Файл: 3блім. Роботтехника. Жоба (орта таырыптар нер, Крнекті тлалар).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: | 3-бөлім. «Роботтехника». Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар») |
Педагогтің аты-жөні: | Жамалова Әйгерім Мауытқызы |
Күні: | 06.02.2023 |
Сыныбы:3 В | Қатысушыларсаны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Роботтың «қолының» қозғалысы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.5.3.1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату әрі жылдамдығын реттеу; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін Роботтар туралыең көп шығарма жазған жазушылар туралы әңгімелейді. Оқушылардың көбі үшін: Роботты қозғалысқа келтіретін қозғалтқыштарды біледі. Кейбір оқушылар үшін: Роботта орта қозғалтқышты қолдануды, оған программа жазуды үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің ісәрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі: | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Смайликтер» арқылы амандасу ойыны. Мұғалім әр оқушыға әр түрлі смайликтер таратып береді. | Оқушылар қолдарындағы смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді | Үш шапалақ | Смайликтер |
Топтастыру: | Топтастыру: «Робот суреттерін таңдау» әдісі Оқушыларға роботтар бар суреттерді таратып беремін. Робот түстері бойынша 2 топқа бөлінеді І топ – «Қызыл түсті робот» ІІ топ – «Көк түсті робот» Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан,оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады. | |||
Өткен сабақты қайталау | Сәйкесін тап әдісі Әр топқа сұрақтар жазылған қалташалары бар плакаттар беріледі. Конвертке дұрыс жауабымен | Плакаттағы сұрақтарды конверттегі жауаппен сәйкесін табады | Барлығы дұрыс-2батарейка 1-2 қате-1 батарейка | Плакат, конверт, желім |
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «батарейкалар» әдісіарқылы бағалайды. 2 батарейка– қатесіз орындалған тапсырма үшін 1 батарейка – қателіктер болған жағдайда | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Жаңа сабаққа дайындық. | Мақсаты:Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында,жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Тиімділігі:Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауыкерек, қағазға түсіругеде, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. | |||
Сабақтың ортасы | ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). Оқушыларға түсінікті болу үшін видеоролик көрсетеді. Программа құрылымымен программаны жүктеу алгоритмін түсіндіреді | Оқушылар мұғаліммен бірге программаны іске қосады | Қалыптастырушы бағалау Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігімен тапсырманы орындау деңгейіне қарай үш шапалақ арқылы бағалайды | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс: Оқушыларға «Елгезек» роботының қозғалу алгоритмі жазылған парақшалар таратылып беріледі. Екі топтан ең бірінші программаны аяқтаған оқушылардың прогрмамаларын роботқа жүктейді. | 1 - тапсырма «Елгезек роботтың» алгоритмін сөз түрінде және программасын құрастырады. Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігімен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Үш шапалақ» әдісіарқылы бір-бірін бағалайды. 2 батарейқаз –«Өте жақсы!», 1 батарейка – «Жақсы!», | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс Дәптерлері Ноутбук роботтар |
| Жұптық жұмыс 2-тапсырма 5-суреттегі «Елгезек роботының» программасын талдаңдар. Әр блоктың қызметін анықтаңдар. Кестені пайдаланып, «Елгезек»роботтың «қолының» параметрлерін түсіндіріңдер. | Дескриптор 1.Берілген практикалық тапсырмаға жұптық талдау жасайды. 2.Әр блоктың қызметін анықтайды. 3.Кестені пайдаланып, «Елгезек» роботтың «қолының» параметрлерін түсіндіреді. | Қалыптастырушы бағалау Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіментапсырманы орындау деңгейіне қарай «батарейкар» әдісіарқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Сергіту сәті | «Әлемдегі ең керемет роботтар» видеорогін көрсетеді | Оқушылар қызықты видеороликті көреді | | Интерактивті тақта |
Сабақтың соңы Сабақты бекіту. Рефлексия. | «Венн» диаграммасы арқылы Скретч және EV3 Mindstroms програмаларын салыстыру ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс: «Принтер» әдісі Оқушыларға үш түрлі принтер көрсетіледі. Әр оқушы ноутбукте тетікті басу арқылы кері байланыс береді. Жасыл түс-барлығы түсінікті Сары түс – әлі де сұрақтарым бар Қызыл түс – ештеңе түсінбедім | Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Батарейка» әдісі арқылы бағалайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. | ||
Үй тапсырмасы | Роботтың қолының қозғалысы |
«Құнан» мектеп-лицейі
Роботтың «қолының» қозғалысы
(ашық сабақ)
Пән: информатика
Мұғалімі: Ә.М.Жамалова
2022-2023 оқу жылы