама берілген. Сертификаттаусәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.

Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың жиынтығы болып табылады.

Сертификаттау объектілері:

өнімдер;

көрсетілетін қызметтер;

процестер;

жұмыстар;

сапа менеджментінің жүйелері.

Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестіксертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.

Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.