Файл: 1. Ойылуды алдын алу шін уалау ай аймаа жургізіледі а Белмен мойынны аймаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1384

Скачиваний: 31

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

542. Науқас тұншығуға, қашықтан естілетін сырылдарға шағымданады. Тексеру кезінде еріннің цианозы байқалады. Науқас кереуеттің шеттеріне сүйенумен отырады. Қандай аурудың клиникасы сипатталған?

  1. + Бронх демікпесінің ұстамасы

  2. Жүрек демікпесінің ұстамасы

  3. Созылмалы обструктивті бронхит

  4. Жедел бронхит

  5. Пневмония

543. Қандай ауру кезінде науқастың қақырығынан Куршман спиральдары мен Шарко-Лейден кристалдары анықталады?

  1. + Бронх демікпесінде

  2. Туберкулезде

  3. Плевритте

  4. Өкпе обырында

  5. Жедел бронхитте

544. Қабылдау бөлмшесіне таңертеңгілік уақытта аузы тола қақырықпен жөтелу шағымымен науқас қаралды. Осы симптом қандай ауруға тән?

  1. Пневмония

  2. Бронх демікпесі

  3. + Бронхоэктазды ауру

  4. Туберкулез

  5. Өкпенің обструкциялық созылмалы ауруы

545. Науқасқа қақырықты атипиялық жасушаларға зертеу, бронхоскопия, өкпе рентгенографиясы тағайындалды. Науқаста қандай ауруға күдіктенеді?

  1. Пневмонияға

  2. + Өкпенің қатерлі ісігіне

  3. Туберкулезге

  4. Бронх демікпесіне

  5. Бронхитке

546. Туберкулездің арнайы емдеуі үшін қандай топтағы препараттар қолданылады?

  1. Эпинефрин, клемастин, преднизалон

  2. Нитроглицерин, ацетилсалицил қышқылы, морфин гидрохлориді

  3. + Рифампицин,этамбутол, изониазид,пиразинамид, стрептомицин

  4. Эналаприл, гипотиазид, порпарналол

  5. Сорбифер дурулес, тотема

547. Туберкулезден арнайы сақтандыру үшін не қолданылады?

  1. Науқасты оқшаулау

  2. Ағымды және қорытынды дезинфекция

  3. Тұрғындардың арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу

  4. Туберкулезге қарсы препараттарды тағайындау

  5. + Дені сау адамдарға БЦЖ вакцинациясын енгізу

548. А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококктар қандай аурудың себебі болады?

  1. Гисс шоғыры аяқшаларының блокадасы

  2. Митралды клапан пролапсы

  3. + Жүректегі жедел ревматизмдік қызба

  4. Ашық артериялық түтік

  5. Атриовентрикулалық блокада

549. Науқастың артериялық қысымы 10 жылдан бері жоғарылайтыны байқалған. Соңғы күндері жағдайы нашарлай бастаған. Бас айналу, жүрегі айну, құсу пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, АҚ 230/140 мм сынап бағаны. Қандай аурудың клиникасы сипатталған?

  1. + Гипертоникалық криз

  2. Миокард инфаркті

  3. Кардионевроз

  4. Артериялық гипотония

  5. Нейроциркуляторлық дистония

550. Науқас 100 метр жүргенде немес тыныштық күйде болатын стенокардияның функциональдық сыныбы:


  1. I ФК

  2. II ФК

  3. III ФК

  4. + IV ФК

  5. I-II ФК

551. Кернеулі стенокардия кезіндегі ауру ұзақтығы:

  1. + 15 мин аз

  2. 1 сағат

  3. 2 сағат

  4. 3 сағат

  5. 1 тәулік

552. Науқасқа нитроглицерин тағайындалған. Қандай кері әсер туралы науқасқа ескерту жасау керек?

  1. + Бас ауруы

  2. Қызу

  3. Терінің қышуы

  4. Асцит

  5. Қызыл иектің қанауы

553. 16 жастағы жасөспірім көктамырдан қан алу кезінде бозарып есінен танып қалды. Қандай жағдай сипаталған?

  1. Анафилактикалық шок

  2. Гипогликемиялық кома

  3. Гипергликемиялық кома

  4. Эпилепсия

  5. + Естен тану

554. Жедел жүрек жеткіліксіздігінің қандай түрі үшін өкпе ісінуінің дамуы тән?

  1. Тәждік

  2. + Сол қарыншалық

  3. Оң қарыншалық

  4. Тамырлық

  5. Тыныстық

555. Науқаста өкпе ісінуі анықталған. Осы жағдайда қандай қақырық болады?

  1. Іріңді

  2. +Көпіршікті алқызыл

  3. Шырышты іріңді

  4. Шырышты жабысқақ

  5. Шыны тәрізді

556. Қабылдау бөлімшесіне науқас түсті. Тексеру кезінде науқастың аяқтарының ісінуі, асцит, бауырының ұлғаюы анықталған. Қандай ауруға күдіктенсіз?

  1. Миокард инфарктісіне

  2. +Созылмалы оң жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігіне

  3. Стенокардияға

  4. Артериялық гипертензияға

  5. Жедел тамыр жетіспеушілігіне

557. Қанның биохимиялық талдау нәтижесі бойынша науқас қаныдағы холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л құрады. Нәтижені бағалаңыз?

  1. Нәтиже қалыптан төмен

  2. Нәтиже қалыптан жоғары

  3. +Нәтиже қалыпты

  4. Нәтиже қалыптың төменгі шегінде

  5. Нәтиже қалыптың жоғарғы шегінде

558. Қанайналым ағзалары аурулары кезіндегі өлімнің негізгі себебі?

  1. Гипертониялық ауру

  2. +Жүректің ишемиялық ауруы

  3. Жүрек ақаулары

  4. Ревматизм

  5. Есінен тану

559. Науқасқа ЭКГ өткізу қажет. V4 жалғамасын жазу кезінде кеуде электродын қою орнын көрсетіңіз.

  1. 4-ші қабырға аралық төс сүйегінің оң жағынан

  2. 4-ші қабырға аралық төс сүйегінің сол жағынан

  3. 5-ші қабырға аралық төс сүйегінің сол жағынан

  4. +5-ші қабырға аралық сол жақ ортаңғы бұғана сызығымен

  5. Жауырын асты сызығы бойымен

560. 12 елі ішектің ойық-жарасы кезінде науқас ауырсынуға шағымданады. Осы ауру кезінде қандай ауырсыну болады?

  1. Ерте ауырсыну сезімі

  2. + Түнгі кеш аш қарынға ауырсыну

  3. «Өткір семсер тәрізді»

  4. Белбеу тәрізді

  5. Қысатын ауырсынулар


561. Бөлімшедегі науқасқа дәрігер нәжісті жасырын қанға тексеру талдауын тағайындады. Тексеруді өткізер алдында науқас қандай препаратты шектеу қажет?

  1. +Темір препараттарын

  2. Антибиотиктерді

  3. Гепатопротекторларды

  4. Анальгетиктерді

  5. Антацидты дәрілерді

562. Науқас ішінің қатуына шағымданып қаралды. Сіз науқасқа тамақтану бойынша тағайындаулар бердіңіз. Тағамда ненің мөлшерін жоғарылату туралы тағайындаулар айттыңыз?

  1. Өсімдік протеиндеріне бай өнімдерді

  2. Майға бай өнімдерді

  3. Көмірсуларға бай өнімдерді

  4. +Тағам талшықтарына бай өнімдерді

  5. Жануар протеиндеріне бай өнімдерді

563. Бала баспамен ауырған. Баспамен ауырған соң қанша уақыттан соң жедел гломерулонефрит дамиды?

  1. 1-2 күнде

  2. 3-4 күнде

  3. + 2-3 аптада

  4. 1-2 айда

  5. Жыл

564. Талдауды өткізу үшін науқастан зәрді жинағанда зәр түсінің "жуылған ет" тәрізді екенін байқадыңыз. Науқаста қандай аурудың болуына күдіктенесіз?

  1. Пиелонефрит

  2. Цистит

  3. Зәртас ауруы

  4. + Гломерулонефрит

  5. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

565. Науқасқа жедел гломерулонефрит диагнозы қойылған. Зәрдің жалпы талдауында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

  1. + Гематурия, протеинурия, цилиндрурия

  2. Глюкозурия,цилиндрурия

  3. Лейкоцитурия, протеинурия, цилиндрурия

  4. Лейкоцитурия, протеинурия, бактериурия

  5. Ураттар, эритроциттер

566. Сізге пиелонефрит диагнозымен науқас қаралды. Науқас тәулігіне қанша мөлшерде сұйықтық қабылдау қажеттігін білмейді. Сіздің тағайындауыңыз қандай болмақ?

  1. 500 мл-ге дейін

  2. 1000 мл-ге дейін

  3. 1500 мл-ден аз

  4. + 2500 мл-ден көп

  5. 200 мл дейін

567. Науқас әлсіздікке, жүрек қағуына, тырнақтарының сынғыштығына, бозаруға шағымданады. Осы симптомдар қандай ауруда кездеседі?

  1. Жұқпалы-токсикалық синдром

  2. Геморрагиялық синдром

  3. Гиперпластикалық синдром

  4. Сидеропениялық синдром

  5. + Анемиялық синдром

568. Науқастың ауыз қуысын тексеруде суреттегі көріністі көрдіңіз. Осы көрініс қандай ауруға тән?

  1. Темір жетіспеушілік анемияға

  2. + В12-дефицитты анемияға

  3. Апластикалық анемияға

  4. Гемолитикалық анемияға

  5. Постгеморрагиялық анемияға

569. Науқас төс артының ауырсынуына шағымданады, ауырсыну сол жақ жауырын астына таралады, ұзақтығы 5-10 минут. Осы шағымдар қандай патологияда кездеседі?


  1. +миокард инфарктісінде

  2. ревмокардит

  3. остеохондроз

  4. стенокардия

  5. құрғақ плевритте

570. Күшті бас ауруы, құлақта шудың болуы, көз алдының "жылтылдауы" сияқты шағымдар қандай патологиялық жағдайда кездеседі?

  1. Перикардит

  2. Миокард инфаркті

  3. +Гипертониялық криз

  4. Стенокардия

  5. Жүрек жеткіліксіздігі

571. Инсультті басынан өткерген науқастың температурасын мейірбике күніне қанша рет өлшеу қажет?

  1. +әрбір 2 сағ

  2. әрбір 4 сағ

  3. әрбір 8 сағ

  4. тәулігіне екі рет

  5. күн ара

572. Госпитальға дейінгі кезеңде науқастың жедел миокард инфарктісінен өлімге ұшырауының негізгі себебі:

  1. Өкпенің ісінуі

  2. Жүрек тампонадасы мен миокардтың ажырауы

  3. +Толық атриовентрикулярлы блокада

  4. Қарыншалардың фибрилляциясы

  5. Кардиогенді шок

573. Естен тану, кенеттен құлау, сезімталдықтың жоғалуы, жарты дененің жансыздануынан(табан ротациясы, мұрын-ерін үшбұрышының тегістелуі) болжауға болады:

  1. Миокард инфарктісі

  2. Эпилепсия

  3. +Геморрагиялық инсульт

  4. Күйзеліс

  5. Транзиторлы ишемия

574. Өкпе туберкулезінің нақты диагнозын қоятын зерттеуді атаңыз

  1. +Қақырықты ТМ анализі

  2. Қанның жалпы талдауы

  3. Флюорография

  4. Томография

  5. Плевральді пункция

575. Көшеде сіздің алдыңызда адам есінен танып құлады. Сіздің алғашқы әрекетіңіз:

  1. Жасанды демалдыру

  2. Кеуде торына компрессия жасау

  3. +Адамға жақындап, оның тыныс алуы мен есін анықтау

  4. Прекардиальды соққы жүргізу

  5. Көмек шақыра қоңырау шалу

576. Миокард инфарктісінде науқаста АҚ төмендегені байқалып, пульсі жіп тәріздес болып, терісі бозарса, Сіздің болжамыңыз:

  1. +Кардиогенді шок

  2. Қолқаның аневризмасы

  3. Жыбырлақ аритмия

  4. Ишемиялық инсульт

  5. Геморрагиялық инсульт

577. Инсулин мөлшерінің жетіспеушілігі, көмірсуды мөлшерінен тыс қолдану дамуына әкелуі мүмкін:

  1. Гипогликемиялық комаға

  2. Естен тануға

  3. Ишемиялық инсультқа

  4. +Кетоацидоздық комада

  5. Эпилептикалық статусқа

578. Егде жастағы науқастарда түнгі ұйқының бұзылуының негізгі себептері:

  1. +дизуриялық бұзылыстар

  2. күндізгі ұйқы

  3. таза ауада қыдыру

  4. қарым-қатынас

  5. оң эмоциялар

579. Қартық пиелонефритке тән:

  1. жоғары қызба

  2. +қызба болмауы

  3. анық ауру синдромы

  4. ісінулер

  5. зәрді ұстамауы


580. Альцгеймер ауруы пайда болған кезде аса маңызды орын алады

  1. Интеллектуальді даму деңгейі

  2. +Тұқымқуалағыштық

  3. Зат алмасуының бұзылуы

  4. Ауырған ауруларды

  5. аяқ-қолдарының сынуы

581. Егде жастағы адамдарда стенокардия ұстамасы сипатталады

  1. Ауру сезімдерінің байқалуымен

  2. +Ерекше иррадация және ауру сезімдерінің төмендеуімен

  3. Вегетативті әсер көрінісімен

  4. Жарқын эмоциональдық көрініспен

  5. Қатты ауру сезімімен

582. Егде адамдарда пневмония ағымына қандай белгілер тән?

  1. Өткір бастама

  2. Жоғары температура

  3. + Ауру ағымының ұзақтығы

  4. ЭТЖ – ның жеделдеуі

  5. Жоғары лейкоцитоз

583. Егде жастағы адамдардың ұтымды тамақтануының негізгі принциптері:

  1. жоғары каллориялы тағам

  2. ақуыз тағамдарының басым болуы

  3. рационнан сүт өнімдерін шығару

  4. + оңай қорытылатын тағамдар

  5. көкіністерді тұтынуды шектеу

584. Науқас 56 жаста, төс артының күйдіре, қарқынды ауырсынуына шағымданады, ұзақтығы бір сағаттан асқан. Валидол, анальгин, нитроглицерин ішкен, тиімділік болмаған. Тексеру кезінде: бозарған, терісі ылғалды, жүрек тондары дыбыссыз, ЖЖЖ- минутына 99 рет, АҚ 90/70 мм сынап бағаны. Науқаста қандай асқынудың дамуына күдіктенесіз?

  1. Принметал стенокардиясы

  2. параксизмалды тахикардия

  3. +кардиогенді шок

  4. гипертониялық криз

  5. миокардит

585. Науқас 44 жаста. Ұзақтығы 2 сағаттай, сол иығына, бұғанаға таралатын ұстамалы, қысатын ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 2-ші қабатқа көтерілгенде пайда болады, тыныштықта басылады. Бірінші рет ауырсыну 2 апта бұрын пайда болған. Тексеру кезінде: тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ - минутына 78 рет, АҚ 120/70 мм сынап бағаны. ЭКГ-да өзгерістер жоқ. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай?

  1. Принметал стенокардиясы

  2. миокард инфаркті

  3. тұрақты кернеулі стенокардия ФК II-III

  4. +алғаш пайда болған стенокардия

  5. тұрақсыз кернеулі стенокардия

586. Науқас әйел В, 40 жаста. Физикалық күш түскенде болатын ентікпеге, аяқтарының ісінуіне, оң қабырға астының ауырлығына, жүректің шалыс қағуына шағымданады. Анамнезінде ревматизм, митралды клапан жеткіліксіздігі бар. Жағдайы нашарлауда, ентікпе тыныштықта пайда бола бастады, түнде тұншығу ұстамасы пайда болды. Қандай асқынудың дамуына күдіктенесіз?

  1. өкпе артериясындағы тромбоэмболия

  2. +қанайналым жеткіліксіздігі

  3. пневмония

  4. жедел тамырлар жеткіліксіздігі

  5. бронх демікпесі