Файл: АТбе облысы ырыз ауданы алыбай негізгі орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Сен қандай сусынды көп тұтынасың?

  2. Саған ата-анаң бұл сусынды ішуіңе арсы емес пе?

  3. Қымыздың пайдасы туралы не білесің?

  4. Қымызға деген көзқарасың қандай.?

Бірінші сұраққа

8 бала – газдалған сусындар 2-бала-қымыз,сүт, айран

Екінші сұраққа

5 бала –қарсы 2 бала-қарсы емес 3-бала –келісімінсіз тұтынамын

Үшінші сұраққа

7 бала – білмеймін 4 бала-білемін

Төртінші сұраққа

3 бала-Өте жақсы 4 бала- жақсы 3 бала-ұнамайды

2.2. Қымыздың сонымен қатар, сусыны ғана пайдалы емес, құрғақ түрі де адам денсаулығына әсері зор екенін ұмытпаған жөн. Мәселен,27 маусым 2018, 15:17 уақытында жарық көрген мақаладағы қуантатын жағдай қымыздың құрғақ түрі фармацевтикалық жағынан ем екенін біле алдық.

Семей, Қызылорда, Павлодар қалаларынан қымыз құрғақ күйінде шығарылады, яғни сумен араластырғанда дайын болатын ұнтақ түрінде жасап шығару технологиясы ойлап табылды. Сынамалы жоба әзірге 50 пайыз жабдықталған, бірақ өндіріс жылына бес тонна дайын өнім жасап шығаруға дайын екенін жеткізді. Бірақ мұны жүзеге асыру да мүмкін болмай тұр, себебі елімізде атам заманнан бері қымыздың саумал түрі, сұйық түрі ғана қолданылатындықтан бұл өнімге арналған нормативтік база жоқ. «Игеру ШҚ» ЖШС-да табиғи бие сүтін сублимациялық әдіспен құрғақ ұнтаққа айналдыру қажеттілігі туралы ой бұрыннан бар. Қымызға сұраныс аса жоғары ел Германияның тәжірибесіне сүйеніп, біздің елімізде де сынақтан өтті. Германияда саумалдан 30 түрлі азық жасайды, оның қатарына балаларға арналған қоспа, балмұздақ та кіреді. – Сублимация не лиофилизация әдісі сұйықтықты ұнтаққа айналдырады, – дейді «Игеру ШҚ» ЖШС басшысы Евгений Шевченко, – Қазіргі уақытты бұл нағыз қажетті өнертабыс түрі болып тұр, сублимацияға арналған жабдық 70-ші жылдары АҚШ-та ғарыштық өндіріске арнап ойлап табылған, кейін азаматтық айналымға түсті. Негізінде бұл үдеріс химиялық айналдыру деп аталады, бұл – терең вакуумдегі ылғалды жою үдерісі. Егер жай ғана су қосса, қайтадан нағыз табиғи өнімге айналады. Вакуумдық қаптама өнімді ұзақ уақыт сақтауға (5-7 жыл) және ұзақ жолға алып шығуға мүмкіндік береді. Ал «Игеру ШҚ» ЖШС директоры Ермек Әбдиев былай дейді: – Қазақстандағы қымыз құрамында лактоза көмірсуы болуымен ерекшеленеді. Бұл ағзаға жүз пайыз сіңетін көмірсу түрі. Ал Германияда шығарылатын қымызға балама өнімге сахароза қосылады. Біздегі көмірсу мен сүт майлылығы мол болғандықтан еуропалықтар асқан қызығушылық танытады. Неміс ғалымдары бие сүті ана сүтінен кейінгі аса пайдалы өнім екенін дәлелдеді. Бірақ сауғаннан 20 минут өткеннен кейін бұл қасиеті буға айналып кетеді. Барлық қасиетін сақтауы үшін жаңа сауылған сүт кәсіпорынға мұздатылған күйінде жеткізіледі, содан кейін ғана арнайы сублимация қондырғысына жібереді. Осылай дайындалған құрғақ қымызды таза суда ерітіп, көпіршігенше қойса, нағыз табиғи қымызға қайта қол жеткізуге болады.


Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес инновациялық үрдісті игеру мәселесі Семейде де жолға қойылуда. Өндірісті уақыт талабына сай өрістету мақсатында қолға алынған жобалар аз емес. Сол жобалардың алдың­ғы легі игеріліп, өз жемісін бере бастады. Біз сөз еткелі отырған өндіріс орнының өнімі бүгінгі таңда Қазақстанды қойып, Еуропада да сұраныс тудырып отыр. Кірпияз еуропалықтардың талғамына сай өнім өндіру Семейдегі «Ибраев-К» өндірістік кооперативінің бас директоры Ғаббас Төкешұлының қолынан келді. Биенің сүті – саумалды бірден құрғатып, ақ ұнтаққа ай­нал­дыру Франция, Германия секілді елдерде ертерек қолға алынған. Қымыздың бұл құрғақ түрі тек сусын үшін ғана емес, дәрі-дәрмек жасау саласында да таптырмайтын шикізат. Міне, құлақпен естігенді көзбен көрген деген осы. Дәл осындай құрғақ қымыз шығару Семей жерінде қолға алынды. Семей – Абай тасжолы бойы­ның 11-ші шақырымында орналасқан жаңа кәсіпорын наурыз айынан бері қалыпты іске қосылып, қымыздың ұнтақталған түрін шығарып келеді. Жаңа кәсіпорынның инженері Ермек Әбдиевтің айтуына қарағанда, құрғақ қымыз өндірісі неміс технологиясымен жабдықталып, тиісті қондырғылармен толықтай қамтылған. Бие сау­уға арналған арнайы темір торлар салынған. Өндіріс технологиясы бойынша 100 литр саумалдан мөлшермен 30 кило құрғақ ұнтақ алынатын кө­рінеді. Барлық параметрлер тиісінше сақталмаса қажетті мөлшерде өнім өндіру қиын. Мәселен, мамандардың айтуына қарағанда, биенің сүті сауылған бетте 90 пайыз мөлшерде ана сүтінің құрамына жақын болады екен. Бұл көрсеткіш деңгейі сауылған саумал ыдыста тұрған сайын төмендей бермек. Саумал бойындағы минералды заттарды қажетінше сақтап қалу үшін мұндағы технология бойынша сауылған саумалды кешіктірмей, өңдеуге мүмкіндігінше тез арада жіберген абзал. Сол үшін де өндіріс цехы мен бие сауылатын орын жақын орналасқан. Бие сауу орны жабық ғимарат ішінде орналасып, төңірегі толықтай таза тұруы қарастырылған. Бұл да құрғақ қымыз сапасының сақталуына қатысты шара. Саумалға сауылған бетте күн, жел тигізбеу де тиісті талаптардың бірі. Қазақ даласында қымызды өндіріс жолымен өңдеп, арнайы құтыларға жауып шығару бұрын-соңды болмағаны белгілі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, кәсіпкерлікке жол ашылғаннан бері қазақ азаматтары да бизнестегі мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, ел мақтанышына айнала түсуде. Ол бірінші кезекте, мемлекетіміздің шағын және орта кәсіпті дамытуға баса назар аударғандығының нәтижесі. Отанымыздың экономикалық қуаты еселенген сайын еліміздің өндіріс саласына инновациялық жаңалықтар енгізуге мүмкіндіктер туа бастады. Соның нәтижесінде қымызды арнайы құтыға құйып шығарудың сыртында құрғақ қымыз өндіруге де қол жетіп отыр. Семейде өндірістік жолмен қымызды құтыларға құйып шығаратын «Асау боттлер» серіктестігі жайлы осыған дейінгі мақаламызда жан-жақты айтылған. Құрғақ қымыз жергілікті жұртты жаңалығымен тәнті қылғаны болмаса, оны пайдалануға бәлендей ынта танытпайтындығы анық. Бұл жағын да бизнесмендер ескермей отырған жоқ. Құрғақ қымызға құрақ ұша ұмтылатын елдермен келісім жүргізе отырып, өнімдеріне жол ашқан. Еуропа елдерінде құтыдағы қымыздың литрі мөлшермен 7-8 еуро болса, құрғақ қымыз килосы 20-25 еуро тұрады. Ал, дәрі дәрумен бағытындағы құны әлдеқайда қымбатырақ. Қымыз ұнтағы сиыр сүтінің ұнтағына қарағанда өте жылдам еритініне де ғалымдар көз жеткізіпті. Нақтырақ айтқанда, құрғақ қымыз ұнтағы ол жақта негізінен косметалогия, фармецевтика, балалар мен диеталық тағамдарға қолданылады. Сонымен бірге бұл өнім ғарышкерлер, шахтерлар, альпинистер мен суда жүзушілердің де сұранысын арттыра түсуде. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «20 жарқын іс» бастамасымен тұспа-тұс ашылып жақтан Семейдегі құрғақ қымыз кәсіпорны Қазақстанда бірінші болып қолға алынып отырғанын да айта кеткен жөн. Керек десеңіз, ТМД елдері шеңберінде де бұл шаруаны әлі ешкім игере қойған жоқ. Инновациялық үрдістің игілігін көре бастаған Қазақстан кәсіпкерлері келешекте де тың жобалар мен толайым табыстар тізгінін тең ұстап, игілігін ел көретін іс тетігін таба беретініне еш күмән жоқ жазған Қайрат Зекенұлы журналисттің ақпаратынан білуге болатынын айта кеткен жөн.



Қымыз жасау ісі

Қымыз – бие сүтін ашытып қымыз жасау ісі. Қымыз баптау еліміздің әр өңірінде әртүрлі дайындалады. Ол көбіне жылқының жеген шөбіне, қымызды ашытатын күбінің ағашына, күбіні ыстайтын шөптің ерекшелігіне байланысты әртүрлі болады. Бірақ қымыздың ең басты күтімі –оның қалай жасалуында, оны жасайтын адамның шеберлігіне байланысты.Қымыз туралы айтқанда көбіне Арқа жақтың қымызын мақтап жатамыз, Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы «Жуалы мен Меркенің қымызын-ай» деп ішкен адам алғысын айтып жатқанын естіген боларсыз. Біз бүгін сіздерге Жамбыл өңірінде қымызды баптау әдістерімен бөлісетін боламыз.

Негізі қымыздың бабына байланысты ескеретін мынадай маңызды қағидалар бар:

1. Ең алдымен, қымыздың бабында болуы оны ашытатын күбінің ағашына байланысты. Мәселен, күбінің ағашы қарағайдан немесе теректен болса, сол ағаштың дәмі қымызға да сіңіп кетеді. Көбінесе аршадан, еменнен жасайды. Аршадан жасалған күбіден ең баптаулы қымыз дайындалып шығады. Және оның дәмі қымызға сіңбейді. Қымыз өз дәмін жоғалтпайды.

2.Келесі ескеретін қағида – күбінің тазалығы. Көп жағдайда осы мәселе бізде ескерілмей қалады. Мысалы, үш күн сайын жуатын болсаң оның түбінде ашытқы қалып кетеді. Сіз қанша балғын қымыз құйғаныңызбен сол бұрынғы түбінде қалып қойған ашытқы жаңа қымыздың дәмін тез бұзады. Сондықтан, күбіні тазалап, жуғанда оны арасына бір күн салып отырып тазалау керек. Жуғаннан кейін оны жарты сағат уақыт кептіру керек. Жарты сағаттан артық кептірмеңіз, себебі, көбірек күннің астында тұрған күбі қаңсып кетіп, тесіліп, жан-жағынан сүт ағып кетуі мүмкін.

Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі- 12 дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезін, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ витаминдер жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады. Антибиотикалық дәрі- дәрмектер қымыздың құрамындағы: витаминдермен, қоректік заттармен, ашытқылармен қосылып организмге оңай сіңеді. Өзінің адам организміне жасайтын күрделі және әр жақты әсеріне қарай қымыз тіршілік көзі ретінде ықпал етеді және маңызды тамақ өнімі болып табылады.

Бие сүтінің құрамында минералдық қосылыстардың болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Бие сүтінде жалпы минералдық қосылыстардың жалпы мөлшері сиыр сүтіне ИҚ– және УФ – спектроскопия, потенциометрлік титрлеу, рефрактометрия, поляриметрия.

Сүттің химиялық құрамы биенің физикалық және қоректену жағдайына ауа-райына күтіміне байланысты болады.


Қымыз сүт тәрізді ақ – сұрғылт түсі бар, біркелкі болады.

Бие сүтінде жалпы белок мөлшері шамамен 2 %.

Қымыздың ашу және жетілу процесінде сүттің белоктары полипептидке дейін.

Бие сүтінде және қымызда май мөлшері – 1.5-1.9%.

Қымыздың құрамында протеаза, липаза, каталаза, редуктаза, лактаза, трансамилаза, дегирогеназа

Ғылыми мағлұматтар бойынша қымыздың құрамында витаминдер де кездеседі:

1 л қымыздағы витамин мөлшері:

1. Витамин А және каротин 0.9-6.9 мг

2. Витамин С (аскорбин қышқылы) 91-157 мг

3. Витамин В1 (тиамин) 194-154 мкг

4. Витамин В2 (рибофлавин) 257-416 мкг

5. Витамин В12 (цианокоболамин) 3.25-4.05 мкг

6. Витамин РР (никотин қышқылы ) 299-1060 мкг

Қорытынды

Тәуелсіз еліміздің басты міндеттерінің бірі халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыруға ,салт- дәстүрлерімізді құрметтеуге , төл тарихымызды бағалай білуге және мақтан етуге , болашаққа оң көзқарас танытуды келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.

Күнделікті өмірде ерекше орын алатын қымыз, қымыз ішу, сусынды әзірлеу әдістері және соған байлынысты рәсімдерді зерттей келе адам организміне әсерін байыптау. Қымыздың емдік қасиеттерін даралай отырып, алдағы уақытта осы қымыз шығаратын орындар ашып, Арал ауданы халқының денсаулығының жақсаруына үлесімді қосамын. Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны ғана емес, ол ауруға ем, жанға қуат беретін қайталанбас дәмге ие болып жүрген сусын. Сондықтан түрзі ағзамызға пайдасыз сусындарды ішкенше, бойымызға нәрін сіңіретін қымыз сусынын ішуге өз ақылымды қосамын.

Мен негізінен мүғалім болғым келеді , бірақ бұл жобаның да аяқсыз қалғанын қаламаймын. Сол үшін мен бұл жобаны келешек жас ұрпаққа сеніп тапсыратындай көлемде, көптеген жерге таныстырғым келеді. Мен бұл жобаны еі алдымен өз сыныптастарыма таныстырдым. Олардың ойынша бұл жоба кең ауқымды іс және ол іс менің қолымнан келетініне сенеді.

Ұсыныс:

  1. Қымызды құрғақ түрге айналдырып көптеген елдерге экспорттау.

  2. Көптеген телеведение, ғаламтор желісі, қалта телефондарына жарнама жасау.

  3. Сапалы затқа жақсы жарнама жасау ол заттың тез өтімділігін арттырады.

  4. Мектеп бағдарламасында, медицинада, көптеген елді-мекендерге осы қымыздың пайдасы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.

  5. Көп қолданысқа енгізу үшн, көптеген жерге осы жоба туралы айту.

КҮНДЕЛІГІ




Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетекші қолы

Нәтижесі

1

Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу ,пікірлесу

Қаңтар

Ақпан

2021ж




«Ковид 19-ға Қымыздың әсері»

Атты зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып ,зерттеу жұмыстарын жүргізу .

Наурыз

Сәуір

2021ж




Жұмыстың мақсатымен ,міндетімен таныстым .Орындау барысы туралы мағұлмат беріп , пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді .

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет баспа материалдарымен танысып ,олардың ішінен қажеттілерін іріктеу

Мамыр

Тамыз

2021ж




Берілген материалдармен танысып , өзімен қажетті мағұлматты алдым .

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

Қыркүйек

Қазан

2021ж




Қажетті материалдармен жинақтап саралап жүйеледім .