Файл: ТЫдаушыны Жмыс дптері баспаа Назарбаев Зияткерлік мектептері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 86

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







1-тапсырма.

Тақырып: Сандық сауаттылық. Ақпаратты құқылы қорғау.

Оқу нәтижесі: ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары ойлау деңгейі.

Тапсырма.

Жас ғалым Әмір туған өлкесінің экологиялық мәселесін шешетін бірегей жоба әзірледі. Әмірге зияткерлік меншікті қорғау бойынша кеңес беріңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.



2-тапсырма.

Тақырып: Ақпараттық қауіпсіздік. Жеке тұлғаны идентификациялау әдістері.

Оқу нәтижесі: әртүрлі сәйкестендіру әдістерін қолдануды дәйектеу.

Бағалау критерийлері: Білім алушы

  • жеке тұлғаны идентификациялауды қолдану қажеттілігін дәйектейді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары ойлау деңгейі.

Тапсырма.

Электрондық поштаны тіркеу және пошта жәшігімен жұмыс істеу мысалында жеке тұлғаны индентификациялауды/сәйкестендіруді пайдалану қажеттілігін дәлелдеңіз.



3-тапсырма.

Тақырып: Дизайн теориясы.

Оқу нәтижесі: графикалық файлдарды түрлендіру қажеттілігін түсіндіру.

Бағалау критерийлері: Білім алушы

  • графикалық файлдарды түрлендіру қажеттілігін дәлелмен көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Талдау және синтез

Тапсырма.

Білім алушылар туристік сапар бойынша сапар барысында түсірген суреттерді көрсетіп есеп беруді қамтитын сайт құруға шешім қабылдады. Олар сайтта ең қызықты 30 фотосуретті орналастыруды шешті. Фотосуреттер кәсіби камерада түсірілген, кеңейтімі -bmp және салмағы өте ауыр. Білім алушылар суреттерді түрлендіру (конвертация) қажет деген қорытындыға келді. Мұның нені білдіретінін және олардың не үшін осылндай шешімге келгенін түсіндіріңіз.



4-тапсырма.

Тақырып: Веб-жобалау.

Оқу нәтижесі: веб-сайтты насихаттау әдістерін сипаттау; сайтты жариялау үшін файл алмастырғышты пайдалану


Бағалау критерийлері: Білім алушы

  • сайтты насихаттау әдістерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.

Тапсырма.

1. Балалар тағамын шығаратын компания өз өнімдерін нарыққа шығарғысы келеді. Осы мақсатта сайт құрылды. Сайтты нарыққа шығару үшін қолдануға болатын әдістерді сипаттаңыз.

2. Жоба нәтижелерін жариялау және тарату үшін файл алмастырғышты қалай пайдалануға болатынын сипаттаңыз.



5-тапсырма.

Оқу нәтижесі: "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялық", "тұтастық" терминдерінің мағынасын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну.

Тапсырма. Ақпараттық қауіпсіздікті бұзудың екі жағдайын талдаңыз.

a) зиянкес әлеуметтік желіде бір адамның өзі үшін түсірілген бейнені жариялады. "Ақпараттық қауіпсіздіктің" бұзылған қасиетін көрсетіңіз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

b) зиянкес егесінің келісімінсіз оның жеке кабинетіне кіретін құпия сөзін өзгертті. "Ақпараттық қауіпсіздіктің" бұзылған қасиетін көрсетіңіз. Жауабыңызды түсіндіріңіз





6-тапсырма.

Тақырып: Веб-жобалау. Веб-беттегі мультимедия.

Оқу нәтижесі: мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс және бейне).

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.

Тапсырма.

Тәжірибелі мамандар жаңадан бастаған дизайнерлерге "флэш-анимацияны, бейнені, музыкалық және графикалық элементтерді аса көп қолданудан абай болыңыз" деп ақыл береді. Осындай кеңестің неліктен орынды екенін сипаттаңыз.




7-тапсырма.

Тақырып: 3D-моделдеу. Виртуалды және кеңейтілген шындық.

Оқу нәтижесі: виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру.

адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту; бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау.

Бағалау критерийлері. Білім алушы

  • виртуалды және кеңейтілген шындықтың адамға әсерін сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Тапсырма.

Жиһаз фирмасы адамға үйден шықпай-ақ өзі таңдаған жиһазбен виртуалды ас үйде болуға мүмкіндік беретін қосымшаны іске қосты. Ас үйді егжей-тегжейлі тексеріп, жиһаздың түсін өзгертуге болады. Қолданба виртуалды шындық құрылғысын пайдалану арқылы қол жетімді.



Бұл қосымшаның қандай мақсатта жасалғанын түсіндіріңіз. Осы қосымшаның екі артықшылығын көрсетіңіз.



8-тапсырма.

Тақырып: Заттар интернеті деген не.

Оқу нәтижесі: «заттар интернетінің» жұмыс қағидаларын сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну.

Тапсырма.

Келесі суретте Алматы қаласында велосипедтерді жалға беру желісі сайтының экраны көрсетілген:


Жол жүру құқығын алу үшін велосипедтер мен пайдаланушының қандай құрылғылары болу керек екенін сипаттаңыз.

Пайдаланушының құрылғысы: __________________________________________________

Велосипед құрылғысы: ___________________________________________________

9-тапсырма.

Тақырып: «Заттар интернеті» деген не.

Оқу нәтижесі: «заттар интернетінің» перспективалары туралы талқылау.

Бағалау критерийлері. Білім алушы

«заттар интернетінің» перспективаларын сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары ойлау деңгейі.

Тапсырма.

Білім алушы "заттар интернеті" жүйесінің даму перспективалары туралы талқылай отырып, IoT құрылғылары мен Интернет желісін жақсарту бағыттарын анықтап жазды (кесте).

1) кестедегі осы мәселеге қатысты жолдарды/тармақтарды белгілеңіз.

Жақсарту бағыттары

Проблеманы шешу жолдары

Иә/Жоқ

1. Энергия

IoT-құрылғылармен энергияны тұтынуды азайту




2. Күту уақыты

Деректерді беру/тарату және өңдеу барысында уақытты азайту




3. Өнімділік

IoT құрылғыларымен берілетін/таратылатын және өңделетін деректер көлемін ұлғайту




4. Экономика

Еңбек өнімділігін жетілдіру есебінен ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру




5. Топология

IoT құрылғыларының өзара әрекеттесуін жақсарту




6. Масштабтау (ауқымын көбейту)

Жүйеде қолданылатын құрылғылардың санын көбейту




7. Сенімділік және қауіпсіздік

Құрылғылардың сенімділігі мен қауіпсіздігін және деректерді сақтауды жақсарту






2) «Сенімділік және қауіпсіздік» тармағын жақсарту мысалын жазыңыз.




3) IoT құрылғылары арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартудың бір мысалын келтіріңіз.




10-тапсырма.

Тақырып: 3D-моделдеу. Виртуалды шындықтағы адам.

Оқу нәтижесі: Виртуалды және кеңейтілген шындықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы талқылау.

Бағалау критерийлері. Білім алушы

  • виртуалды және кеңейтілген шындықтың адамға әсерін сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары ойлау деңгейі.

Тапсырма

Әлішер ғылыми жобада виртуалды шындықты қолданатын болды. Виртуалды сезіну технологиясы қоршаған әлемді шынайы сезінуге мүмкіндік беруі тиіс. Есту мен көруді алмастыратын 2 құралды сипаттап келтіріңіз.




11-тапсырма.

Тақырып. Веб дизайн. Веб-сайт дизайнын құру. Cайттың басты беті. Веб-беттегі медиа.

Оқу нәтижесі:

1) Веб эргономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактордың көмегімен сайттың дизайн макетін әзірлеу;

2) әлеуметтік-экономикалық бағыттағы веб-сайт құрастырушыны пайдалана отырып, веб-сайт құру;

3) веб-беттегі мультимедиа кірістіру (аудио және бейне);

4) жобалардың нәтижелерін жариялау және тарату үшін файлдарды пайдалану

Тапсырма:

Зиянды тaғaмдaрдaн caқтaну

Қ aзaқcтaндa 84%  бaлaлaр фac-фуд өнімдерін күнделікті тұтынaды. Қaзіргі тaңдa кәмелетке тoлмaғaндaрдың  20%  aртық caлмaқтaн зaрдaп шегуде. Aртық caлмaқ мәcелеcі ереcек тұрғындaрдың үлкен бөлігіне әcер етеді.  Қaзaқcтaндaғы жaғдaйды өзгерту үшін дұрыc тaмaқтaну мен салауатты өмір caлтын нacихaттaуғa өнімдегі тұздың, қaнттың және зиянды тaғaмдaрдың жaрнaмacын aзaйтуғa бір қaтaр шaрaлaр қaбылдануда. Сoның ішінде фacтфуд өнімдерін гaздaлғaн cуcындaрды жaрнaмaлaуды aзaйту қaбылдaнды. Дүниежүзілік  денcaулық  caқтaу ұйымы aнықтaғaндaй aурудың пaйдa бoлу cебептерінің 60% тікелей дұрыc тaмaқтaнбaудaн. Ocығaн oрaй Денcaулық caқтaу миниcтірлігі  «Зиянды тaғaмдaрдaн caқтaн»  бaғдaрлaмacын өткізуді жocпaрлaп oтыр. 

Қaзір caндық технoлoгияның көмегімен дұрыc тaмaқтaнуды нacихaттaу үшін веб caйт пaрaқшaларының кoнкурcы ұйымдacтырудa. Оcы кoнкурcқa қaтыcу үшін қызықты aқпaрaтпен  тoлтырылғaн (фoтo, видеo, aудиo мәліметтер) веб пaрaқшacынa дaйындaңыз.  



Функционалдық сауаттылық типі  

Кoмпютерлік және aқпaрaттық caуaттaлық   

Caнaты   

Aқпaрaттық өнім жacaу   

Жaуaп фoрмacы  

Тoлық жaуaп қaжет етеді   


12-тапсырма.

Тақырып: Веб-дизайн. Веб-сайтты жылжыту.

Оқу нәтижесі: веб-сайтты жылжыту әдістерін сипаттау.

Тапсырма:

Аstana Hub Халықаралық IТ-стартаптар технопаркі кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, еліміздегі стартап жобаларға мониторинг жүргізді. Қазіргі табысты проектілер мен тоқтап қалған жобалар анықталып, олардың тізімі жасалды. Осы жобаларға жаңа серпін беріп, табысты жобаға айналдыру үшін кемінде 3 идея ұсыныңыз. Идеялардың ерекшелігіне мән беріңіз.

1-идея:_______________________________________________________________________ 

2-идея: ______________________________________________________________________ 

3-идея: ______________________________________________________________________ 


Функционалдық сауаттылық түрі 

Креативті ойлау 

Мазмұндық саласы 

Өз кративтілігін таныту 

Құзіреттілік саласы

Алуан түрлі идеяларын ұсыну  

Жауап формасы  

Толық жауапты қажет етеді 

13-тапсырма.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмасын әзірлеңіз (колледж бағыты мамандықтары бойынша).





Тексеру парағын қолданып, тапсырманы бағамдаңыз.

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Жабық тапсырма

  • Тапсырма оқу нәтижесіне, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?

  • Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.)?

  • Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?

  • Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?

  • Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?

  • Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?

  • Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?

  • Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар ма?

  • Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?

  • Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?