Файл: 1. Ойылуды алдын алу шін уалау ай аймаа жургізіледі а Белмен мойынны аймаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1388
Скачиваний: 31
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
410. Науқасты тамырішілік контрасты компьютерлі томографияға жіберер алдында қандай қадам маңызды?
-
+ науқастың анамнезінде дәрілік аллергияның жоқтығын анықтау -
жазбаша келісім алғандығын анықтау -
науқасқа ем шарадан кейін көп мөлшерде су қолдану керектігін айту -
науқасты тасымалдау алдында кереуеттің бүйір тұтқаларын көтеру -
екі венасына перифериялық катетер орнату
411. Пациент 45 жаста. Стационарда кардиология бөлімшесінде ем алуда. Шағымдары: 3 күн бойы үлкен дәреттің шықпауына. Дәрігер қарауынан кейін клизма қою тағайындалды. Медбикенің тактикасы пациенттің төсектегі қалпы:
-
ішпен -
+ қырынан -
Симс -
Фаулер -
Тренделенбург
412. Мұрыннан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде мейірбикенің қолына науқастың қаны тамды. Мейірбикенің осы кездегі дұрыс тактикасы:
-
ағынды сумен жуу -
5% калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу -
бриллиант көгінің 1% ерітіндісмен өңдеу -
+ 70% этил спиртімен 2 рет өңдеу -
4% натрий гидрокарбонатымен өңдеу
413. № 2- суретте патологиялық тыныстың қай түрі көрсетілген?
-
Биот -
Грокк -
Куссмауль -
+ Чейн-Стокс -
Курлов
414. Суретте көрсетілген биксте залалсыздандырылған таңу материалдарын қанша уақытқа дейін сақтауға болады?
-
3 сағат -
12 сағат -
3 тәулік -
5 тәулік -
+ 20 тәулік
415 Инфузиялық терапия кезінде мейіргер флаконды ауыстыру үшін система тамызғышының толық босауын күтіп, содан соң екінші флаконды жалғастырды. Бұл жағдайда қандай асқыну дамиды?
-
инфекцияның қанға енуі -
+ ауалы эмболия -
гематома -
тромбофлебит -
аллергиялық реакция
416. Қабылдау бөлімінде өздігінен келген пациентке алғашқы көмек көрсетілді, бірақ пациент ауруханаға жатудан бас тартты. Мұндай жағдайда мейіргер не істеуі қажет?
-
уақытша бөлімшеде қалдыру керек -
+ жіберіп арнайы журналға тіркеу -
уақытша палатаға орналастыру -
уақытша изоляторға орналастыру -
үйіне жіберіп, емханаға хабарлау
417. Төсекте жатқан пациент тұрған кезде бас айналуға, қулақтарының шуылдауы, жүректің қатты соғуына шағымданды. Бұл жағдай қалай аталады?
-
Вальсальва әсері -
+ постуралды рефлекс -
патологиялық тахикардия -
постуральді гипертензия -
жедел тамыр жетіспеушілігі
418 Пациентте тыныс алу шыңында күшену нәтижесінде жүрек ырғағы мен коронарлы қан айналымының бұзылуы байқалады. Бұл жағдай қалай аталады?
-
+ Вальсальва әсері -
постуралды рефлекс -
патологиялық тахикардия -
постуральді гипертензия -
жедел тамыр жетіспеушілігі
419. Мейіргер дәрігердің тағайындауымен пациентке Нелатон катетерін енгізу кезінде енгізу жолында айтарлықтай кедергіге кездесті. Мейіргердің әрі қарай іс-әрекеті қалай болуы керек?
-
катетерді қайтадан енгізу -
Фоллей катетеріне ауыстыру -
30 минут дем алып енгізу -
катетерді жәймен әрі қарай енгізу керек -
+ дәрігерге хабарлау қажет
420. Пациентке ирригоскопия тағайындалған. Мейіргер пациентті зерттеуге 3 күн дайындады, зерттеу алдында кешкісін 2 рет тазалау клизмасын жасады. Таңертең зерттеуге 2 сағат бұрын жасау қажет болған тазалау клизмасынан пациент кешкісін сағат 20.00-дан соң тамақ ішпегенін айтып, клизмадан бас тартты. Мейіргер бұл жағдайда не істеу керек?
-
пациентті рентген бөлмесіне алып бару -
зерттеуді келесі күнге қалдыру -
гипертониялық клизма жасау -
іш айдайтын дәрілерді беру -
+ түсіндіріп, жасауға келісімін алу
421. Отадан шыққан пациент қуықтың толып тұрғанына, несептің шықпауына шағымданады. Мұндай жағдайда мейіргердің тәуелсіз іс-әрекеті қандай болу керек?
-
қуықты Фоллей катетерімен катетерлеу -
қасаға үстіне жылытқыш қою -
+ шат аралығын жылы сумен жуу -
Нелатон катетерімен катетерлеу -
зәр айдайтын дәрі беру
422. 25% магний сульфаты ерітіндісінің 5 мл бұлшықетішілік енгізгеннен 3күннен кейін науқасты инъекция орнында сыздап ауырсыну мазалайды. Медбике қарау кезінде инъекция орны гиперемияланған, пальпацияда тығыздану және жергілікті температураның жоғарлауы анықталды. Науқаста дамыған асқынуды көрсетіңіз:
-
анафилактикалық шок -
+ инфильтрат -
гематома -
абсцесс -
некроз
423. Дәрілік препаратты тамырішілік енгізу кезінде науқаста мазасыздық, бет тері жамылғыларының бозаруы, құсу, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды. Жүйенің винттік қысқышын жабу:
-
тәуелді медбикелік кірісу -
+ тәуелсіз медбикелік кірісу -
өзара тәуелді медбике кірісуі -
жоспарланған медбике кірісуі -
интуициялық медбикелік кірісу
424. Түстік белгіленуі сары түсті перифериялық венозды катетер қойылатын науқастардың жас санатын көрсетіңіз:
-
ересектерге -
онкологиялық аурумен ауыратындарға -
+ жаңа туылған нәрестелерге -
қан компоненттерін құю қажеттілігі бар науқастарға -
ұзақ уақыт дәрілік препараттар енгізу қажет науқастар
425. Қабылдау бөліміне науқас ес түссіз түсті, қарау кезінде терісі салқындаған, науқас бозарған, анамнезінде І типті қант диабеті. Терең шулы сирек тыныспен сипатталатын тыныс түрін көрсетіңіз:
-
+ Куссмауль -
Биот -
Грок-Фругони -
Чейна-Стокс -
Гаспинг
426. Өкпеден қан кетуде госпитализацияға дейінгі кезеңде гемостатикалық мақсатта қолданатын тәуелді медбикелік көмекті көрсетіңіз:
-
мұз бөліктерін жұту -
+ 12,5% дицинон ерітіндісін тамырішілік енгізу -
оттегі ингаляциясын қолдану -
5% аминокапрон қышқылын тамырішілік енгізу -
физиологиялық ерітіндіні тамырішілік енгізу
427. Науқас торакальды хирургия бөлімшесінде өкпе бөлігінің резекциясы операциясына дайындалуда. Хирург науқасқа арнайы қалыпты беруді талап етуде. Науқас басы дене деңгейінен төмен арқасымен жататын қалыптың аты қандай?
-
+ Тренделенбург -
Квинк -
Ватерлоу -
Фаулер -
Симс
428. Гастроэнтерология бөлімшесіне науқас төменгі өңештік сфинктердің жеткіліксіздігі белгілерімен түсті. Асқазанды зонд арқылы жуу керек. "Галитоз" терминіне түсінік беріңіз:
-
+ аузынан тұрақты жағымсыз иіс -
шығарған демде ацетон иісі -
шығарған демде тәтті "бауырлық" иіс -
зонд өту кезінде жұтыну актінің бұзылуы -
шүйде аймағында қызыл дақтардың пайда болуы
429. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің науқасында қан ұю қызметінің бұзылысы. Коагулограммаға веналық қан сынамасын жинау үшін вакутейнердің латекссіз қақпақшасының түстік кодын анықтаңыз:
-
қара -
+ көгілдір -
сары -
көк -
сұр
430. Реанимация бөлімшесіндегі науқаста тыныс амплитудасының жоғарлауы, кейін төмендеуімен және 25-60 секундтық апноэ паузаларымен кенеттен дамыған патологиялық тыныс алу дамыды. Науқаста қандай тыныс анықталады?
-
Биот тынысы -
Куссмауль тынысы -
Грокк тынысы -
+ Чейна-Стокс тынысы -
Гаспинг тынысы
431. Депрессияға шалдыққан науқастарға жиі қойылатын мейірбике диагноздары:
-
+ Суицид қаупы, патологиялық қайғы реакциясы -
Ашушаңдық -
Ұйқының бұзылуы -
Ойлау қабылетінің бұзылуы -
Әлеуметтік оқшаулану
432. Бронхоэктаз ауруының клиникалық көрінісі
-
+ Таңертеңгі ауыз тола іріңді қақырық болуы -
Қызғылт, көпіршікті қақырық -
Әйнек тәрізді қақырық -
Плевра үйкеліс шуылы -
Везикулярлы тыныс
433. Созылмалы бронхиттің кеш сатысымен ауыратын науқаста өкпе текті жүректің дамуын қай клиникалық белгі көрсетеді?
-
түнгі тершеңдік -
венозды ойық жаралар -
+ гепатомегалия -
гипокапния -
құрғақ шашыранды сырылдар
434. төменде көрсетілгендерден қайсысы жедел гломерулонефриттің дамуына алып келеді?
-
бүйрек босауының туа пайда болған ақауы -
+ анамнезінде екі апта бұрын болған баспа -
бүйректің созылмалы вирустық зақымдалуы -
бүйрек жеткіліксіздігінің терминальды сатысы -
созылмалы цистит
435. Экссудативті плевритте өкпені тыңдағанда естілетін тыныс:
везикулярлық
-
қатаң -
бронхиалды -
амфоралық -
+ тыныс естілмейді
436. Субьективтік зерттеуге не жатады?
-
пальпация -
перкуссия -
аускультация -
+анамнез жинау -
жалпы қарау
437. Созылмалы бронхитпен сырқаттанатын 65 жастағы пациентте кеудесі «бөшке»тәрізді. Бұл пациентте қандай перкуторлы дыбыс анықталуы мүмкін:
-
тимпанды -
анық өкпелік -
+ қорап тәрізді -
тұйық -
тұйықталған
438. Қозғалғанда, дем алғанда, жөтелгенде күшейетін және ауырған жағына жатқанда басылатын кеудедегі ауырсыну қай ауруда кездеседі?
-
+құрғақ плеврите -
бронхоэктаз ауруында -
өкпе абсцесінде -
созылмалы бронхите -
экссудатты плеврите
439. Үлкейген, тығыз және ауырмайтын лимфа түйіндері кездеседі:
-
жедел постгеморрагиялық анемия -
теміртапшылықты анемия -
+лимфогранулематоз -
созылмалы лимфолейкоз -
эритремия
440. Жүректің 1 тоны қандай қақпақшалар жабылғанда пайда болады?
-
аорталды -
пульмоналды -
аорталды және пульмоналды -
+қосжармалы -
қосжармалы және үш жармалы
441. Науқас М., 63 жаста, соңғы айда ішінің ұлғайғанына, аяқтарында ісінудің және ентігудің пайда болуына шағымданады. Осы науқастың іш аймағын тексеруді шештіңіз. Іштегі патологиялық сұйықтықты анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын таңдайсыз?
-
іштің беткей пальпациясы -
іштің терең пальпациясы -
+ іштің перкуссиясы -
ішті қарау -
іштің аускультациясы
442. Миокард инфарктын диагностикалау үшін негізгі анализді таңдаңыз:
-
+ қандағы КФК, АСТ, тропониндер -
тимол, сулема сынамасы -
қандағы креатинин, несепнәр -
қандағы қант, холестерин -
қандағы билирубин, ақуыз
443. Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?
-
лейкоциттер санының көбеюі -
ЭТЖ жылдамдауы -
+гемоглобин деңгейінің төмендеуі -
бластты жасушалардың пайда болуы -
тромбоциттер санының азаюы
444. Эритроциттер мен гемоглобин ағзада қандай негізгі қызметті атқарады?
-
қалыпты гемостазды қалыптастырады -
қан кетуді тоқтатады және алдын алады -
микроциркуляцияны жақсартады -
ағзаның қорғаныс қызметін қалыптастырады -
+ тіндерге оттегі тасымалдайды
445. Қан айналым жеткіліксіздігенің келесі түрінде асцит болады:
-
сол қарыншалық -
+ оң қарыншалық -
тамырлы -
коронарлық -
сол жүрекшелік
446. Қалыпты жағдайда жүрек ұшы соққысы V қабырға аралықта орналасады. Ол келесі сызықтан 1-1,5 см. ішке ығысқан:
-
оң орта бұғана -
сол төс маңындағы -
+ сол орта бұғана -
сол алдынғы қолтық асты -
сол орта қолтық асты
447. Зимницкий сынамасы бойынша зәр жиналады:
-
тек күндізгі уақытта 3 сағат сайын -
+ тәулік бойы әр 3 сағат сайын -
тәулік бойы әр сағат сайын -
тек түнгі уақытта -
кез-келген уақытта
448 Ауырсынуды басу мақсатында науқас мәжбүрлі қалыпта жататын ауруды көрсетіңіз:
-
+құрғақ плеврит -
жедел бронхит -
пневмония -
туберкулез -
созылмалы бронхит
449. Ақпарат жинау барысында медбикеге науқас мазасыздық, бас ауру, ұйқының бұзылуына, жүрек айну, құсуға шағымданады. Берілген симптоматика қай жүйенің патологиясына тән?
-
сүйек-бұлшықет жүйесі -
ас қорыту жүйесі -
+жүйке жүйесі -
қан жасау жүйесі -
тыныс алу жүйесі
450. Медбике науқаста дауыс дірілінің күшеюін анықтады. Осы өзгерістің мүмкін болатын себебі:
-
бронхит -
эмфизема -
экссудативті плеврит -
+ пневмония -
пневмоторакс
451.Сіз хирургия бөлімшесінде мейірбике болып жұмыс істейсіз. Сіз ВГВ және ВГС маркерлеріне тексеруден қаншалықты жиі өтуге міндеттісіз.
-
Әр 3 сайын -
+ Әр 6 ай сайын -
Әр 8 ай сайын -
Әр 10 ай сайын -
Әр 12 ай сайын
452. ЕПҰ дезинфекцияның қай тәсілі кеңінен қолданылады?
-
биологиялық -
+ химиялық -
термиялық -
механикалық -
физикалық