ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Берілгендер қорына кіріспе
XXI ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың және интернеттің дамуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдалану – заман талабы болып табылады. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Берілгендер қорын басқару жүйесі көптеген пайдаланушылардың БҚ құруға, жүргізуге және бірлесіп пайдалануға арналғантілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Берілгендер қорын басқару жүйелеріне Microsoft Access, Microsoft SQL Server, MySQL, Oracle және т.б. жатады.
Visual Studio C# ортасында берілгендер қорының келесідей түрлерімен жұмыс жасауға болады:
-
Microsoft Access Database File – Microsoft Access берілгендер қоры; -
Microsoft ODBC Data Source – ODBC(Open Database Connectivity) бағдарламалық интерфейс көмегімен құрылған берілгендер қоры; -
Microsoft SQL Server; -
Microsoft SQL Server Compact 3.5; -
Microsoft SQL Server Database File; -
Oracle Database – Oracle берілгендер қоры.
2.2 SQL Server Management Studio-да мәліметтер базасын құру
Microsoft SQL Server - Microsoft корпорациясы әзірлеген реляциялық деректер қорын басқару жүйесі. Негізгі қолданылатын сұраныс тілі – Transact SQL. Дерекқорды жасауды бастау үшін Visual Studio Community 2022 бағдарламасын іске қосыңыз және Көрініс мәзірінен SQL серверінің нысан жетектеушісін ашыңыз. Visual Studio орнатушысы іске қосылған кезде, жұмыс жүктемелерін кемінде екі .NET жұмыс үстелін әзірлеу және деректерді сақтау және өңдеу (3,96 ГБ) жинақтары үшін тексеріңіз. Содан кейін SQL Server түйінін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, бірінші элементті таңдаңыз «SQL серверін қосу...». Ашылатын Қосылу терезесінде Жергілікті тармағын таңдап, сервер атауын (localdb)\MSSQLLocalDB көрсетіңіз. Аутентификацияны, құпия сөзді және дерекқор атын бос қалдырыңыз, пайдаланушы атын Әкімші ретінде қалдырыңыз. Visual Studio C# ортасында берілгендер қорымен жұмыс істеу үшін, жаңа жоба құрып, «Обозреватель решении» панелінде құжаттың үстінде тұрып тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, «Добавить» - «Создать элемент» - «Данные» командасын орындаймыз.
2.1-сурет. Жобамызға жаңа элемент қосу
Сонда БҚ құрудың немесе онымен байланысудың әртүрлі тәсілдері пайда болады.
2.2-сурет. Берілгендермен жаңа жоба құру
Microsoft SQL Server арқылы «Қызметкерлер» берілгендер қорын құру қажет.
2.1-кесте. «Database1.mdf» кестесінің құрылымы
-
Өріс аты
Өріс типі
ID
Int (бүтін сан)
Тегі
nchar(50) (мәтіндік)
Аты
nchar(50) (мәтіндік)
Әкесінің аты
nchar(50) (мәтіндік)
Туылған жылы
Int (бүтін сан)
Мекен жайы
nchar(50) (мәтіндік)
ИИН
Int (бүтін сан)
«Database1.mdf» кеңейтілімді файлдар Microsoft SQL Server реляциялық берілгендер қорына жатады. «Database1.mdf» файлын құру барысында транзакциялар журналын қамтитын «Database_11og.ldf» кеңейтілімді файлды да қоса құрады.
Берілгендер қорын құрмастан алдын, Server Explorer утилитасын белсенді ету қажет. Ол үшін MS Visual Studio ортасында «Вид» - «Обозреватель серверов» (View –Server Explorer )командасын орындаймыз.
«Database1.mdf» кеңейтілімді берілгендер қорын құру терезесін белсенді ету үшін «Добавить подключение (Add Connection)» командасын орындау қажет. Нәтижесінде «Add Connection» терезесі пайда болады.
2.3-сурет. «Добавить подключение (Add Connection )» командасын шақыру
Add Connection команданы шақырудың екі әдісі бар. Біріншісі- «Подключиться к базе данных (Data Connection…)» батырмасын шерту арқылы. Екіншісі- MS Visual Studio ортасының негізгі мәзірінің «Сервис - Подключиться к базе данных» (Tools-Connect to Database…) командасы арқылы
«Проект => Добавить источника данных => Мастер настройки источника данных» батырмаларын басып шықтым (2.4-2.10-сурет):
2.4-сурет. Деректер көзі түрін таңдау терезесі
2.5-сурет. Мәліметтер базасының үлгісін таңдау
Бұл жерде «Создать подключение» таңдау керек (2.6-сурет):
2.6-сурет. Деректер базасына қосылуды таңдау
2.7-сурет. Қосылымды қосу
«Источник данных» мәзір қатарынан мен «Файлы базы данных Microsoft SQL Server» мәзір қатарын таңдадым.
2.8-сурет. Деректер көзін өзгерту
2.9-сурет. Қосылымды тексеру
2.10-сурет. Дерекқор қосылымын таңдау
2.11-сурет. Қолданбаны конфигурациялау файлында қосылымды сақтау
2.12-сурет. Деректер базасының объектілерін таңдау
2.13-сурет. Деректермен байланыс орнату
2.3 Есептің қойылымы
Жобада C# бағдарламасында құрылыс компаниясының кадрлар бөлімінің жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтаманың бағдарламалық кешені қарастырылған. Бұл жоба құрылыс компаниясының кадрлар бөлімінде пайдалануға арналған.
Құрылыс компаниясының кадрлар бөліміне арналған бағдарлама осы қызметтерді яғни жұмысшылардың жұмысын жеңілдетіп және жеделдету керек. Сондықтан компьютер арқылы бұл жұмыстарды автоматтандырсақ, жұмысты жеңілдеп өнімділікті арттыруға болады.
Берілген есептерді шешу алгоритмі келесі түрде орындалады:
Қадам 1. Құрылыс компаниясының кадрлар бөлімі туралы ақпарат;
Қадам 2. Мәліметтер қоры;
Қадам 3. Қызметкерлермен танысу терезесі;
Қадам 4. Жеке іс парағы терезесі
Қадам 5. Бағдарлама терезесі;
Қадам 6. Кадр жұмысының ережесі;
Қадам 7. Автор терезесі;
Қадам 8. Шығу
Программаны іске қосу – RUN батырмасы арқылы жүзеге асады.
Жүйенің жұмыс жасауын сипаттау Осы жасалған бағдарлама Microsoft Visual Studio ортасында құрастырылған. Мәліметтер қорының кестелерін құру үшін MS SQL мәліметтер базасы қолданылған. Оны іске қосу: – Іске қосу /Барлық бағдарламалар/ MS SQL; – С#-ты Windows арқылы іске қосу командасы; – Іске қосу – Барлық бағдарламалар – Microsoft Visual Studio. Құрылған мәліметтер қорының дұрыстығын тексеру үшін F9 пернелері арқылы жүктейміз.
2.14-сурет. Бағдарламаның негізгі терезесі
Келесі терезеде сіз «ВІ Group» ЖШС туралы мәліметпен таныс боласыз. Ол төмендегі суретте келтірілген.
2.15-сурет. «ВІ Group» ЖШС-мен танысу терезесі
Қызметкерлер терезесінде сіз құрылыс компаниясында жұмыс жасайтын қызметкерлер кестесіне мәліметтер енгізесіз. Бұл терезеде:
-
Іздеу;
2.16-сурет. Мәліметтер қоры
Келесі терезеде сіз Іздеу батырмасын басатын болсақ, кестеге Айдай деп жазатын болсақ, онда бізге төменде Айдай деген қызметкерді тауып, көрсетіп берді.
2.17-сурет. Қызметкерлермен танысу терезесі
Келесі терезеде біз «Жеке іс парағы терезесі», бұл кестеге сіз мысалға алынған құрылыс компаниясының қызметкерлерінің жеке іс парақтарымен таныса аласыз. Ол төмендегі суретте келтірілген.
2.18-сурет. Жеке іс парағы терезесі
2.4 Бағдарламаның интерфейсін құрастыру
Бағдарламаның интерфейсін құрастыру үшін Visual Studio C# ортасының
визуалды компоненттері қолданылды. Барлық компоненттер визуалды стандартты және бағдарламалау ортасының интеграциялық орта құрамына кіреді. Бағдарламаның интрефейсі Windows бағдарламасының стандартты
интерфейстерін толық қайталайды.
Экрандық интрефейс идеологиясын таңдау
Visual Studio жобалау жүйесі құрастырушыға үлкен көлемді функциялар мүмкіншілігін береді, олардың көмегімен жүйенің штаттық
құралдары мен монитор экрандық объектілер көріністерін әсерлеуге, түстер орнату және т.б.
Бағдарлама негізгі орындалатын Project1.ехе файл батырмасына шерту арқылы іске қосылады. Бағдарламаның негізгі форма терезесі 2.15 – суретте берілген.
Өзара қарым-қатынас форма бетіне орнатылған батырмалар арқылы орындалады. Бұл форма 2.5 – суретте келтірілген. Бағдарлама батырмалары келесі командаларды құрайды: Қызметкерді тіркеу, Өнімді баспаға шығару, Реестр. Бір команданы таңдағанда экран бетіне келесі форма пайда болады. Ішкі формалардың өзі командалар жиынынан тұрады. Ол үшін қажетті командаға тышқан көрсеткішін апарып, оң жақ түймесін бассақ жеткілікті. Бағдарламамен жұмыс жасау үшін жоғарыда көрсетілген қадамдар арқылы орындай отырып, жұмыс істеуге болады.
2.2-кесте. Жұмыс істеу үшін түймелер сипаты мен деректер қорының навигациясы
Түйме | Сипаты |
| Бұл түйме деректер қорында кестенің бірінші жазбасына өту қызметін атқарады |
| Бұл түйме деректер қорында кестенің алдыңғы жазбасына өту қызметін атқарады |
| Бұл түйме деректер қорында кестенің келесі жазбасына өту қызметін атқарады |
| Бұл түйме деректер қорында кестеге жаңа жазба қосу қызметі атқарады |
| Бұл түйме деректер қорында кестеден жазба қатарын алып тастау қызметін атқарады |
| Бұл түйме деректер қорында кестеге өзгертулер қосу қызметін атқарады |
| Бұл түйме деректер қорында кестеде болған өзгерістерді қайта өзгерту қызметін атқарады |
| Берілген өзгертулерді бағдарламада қолдану қызметін атқарады |
| Деректер қорындағы жаңалықтарды есепке алу қызметін атқарады |
2.5 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы
Кадрлар бумасында жобаның барлық файлдары құралған. Файлдардың толық сипаты, бумалар бойынша төмендегі суретте көрсетілген.