ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.08.2021
Просмотров: 528
Скачиваний: 9
Үлкен
жамбас қуысының өлшемдерін өлшеу
(үш
көлденең, бір тік өлшем)
I Distantia spinarum-қылқанаралық қашықтық – мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқанының аралығы.
Өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді.
Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-27 см.
II Distantia cristarum –
қыр аралық қашықтық -
мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы.
Өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
Қалыпты жағдайда бұл аралық 28-29 см.
III Distantia trochanterica-
ұршық аралық қашықтық -ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтарының арасы.
Өлшеу үшін ұршықтарының нүктелерін тауып, соған өлшегіштің түймелерін басады.
Қалыпты жағдайда бұл аралық 30-32 см.
IV Conjugata externa – сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі .
Бұл өлшемді анықтау үшін: әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөзүсті ойығына орналастырады.
Қалыпты жағдайда бұл арақашықтық 20-21 см.
Ішкі тік өлшем – conjugata vera
Сыртқы коньюгатаның өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі – ішкі тік өлшемді (conjugata vera) анықтауға болады.
Мысалы, сыртқы тік өлшем 20 см. болғанда, одан 9 см-ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11 см-ге тең болады.
Сыртқы және ішкі коньюгатаның арасындағы айырмашылық сегізкөздің, симфиздің және жұмсақ тіндердің қалыңдығына байланысты.
Әр әйелде сүйектер мен жұмсақ тіндердің қалыңдығы әр түрлі болғандықтан, сыртқы мен ішкі коньюгатаның арасындағы айырмашылық 9 см-ге тең болмауы да мүмкін.
Ішкі коньюгатаны диагональді коньюгата арқылы дәл өлшеуге болады.
Диагональді коньюгата – conjugata diagonalis
Диагональді коньюгата – шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқысы мүйісіне дейінгі аралық.
Диагональді коньюгатаны өлшеу
Тура өлшемін білу үшін, әйел қынабын зерттеу керек, екінші және үшінші саусақтарды қынапқа енгізе отырып, IV-V саусақтарды бүгеді. І-үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді. Сосын қынаптағы ІІІ-саусақ аралығы мен алақанның шат сүйегіне түйіскен жерін жамбас өлшеуішімен өлшейді.
Бұл аралық 12,5-13 см. тең.
Кіші жамбас қуысының ішкі тік өлшемін анықтау үшін: диагональді коньюгатадан 1,5-2 см. алып тастайды.
Жамбас қуысының шығаберістерін өлшеу
І Жамбас қуысының шығаберісінің тік өлшемін өлшеу үшін өлшегіштің бір түймесін қасағаның төменгі қырының ортасына қойып, екінші ұшын құйымшақтың ұшына тірейді. Алынған мөлшер 11 см. Болады. Осы алынған мөлшерден 1,5 см. алып тастаса (тіндердің қалыңдығына қарай), жамбас қуысының шығаберісінің тік өлшемі шығады.
Қалыпты жағдайда тік өлшем 9,5 см.-ге тең.
ІІ Жамбас қуысының шығаберісінің көлденең өлшемін өлшегіштің айқас бұтақшасымен анықтайды, шонданай төмпешіктерінің аралығынан алынған мөлшерге 1-1,5 см. қосады.
Қалыпты жағдайда көлденең өлшем 11 см-ге тең.
Сонымен қатар, қасаға бұрышының (лобный угол) алшақтығын анықтаудың маңызы зор, қалыпты жағдайда ол 90-1000 .
Шат бұрышы
Шат бұрышын өлшеу үшін әйел аяғын бүгіп, ішіне қарай жиырып, шалқасынан жатады. Екі басбармақ шат және шонданай сүйектерінің төменгі бұтақтарына қатты тіреледі, екі үлкен саусақтың түйіскен ұшын қасаға сүйегінің төменгі қырына тірейді, саусақтардың көрінісі арқылы шат бұрышының көлемін шамалауға болады.
Жамбас қуысының қиғаш өлшемдері
-
Бір жақ мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы өсінділерінен, екінші жақ мықын сүйегінің артқы-жоғарғы өсінділеріне дейін және керісінше өлшейді.
-
Симфиздің жоғарғы қырынан, оң және сол жақ артқы-жоғарғы өсінділеріне дейінгі арақашықтықты өлшейді.
-
Сегізкөз ойығынан мықын сүйегінің оң және сол жақ алдыңғы-жоғарғы сүйек өсінділеріне дейінгі аралық.
Бір жамбастың қиғаш өлшемдерін екінші жамбастың өлшемдерімен салыстырады, егер айырмашылығы 1 см-ден асса, ол жамбас ассиметриясын көрсетеді.
Сегізкөз (Михаэлис) ромбасы
Жамбас қуысы өлшемдерін анықтаған кезде, ерекше көңіл бөлетін жер – Михаэлис (сегізкөз) ромбасы. Сегізкөз сүйегінің артқы бетінің жоғарғы бұрышы V бел омыртқа мен сегізкөздің орталық қыры арқылы құралған.
Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы-жоғарғы өсінділеріне сай келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді.
Ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромба арқаның үлкен бұлшықеттерімен, төменгі және сыртқы жағынан құйрық бұлшықеттерінің қырымен шектелген.
Соловьев индексі
Жамбас сүйектерінің қалың-жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см. тең, бұл – Соловьев индексі.
- Егер Соловьев индексі 14 см-ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады;
- егер 14 см-ден кем болса, жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.
Кіші жамбас қуысының жазықтықтары
І Жамбасқа кіреберіс жазықтық
ІІ Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы
ІІІ Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы
IV Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы
І Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық
- Алдынан – симфиздің жоғарғы және
шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен;
- бүйірінен мықын сүйегінің доғар сызығымен;
- артынан – сегізкөз мүйісімен шектеледі.
Бұл жазықтықтың 3 өлшемі бар:
-
Тік өлшемі – сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі бетінің ең шығыңқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік коньюгата, 11 см-ге тең (conjugata vera), тағы анатомиялық коньюгата бар, ол акушерлік коньюгатадан 0,3-0,5 см. артық.
-
Көлденең өлшемі – мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы, шамамен 13-13,5 см.
-
Оң қиғаш өлшем – оң жақ сегізкөз мықын тігісінен сол жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық.
-
Сол қиғаш өлшем – сол жақ сегізкөз-мықын тесігінен оң жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық. Оң және сол қиғаш өлшемдері 12-12,5 см.
ІІ Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы
-
Алдынан – симфиздің ішкі бетінің ортасымен;
-
бүйірінен – ұршық ойығының ортасымен;
-
артынан – ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жері.
Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар:
1. Тік өлшемі – сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см.
2. Көлденең өлшемі – ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см-ге тең.
ІІІ Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы
-
Алдынан – симфиздің төменгі жиегінен;
-
бүйірінен – шонданай сүйектерінің қырларымен;
-
артынан – сегізкөз-құйымшақ тігісімен шектелген.
Өлшемдері:
-
Тік өлшемі – сегізкөз-құйымшақ тігісінен симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан, 11-11,5 см. тең.
-
Көлденең өлшемі – шонданай сүйектері қырының арақашықтығымен өлшенеді, ол – 10,5 см.
IV Жамбастың шығаберіс жазықтығы
-
Алдынан – симфиздің төменгі жиегі;
-
бүйірінен – шонданай төмпешіктері;
-
артынан – құйымшақ ұшымен
шектелген.
Өлшемдері:
-
Тік өлшемі – құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см-ге тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см-ге жылжиды, осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см-ге ұлғаяды.
-
Көлденең өлшемін - шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді, 11 см.
Параллельді жазықтықтар:
-
Үстіңгі жазықтық – шекаралық сызықтың үстімен өтеді. Сол себепті оны шекаралық жазықтық деп атайды.
-
Негізгі (басты) жазықтық – симфиздің төменгі жиегінің деңгейінде бірінші жазықтыққа параллель жатады. Бұның негізгі деп атайтын себебі, нәресте басы осы жерден өткеннен кейін айтарлықтай кедергілерге ұшырамайды.
-
Спинальды жазықтық – бірінші және екінші жазықтыққа параллель, шонданай сүйектерінің өсінділерінің аралығында жатады.
-
Шығаберіс жазықтығы – құйымшақтың орналасу бағытына сәйкес келеді.
Қорытынды
Қорыта келе, жамбас қуысын өлшеу акушерия мен гинекологияда маңызы зор, өйткені жамбастың құрылысы мен өлшемдері босану ағымы мен нәтижесіне әсер етеді. Дәрігерлер кіші жамбас қуысын ерекше зерттейді, себебі осы қуыста жатыр орналасқан, сонымен қоса оның сүйектері босану кезіндегі нәрестенің өтуіне канал түзеді. Бірақ та кіші жамбас қуысының құрылысы мен өлшемін бағалау оңай емес, ал үлкен жамбас қуысын өлшеу оңайға түседі. Сол себепті акушерлік зерттеу кезінде оны өлшеп, үлкен жамбас қуысының өлшемдеріне қарап, кіші жамбас қуысының өлшемдерін есептейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Э.К.Айламазян Акушерство
Санкт-Петербург, Спецлит 2005 г.
-
В.И.Бодяжин, К.Н.Жмакин, А.П.Кирющенков Акушерство
Курск, 1995 г.
-
Р.С.Бейсембаева, Ғ.Ж.Сейтжанова, Ж.Нұрқасымова, Н.Н.Омибаев Акушерлік таным
Алматы, Білім – 1994 жыл
-
www.anatimiya-atlas.ru