Файл: Сабаты таырыбы Macromedia Flash бадарламасыны интерфейсімен жне ммкіндіктерімен танысу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 104

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сыныбы: 11б –

Сабақ тақырыбы: Бояуды пайдалану. Компоновкалаудың қосымша элементтерін пайдалану

Мақсаты: Редактордың бояуларын пайдаланып, қосымша элементтерін қолдана білу.

Flash-те салынған суреттер штрихтар мен бояулардан тұрады. Штрихтар ішінде бояулар орналасқан контурлар қызметін атқарады. Ол екеуінде туратын суреттің өзінде де контурлар мен бояулар бір-біріне тәуелсіз болады.

Бір қабар көлемде бір-біріне тиістіріліп салынған суреттер бір-бірімен әрекеттеседі. Бір қабат көлемінде бір – біріне тиістіріліп салынған суреттер бір бірімен әрекеттеседі. Бір суреттің үстіне салынған екінші сурет өз денесі жабатын жерінде бірінші сурет элементтерін алмастырады. Бір түсті суреттер тиістіріліп тұрса, бірігіп кетеді, әр түрлі түстері бірікпей қалады. Pencil, Line, Brush, Oval және Rectangle инструменттерімен салынған түзулер басқа суреттерді кесіп өтетін сегменттерге бөліне алады. Бұл қасиетті негативті суреттерді жасауда пайдалануға болады. Суреттердің өзара әрекеттесуін болдырмау үшін оларды топтау керек немесе әр түрлі қабаттарға орналастыру керек.

Сурет салу барысында штрих және бояу түрі Stroke (штрих) және Fill (Бояу) өрістерінде көрініп тұрады. Олар инструменттер палитрасында орналасқан. Бояуды Color Mixer (Түстік микшер) панелінен де баптауға болады. Олардың біріншісіндегі өзгеріс басқасында автоматты түрде беріледі. Кез келген салынған суреттің контуры болады, бірақ бояуды тек тұйық контурлы облыстар үшін пайдалануға болады.

Line инструменті. Түзу сызықтарға арналған негізгі инструмент. Сызу барысында Shift-ті басып тұру арқылы түзуді горизонталь, вертикаль немесе диагональ бойынша орналастыруға болады. Инструментті тұйық контурлар салу үшін пайдалануға болады.

Pencil инструменті. Дұрыс емес формадағы бейнелер мен түзулерді салады. Options параметрі арқылы түзуді түзету, тегістеу немесе бүдір-бүдір етіп салуды баптауға болады.

Oval және Rectangle инструменті.Қарапайым фигураларды салу үшін пайдаланылады. Дұрыс шеңбер немесе квадрат салу үшін Shift пернесін пайдалану керек. Сонымен қатар доғалданған тіктөртбұрыш салуға Rectangle-дың Round Rectangle Radiusпараметрін пайдалану керек.

Pen инструментімен сурет салу анкерлік нүктелер салу мен оларды біріктіруге негізделеді. Pen инструментін алып, тышқан көрсеткішін жұмыс облысына апарғанда пероның оң жағында х символы болады, ол бірінші анкерлік нүктенің орналасуы туралы сигнал береді.


Түзу кесінділерді салу үшін бірінші анкерлік нүктені орналастырып алып, Shift пернесін басып тұру арқылы горизонталь, вертикаль немесе 45   қисықтағы кесіндіні салуға болады. Анкерлік нүктелерді аяқтау үшін соңғы анкерлік нүктеде екі рет шерту керек немесе Ctrl пернесімен кесіндіден тыс аумақта тышқанды басу керек.


Қисық сызықты сегменттерді салу.Pen инструменті математикалық дәл қисық сызықты сегменттерді, Безье қисығын сызуға арналған күшті құрал. Доғаны дәл сипаттау үшін төрт негізгі элементті: екі анкерлік нүкте және екі басқарушы маркерді көрсету керек. Pen инструментін алып жұмыс облысында екі анкерлік нүкте салып олардың басқарушы маркерін бір-біріне қарама-қарсы бағытқа бұру керек. Екі бағыттаушы маркерді бір бағытқа бұрса, зигзаг тәріздес қисық салынады. Басқарушы маркердің ұзындығы және формасы қисықтың формасын анықтайды. Траекторияны салуды оларды коррекциялаудың алдында аяқтаған дұрыс. Қисық сызықты траекторияны тұйықтау үшін бастапқы анкерлік нүктеде тышқан батырмасын шертіп оны қисықтан тысқары тарту керек.

Анкерлік нүктелерді коррекциялау

Қисық сызықты траекторияның анкерлік нүктелерінің басқарушы маркері болады, ал түзу бөліктерінің анкерлік нүктелері бұрыштық нүкте болады. Форманы салып болғаннан кейін анкерлік немесе бұрыштық нүктелерді қосуға немесе жоюға болады, анкерлік нүктені бұрыштыққа және керісінше түрлендіруге, кез келген формада бар нүктенің орнын алмастыруға болады.

Анкерлік нүктелерді коррекциялау үшін оларды ерекшелеу керек. Объектідегі анкерлік нүктелерді көру үшін Subselection инструментімен объектіні шерту керек. Ерекшеленген контурға анкерлік нүкте қосу үшін Shift пернесін басып тұрып, тышқанды шерту керек. Олардың орнын ауыстыру үшін оларды ерекшелеп алып тышқанмен жылжытамыз. Анкерлік нүктені жақын жерге жылжыту үшін тілше пернелерін пайдалануға болады.

Бұрыштық нүктені анкерлік нүктеге түрлендіру үшін бағыттаушы маркерді жылжыту барысында Alt пернесін басып тұру керек. Ал анкерлік нүктені бұрыштыққа айналдыру үшін нүктені ерекшелеп, Pen инструментімен қисық сызықты нүктеде бір рет шерту керек.

Жұмыс барысында жаңа анкерлік нүкте қосу үшін контурда Pen инструментімен қажетті жерде шерту керек. Ал өшіру үшін Subselection-мен ерекшелеп, Delete пернесін басу керек.

Сегменттерді коррекциялау. Контур сегменттерін олардың анкерлік нүктелеріне редакциялауға болады. Қисықтық бұрышы мен өлшемін редакциялау үшін басқарушы маркерлерді шертіп, жылжыту керек. Әрбір маркер ортақ маркерге қатысты өз жағындағы қисықтықты басқарады. Екі жаққа бағытталған басқарушы маркерді бір жаққа қарай тарту, анкерлік нүктенің екі жағындағы қисықтықты да өзгертеді.


Екі анкерлік нүктелердің арасындағы қисықтықты доғаны коррекциялау үшін екі жаққа бағытталған маркердің бір жағын Alt пернесін басып тұрып тарту керек.

Сегменттерді орнынан жылжыту үшін Arrow (Тілше) инструментін қолдануға болады.

Brush инструменті – қылқаламмен жағуды имитациялауға мүмкіндік беретін инструмент.

Суреттерді салу және коррекциялау.

Тышқанмен сурет салу барысында бірден идеал сурет салу мүмкін емес. Бұл жағдайда қажетті формаға жуық суретті салып, оны редакциялау арқылы дұрыс формаға келтірген жөн.

Arrow және Subselection инструменттерін пайдалану. Arrow және Subselection контурларды редакциялау үшін пайдаланылады. Анкерлік нүктені жылжытқанда оның орны, өлшемі және түйіскен сегменттердің формасы өзгереді.

Түзету және тегістеу. Дұрыс емес формалы бейнелер мен контурларды түзетуге және тегістеуге болады. Ол үшін объектіні Arrow-мен ерекшелеп, инструменттер панеліндегі Straighten (Түзету) және Smooth (Тегістеу) модификаторларының бірін пайдалану керек.

Қисықтарды оптимизациялауСалынған қисықтың анкерлік нүктелері көп болған сайын, оларды жасау үшін де көбірек есептер жүргізу керек. бұл файлдың көлемін үлкейту мен суреттің бейнеленуін тежейді. Анкерлік нүктелерді азайту үшін оларды оптимизациялауға болады. Бұл қисықтың тегіс және әдемі болуына әкеледі. Бұл бейнені жасау үшін қажетті және жеткілікті анкерлік нүктелер саны болуы үшін жасалған.

Оптимизациялау үшін қисықты белгілеп, Modify→Optimize командасын орындаймыз. Optimize Curves сұқбаттық терезесі шығады. Терезенің Smoothing (Тегістеу) жүгіртпесі және баптау жалаушалары бар. Қажетті параметрлерді беріп ОК батырмасын шертеміз. Анкерлік нүктелердің санын мүмкіндігінше кеміту үшін Use Multiple Passes жалаушасын қою керек.

Штрихмармен жұмыс істеу. Штрих деп бейненің контуры мен түзу айтылады. Штрихтың үш атрибуты бар: түс, қалыңдық және стиль. Штрих түсін Stroke өрісінен немесе Color Mixer панелінен баптауға болады. Қалыңдық пен стильді тек қасиеттер инспекторынан ғана беруге болады. Барлық атрибуттарды бірден беру үшін қасиеттер инспекторын пайдалану керек, бірақ бұл кезде тек қауіпсіз Web-түстер ғана көрінеді.

Қауіпсіз Web-түстер палитрасы төрт немесе бес жыл бұрын ойлап табылды. Бұл барлық компьютерлерде бірдей бейнеленетін түстерді жинау мақсатында жасалды. Қауіпсіз Web-түстер палитрасында негізгі екі броузер (Internet Explorer және Netscape Navigator) және екі операциялық жүйе (Windows және Macintosh) үшін ортақ 216 түс бар.


Штрих жасау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

1. Сурет салуға қажетті инструментті таңдап аламыз.

2. Қасиеттер инспекторындағы түс каталогын ашып, қажетті түсті таңдаймыз.

3. Штрих қалыңдығы өрісіне сәйкесті мәнді енгізу керек. Штрих қалыңдығы 0,25 қадаммен көбейеді, ол 0,25 және 10 аралығындағы мәнді қабылдай алады.

4. Стиль штрих салыну түрін таңдайды. Мысалы: Hair Line (Шаштық түзу) ең жұқа штрих салады.

Штрихтарды Ink Bottle (Сияқұйғыш) инструменті арқылы редакциялауға болады. Қасиеттер инспекторында қажетті параметрлерді беріп, Ink Bottle инструментімен штрихты шерту керек.

ояу – бұл таза түс, градиентті бояу және растрлық сурет бола алатын бейненің ішкі облысы. Кез келген тұйық контурға бояу пайдалануға болады. Бояуды редакциялау үшін оның параметрін Color Mixer немесе Property Inspector немесе инструменттер панелінен баптаулар жасап алып, бояуды Paint Bucket инструментімен шерту керек.

Таза түспен бояу. Бояу түсін үш жерден беруге болады: Fill (Бояу) өрісі, Color Mixer панелі және Object Inspector панелі.

Color Mixer панелінде түс берудің екі моделінің бірін таңдауға болады: 1. RGB (қызыл, жасыл, көк) 2. HSB (оттенок, қанықтылық, ашықтылық).

Түспен бояу үшін Color Mixer панелінен қажетті модельді көрсетіп, одан кейін Fill менюінен Bolid (үздіксіз) мәнін таңдап, қажетті түсті түстер каталогынан шерту керек. Түсті детальдау үшін Brightness жүгіртпесін, ал түсті бөлшектік мөлдірлеу үшін Alpha өрісінің проценттік мазмұнын өзретсек болғаны.

Градиентті бояу: сызықтық және радиал

Бояу барысында бір түстің екінші түске жұмсақ ауысуын қамтамасыз ететін градиентті бояуды пайдалануға болады. Сызықтық градиенттік бояу бір түстің екінші түске ауысуын осы түстер диапазонында түстің үдіксіз ауысуымен сипатталады. Радиал градиенттік бояу бағыты шеңбердің центрінен сыртқа бағытталған дөңгелектік диаграммадағы түстік диапазонда сипатталады. Радиал градиенттік бояу дөңгелек объектіге тереңдік жасайды да, оларды визуалды үшөлшемді етеді.

Сыныбы: 11б –

Сабақ тақырыбы: Растрлық суреттерді импорттау

Мақсаты: Растрлық суреттерді импорттап үйрету. Растрлық бейнелермен жұмыс.

Растрлық бейне

Color Mixer панелі бояу ретінде суретті пайдалануға мүмкіндік береді. Ол үшін Color Mixer панелінде Fill батырмасын басып, Bitmap бөлімін шерту керек. Ашылған Import to Library сұқбаттық терезесінен қажетті суретті таңдау керек.

Өшіру

Eraser (Ластик) инструменті жұмыс облысындағы штрихтар мен бояуларды толық немесе бір бөлігін өшіруге мүмкіндік береді. Жұмыс облысындағы заттарды түгел өшіру үшін Eraser инструментін екі рет шерту керек. Штрихтар сегменті немесе бояу облысын өшіру үшін Faucet (Кран) модификаторын пайдалануға болады. Өшіру үшін Arrow инструментімен бөлікті ерекшелеп, Delete пернесін басу керек.