Файл: Программалау тілінде файлды оу жне жазу Сабаты масаты Барлы оушы шін.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 11
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | 4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 4.1. Файлдармен жұмыс |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу; |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы үшін: файлды жасау және ашу жолдарымен танысады. Оқушылардыңкөбіүшін:Python программалау тілінде файлдардың екі типін қарастырады. |
| Кейбіроқушыларүшін:Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Пәндіклексикаментерминология: Жазу → Написать → Write Оқу → Читать → Read Басып шығару → Распечатать → Print Енгізу → Ввод → Input Жабу → Закрыт → close Файл → Файл → File Диалогтерменжазуүшінпайдалысөзтіркестері:
|
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады. |
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі, орыс тілі. |
Алдыңғы білім | Файл туралы жалпы түсінік бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурс- тар |
Сабақтыңбасы 2 мин | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
|
«Үштікке саналу» әдісіарқылы 3 топқа бірігеді. І, ІІ, ІІІ топтар.
«Мозайка» әдісіарқылы үш топқа қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып, І топ – сабақтың тақырыбын, | Бағалау Топтар бір- бірін «Қошемет-теу» әдісіарқылы бағалайды | Қағаз қиын- дылары |
| | ІІ топ – сабақтың мақсатын, ІІІ топ – сабақтың критерийлерін жариялайды. | | |
| (Ұ) Миға шабуыл әдісіАлдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. |
өңдеуінің қандай тиімді жақтары бар деп ойлайсың? | | 7- сынып оқулы- ғы. |
| Жаңа сабаққа кіріспе Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады. | (Ұ) Сөздікпен жұмыс «Түртіпалу»әдісі | | 7- сынып оқулы- ғы. |
Сабақтыңортасы 26 мин | (Т) Талдау Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық жұмыс жүргізіледі. Тапсырманың программа кодтарына талдау жасаңдар. Төмендегі сұрақтарға жауап іздеңдер. Мақсаты: жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді. | І топ: 1-суреттегі кіру файлын жасау кодымен тапсырманың толық кодын бір программа кодына біріктірсек бола ма? Себебін түсіндіріңдер. ІІ топ: 3-суреттегі программа кодынан close () командаларын алып тастап орындасақ, қандай нәтиже аламыз? ІІІ топ: Программа кодында write () әдісінің орнына print () функциясын қолануға бола ма? Себебін түсіндіріңдер. | Дескриптор: *Кіру файлын жасау кодымен тапсырманың толық кодын бір программа кодына біріктіру себебін түсіндіреді. *3-суреттегі программа кодынан close() командалар- ын алып тастап орындаса, қандай нәтиже алатынын анықтайды. *Программа кодында write() | 7- сынып оқулы- ғы. |
| | | әдісінің орнына print() функциясын қолануға болатынын түсіндіреді. Бағалау Топтар бір- бірін «Қошемет-теу» әдісіарқылы бағалайды. | |
| (Ж) Жинақтау Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып қарапайым бір тапсырманың мәтінін құрап ұсыныңдар. Тапсырма құрастыруда 1-кестедегі Open() функциясының жұмыс режімдерін пайдаланыңдар | Дескриптор: *Файлға жазу және оқу әдістерін және Open() функциясының жұмыс режімдерін пайдаланады. *Бір-бірімен ақылдасып тапсырма мәтінін құрастырып, ұсынады. Мақсаты: Теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға бағытталады. | Бағалау: Жұптар бір- бірін «Қошемет-теу» әдісіарқылы бағалайды. | |
| Дербес жұмыс. Бағалау Төмендегі сұрақ бойынша әрбір оқушы өз ойымен дербес бөліседі. Программалау барысында деректерді файлдан оқудың қандай маңыздылығы бар? Мақсаты: Файлдармен жұмыс жасаудың маңыздылығын бағалайды. | Бағалау: Оқушы өзін- өзі «Қошемет-теу»әдісі арқылы бағалайды. | | |
Сабақтыңсоңы 7 мин Рефлексия | Сабақты бекіту Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. |
командасын қоюдың себебі неде?
айырмашылықтарды көрсете аласың? | Мақсаты: Сабақты бекіту. Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағалауы. «Қошеметтеу» әдісіарқылы жүзеге асырылады. | |
| Үй тапсырмасы Төменде берілген программа коды орындалғанда шығу файлына қандай нәтиже жазылады? (5-сурет). Программа кодына талдау жүргізіп, нәтижесіне түсініктеме жаз. Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау. |
ҚМЖ-ға ҚОСЫМША Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды. Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың «Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі. Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым - қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады. Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл күйін көтеру, бауырмалдығын ояту. Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу»тәсіліқолданылады. |