ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 139
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | | |
| «ҚАЗАҚСТАН-Ресей МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ | | НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙС КИЙМЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» |
-
Жүректің жиырылу күші (жүрек жұмысы, соққы көлемі) Ол систолық қысымның шамасын көрсетеді. -
Жүректің жиырылуы жиілігі (ЖЖЖ) -
Қан тамырларының жалпы перифериялық төзімділігі. Ол негізінен диастолық қысымның шамасын көрсетеді. -
Жалпы қан көлемі (ЖҚК). ЖҚК өзгеруі систолалық жəне диастолалық қысымның өзгерістеріне əкеледі. -
Қанның тұтқырлығы. -
Физикалық жүктемелер -
Стресс-
Артериялық қысымды анықтау əдісін (максимальді, минимальді , пульстік ) Артериялық қысым.-
Систолалық қан қысымы (СҚҚ) жүректің қызметін сипаттайды, жүрек жиырылып артерияға қан айдаған кезде артериядағы қысымды көрсетеді. -
Диастоликалық артериялық қысым (ДАҚ) қан тамырлар тонусын шамасын сипаттайды, жүрек бұлшықетінің босансу кезіндегі артериядағы қысымды көрсетеді. -
Пульстық қысым (ПҚ) – систолалық жəне диастолалық қысымның айырмашылығы. Тамырлар қылпына байланысты жүрек жұмысын көрсетеді (жүректің жиырылуы күші ) Тамырлар тонусы жоғарлаған кезде жүректің жиырылуы күші басым болады, тонус төмендегенде жүрек жиырылуы күші де төмен. -
Орташа динамикалық қысым (ОДҚ) қанның үздіксіз ағысының динамикалық энергиясын сипаттайды. ОДҚ = ДАҚ + 0,42 ПҚ не болмаса ОДҚ=ДАҚ+1/3ПҚ ОДҚ тіндерді қанмен қамтамасыз ету, соңғы гемодинамикалық əсерін тудырады. Барлық көрсеткіштердің ішіндегі ең тұрақты.
-
-
-
Систолалық немесе максималді қысым = 105-120 мм.с.б.б. -
Диастолалық немесе минималді қысым = 60-80 мм.с.б.б. -
Пульстік қысым = 35-40 мм.с.б.б. 4. Орташа динамикалық қысым – бұл пульстің тербеліссіз көлемі (90 мм.с.б.б.).
-
Артериялақ қысымның қисық сызығын талдау.
-
Қан - тамыр жүиесінің қызметін зерттеу əдісін. Реография.
Электродтардың орналасқан жеріне байланысты мидың (реоэнцефалография), аяқ қолдардың (реовазография), бауырдың (реогепатография) реограммасын жазуға болады.Жұмысты орындау: Реографты жазғыш ретінде пайдаланатын электрокардиографпен ( басқа жазғыш аспаптарды да пайдалануға болады) жалғастырады. Міндетті түрде бір ұшын жерге қосады, содан кейін торапқа қосып, жұмысқа дайындайды. Студенттердің қолдарының реограммасын тіркейді. Бұл үшін бірінші электродты қолдың қарынның терісінің ішкі бетіне (медиальді), ал екіншісін білек терісіне орналастырады. Электродтар мен терінің арасына NaCl - дың 10 % - тік ерітіндісіне малынған салфеткаларды қояды. Реограмманы жазу үшін қағаздың жылжу жылжамдығын 25 мм/сек қою керек. Реограммадағы систолалық жəне диастолалық толқындар жүректің қызметі кезіндегі артериялардың қанға толу дəрежесіне байланысты. Реограмма тік жоғары қарай көтерілген сызықтан, оның үшкір шыңынан жəне инцизурасы мен дикротикалық тісі бар төмен түсетін сызықтардан тұрады. Реовазограмманы талдағанда сызықтардың симметриялығына, қайталау жиілігіне, сызықтың көтерілу жəне түсу ерекшелігіне көңіл аудару қажет. Төмен түсетін бөліміндегі қосымша толқындармен, дикротикалық тістің айқындығына жəне орналасуына назар аудару қажет, өзгерген шыңдардың пайда болуы («қораздың айдары » немесе тегіс болуы) қантамырларының тонусының күшейгенін көрсетеді. Ал диастолалық толқында пайда болған қосымша толқындар тамырлардың тонусының тұрақсыздығын көрсетеді.
-
Коротков əдісімен қан қысымын анықтау (тыныштық жəне жұмыс кезінде)
-
максималды немесе систолалық қысым - бұл жүректің систоласы кезінде артериялардағы қан қысымы -
ал жүректің диастоласы кезінде артериялардағы қан қысымы төмендегенде пайда болатын шамасын минимальды немесе диастолалық қысым деп атайды.
Систолалық қысым диастолалық қысыммен тең болса, қан айналымы болмайды да өлім сатысымен аяқталады. Қан қысымы сынап бағанасы бойынша 10 мм көтерілген сайын, жүрек қан тамыр аурулары 30% жоғарлайды.Қан қысымның көрсеткіштері үш негізгі факторларға байланысты:–жүректің соғу жиілігіне жəне жиырылу күшіне;–тамырлардың шеткей кедергісіне, яғни артериолалармен венулалардың тонусына; – қан айналым көлеміне.Дені сау адамның артериалық қан қысымы қалыпты болады, бірақ тыныспен жүректің өзгеру қызметіне байланысты. Қансырауда қан қысым төмендейді, қан құйылған кезде артериалды қысым жоғарлайды. Қан қысымның көрсеткіші адамның жасына байланысты.Балаларда тамырлары өте серпімді, сондықтан артериальды қысымы да төмен.Артериалық қан қысымды анықтау əдістеріАртериалық қан қысымды анықтау үшін тура жəне жанама əдістерін пайдаланады:Жанама Коротков əдісі –1905 жылы орыс хирург Н. С. Коротков артериалық қан қысымды қарапайым аспаппен анықтауды игерген. Артерияны толық қысатын, онда қан ағысын тоқтататын қысымның көрсеткішін анықтайтын Коротков əдісі.Артериалды қысымды Коротков əдісімен анықтау үшін механикалық жəне электронды өлшем аспаптарын пайдаланады.Механикалық өлшем аспаптары механикалық манометрдан, манжеткадан жəне фонендоскоптан тұрады. Аталған аспаптар негізінде кəсіби медицинада қолданады, себебі арнайы дайындықсыз қателер жіберілуі мүмкін. Осы əдіс бойынша артериалды қысым сфигмоманометр не болмаса тонометрмен өлшенеді.Тонометр үш бөліктен тұрады:а) қапшықтағы резенке манжеткасынанб)ауаны бір бағытта жүйенің ішіне жіберетін, клапаны бар резенке грушадан;в) сфигманометрдағы сынапты манометрдан, не болмаса пружина тəрізді тонометрдан.Жұмысты орындау:
-
Қолды жуу. -
Фонендоскоп мембранасын екі рет 70% спирт ертіндісімен сүртеді. -
Зерттелуші қырымен отырып, бір қолын үстелге қояды. -
Тонометрдің манжеткасын сол қолдың иығына шынтақтан 2-3 см жоғары дұрыс орап бекітеді, қол мен манжетка арасына бір саусақ өтуі керек. -
Манометрді манжеткасымен қосу. Монометр шкаласы нольде түру қажет. -
Шынтақ шұнқырында пульсті зерттеп, сол орныңа фонендескопты қою. -
Содан кейін сфигмоманометр вентилін жауып,кəрі жілік артериясында пульс жойылғанша дейін, грушамен манжеткаға ауаны айдау керек. -
Винтті клапанды ашып, манжеткадан ауаны ақырын босату керек. Мұнымен қатар фонендоскоппен иық артериясын тыңдап, бірінші пульстік толқынды сипап сезіп, манометр көрсеткіштерін қарап отыру керек -
Иық артериясында алғашқы анық естілінетін тондар пайда болғанда, монометр көрсеткішін систолалық қысым деп белгілеу. -
Тондар жойылып кететін сəтте, манометр көрсеткішін диастолалық (минималды) қысым деп белгілеу. -
Артериялық қысымның көрсеткіштерін бытыраға жазу (алымда – систолалық қысым,бөлгешінде – диастолалық қысым), мысалы, 120/75 мм с.б.б.
Есте сақтау! Артериалық қан қысымын 2-3 рет, екі қолында, 1– 2 минут аралығымен өлшеу керек, ен төменгі көрсеткіші нақты көрсеткіші болып саналады. Манжеткадағы ауаны қайта толық шығару керек.Коротков тондардың пайда болу механизміАуаны енгізген кезде манжеткадағы қысым, максималды қан қысымнан жоғары болу тиіс, сол сəтте кəрі жілік артериясында пульсі жоғалады.Одан кейін винтті клапанды ашып, маншеткадағы қысымды төмендетеді.Манжеткадағы қысым тамырдағы систолалық қысымына жеткенде,иық артериясының саңылау ашылады. Қан үлкен қысыммен бос тамырдың қабырғасына соғылып («тук-тук») деген тамырдың соғу дыбысы айқын естіледі.Осы кезде міндетті түрде монометрдің көрсеткішіне қарап алу керек. Пайда болған бірінші тон қан тамырдың (максималды) систолалық қысымы. Қысымды одан əрі төмендеткен сайын,манжеткадағы дыбыс бара бара жойылып кетеді, тамырмен манжекадағы қысым бірдей болады, сол сəтте тамыр толық ашылады,қан еркін ағады 62 (ламинарлы түрде). Осы кезде манометрдің көрсеткіші (миналды) диастолалық қысымның шамасына сəйкес келеді. Ал пульстік қысымның мөлшері максималды қысымнаң минималдық қысымның шамасын алып тастап, табуға болады.