Файл: ТЫдаушыны Жмыс дптері баспаа Назарбаев Зияткерлік мектептері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Колледжде информатиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы

ТЫҢДАУШЫНЫҢ

ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ



Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының

Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2023

Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілі. «Информатика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы.
Талқылау

Техникалық және кәсіптік білім берудің даму тенденциялары мен ұлттық деңгейде қарастырылатын басты құндылықтары.

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты





Талқылау

Тәрбие - оқудың маңызды компоненттерінің бірі

Педагог тәжірибесінде білім алушылардың бойында ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Оқыту-тәрбиелеу процесінде құндылыққа бағытталған тәсілді қалай жүзеге асырасыз?



Талқылау

«Информатика» пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны және ерекшелігі. Бағалау процесі.




Талқылау

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Оқу үшін бағалаудың маңызы. Бағалауға алналған тапсырма әзірлеу процесі. Жабық және ашық тапсырмалардың ерекшеліктері




1-тапсырма. Оқу үшін бағалау тапсырмасын әзірлеу.

1.1. Колледж бағыты бойынша пәннің үлгілік оқу бағдарламасынан тақырыпты, оқу нәтижесін және сәйкес бағалау критерийлерін таңдаңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдысының деңгейлерімен сәйкестендіп,
жабық тапсырма құрастырыңыз. Тапсырманы орындау қадамдарын көрсетіңіз.

Бағыт _______________________________________________________________________

Пән _________________________________________________________________________

Бөлім/Тақырып ______________________________________________________________


Оқу нәтижесі:




Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі




Тапсырма

Орындау қадамдары: Білім алушы




1.2. Мамандық бағыты бойынша пәннің үлгілік оқу бағдарламасынан тақырыпты, оқу нәтижесін және сәйкес бағалау критерийлерін таңдаңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдысының деңгейлерімен сәйкестендіп, ашық тапсырма құрастырыңыз. Тапсырманы орындау қадамдарын көрсетіңіз.

Бағыт _______________________________________________________________________

Пән _________________________________________________________________________

Бөлім/Тақырып ______________________________________________________________


Оқу нәтижесі:




Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі




Тапсырма


Орындау қадамдары: Білім алушы



Инклюзивті білім беру принциптері. Инклюзивті оқу ортасы: инклюзивті мәдениет және құндылықтар.
Талқылау

Инклюзивті білім беру деген не?

Инклюзивті білім берудің сипаттамасы.

Инклюзияның үш аспектісі.

Инклюзивті білім беру модельдері.

Инклюзивті білім беру құндылықтары




2-тапсырма.

Инклюзивті мәдениет құру туралы өз ойыңызды сипаттайтын жауапты көрсетіңіз:



Инклюзивті мәдениет құру

Толық келісемін

Келісемін

Келіспеймін

Қосымша ақпарат керек

1

Қоғамдастық құру (оқу-тәрбиелеу процесіне қатысушылар).












2

Әркім мұнда оны жақсы көретінін, оған сыйластықпен қарайтынын сезеді.













3

Білім алушылар бір-біріне көмектеседі.













4

Ұжым бір-бірімен серіктестікте ауызбіршілікпен жұмыс істейді













5

Білім алушылар мен оқытушылар бір-біріне құрметпен қарайды.













6

Оқытушылар мен ата-аналар/қамқоршылар арасында серіктестік орнатылған













7

Ұйым мен жоғары тұрған ұйымдардың өкілдері ынтымақтастықта жұмыс істейді.













8

Барлық жергілікті қоғамдастықтар ұйым жұмысына тартылған.













9

Инклюзивті құндылықтар қабылданған.













10

Барлық білім алушылардан бірдей жоғары жетістіктер (оқу үлгерімі) күтіледі.













11

Ұйым қызметкерлері, жоғары тұрған ұйымдар, білім алушылар мен ата-аналар инклюзия идеологиясын түсінеді және жүзеге асырады.













12

Барлық білім алушыларды тең бағалайды (сыйлайды)













13

Оқытушылар мен білім алушылар тек өздерінің "рөлдерін" ойнамайды, бір-біріне адамгершілікпен қарайды.













14

Оқытушылар оқудағы кедергілерді жеңуге және барлық білім алушыларды ұйым өмірінің барлық салаларына толық қатыстыруға ұмтылады..













15

Ұйым кемсітушіліктің барлық түрлерін барынша болдырмауға тырысады














Талқылау

Қазіргі жағдайдағы білім беру ұйымы мәдениеті мен практикасы бойынша білім алушылардың оқуына және ұйым өміріне (оқу процесіне) толық қатысуына қандай кедергілер бар?

Осындай кедергілерді жеңу үшін ұйымда қандай жұмыстар атқарылуда?

Нені қайта қарау керек? Қандай жаңа бастамалар қажет?





3-тапсырма.

Инклюзивті білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.


ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың

МЕДИЦИНАЛЫҚ МОДЕЛІ

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ

Бала жетік емес



Диагноз



Атаумен «бөлектеу»



Бала бойындағы ауытқушылық басты назарда болады



Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, денсаулық ауытқушылықтарының терапиясы



Оқшаулау (сегрегация) және жеке, ерекше қызметтер көрсету



Тұлғааралық қарым-қатынас қажеттіліктері ескерілмейді



Мүмкін болған жағдайда жазылып кету/ қалыпқа келу, әйтпесе дәрігерлердің бақылауымен ауруханаларда (интернаттарда және т. б.) өмір бойы болу



Қоғам өзгеріссіз қалады




Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық қолдау.

4-тапсырма.

Тәсілдемелерді салыстырыңыз. Сіздің білім беру ұйымында инклюзивті тәсіл қалай жүзеге асырылады?


ДӘСТҮРЛІ ТӘСІЛДЕМЕ




ИНКЛЮЗИВТІ ТӘСІЛДЕМЕ










Жақсы оқитын білім алушыларға
көп көңіл бөлінеді





Барлық білім алушыларға
бірдей қарайды











Ең үздік оқытушы --
оқушылары жақсы оқитын
оқытушылар





Ең үздік оқытушы – барлық оқушылардың дамуына көмектесетін оқытушы










Ұйым үздік білім алушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады




Ұйым барлық білім алушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады










Ата-аналарға әдетте баласының қиындықтары мен проблемалары туралы хабар беріледі




Ата-аналар ұйымдағы оқу процесіне тікелей қатысады










Білім беру тек педагогтердің проблемасы ретінде қарастырылады




Білім беру барлығының ортақ проблемасы ретінде қарастырылады





Сіздің жауабыңыз:




5-тапсырма. Инклюзивті оқу ортасын құру.

Топтық жұмыс.

1-топ:

Эмоционалды және мінез-құлық бұзылыстары бар білім алушылар үшін оқудағы, білім беру ұйымындағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, ұсыныңыз.

Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Барлық оқушыны оқуға тарту; Оқушылардың мінез-құлқын бақылау. Сіз білім алушылардың мінез-құлқын бақылауға бағытталған басқа әдістерді кездестірдіңіз бе?

Барлық білім алушылар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру үшін білім беру ұйымында қандай өзгерістер енгізу керек?

2-топ:

Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Қарым-қатынас. Білім алушылармен қарым-қатынас жасау кезінде сіз жасаған немесе жасай алатын басқа да өзгерістер бар ма?

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар білім алушылар үшін оқу және ұйымдағы оқу-тәрбие процесі барысындағы кедергілерді жоюдың басқа да шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.

Оқу тобындағы барлық білім алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар беріңіз.

3-топ:

Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Сабақ жоспарлау, Жеке көмек. Оқу қиындықтары бар білім алушыларға жеке көмек көрсетудің басқа әдістері бар ма?

Оқу қиындықтары бар білім алушылар үшін оқудағы, білім беру ұйымындағы кедергілерді жоюдың жолдарын талқылап, ұсыныңыз.

Барлық білім алушыарды толық сабаққа тарту тәсілдерін ұсыныңыз.

4-топ:

Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Жеке бағдарлама; көмекші/қосымша материалдар.

Зерде бұзылыстары бар білім алушылар үшін оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жоюдың басқа шешімдерін талқылап, анықтаңыз. Оқу тобындағы білім алушыларды саралап оқыту бойынша жұмыс парақтарын ұсыныңыз.

5-топ:

Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар білім алушылардың оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.

Барлық білім алушыларға бірдей сапалы білім беру үшін өз оқу тобыңызда жасаған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.

6-топ:

Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Сынып жабдықтары.

Көру қабілеті нашар білім алушылардың оқу және оқу процесіне қатысуындағы кедергілерді жоюдың шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.

7-топ:

Есту қабілеті нашар білім алушылардың оқу, оқу процесіне қатысудағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.


Барлық білім алушыларға сапалы білім беру үшін сынып бөлмесіндегі, сабақтағы жасалған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.

Қорытынды:



6-тапсырма.

1. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 1-үзіндіні (1-видео файл) қарап, сұраққа жауап беріңіз:

Баланың оқудағы қандай қиындықтарын көрдіңіз?


Сіздің жауабыңыз:




2. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 2-үзіндіні (2-видео файл) қарап, сұраққа жауап беріңіз:

  • Мұғалім баланы оқытудағы қандай қиындықтар туралы айтады?

  • Баланы оқытудағы кедергілер мен қиындықтарды жоюдың шешімдерін анықтаңыз.




Сіздің жауабыңыз:



3. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 3-үзіндіні (3-видео файл) қарап, сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Мұғалім осы оқушыны қолдау үшін қандай стратегияларды қолданады?

  • Сіз осы оқушыға қандай қолдау әдістерін қолдануды ұсынасыз?




Сіздің жауабыңыз:



Оқытудың әмбебап дизайны.

7-тапсырма.

«Әмбебап дизайн» ұғымы білім беру процесінде қалай қолданылады? Әмбебап дизайн негізінде әзірленген сабақта қолдануға арналған оқу құралының мысалын ұсыныңыз.


Сіздің жауабыңыз:



8-тапсырма.

Кестені толтырыңыз.

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасындағы оқу нәтижесі

Бағалау тәсілдері (қандай тапсырма беруге болады)

Таңдаған әдістің мақсаты

(Неге осы әдісті таңдадыңыз?)

Үйлесімділігі (Бұл әдіс барлығына қолдануға келе ме?

Қандай бейімдеу әдісін қолдану керек?)

Дайындық (бұл әдісті қолдану үшін қандай дайындық керек? )































ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Талқылау

  • XXI ғасыр дағдылары: олар неліктен маңызды?

  • Білім алушылар не оқуы керек?

  • Функционалдық сауаттылық деген не және оның компоненттері қандай?

  • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту үшін оқу процесін қалай ұйымдастыру керек?