Файл: АТбе облысы ырыз ауданы алыбай негізгі орта мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 41
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
ЫРҒЫЗ АУДАНЫ
«ҚАЛЫБАЙ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
ЖОБА КҮНДЕЛІГІ
Тақырыбы: COVID 19-ға , Қымыздың адам ағзасына пайдасы .
Жетекшісі: Мимықова Дина Саветқызы
Орындаған: Амандықова Айзере Еркебұланқызы
2021 жыл
Пікір
Оқушының «Ковид 19-ға Қымыздың пайдасы» атты ғылыми жобасы .Коранавирус кезінде адам ағзасына өтте өзіндік пайдасы бар ,Саумалдың пайдалы жақтары өтте көп деп аита алам жәнеде шипалық жақтары да көптеп кездеседі .
Зерттеу жұмысында оқушы оның шығу тарихына сипаттама бере отырып ,Оның жер бетіне таралу туралы кеңінен талдау жүргізеді .
Қымыздың адам ағзасына тигізетін пайдасы нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасаған .Оның адам өмірінде алып отырған орнын көрсетуге , денсаулықты жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр сырын ашып көрсеткен .Қымыздың ішінде көптен витаминдерге тоқтала отырып ,олардың әрқайсына жүйелеп талдаған .
Зерттеуші Қымыздың пайдалы жақтарын, адам денсаулығына әсері мол екендігін ,қасиеттерін танытуда өз оиымды қоса отырып және де интернеттен материалдарымен таныса отырып оның барлық қырын ашуға тырыстым .
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалған деуге болады .
Зерттеу жұмысының мазмұныдылығы мен мәнділігін ескере отырып ,жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын .
Мазмұны
-
Кіріспе.
Қымыздың шығу тарихы.
II. Негізгі бөлім.
2. 1.Жылқы киелі жануар. Қымыздың адам денсаулығына әсері.
Ковид 19-ға қымыздың әсері .
2. 2.Құрғақ қымыз. Қымыздың дайындалу әдісі.
2.3. Қымыздың онкологиялық әсері.
III. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі
Аннотация.
Бұл ғылыми жобамда қымыздың қазақ халқы үшін шипалы, дәруменге толы сусын екенін аңғарту әрбір қазақтың міндеті деп білемін. Өйткені, қазіргі уақытта қымыз қай кезде қолданылады?
Мейрамдарда, ауырған кезде және қонақ келгенде ғана ішетініміз өтірік емес. Яғни, қымыздың шипалы сусын екенін біле тұра, сапасыз, қандай қоспалармен жасалатынын, тіпті көзбен көрсекте, сол керексіз сусындарды ішетініміз өтірік емес. Сондықтан, бұл жобада қымыздың пайдалы екенің және қолданысқа енгізу қажеттігін сұраймын.
Аннотация.
В этом научном проекте мы знаем, что кумыс является целебным, богатым витамином напитком для казахского народа. Ведь в настоящее время, когда используется кумыс?
В праздники, когда мы болеем и приезжаем в отель, мы не ложимся. Если вы знаете, что кумыс является целебным напитком, то не так ли, как вы видите, некачественно, с какими добавками, и даже визуально, мы не можем пить эти ненужные напитки. Поэтому, прошу вас, что в этом проекте полезно и необходимо ввести в эксплуатацию кумыс.
Annotation.
In this scientific project, I believe that it is the duty of every Kazakh to understand that kumys is a healing, vitamin-rich drink for the Kazakh people. After all, when is kumiss currently used?
It is not a lie that we drink only on holidays, when we are ill, and when the guest arrives. That is, knowing that kumys is a healing drink, it is not a lie that we drink these unnecessary drinks, which are of poor quality, which are made with additives, even with the naked eye. "I don't know," I said
Абстракт.
1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Қымыздың адам денсаулығына пайдасын зерттеп, шығу тарихына тоқталу. Онкологиялық әсері мен қымыздың құрамындағы дәрумендерге аса мән беру.
Міндеттері:
-
Жылқы жануары мен оның сүтінен жасалатын қымыз сусының адам ағзасына пайдасы туралы тоқталу. -
Шығу тарихына мән беру. -
Қымыздың адам денсаулығын байытатын шипалы сусын екенін дәлелдеу.
Болжам: Қымыздың қуаты мол шипалы сусын екендігіне қарамастан қазіргі уақытта аз қолданыста екендігіне мән беріп, оны тыңғылықты уақытта қолданысқа көшіру.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең-Талдамаларды жобалау;
3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең-Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
Зерттеу әдісі:Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.
5.Зерттеу нәтижесі: Қымыз сусыны туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.
6. Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Қазіргі уақытта шипалы сусынның орнына басқа сусындар, мәселен, коло, фанта, секілді сусындарды қолданбай қазақтың шипалы сусынын күнделікті қолданысқа енгізсек деген ойым бар. Өйткені, қазіргі жасөспірім балалардың денсаулығы нашар екені белгілі. Оның себебі: ішіп жүрген тағамдарында болып отыр. Яғни, кола секілді сусындардың сапасы нашар, құрамында не бар екенін біле тұра, оны ішеміз. Менің ойымша оларға уақытымен ішуді қолға алған жөн.
Кіріспе.
Қазақта Қамбар ата жылқыны алғаш рет қолға үйретеді. Тұңғыш қымызды ашытады, өйткені биенің сүті не айран, не ірімшік, не сүт болмайды, отқа піспейді, содан Қамбар ата ашытып қымыз жасайды.
«Қымызды алғашқы пайдаланғандардың бірі, біздің ойымызша, арий тайпалары», – дейді ғалымдар.
Оған бірінші дәлел – Авестада арий тайпалары сүт тағамдарын (қымыз – сүт тағамдарына жатады) пайдаланды деп жазылған. Сонымен қатар, қымызға байланысты ең көне жазба деректер Гомер (б.з.д. ІХ ғ.), Геродот (б.з.д. ..ғ.), Сымя Цянь (б.з.д. ІІ ғ.) мен Страбонда (І ғ.) кездеседі, және кейінірек қымызды үйсін, хұн және түрік тектес тайпалар жақсы меңгеріп пайдаланған. Ғалымдардың ойынша, қымыздың пайда болған уақыты б.з.д. ХІ ІХ ғғ. қола дәуірінің соңы арий тайпалары күнелтуінің аяқталған кезінде, яғни, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің орнығу уақытымен байланыстырады. Марко Поло Құбылайдың жылқыларының ішінде он мыңдай «ақ қардай аппақ», еш дағы жоқ биелері бар болғанын жаза отырып, «Бұл биелердің қымызын тек Құбылай мен оның жақын туыстарының ғана ішуге құқы бар» дейді. Ал егер, әлгі ақшақардай биелердің қымызын келген қонақтарына берсе, ол үй иесінің бөлекше құрметін білдірген.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жылқы – киелі жануар
Жылқы жер жүзіне түгел жайылған хайуанның бірі. Адам жүрген жерінде жылқы жоқ жер аз. Жылқының түп атасы құлан деп айтылады. Құланды қолға үйретіп, бағып, баптап, жетілдіріп, жылқыға айналдырған монғол мен арий жұрттары болған. Сондықтан жылқының түп атасы екіге бөлінеді: монғол жылқысы, арий жылқысы. Басқа жұрттарға жылқы осылардан тараған. Монғол жылқыны қолға үйреткелі мұнан 8 мың жыл шамасы бұрын деп айтылады.Жылқы адамға нағыз пайдалы хайуанның бірі. Көлік орнында жылқы салт мініледі, арба, шанаға жегіледі, соқаға салынады. Жылқының күші мол, жүрісі өнімді.Жылқы сүтінен әрі сусын, әрі тамақ, әрі дәру қымыз істеледі. Еті дәмді, қуатты. Терісінен былғары, қайыс сияқты нәрселер істеледі. Жал құйрығын сатсаң – пұл, ессең – арқан-жіп болады, тұяғынан түйме сықылды нәрселер жасалады, желім қайнатылады. Сүйегі сабын мен қант зауыттарында ұсталады. Қысқасы, пайдаға асыра білгенге жылқы бойындағы бар заттардың іске аспай қалатыны жоқ. Жылқының тұқымы толып жатыр. Олардың біреулері салт мінуге жақсы, біреулері жүк тасуға жақсы, біреулері жарысқа жақсы. Салт пен жарысқа жақсы жылқылар монғол мен арий жылқысынан шыққан тұқымдар. Бұк екі тұқымнан басқа орман жылқысы деген бар. Оның тұқымы жұмысқа жақсы болады. Монғол жылқысынан шыққан қазақ, қалмақ, башқұрт, қара байыр, қашқар, забайқал, иран, түрік, түрікпен, серкеш ағылшын жылқыларының тұқымы. Орман жылқысынан шыққан Арден, Бұлан, Шерширун, Белгия, Дания, Голландия жылқыларының тұқымы. Осы үш тұқымның бір-біріне шағылысқанынан шыққан жылқының толып жатқан тұқымдары көп.
Ж ылқы хайуандар арасында дөңгелек тұяқ тобына жатады. Жылқымен тұқымдас үй хайуандарынан есек, қашыр, қыр хайуандарынан құлан, зебр сықылдылар.
Қымыздың адам ағзасына әсері.
Қымызда кездесетін заттардың бәрі адам денсаулығына пайдалы. Кез-келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз болса, бие сүтінде ол 1,8-2 % болады. Қымызда шамамен 1,3-2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем. Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық. Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады екен. Сондықтан да бүгінгі күні қымызды емдік әдісте, профилакторияда жиі пайдаланады. Сонымен қымыз қандай дертке дауа, емге шипа?
Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады. Бұл өнімде В, А, Е дәрумендері, әсіресе С дәрумені өте көп. Олар адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.
– Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.
– Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
– Қымыз арақ пен сыраның зардаптарынан тазартады.
– Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы зор.
– Қымыздың құрамында жыныс гормондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды.
– Қымыздың майы атерокслероз ауруына шипалы.
– Қымыздың құрамындағы май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады
– Қымыздағы кіші молекулалы пептидтер жасушалардағы нәруыз (белок) синтезін күшейтеді, ағзадан улы заттарды сыртқа айдап шығарады, ұрық безі гормондарының түзілуін дамытады
– Тамақтың алдында немесе тамақпен бірге аз мөлшерде (50–100 мл) ішілген қымыз ас қорыту сөлдерінің бөлінуін айтарлықтай күшейтеді.
– Ағзадағы зат алмасуын реттеп отыратын асқазанның, ішектің, бауырдағы өт бөлетін ферменттердің жұмысын жақсартады.
– Қымыз құрамында ағзаға жеңіл сіңетін ақуыздар, пептидтер, аминқышқылдар болғандықтан, сусынның бұл түрі сырқат адамның күш-қуатын тез қалпына келтіреді.
– Қымыз ашығанда пайда болатын сүт қышқылы, спирт асқазан-ішек сөлін қоздырып, астың жақсы қорытылуына, ыдырау өнімдерінің сіңуіне жәрдемдеседі
– Бие сүтінде С дәруменінің мол болуынан, қымыз туберкулез ауруын емдеуде өте шипалы. Қымыз туберкулезбен ауыратындардың ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады.
– Қымыз құрамында В, В2, В12 дәрумендері бар болғандықтан, ол жүйке ауруларына да өте шипалы.
– Қымыз ішкенде адам тәбеті ашылады. Оған қымыз құрамындағы сүт қышқылы әсер етеді.
2.1 Ковид 19-ға ,Қымыздың пайдасы .
Қымыздың саумалдың құрамындағы сүт ол албуминдік типке жатады. Екі тип болады. Альбумин және казеин. Сол альбуминдік тип ана сүтіне жақын. Құрамындағы аминқышқылдары, ақуыз, қасиеті бойынша өті жоғары.
Саумалдың емдік қасиеті мол. Әсіресе, бірінші рет құлындаған, яғни, қулық биенің сүті мама биелерге қарағанда әлдеқайда қуатты болады екен.
Бие сүті А, С, В1 дәрумендеріне бай. Оның минералдық қасиеттері 12 сағатқа дейін жойылмайды.
Сондай-ақ, саумал асқазан жарасын емдеуге, бауыр ауруына, иммундық жүйе жұмысының бұзылуына, туберкулез, ішек, тері ауруларын емдеуде жиі қолданылады.
Коронавирус кезінде қымыз саумалын көптеп пайдаландық ,адам денсаулығына көптеген витаминдер мен күш қуат әкелетін саумалды ,қалада тұратын тұрғындар саумалды ауылдан әкелуге де ауырсынеған жоқ .Себебі :Қымыз саумалдың адам денсаулығына әсері мол екені білеміз.
Коранавирус 2020-жылдан бастап белең алды оны мен көптеген адамдар алысып –тартысты ,өмірден өтіп кеткен жандарда болды. Көптеген адамдарымызды осы Коранавирус кезінде жоғалтып алдық .Енді қалған өмірімізді сақтықпен өткізгеніміз абзал, денсаулығымызға қажетті ем қабылдып ,асқазанымызға керекті дәруменмен толытырумыз керек .
Ол үшін Қымыз саумалын пайдаланған жөн,төбеде атап өткендей қымыз дәруменге бай . Өзіміздің денсаулығымызды жақсарту өзіміздің қолымызда.
Мен осы қымыз туралы сыныптастарыма сауалнама жүргіздім. Мен сауалнамада осындай сұрақтар қойдым. Менің сыныбымда 10 бала бар.