Файл: Сабаты таырыбы Macromedia Flash бадарламасыны интерфейсімен жне ммкіндіктерімен танысу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 103

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Инструменттер панелі 4 бөліктен тұрады: Tools (Инструменттер), View(Түр), Colors (Түстер), Options (Параметрлер). Кейбір инструменттердің модификаторлары Options бөлімінде көрініс табады. Tools бөлімінде ерекшелеу, сурет салу, бояу және объектілерді өзгерту инструменттері орналасады.

Arrow инструменті (Тілше) объектілерді ерекшелеу үшін пайдаланылады. Бір рет шерту арқылы объектіні ерекшелеуге, ерекшелеу облысын салуға болады, екі рет шерту бояу облысын және штрихтау облысын анықтау үшін пайдаланылады. Arrow инструментіне «V» пернесін басу арқылы да қол жеткізуге болады. Arrow инструментінің үш модификациясы бар: 1. Snap to Objects (Объектіге байланыстыру). Тышқан курсорының соңында сақина пайда болады. Ол қандай да бір объектіні екіншісіне қарай жылжытып, сонымен үлкейе береді. Объект ерекшеленіп тұрғанда Smooth (сглаживание) және Straighten (түзету) модификаторы белсенді болады. Бейнені доғалдандыру үшін нүкте қосу немесе оның бұрышын шығару нүкте қосу үшін, бейне контурының қажетті бөлігін ерекшелеп, тиісті модификацияны басу керек.

Subselection инструменті (Бөлшектік ерекшелеу) арқылы түзулер бөліктері немесе сурет контурлары ерекшеленеді. Сонымен қатар оны түзулермен объектілер контурларында нүктелерді көрсету үшін пайдаланылады. Оларды болашақта бейнені өзгерту үшін де қолданады.

Line – түзулерді салу үшін қолданылады. Shift пернесін басып тұру арқылы көлденең, тік және диагональ бойынша түзулер салуға болады.

Lasso – дұрыс емес формалы облыстарды ерекшелейді. Инструмент тышқан көрсеткішіне тәуелді, соңғы нүктені салып болып тышқан батырмасын босатқанда ғана облыс сызылады. Оның үш модификаторы бар. Жоғарғы екеуі: Magic Wand (Сиқырлы таяқ) және Magic Wand Settings (Сиқырлы таяқ параметрлері), олар растрлық бейненің көрсеткішін түс диапазонына сай жекеленген бөлігін белгілеуге мүмкіндік береді. Мұның маңызды параметрлері - сиқырлы таяқтың сезімталдығы, яғни көршілес пиксельдердің түс контурасын анықтау деңгейі. Мәні неғұрлым төмен болса, ерекшелеу соғұрлым нақты болады. Polygon Mode модификаторы ерекшеленген облыстың көпбұрыш болатынын көрсетеді.

Pen (перо) – түзу және қисық сызықты бөліктерден тұратын траекторияларды салу үшін пайдаланылады.


Text – мәтінді енгізу басын анықтайтын орын беріледі. Параметрлері қасиеттер инспекторында бапталады.

Oval – шеңберлер және эллипстерді салу үшін пайдаланылады. Шеңберлер салу үшін Shift пернесін басып тұру керек.

Rectangle – тіктөртбұрыштар мен квадраттар салу үшін пайдаланылады. Квадрат салу үшін Shift пернесін ұстап тұру керек. Инструменттердің тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыру радиусын анықтауға мүмкіндік беретін Round Rectangle Radius (тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыру радиусы) модификаторы бар.

Pencil – тегіс емес түзулерді салу үшін қолданылады. Тышқан көрсеткішінің соңынан ілесе отырып салынады. Pencil Mode модификаторымен салу барысында траектория түзеу және доғалдандыру режимін анықтайды.

Brush (қылқалам) – Flash-те бояудың ең жақсы инструменті. Оның модификаторы бояу режимін, қылқалам формасын және өлшемін, сонымен қатар бояу түсін құлыптауды баптайды. Brush Mode (қылқалам режимі) штрих немесе бояу үстінен бояуға мүмкіндік береді немесе объектінің бөліктерін қорғау үшін қолданылады. Paint Fills (Бояуды бояу) суретті бояйды немесе бос бөліктері ғана боялады, ал штрихтар және контурлар өзгеріссіз қалады. Paint Behind (Арт жағын бояу) суретте объекті боялмайды, тек бос облыстар боялады. Paint Selection тек ерекшеленген облыс боялады. Paint Inside (Контурдың ішін бояу) объектілердің іші боялады.

Free Transform (Еркін түрлендіру). Rotate және Skew (Айналдыру және көлбеулеу), Scale (масштабтау) модификаторларынан тұрады.

FillTransform (Бояуды түрлендіру) – градиенттік және растрлық бояуды реттеу үшін пайдаланылады.

InkBottle (Сияқұйғыш) – бұрыннан бар контурды өзгерту үшін пайдаланылады.

Paint Bucket (Бояу) – бұрыннан бар бояуды өзгерту үшін пайдаланылады.

Evedropper (Пипетка) – бір объектінің штрих немесе бояу атрибуттарын көшіріп, тікелей екінші объектіге пайдалануға мүмкіндік береді.

Eraser (Ластик) – жұмыс облысындағы объектілерді өшіруге арналған.

Erase Mode (Ластик режимі) – өшіруге жататын элементтерді көрсету үшін пайдаланылады. Erase Normal (қарапайым өшіру), Erase Fills (тек бояуды өшіру), Erase Strokes (тек шртихтарды өшіру), Erase Selected Fills (тек ерекшеленген аумақтағы бояуды өшіру), Erase Inside (объектінің ішін өшіру).

Faucet (кран) – бір рет шерту арқылы барлық бояулар мен штрихтарды алып тастау үшін пайдаланылады. Eraser Shape – ластик формасы.

View бөлімі. Жұмыс аумағын көру немесе оның байланысын жылжыту үшін Hand (қол) және Zoom (масштаб) инструменттері қолданылады. Үлкейту және кішірейту үшін M немесе Z пернелерін пайдалануға болады. Басқа инструментпен жұмыс істеп жатқанда Hand-ты пайдалану үшін Space Bar-ды басып ұстап тұрамыз.



Colors бөлімі. Штрихтар және бояудың түсін белгілейді. Егер сахнада ешқандай объект ерекшеленіп тұрмаса онда Stroke (штрих) және Fill (бояу) өрістерде анықталған мәндер бұдан кейін салынған инструменттер үшін орындалатын болады. Өрістердің Black and White батырмасы үнсіз келісім бойынша алынған қара штрих ақ бояу режимін қайтарады. No color – сәйкесінше не штрих, не бояуды өшіреді. Swap Colors (Түстерді алмастыру) – ерекшеленген объектінің контурымен бояудың түсін бір-біріне алмастырады.

Ыстық пернелер және оларды баптау

Кез келген программа секілді көптеген панельдер мен меню командаларына оғай қол жеткізуді ұйымдастыратын «ыстық» пернелер немесе пернелер комбинациясы бар.

 

Инструмент

«Ыстық» перне

Инструмент

«Ыстық» перне

Arrow

V

Fill Transform

F

Subselection

A

Ink Bottle

S

Line

N

Paint Bucket

K

Lasso

L

Eyedropper

I

Pen

P

Eraser

E

Text

T

Hand

H

Free Transform

Q

Zoom

M,Z

 

Панель

Ыстық перне

Панель

Ыстық перне

Tools

Ctrl+F2

Actions

F9

Timeline

Alt+Ctrl+F2

Debugger

Shift+F4

Property Inspector

Ctrl+F3

Movie Explorer

Alt+F3

Answers

Alt+F1

Reference

Shift+F1

Align

Ctrl+K

Output

F2

Color Mixer

Shift+F9

Accessibility

Alt+F2

Color Swatches

Ctrl+F9

Components

Ctrl+F7

Info

Ctrl+I

Component Parameters

Alt+F7

Scene

Shift+F2

Library

F11

Transform

Ctrl+T

 

 


Практикалық жұмыс

Сыныбы: 11б –

Сабақ тақырыбы: Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы.

Мақсаты: бағдарламамен және құралдар тақсатысымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін үйрету.

Сабақтың типі: аралас, білімді бекіту және дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тәжірибе, дифференциалды

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

БҚ 2. Өз қызметіне дұрыс мақсат қою, оны іске асыруда кажетті жағдайларды аныктау, жоспарлау және мақсатқа жету үрдісін

ұйымдастыру;

БҚ 5. Өзінің жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыра алу, жұмыс ережелерін және тәртібін орындау керек.

БҚ 6. Қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпаратты өздігінен табу, талдау, іріктеу, сактау, интерпретациялау.

Кәсіптік құзыреттілік

КҚ 3. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын жұмыста колдана білу;

КҚ 5. Бағдарламалау технологиясы мен есептеуді жүргізу әдісін, оның есептеу жұмыстарын білу;




Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Macromedia Flash бағдарламасында оқушыларға сурет салуды және суретке анимацияны қолдануды үйрету.

тәрбиелік

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

ДЭЕМ және ЖАҚ кешені

Курс тақырыбы: Есептеуіш желілердің жіктелуі (классификациясы).

Сабақ тақырыбы: Ақпараттың сымсыз берілуі.

Қамтамасыз етілетін

Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері және БҚ

Курс тақырыбы: Графика түсінігі.

Сабақ тақырыбы: Графикалық кескіндерді жасау, жұмыс тәсілін меңгеру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Презентация

Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқау (Денгей бойынша)

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, проектор, Macromedia Flash бағдарламасы, Интернет, Skape

Әдебиет:

Негізгі

  1. Джеймс Л. Молер. Flash 8. ООО «Издательство Эксмо». 2007г.

2. Зимина Л. Первые шаги пользователя Macromedia Flash 5.0
Познавательная книга плюс

Қосымша

Таненбаум, Э. Компьютерные сети

Сабақ мазмұны

Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру




2

Үй тапсырмасын тексеру

Онлайн сұрақтар:

  1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?

  2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу құралдары, олардың қызметтері қандай?

  4. Объектіні ерекшелеу құралдары?

  5. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?




3

Тәжірибелік жұмысты орындау

  1. Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық (Денгей бойынша (Конкурс)).

  2. Тапсырманы орындау




4

Сабақты бекіту

  1. Орындаған жұмыстарын қорғау

  2. Викториналық сұрақтар




5

Сабақты қорытындылау




6

Үйге тапсырма беру

Финкельштейн, Эллен Macromedia Flash 8 - 30-45 бет