Файл: Атбе облысы Ырыз ауданы кімі Мди анатбайлы Елеусізов мырзаа.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімі

Мәди Қанатбайұлы Елеусізов мырзаға

Ырғыз гимназиясының ұжымынан

Өтініш хат
Ауданымыздағы үлкен білім ордасының бірі, өзіндік тарихы бар, іргелі мектеп – Ырғыз гимназиясы. Бұл мектеп алғаш 1983 жылы Ы.Алтынсарин мектебінен бөлініп сегізжылдық болды. Қазіргі таңда ауданымыздағы тұңғыш гимназия. Бұл 2009 жылы. Сол кезеңде мектеп ұжымы көптеген қиындықтарға кезікті. Материалдық қиындықтан өзге, оқу-тәжірибені жинақтауда да үлкен өзгерістер мұғалімдерге салмақ салған еді. Алайда, сол қиындықтарды мектеп басшысы Қайырханұлы Әмірхан Дуанбеков мырзаның іскерлігі мен еңбекқорлығы, ұжыммен тіл табыса білуінің арқасында жеңе білген едік. Ә.Дуанбеков басқарған кезеңде біздің ұжым толағай табысқа жетіп, биік шыңдарды бағындырды.

2001 жылы мектебіміз «Облыстық таңдаулы мектебі» атанса, 2011 жылы «Облыстың үздік инновациялық мектебі» атанды. Облыс әкімі А.Мұхамбетовтің грамотасымен мадақталды. Математика саласы бойынша Көптілеуұлы Өмірзақ шет ел асып, өз білімділігімен қатарластарынан оза шауып, бәйге алғаны әлі ел есінде.

Сізге осы өтініш хатты жазудағы мақсатымыз, істің ілімін білетін, жоғарыда сөз болған жетістіктерге жеткізген, ұйымдастырушылық қабілеті мол Қайырханұлы Әмірхан Дуанбеков өзі бастаған ісінің тізгінін өзіне берсек игі жақсы болар еді.
Өтініш хатты жолдаушылар: